Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2014 в 05:27, реферат
Сүзетін материалдарда механикалық қоспалардың жинақталып қалуына жол бермес үшін жиі ауыстыру керек. Сүзіп болғаннан кейін сүзгіні жуады, қайнатады және жабық қорапта сақтайды, мақтаны өртеп жібереді. Сүзгеннен кейін сүтті салқындату керек. Сүтті салқындатқанда бактериялардың өсуін тежейтін бактерицидті фазаны ұзартады. Бактерицидті фазаның ұзақтығы температураға байланысты 370C-2 сағ , 100C-24 сағ, 00с -48 сағ . Сүт фермаларының көбінде сүтті салқындату үшін мұз әлде арнайы салқындатқыш қондырғы қолданылады. Салқындатудың қарапайым түрі сүтті құтымен бассейнге, ағын суға, мұзға қою (1м2-4 құты). Үлкен фермаларда салқындатқыш ыдыс ванналар екі жанынан айналып тұратын хладагент циркуляциясы қамтылған.