Үсіктер және алғашқы ветеринариялық көмек

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2014 в 22:05, реферат

Краткое описание

Сырқы орта температурасы – жануарлардың әлемде таралуын реттеп, шектеп отыратын маңызды экологиялық факторлардың бірі. Жануарлар әлемінің көптеген түрі өз өмірінің белгілі кезеңінде қоршаған ортаның қолайсыз температуралық ақаулықтарына жолығып отырады. Оған организмді бейімдеп отыратын арнаулы механизмдер болмаса, тршілік тоқтаған болар еді.

Содержание

I КІРІСПЕ
II НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Жануарларға сыртқы температураның әсері және оған бейімі
2.2. Үсік термині туралы жалпы түсінік
2.3. Үсіктің дәрежелері
2.4. Үсік шалған кездегі алғашқы көмек
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ
ІV ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Прикрепленные файлы: 1 файл

Үсіктер және алғашқы ветеринариялық көмек.docx

— 24.24 Кб (Скачать документ)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

 

 

 

 

 

СӨЖ №9

Тақырыбы: Үсіктер және алғашқы ветеринариялық көмек

 

 

 

 

 

 

 

 Орындаған: Ибрагимова А.Д.

                                                                          Тексерген: Ахметжанов О. Н.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Семей, 2014 жыл

ЖОСПАР:

I КІРІСПЕ 

II НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1. Жануарларға сыртқы температураның әсері және оған бейімі

2.2. Үсік термині туралы жалпы түсінік

2.3. Үсіктің дәрежелері

2.4. Үсік шалған кездегі алғашқы көмек

ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ

ІV ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                   

   

 

 

 

 

 

     І. КІРІСПЕ

Сырқы орта температурасы – жануарлардың әлемде таралуын реттеп, шектеп отыратын маңызды экологиялық факторлардың бірі. Жануарлар әлемінің көптеген түрі өз өмірінің белгілі кезеңінде қоршаған ортаның қолайсыз температуралық ақаулықтарына жолығып отырады. Оған организмді бейімдеп отыратын арнаулы механизмдер болмаса, тршілік тоқтаған болар еді.

Үй жануарлары сыртқы орта температурасының үлкен ауытқулары жағдайында тіршілік етеді. Жер шарының ортаңғы полюсында сыртқы орта температурасының деңгейі -35 пен +35С аралығында жатады. Мұндай жағдайда өнім беру үшін мал ызғарлы аяз бен аптаған ыстыққа төзімді болу керек. Дене температурасы тұрақты болған жағдайда ғана ұлпалар мен торшаларда зат алмасу процесі қалыпты деңгейде жүреді. Ал дене температурасының тұрақтылығы химиялық және физикалық жылу реттеу механизмдері қызметінің арқасында сақталады. Өз кезегінде олар организмнің тіршілік жағдайына байланысты өзгеріп отырады.

Түлік түріне, төлдің жасына сай ортаның температуралық оптимумы болады. Мысалы, жаңа туған бұзау үшін ол 16-18С, бір-екі жасар торпақ үшін -3-5С, ал сауын сиыр үшін 0С.

Жануарлар суыққа бейімделеді. Мұндай жағдайда жылу шығыны ең алдымен тынысты сирету арқылы азаяды. Дене мұздаған кезде бұлшық еттер дірілдеп, жылу түзу процесі күшейеді. Жылдың суық маусымында түк ұзарып, тығыздалады. Суық ауаның әсерімен терінің тамырлары тарылады да, жылу бөлу кемиді. Шошқада тері тамырларының тарылуы нәтижесінде жылу жоғалту 70% дейін кемиді. Суық кезде қан тері капиллярларында іркіледі де, тері бозарып, көкшіл тартады. Мұндай қанда оттегі мөлшері азаяды, қанның ағу жылдамдығы баяулайды.

Жылу балансын сақтауда күйісті малдардың мес қарны зор рөл атқарады. Мес қарында биохимиялық және микробиологиялық процестер өте қарқынды жүреді, сондықтан онда температура жоғарырақ болады. Осының нәтижесінде сыртқы орта температурасының төмендеуіне күйісті мал төзімдірек келеді. Керісінше, қоршаған орта температурасының жоғарылауы күйіс малына ауырырақ әсер береді, үйткені мес қарында жылу түзу процесі ырықсыз жүреді.

 

 

 

      II НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1. Жануарларға сыртқы температураның әсері және оған бейімі

Физиологиялық адаптация деп сыртқы ортаның нақтылы жағдайына организмнің бейімделуін қамтамасыз ететін морфо-физиологиялық процестер жиынтығын айтады. Адаптация нәтижесінде организнің тіршілік ортасының экологиялық жағдайына (температура ауытқуларына,оттегі, жарық тапшылығына, азық түріне т.б.) төзімділігі қалыптасады.

Қоршаған орта жағдайларының өзгерістері міндетті түрде организмде функциялар ауытқуларын тудырып, шектен артып кеткен жағдайда өлімге әкеп соғады.

Термобейтарап аймақта организм сыртқы ортамен жылу теңдестігі жағдайында болады.

Эвритермиялы жануарлар - сыртқы орта температурасының ауытқуына төзімді, стенотермиялы жануарлар - төзімсіз жануарлар болып табылады.

Гомойотермиялы жануарларда жылу алмасуды реттейтін механизмдердің бір тобы организмнің маусымдық ауытқуларға бейімделуін қамтамасыз етеді. Мәселен, жыл маусымымен байланысты тері түгінің қалыңдығы, шелдің қалыңдығы, зат алмасу қарқыны және термибейтараптық аймақ шегі өзгереді. Ал реакциялардың басқа тобы организмнің орта температурасының қысқа мерзімдік, қалыпты жағдайда кездесе бермейтін ауытқуларына бейімделуін қамтамасыз етеді. Бұл процесс химиялық және физикалық жылу реттеу механизмдері арқылы атқарылады. Организмнің тұрақты реакцияларымен бірлесе отырып, аталған бейімделі реакцияларының өзгермелі (лабильді) түрлері организм күйін орта жағдайымен толық үйлестіріп отырады.

 

2.2. Үсік термині туралы жалпы түсінік

Үсу - суықтың әсерінен денедегі тіндердің зақымдануы. Үсу ауа-райының аязды күні ғана емес, сондай-ақ температура нөлге жуық кезде де (ылғалдылық жоғары болып, күн ұзақ уақыт суытқанда) болуы мүмкін.

Мал организмінің төменгі температураның ұзақ уақыт әсер етуінен        (аяз бен үскірік желдің ұштасуынан) үсік патологиясы болады. Сиырдың сүт безі, бұқаның ұмасы, айғырдың жыныс мүшесі, ұмасы, шаша сіңірлері, астыңғы ерні, аяқтың диетальды бөлігі, шошқаның тұмсығы, құйрығы, құлақ қалқандары көбіне үсікке ұшырайды. Негізінен реакцияға дейінгі кезеңдегі үсіктерде тері бозарып, тығыздалады, ұстап көргенде салқын болады, сезімталдығы төмендейді.

Үсікке организмнің шеткі учаскелері: құлағы, емшегі, жылқыда тұяқ құндыздығы, тұяқ терісі т.б. шалдығады. Үсікке шалдығу сыртқы орта температурасының төмендігі мен оның температурасының төмендігі мен оның әсер ету ұзақтығығына ғана емес, атмосфера құбылысына да (ылғалдылық, үскірік жел) байланысты. Үсіктің ауыр формасында зақымданған тканьдердің қалпына келуі (регенерация) өте баяу өтеді. Үсік шалған кезде қандағы лейкоциттердің сапасы артып, жас формалары көбейеді, эритроциттердің тұнуы үдей түседі, қандағы белок коэффициенті өзгеріп, альбуминдерге қарағанда глобулиндер басым болып кетеді. Бұл өзгерістер зат алмасудың бұзылуынан және үсік шалғын орындағы белоктардың, майлардың углеводтардың ыдыраған өнімдері сорылудан пайда болады.

 

     2.3. Үсіктің дәрежелері

Ғылыми әдебиеттерде үсіктің 4 дәрежесі болатындығы белгілі. Үсіктің дәрежелеріне сай белгілері малды жылы жерге әкелгеннен кейін біліне бастайды. Бірінші дәрежесінде ісіну жақсы байқалады, іші қызарған сұйықтыққа толған күлдіреу пайда болады. Үшінші дәрежеде жан-жаққа жайылған сұйық ісіну қызара көгері, сезімталдығының, жайылуы мен дымқыл өліеттену байқалады.

I дәрежелі үсіну зақымдалған жер бозарып, малдың жалпы күйінде өзгеріс байқалмай, терісі аздап тығыздала түседі де, бірнеше күннен кейін үсіген аумақ түлейді немесе терінің эпидермисі әр түрлі көлемде тілінеді.

II дәрежелі үсіну тері едәуір тығыздалып, күңгірттеніп аздаған қанды сарысуды күлдіреу пайда болып, кейде тоңазытқан етке ұқсайды, күлдіреуіктер жарылады немесе ондағы қанды сарысу сіңіп кетеді. Оған қоздырғыштар түссе ластанып іріңді жараға айналады. Асқынған жағдайда малдың жалпы қызуы көтеріледі.

III дәрежелі үсіну тері бозарып, жансызданып салқын тартып қатаяды, жылытқаннан соң қара қошқыл, кейде қарайып кетеді. Үсіген аумақта қоңыр күңгірт сұйығы бар үлкен көлемді үлкен күлдіреу байқалады. Аталған жердің және айналасындағы ұлпалар ісініп, жансызданып тілінеді.

IV дәрежелі үсіну зақымдалған аумақтың ұлпалары жарылған аған сияқты сынып кете береді, қолмен ұстасақ бұл жерлер мұздаған жылыған соң, домбығу ұлғаяды, дымқылданып өліеттену тереңгі ұлпаларға (бұлшық ет, сүйекке дейін) жайлайды.

 

2.4. Үсік шалған кездегі алғашқы көмек

Алғашқы көмек тоңуды тоқтатудан, жылытудан, суыққа шалдыққан ұлпаларда қан айналымын қалпына келтіру мен инфекцияның алдын алудан тұрады. Үсуге шалдығу белгілерін байқаған кезде бірінші – малды жақын маңайдағы жылы жерге апару керек. Алғашқы көмек іс-шараларын өткізумен бір уақытта дәрігерлік көмек көрсету үшін тез малдәрігерді шақыру қажет.

Үсінген аяқ-қолды отқа жылдам жылытуға, бақылаусыз жылытқыштар мен сол сияқты жылу көздерін қолдануға болмайды, өйткені үсіну барысын қиындатады. Алғашқы көмектің тиімсіз және қабылданбайтын жолы – май, жануар майын жағу, терең үсіну кезінде ұлпаны спиртпен ысқылау.

Үсіктің жалпы еміне тоқталсақ, реакцияға дейінгі кезеңде жылы ванна қолданып Соллюкс шамымен қыздырып уқалайды. Реакция кезінде, яғни үсіктің бірінші дәрежесінде, үсіген малды жылы қораға әкеліп, үсіген жерді сабынды сумен жуып, камфорлы спиртпен, 0,5-1 % пиоктаниннің спирт ерітіндісімен сүртіп, уқалап Соллюкс шамымен қыздырып, қымтап жылытады. Екінші дәрежесінде камфорлы спиртпен үсіктің бетін өңдеп, күлдіреген терінің бетін жарып, пиоктаниннің 2% ерітіндісімен, ультра күлгін сәулемен сәулеттіріп, Вишневский эмульсиясының, стрептомицин, биомицин май дәрілерін қолданып дәкемен орайды. Көлемді өліеттенулерде некроэктомия операциясын, кей жағдайда мүшелерге ампутация жасап емдейді. Операцияны асептика және антисептика ережелерін сақтап жалпы немесе жергілікті жансыздандыруды қолданып жасайды.

 

 

 

     ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ

Үсікке шалдығу төмен температураның әсерінен дене мүшесінің кей бөлігінің зақымдануы (тіпті жаны кетуге дейін) болып табылады. Көбінесе үсінуге шалдығу қыстың суық мезгілінде қоршаған орта температурасы  –10oС - –20o С төмен кезде болады. Көктемде және күзде ауа температурасы нөлден төмен кезінде далада көп уақыт, әсіресе ауа өте ылғалды және күшті жел болғанда да үсінуге шалдығуға болады.

Үсіктің дәрежелеріне сай белгілері малды жылы жерге әкелгеннен кейін біліне бастайды. Бірінші дәрежесінде ісіну жақсы байқалады, іші қызарған сұйықтыққа толған күлдіреу пайда болады. Үшінші дәрежеде жан-жаққа жайылған сұйық ісіну қызара көгері, сезімталдығының, жайылуы мен дымқыл өліеттену байқалады.

Алғашқы көмек тоңуды тоқтатудан, жылытудан, суыққа шалдыққан ұлпаларда қан айналымын қалпына келтіру мен инфекцияның алдын алудан тұрады. Үсуге шалдығу белгілерін байқаған кезде бірінші – малды жақын маңайдағы жылы жерге апару. Алғашқы көмек іс-шараларын өткізумен бір уақытта дәрігерлік көмек көрсету үшін тез малдәрігерді шақыру қажет.

Үсінген аяқ-қолды отқа жылдам жылытуға, бақылаусыз жылытқыштар мен сол сияқты жылу көздерін қолдануға болмайды, өйткені үсіну барысын қиындатады. Алғашқы көмектің тиімсіз және қабылданбайтын жолы – май, жануар майын жағу, терең үсіну кезінде ұлпаны спиртпен ысқылау.

 

 

                      

IV ҚОЛДАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР

1. Б.К. Ілиясов. «Алғашқы ветеринариялық жәрдем». Алматы, 2011 ж. - 157-159 беттер.

2. Б.К. Ілиясов. «Алғашқы ветеринариялық жәрдем». Алматы, 2001 ж. - 67-68 беттер.

3.  «Қазақстан ұлттық энциклопедиясы». 9 том, Алматы, 2007 ж. - 140 бет.

4. Т. Несіпбаев «Жануарлар  физиологиясы». Алматы, 2012 ж. - 674-677, 689-691 беттер.

5. Т. Несіпбаев, А.Қ. Несіпбаева. «Жануарлар физиологиясының зертханалық және тәжірибелік сабақтары». Алматы, 2014 ж. - 141-142 беттер.

 


Информация о работе Үсіктер және алғашқы ветеринариялық көмек