Құс шаруашылығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Мая 2013 в 09:50, курсовая работа

Краткое описание

Құс шаруашылығы халыққа аса керекті де,құнарлы да азықтармен(ет,жұмыртқа)қамтамасыз етуімен ерекшеленеді. Екінші жағынан құстар күтіп-ұстау жағдайына сезімталдығымен сипатталады. Сондықтан олардан мол өнім алу, жақсы деңгейде күтіп-бағуды, азықтандыруды, санитарлық-гигиеналық талаптарға сай жүргізуді талап етеді. Бұл тарауда құстарды бағып-күту жүйелері, жасына және пайдалану бағытына байланысты азықтандыру, қора-жайларда микроклиматты сақтау және т.б. ветеринариялық-санитарлық шараларды іске асыру жолдары көрсетілген.

Прикрепленные файлы: 1 файл

kus waruawiligi.docx

— 41.33 Кб (Скачать документ)

                                                                                                                                                               3.6 Үйректер гигиенасы.

 

Соңғы уақытта үйрек шаруашылығы  құс шаруашылығының бір саласы болып,сусыз жағдайда да ет өнімімен жыл бойы қамтамасыз етеді. Үйрек етін өндіру технологиясы төмендегідей өсіру әдістерін қолдануға негізделеді: терең төсеніште,торлы еденде және торлы батареяда, сондай-ақ жазғы лагерьде бастырма астында бағу.Өсіру барысында осы әдістердің бірін бордақылаудың басынан соңына дейін немесе аралас әдіс қолданады.

 

Етке арналған үйректерді, әдетте 49-56 тәулік аралығында өсіреді және алғашқы 3 аптада олардың орналасу тығыздығы 18 бас/м2  болады. Бұл кезеңде олардың тірі салмағы 2,5кг-ға жетеді.

 

Көптеген шаруашылықтарда  үйректерді торлы еденде өсіреді. Орын ауыстырмай өсіру барысында торлы  батареяларда үйректердің тірі салмағы 8-10%-ға артады, ал азық шығыны 10-15%-ға кемиді, орналастыру тығыздығы 2,5 есе артады.

 

Үйрек қораларын 4-5 үйрекке  1 ұя сәйкес келетіндей есеппен ұялармен жабдықтайды

 

 Үйрек балапандарының  тіршілігінің алғашқы күндері  қоралар тәулік бойына жарықтандырылады,содан  кейін жарықтандырылу ұзақтығы  біртіндеп қысқартылады және  екінші аптадан бастап үйректерге 10-12 сағаттық жарықтандыру жеткілікті  болады.Балапан басатын үйректерді 8-10 сағаттық жарықтандыру тәртібінде өсіріледі.Аналық үйректер тобына жарықтандыру ұзақтығын жұмыртқалауға 1 ай қалғаннан бастап созады және 20-25 лк жарықтандыру интенсивтілігімен 16-17 сағатқа жеткізеді.

 

Өнеркәсіпті үйрек шаруашылықтарында азықтандырудың құрғақ түрін қолданады,яғни толыққанды құрама жемнің түйіршікті және үгінді түрімен азықтандырады.

 

Жазда үйректерді жаздық лагерьлерде  өсіріледі.Жас үйректерді арнайы бетондалған,көлемі 18*200м болатын бордақылау алаңқайларында ұстаған тиімді.Себебі 5 бас/м2 тығыздықпен  орналастырғанда 18 мың үйрекке дейін  азықтандыруға болады.Бұл кезде өнімнің өзіндік құны 20-30%-ға төмендейді.

 

Үйректерді еркін азықтандыру  олардың шамадан тыс семіруіне  және ерте жыныстық жетілуіне әкеп соғады,соның салдарынан жас үйректер көп уақытқа дейін ұсақ жұмыртқалар  туады және бауырдың майлану ауруларына ұшырайды.Үйірде қауырсындары түскен үйректердің кездесуі рационында құрамында  күкірті бар амин қышқылының жетіспеуін көрсетеді. Мұндай жағдайда рационға қауырсын ұнын немесе синтетикалық амин қышқылдарын(метионин,цистин) қосқан жөн. Үш апталық жасынан бастап үйректерге арнайы астауларға салып,қиыршық тас береді(көлемі 3-5мм).Ересек үйректердің рационында қиыршық тастардың жетіспеуі азық сіңімділігін 5-10%-ға азайтады.Қиыршық тасты құммен ауыстыруға болмайды,себебі құм асқорыту жолдарын бітеп,құсты өлімге ұшыратады. Үйрек қораларының ауа температурасы суық кезде 14 0 С,ал  салыстырмалы ылғалдылығы 70-80% болуы керек.

 

       Құс қораларын  жобалау,салыну кезінде осы айтылған ерекшеліктерін ескеру қажет.

 

       Ересек  құстар мен балапандардың барлық  түрлерін қора еденінде бағып-күтеді, оның серуендететін орны болады. Тауықтарды шарбақтардың ішінде бағып-күтеді, балапандар мен күркетауықтарды серуендетпей және күн шуаққа шығармай, топтастырылған немесе жекелеген шарбақта бағып-күтеді.Ересек құстарды және балапандарды ң барлық түрлерін лагерьде күтеді. Құстың түріне, жасына және жергілікті жағдайға байланысты бағып-күту тәсілін біріктіре жүргізуге де болады. Ересек құстардың барлық түрлерінің мекиендері еркін серуен жағдайда бағып-күтіледі.

3.7 Қаздар гигиенасы.

 

Қаздарды ұстаудың мынадай  әдістері қолданылады:еденде қалың төсеніште(аналық топ),торлы еденде торлы батареяда және арнайы бордақылау алаңқайлары бар жаздық лагерьлерде.

 

Қаздарды еті үшін өсіргенде  тәуліктік немесе 10-20 күндік балапандардықалың  төсеніште ұстайды.Алғашқы 3 аптада жылыту үшін брудерлер қолданылады.

 

Тәуліктік жастан бастап сойғанға дейін қаз балапандарын орналастыру тығыздығы 1м2-ге  5 бастан болады.Қаз балапандарын 20-30 күндік жастан бастап,жабық қораларда торлы еденде 10 бас/м2 орналастыру тығыздығымен өсіруге болады.

 

Алғашқы 3-4 аптада брудердегі балапандар үшін ауа температурасы 30-240С,ал қорада 26-220С болады және оны өсіру соңына қарай 18-200С-қа дейін төмендетеді.

 

9 апталық қаз балапандарын  торлы еденде әр бөлімі 35 бастан  тұратын топтарда ұстау – тиімді  әдістердің бірі болып табылады.Бұл кезде торда өсіру жағдайына ұқсас жағдай жасалады.

 

Қаз қораларының оптимальды микроклимат көрсеткіштерінің басқа  ауылшаруашылық құстарына арналған мөлшерлерден айырмашылығы жоқ.Бірақ  қаздар жылуды көп қаждет етпейді.

 

1-7 күндік қаз балапандары  үшін жарықтандырылу тәулік бойына  қажет,ал кейінірек оны 14 сағатқа  қысқартып,балапандарды сойғанға  дейін осы шаманы тұрақтандырады.Жарықтандырылу интенсивтілігі балапандар үшін 30 лк,ал ересек қаздар үшін 15 лк болады.

 

Қаздардың аналық тобын ұстаудың негізгі екі әдісі бар.Бірінші әдісте қаздарды қораларда төсеніште ұстайды.Бұл жағдайда еденнің 20-25%-н тормен жабады және оны науамен,астаушамен жабдықтайды.Екінші әдісте қаздарды торлы еденде ұстаумен қатар,қатты жабындысы және суға шомылатын орны бар жайылымдық алаңқайларға шығарады.

 

Торлы еденде қаздарды орналастыру  тығыздығы 1,5 бас/м2  болады.Оңтүстік аудандарда бұл көрсеткіш 2,5 бас/м2 шамасына дейін өсуі мүмкін.Қаз қораларын 3 аналыққа 1 ұя сәйкес келетіндей есеппен ұялармен жабдықтайды.Ұяларға кешке қарай құрғақ ,таза төсеніш салады.Себебі қаздар негізінен таңертеңгі мезгілде жаппай жұмыртқалайды.

 

Қаз балапандарын 1 күндік жасынан  бастап толыққұнды құрама жеммен азықтандырады.Тәуліктік жасынан өсіру соңына дейінқаз балапандарын жайылымға шығарады немесе рационға витаминдермен және минералды заттармен толықтырылған шырынды,балауса шөп қосады және оларды бөлек астауға салады.Бұл кезде қаз балапандарысумен еркін қамтылуы керек.Судың жетіспеуі балапандардың тұмсығының жеммен бітелуіне және олардың өліміне өкеліп соғады.Басқа құстармен салыстырғанда қазір клетчатканы жақсы қорытады,сондықтан да олардың рационына шөп ұнын көптеп қосқан жөн.Қаздарды азықтандыру барысында олардың көк шөпті тәулігіне 1-2 кг-ға дейін пайдалана алатынын ескеру керек.

 

 Қаз қораларының ауа  температурасы қыста 7-140 С, ал салыстырмалы ылғалдылығы 70-75 % болуы керек. Белгіленген шамадан төмен температурада жұмыртқаның инкубациялық сапасы төмендейді.  Жұмыртқалайтын мекиендерді торда бағып-күту үшін өнеркәсіп орны арнайы батарея комплексін әзірлеп шығарады.Бұл батареялардың көлем мөлшері торлардың типі мен конструкциясына байланысты.торлы батареялардың құрамында жем берілетін арнаулы оттық,жем-шөп таратқыш,мөлшерлегіш,науа,жұмыртқаларды түсіретін лотоктар және жұмыртқа жинайтын қол арбалар,тордағы құс саңғырығын жинайтын тасымалдау қондырғысы бар

 

3.8 Құстарды қора еденінде бағып-күту гигиенасы.       Интенсивтендірілген құс шаруашылығында негізінен ересек құстарды және балапандардың барлық түрлерін қора еденінде бағып-күтеді. Еден жағдайында күтіп-бағудың тәсілдері: қалың ауыстырылмайтын төсеніште және жұқа тақтайшадан жасалған еденде немесе торлы еденде. Еден жағдайында күтіп-баққанда құстардың санына қарай арнулы типті құс қоралары салынады.

 

Құс қораларының едені  тақтайдан салынады (түгелдей тақтайдан  немесе жұқа тақтайшадан)  немесе асфалтталады, болмаса тор көзді болады. Ересек құстарды торлы және жұқа тақтайшалы не еденде ұстағанда олар негізгі еденнен 40-80см биіктікке орналастырылады. Балапандар қорасына бұл биіктік 20-25см, тор көздің мөлшері туғанына 20 күн болған тауық балапандары үшін 12*12мм, ал 45 күн толған балапандар үшін 15*15мм.

 

     Құс қораларда  жылжымалы тұрақты жем берілетін  астау мен су құйылатын науа  болады.Бұлардың саны балапандардың азықтану кезінде алатын орын мөлшеріне қарай белгіленеді.Құс қоралары тұрақты жинап алатын,немесе бөлшектеп алатын етіп құс қонақтайтын ағашпен жабдықталады.Тұрақты құс қонақтайтын ағаштың астынан қорап түрінде немесе терең траншея қазып,саңғырық жинағыш жасалады.Ересек құстар қонақтайтын ағаштың биіктігі еденнен 60-80см,балапандар үшін 50см аспауы керек.

 

Тері паразиттері(қауырсын және мамық жеушілер) жабыспау үшін жәшік түрінде күл-құм ваннасы  қолданылады.Оның көлемі ересек құстар үшін 0,7*0,2*1 м болады,әрі 180-200 құсқа бір ваннадан келеді.Құс қорада құс жұмыртқалайтын ұялар салу көзделіп,олар 10-12 тауыққа, 7-8 күркетауыққа, 3-4 үйрекке және 2-3 қазға бір ұядан есептеліп салынады.Тауықтар мен күркетауықтарға ұяны еденнен 0,5-0,7 м биіктікте,ал қаз бен үйрекке тікелей еденге салынады.Бұл ұялар гигиена ережесіне сай таза ұсталынуы қажет. Қазіргі уақытта өнеркәсіп құс қораға арнап жасалған механикаландырылған жабдықтардың(Ресейлік немесе шетелдік)комплексі бар.Бұл комплекстіде жемді шөпті таратып-беретін құрал,науалы суат,түбі көтерілмелі ұя және механизмкүшімен жұмыртқа жинағыш аспап,құс қонақтайтын сырғауылдар,ұяларды және құс өтетін жолдарды ашып жабатын механикаландырылған қондырғылар,құс саңғырығын жинайтын механизмдер,өндірістік процестерді автоматты жолмен басқаратын станция бар.Құс қораларға жабдықтарды орналастыру жобасы қора құрылысының конструкциясына байланысты болып,құстарды еден жағдайында қолайлы орналастыру тығыздығы белгіленген.

 

Құстардың денсаулығы мен  өнімділігі көп жағдайда төсеніштің құрамы мен гигиеналық жағдайына байланысты. Төсеніш ретінде ағаш үгінділері, майдаланбаған сабан тағы басқа материалдар пайдаланылады. Төсеніш қора ішінде санитариялық-гигиеналық жағдайды жақсартады,құстың астынан сыз өткізбей, тері ауруынан және жарақаттандырудан сақтандырады. Төсеніш ылғалды, зиянды газдарды бойына тартып алып, құс қауырсынын ластамайды,жұмсақ болады. Төсеніш материалдары зоогигиеналық жағдайларға сай, құрғақ, шаңсыз, ластанбаған құрамында түрлі улы өсімдіктер болмай және түрлі микробиологиялық процестерге ыңғайлы болып, соңынан тыңайтқыш ретінде пайдалануға жарамды болуы қажет.

 

Қора ішіндегі ауаның ылғалдылығы  мен температура көрсеткіштері  тікелей төсеніш жағдайына байланысты.Мысалы:дымқыл,көгерген төсеніштер құстардың аспергиллез,түрлі тыныс жолдары ауруларына себепкер болып, гельминт жұмыртқалары  мен балапан құрттардың өсуіне қолайлы.

 

Төсеніш ылғалдылығын қалыпты  жағдайда сақтау үшін қораның микроклимат  көрсеткіштерін бір қалыпты ұстау қажет.Қалың төсеніштерді құстардың кезекті тобымен ауыстырып,оларды құс қоймаларында биотермиялық өңдеуден өткізеді.Құстарды еден жағдайында күтіп-бағу әдістері негізінен ыстық және ылғалды аймақтарда пайдаланылады.

 

        Құстарды  торда бағып-күту гигиенасы. Балапандардар  мен ересек құстарды торда  ұстайтын қораларда өсіру жер  алаңын неғұрлым тиімді пайдалануға,  өндірістік қоралардың қажеттігін 3-3,5 кемітуге, ауыр жұмыстарды механикаландыруға, балапандарды өсірудің маусымдылығын болдырмауға, оларды ауруға ұшыратпауға, су құбырының , канализацияның, электр жүйесінің ұзындығын едәуір кемітуге мүмкіндік береді. Мұның бәрі құрылысқа жұмсалатын қаржыны кемітеді және құс шаруашылық тауарлылығын арттырады.

 

 Құстарды торда бағып-күтуге  арналған  қораның жеке залдары  және қосалқы қора бөліктері  болады.Топтасқан және жеке-жеке торларға бөлінген залдар арнаулы стандартты батареялармен жабдықталады.

       IV. ҚОРЫТЫНДЫ

 

         Қорыта  келе,құс денсаулығы мен өнімділігі  оларды қалыпты жағдайда ұстау  және азықтандырумен қатар шаруашылықтарда  ветеринариялық  - санитариялық шаралардың  қатаң орындалуына тікелей байланысты. Әсіресе жұмыртқаны инкубациялау, жас балапандарға микроклиматтық, санитариялық – гигиеналық жағдайлар жасау шаруашылықта басты мәселе болып табылады. Жалпы құстардың биологиялық ерекшеліктеріне:күтіп – бағу мен азықтану жағдайына  өте сезімталдығы; зат алмасу қабілетінің жоғарылығы; өсімталдығының жоғарылығы( жұмыртқалағыштығы ); тез жетілуі; ішкі анатомиялық құрылстарының ерекшеліктері; ең маңызды ерекшелігі – аналық организмнен тыс дамуы (жұмыртқадан пайда болуы); көру қабілетінің нашар, есту қабілеті жақсы жетілген;құс етінің калориясы жоғары және сіңімді. Құс қораларын жобалау, салынуы кезінде осы аталған биологиялық ерекшеліктерін ескеру қажет.

 

 Құстар мен балапандардың барлық түрлерін қора еденінде бағып-күтеді және оларды серуендететін арнайы орындар болады. Көбінесе құстардың түріне, жасына және жергілікті жағдайға байланысты бағып-күту біріктіре жүргізуге де отырады. Құстардың  барлық түрлерінің мекиендері еркін серуен жағдайда бағып-күтіледі.

 

Қазіргі уақытта өнеркәсіптік құс қораларға арнайы жасалған механикаландырылған жабдықтардың жиынтықтары бар. Бұл жиынтықта жем шөпті тартып беретін құрал, науалы суат, түбі көтермелі ұя және механизм күшімен жұмыртқа жинағыш аспап, құс қонақтайтын сырғауылдар, ұяларды және құс өтетін жолдарды ашып жабатын механикаландырылған қондырғылар,құс саңғырығын жинайтын механизмдер, өндірістік процестерді автоматты жолмен басқаратын станция бар.

 

Құстардың денсаулығы мен  өнімділігі көп жағдайына байланысты. Төсеніш ретінде ағаш үгінділері,майдаланбаған сабан және басқа да материалдар пайдаланылады.

 

Төсеніш қора ішінде санитариялық-гигиеналық жағдайды жақсартады, құстың астынан сыз өткізбей, тері ауруынан және жарақаттандырудан сақтайды.

 

Төсеніш материалдары зоогигиеналық  жағдайларға сай, құрғақ, шаңсыз, ластанбаған құрамында түрлі улы өсімдіктер болмай және түрлі микробиологиялық процестерге ыңғайлы болып, соңынан тыңайтқыш ретінде пайдалануға жарамды болуы қажет.

Құс өсірілетін қораларды арнаулы типтік жоба бойынша салады. Құстарды бағып-күту тәсіліне байланысты қоралар келесідей типтермен салынуы мүмкін: балапандардың есеюіне қарай ерікті түрде жүріп тұруына арналған секцияланған құс қоралары; оларды клеткаларда бағып-күтетін цехтар; жаз айларында бағып-күтетін жылжымалы немесе тұрақты үйшіктер және балапандарды күннің суық кезінде өсіру үшін ауа райына жаттықтыратын лагерь типіндегі құрылыстар.

 

Қорадағы микроклиматтың құс организміне әсері температураның, ауаның ылғалдылығы мен оның қозғалу  жылдамдығының, сондай-ақ ондағы техникалық қоспалардың ықпалы арқылы байқалады.Жабық қораларда ауа күрт нашарлап кетуі мүмкін, бұл құстың өнімділігі мен өсімталдығын төмендетеді,еңбек шығынына ұшырап, мал өнімдерінің өзіндік құны жоғарылап сапасы кемиді.

 

 Құс қораларындағы  микроклимат жағдайы сыртқы ауа  райына, азықтандырутәсілдеріне,қоршаулардың  түрлеріне, желдеткіш және канализация  жүйелерінің жұмысына құс саңғырығының  дер кезінде тазаланып тұруына байланысты.

 

Микроклиматтың тағы бір көрсеткіші ретіне құс организміне жарықтың маңызы зор. Құс қораларына табиғи жарықпен бірге жасанды жарықты пайдалану қажет, ал терезелері жоқ қораларда тек күндізгідей жарық беретін люменесцентті немесе қызу беретін лампалар қолданылады. Микроклиматты жетілдіру мақсатында ауаның физико-химиялық көрсеткіштерін реттеумен қатар оның биологиялық белсенділігін жоғарылату керек. Ал құстың төзімділігін арттыру үшін жүйелі түрде ауаны тазалау және зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізу тиімді. Биологиялық белсенділікті арттыратын тиімді тәсілдер, атап айтсақ: ауа сүзгіштерін қолдану,ионизациялау,химиялық зарарсыздандыру,т.б.

Информация о работе Құс шаруашылығы