Қой малдарының жүн өнімділігі Жұмыртқалағыштық Төлдегіштік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2015 в 20:35, реферат

Краткое описание

Қой шаруашылығының аса маңызды өнімдерінің бірі – жүн. Жүнді тоқыма өнеркәсібінде мата тоқуға және қой жүнінен басқа да талшықты материалдарға пайдаланады, оларды шығу тегіне қарай негізінен үш топқа бөлуге болады: а)өсімдік тектес- мақта, зығыр, кендір; б) жануар тектес: жібек, жүн; в)химиялық: лавсан, капрон,вискоза т.б.

Прикрепленные файлы: 1 файл

кой шаруашылыгы тб.doc

— 63.50 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

      Реферат

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Қой малдарының жүн өнімділігі Жұмыртқалағыштық Төлдегіштік 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                    Семей-2014ж

 

 

               

 

 

 

 

 1.Қой шаруашылығының аса маңызды өнімдерінің бірі – жүн. Жүнді тоқыма өнеркәсібінде мата тоқуға және қой жүнінен басқа да талшықты материалдарға пайдаланады, оларды шығу тегіне қарай негізінен үш топқа бөлуге болады: а)өсімдік тектес- мақта, зығыр, кендір; б) жануар тектес: жібек, жүн; в)химиялық: лавсан, капрон,вискоза т.б.  Кездеме тоқылатын басқа шикізаттарға қарағанда, қой жүні артықшылықтары өте көп, олар: жылуды жақсы сақтайды, жіңішкелігі мен көлемі бірдей және басқа талшықтармен салыстырғанда жүннің салмағы жеңіл; жүн талшықтары басқаларға қарағанда иілімді,созылғыш, серпімді; киіз басуға тек қой жүні ғана жарамды; жүн ылғалды, тоқыма талшықтарының басқа түрлеріне қарағанда жақсы сіңіреді және көп уақытқа дейін бойына сақтайды; жүннің өзі жылу шығара алады, күн көзінің ультракүлгін сәулесін өткізетін ерекшелігі бар, оның өзі денсаулықты жақсартып, мал ағзасын нығайтуға септігін тигізеді; басқа тоқыма талшықтарға қарағанда дымқылдықтан көп жүн бүлінбейді; бояу жақсы сіңеді және көп оңбайды; жүннің шуды және тербелісті төмендетіп, баса алатын қасиеті бар, жүннен тоқылған киім қыртыстанбайды, әрі қонымды. Қойдың кейбір тұқымының жүні техникалық шұға, кілем, алаша тоқу үшін де пайдаланылады.

Осы тұрғыда жүн жөнінде әлемдік және Қазақстандағы жағдайларға тоқталып өтсек, соңғы жылдары әлемде қой басы 1,0 млрд. теңесті. Ең жоғары қой басының саны Қытайда. Онымен қоса ертеден Австралияда, Жаңа Зеландияда, Ұлыбританияда. Қазақстанда 1990-1999 жылдарда қой жүні барлық саладағы шаруашылықтарда 106,6 – дан 21,6 мың тоннаға түсті, яғни 5 есе төмендеді. Ішкі нарықта 1996 жылғы 18,0 мың тоннадан 2000 жылы 3,6 мың тоннаға түскен, ал экспортта 1998 жылғы  38,2 мың тоннадан, 2000 жылы 10,6 мың тоннаға түскен. Жүнді шетке шығару 0,3 –ден 0,8 мың тоннаға дейін көтерілді. Сонымен қатар, 2008-2009 жылдары біртіедеп жүн өндіру 33,3 – 34,3 мың тоннаға дейін өсіп келеді (1-кесте). 

 

1-кесте. Әлемдегі қой саны мен  жүн өндіру

Елдер

2008 жыл

2009 жыл

қой саны, мың бас

жүн өндіру, мың тонна

қой саны, мың бас

жүн өндіру, мың тонна

Қытай

133360

157,0

135094

162,0

Австрия

100000

500

97800

512

Жаңа Зеландия

47500

195

46800

213

Ұлыбритания

34000

46

33320

47

Испания

21000

16

20400

14

АҚШ

70

14

6790

18

Уругвай

13000

59

12350

45

ТМД елдері

5800

120

56700

140

Қазақстан

16300

33,3

16900

34,3

Әлемде

1006200

1190

1000000

1239


 

 

Қой жүнінің сапасы мен қасиеті көбінесе оның терісіне байланысты, сондықтан терінің құрылымы мен жүн талшықтарының арасында байланыстылық болады.

Қазіргі кезде қойдың саны 16,9 млн басқа жуық, көпшілігі республикамыздың Оңтүстік және Оңтүстік Шығыс облыстарында (51%), яғни Алматы обл – да 18,3%, Жамбыл обл-да 12,6 % Оңтүстік Қазақстан обл- да 20,1 %. Жүн өндіруден жоғарыда аталған облыстар 22,4, 16,4 және 17,6 %- дан  жалпы 56,4%-ды құрайды.Статистикалық мәліметтер бойынша жалпы биязы жүнді өндіру көрсеткіші 35%.

Жүн талшықтарының мал терісінде пайда болуы және өсіп жетілуі жас ағзадағы жүн талшықтарының фолликулалары енесінің құрсағында жатқан шағында пайда болады. Фолликулалары бірінші және екінші болып бөлінеді. Жүннің сапасы көбінесе осы фолликулалар құрылымының ерекшеліктеріне байланысты болады.

Қылшық жүнді қой фолликулаларының құрылымында биязы жүнділерге қарағанда үлкен айырмашылық бар. Оларда алғашқы фолликулалар қыл тәрізді жүн талшықтарын, ал екінші фолликулалар түбіт талшықтарын құруға бейімделген. Биязы жүнді қойдың бірінші және екінші фолликулаларының құрылымында айтарлықтай айырмашылық байқалмайды. Қой жүнінің қалың, тығыз болып келуі, осы жүн талшықтары пайда болатын фолликулалар санына байланысты.Фолликулалардың саны түрлі тұқымда, тіпті бір тұқымның ішінде қойдың дербес ерекшеліктеріне байланысты әр түрлі болып келеді, тіпті тұқым қуалаушылық қасиеті ұрпақтан ұрпаққа өзгерместен ауысып отырады. Мұның өзі қой жүнінің тығыздығын жақсарта түсуіне фолликулалары көп қошқарларды алдын ала таңдап, сұрыптап алып кеңінен пайдалануға мүмкіндік береді.

Алғашқы фолликулалар эмбрионның  денесінде (алдымен басында) саулықтар буаздығының 50-70-ші күн аралығында пайда болады. Осы бірінші фолликулалардан құралған алғашқы жүн талшықтары денесінің сыртына эмбрион шамамен 100 күнге толғанда шыға бастайды. Эмбрионның 70-80 күннен 110 күнге дейінгі аралығында эпидермисте екінші фолликулалар құрылып, олардан пайда болған жүн талшықтары дене сыртына шамамен 115 күннен бастап шыға бастайды. Бұл процесс қозы туғаннан кейін де тоқталмайды. Жүн талшықтарының құрылуы, шығуы қозы тіршілігінің алғашқы айында қарқынды өседі. Жақсы азықтандырылып, бағып күтілген қозы фолликулаларының өсіп жетілуі бесінші айда аяқталады.

Жүн талшықтары тұтасынан кератин талшықтарынан тұрады, сондықтан онда басқа белокты заттарға қарағанда, күкірт едәуір көп. Жүннің құрамында шамамен көміртегі -50, оттегі- 21-24, азот 15-21, сутегі 6-7, күкірт 2-5% -ға дейін химиялық зат бар. Ал күлді зат 1-3% ғана құрайды.

Әр түрлі жүн талшықтарында жеке амин қышқылдарының мөлшері бірдей емес, бір типті талшықтардың гистологиялық әр қабатының өзінде түрліше.Мысалы, ортаңғы қабат пен өзектің кератинінде тирозин болады, ал қабыршақты қабаттың кератинінде болмайды. Жеке жүн талшықтарында күкірттің мөлшері де әр түрлі, мысалы, өзекте аз. Осыған байланысты түбітте күкірт көп болып келеді. Жүндегі күкірт мөлшері көбейген сайын жүннің иірілу қасиеті жақсара түседі.

Зоотехникалық түсінікте жабағы деп жүн талшықтары топтарынан құралған, бір-бірімен өзара тығыз байланысқан бір қойдың тұтас жүнін айтады. Тауарлық түсінікте жабағы жүн дегеніміз қойдан көктемде қыркылып алынған, төменгі сорттары бөлінбеген біртүтас жамылғы жүн. Жүннің төменгі сорттарына - ластанған, былғанып бүлінген және қысқа жүн топтары мен жабағы шетінен бөлініп түскен бөлшек жүндер жатады.

Қой жабағысы құрамындағы талшығының түрі мен олардың арақатынасына қарай біркелкі және әртекті жүн болып екіге бөлінеді.

Біртекті жүн - жіңішкелігі, ұзындығы, бұйралығы, жұмсақтығы, серпімділігі жағынан біркелкі жүн талшықтарынан тұрады. Біртекті жүн тек биязы және биязылау жүнді қой түқымдарынан алынады.

Біртекті биязы жүннің бір ерекшелігі - қойдың жабағысы (тұтас жүні) штапель тәрізденіп келген бөлшектерден құралады.

Штапель екі түрге бөлінеді: сыртқы, көрінетін жағы және ішкі көрінбейтін немесе қолмен ажыратып, ашып көруге болатын жағы. Штапельді сыртқы көрінісі, яғни формасы жағынан екі топқа бөлуге болады: ашық және жабық. Штапельдің ашық, бір-бірінен алшақ болып келуі, жүннің сиректігін және талшықтарының бір - бірімен нашар байланысқандығын көрсетеді. Әдетте, мұндай жабағыға сырттан бөтен заттар (құм, топырақ, т.б.) оңай енеді де, жүн сапасын едәуір төмендетеді.

Штапельдің жабық түрі тығыз жүнді жабағыға тән, ондағы жүн талшықтары бір-бірімен тығыз байланысқан, сондықтан мұндай түрлі жабағының ішіне бөтен заттар кіре алмайды да, жүн сапасын, технологиялық қасиетін жақсы сақтайды.

Штапельдегі жүннің тығыз болып келуі қой тұқымына байланысты. Терінің бір шаршы милиметріндегі жүн талшықтарының саны әртүрлі қойда шамамен: тығыз жүнді мериноста - 73-тен 190-ға дейін; жүнді-етті меринос тұқымында - 46-дан 87-ге дейін; қысқа жүнді, етті қойда (жүнді біртекті жартылай биязы) -16-дан 38-ге дейін; қылшық жүнді қойда - 7-8.

Әртекті жүн жабағысының сырт көрінісі тұлымданып, бұрымданып келеді. Тұлымданып келген жүн құрылысы ондағы әр түрлі жүн талшықтарының арақатынасы мен жіңішкелігіне тікелей байланысты. Әдетте жіңішке жүн талшықтары (түбіт) қылшықты талшықтарға қарағанда қысқа болып келеді де, төменгі (теріге жақын) жақта орналасады. Сол себепті, жүн талшықтарының қысқа және ұзын болып келуіне байланысты тұлымдардың сырт көрінісі конус тәрізді болады.

 

 

.Қой қырқу маңызды, әрі күрделі науқанды жұмыстардың бірі. Бір жылғы еңбектің қорытындысын шығаратын жауапты кезең. Сондықтан өсірілген жүнді ысырап етпей,сапалы күйінде қырқып алып, өңдеп, сорттап әзірлеу мал мамандығының басты міндеті. Қой қырқу науқанын алдын ала дұрыс әзірліктер жасап, ұйымдастыра білу керек.

Биязы және биязылау жүнді қойлар жылына бір рет көктемде ғана қырқылады. Оларды екі рет қырқуға болмайды, себебі жүн ұзындығы қысқа болып ( 3-4 см), сапасыз болады. Ал жүн қысқа болса, одан бағалы маталар алынбайды. Ал, қыста туған қозыларды 5-6 айлығында қырқып, өздерін бордақылап, етке пайдаланады. Ұяң және қылшық жүнді қойларды көктемде және күзде екі рет қырқуға болады.

Қой қырқу мерзімі ауа райы және жайылым жағдайының ерекшеліктеріне қарай белгіленеді.

Көктемгі қой қырқу күн тұрақты жылынғаннан кейін басталады. Биязы және биязылау жүнді қойлар үшін мұның маңызы зор, күн әбден жылынғанда шайыры шығып, жүннің өсімі көтеріледі. Сондықтан қой қырқу көктемгі күн жылынғанда басталып шыбын шіркей шыққанға дейін аяқталуы тиіс. Оны кешіктіруге болмайды. Қазақстанда қалыптасқан қой қырқу мерзімі Оңтүстік, Оңтүстік Шығыс, Оңтүстік Батыста мамыр айының басында, Солтүстік, Шығыс, Батыс облыстарында мамыр айының аяғында, маусым айының басында басталады.

Қырықтықтың орнында еңбекті ұйымдастыру

Қой қырқудағы басты міндет-жүнді бүлдірмей,шашпай,толық жинап,белгіленген талапқа сәйкес сорттап,жоғары бағаман сату.Бұл жұмыстар мерзімінен бұрын да кеште емес,дер кезінде орындалуы тиіс.Сондықтан қырқу орынын білгір маман,жауапкершілігі жоғары адам басқару керек.Қырықтық орнында ең алдымен есеп жұмысы дұрыс жолға қойылуы тиіс.Мұнда тек қырқылған жүннің мөлшерін ғана есепке алып қоймай,оның қай топқа жататынын,ақаулығы мен ластығын,топтарын әрбір отар бойынша анықтаған жөн.Қырықтықшылар арасында жүнді қысқа етіп екі рет қырқуды,қойдың терісін көбірке жарақаттап,шала қырқуы сияқты жауапкершіліксіздіктердің барлығы еңбек өлшеуі ретінде ескерілуі керек.Бұл үшін қырықтық пунктінде әр қырықтықшының қырыққан қойларын бөлек қамайтын загондар болуы керек.Отар қырқылып боллған уақытта жұмыстың сапасын анықтайтын топ әр қырықтықшы бойынша қорытынды жасап,оны жазбаша түрінде еңбек ақы төлейтін адамның қолына береді.

Қазіргі талаптарға сай әрбір қой шарушылығында шебер қырықтықшылар,қайрақшылар,жіктеушілер болуымен қатар,жүннің таза,шығымын есептейтін қажетті аспаптар,керекті құралдар , тағы басқа жабдықтар болуы тиіс.

Қырықтық орынында қой отарлары қандай кезекпен келуінің де мәні бар.Алдымен қылшық  және ұяң жүнді қойлар қырқылуы тиіс.Себебі қойлар жеңіл қырқылады,жас қырықтықшылар қырқып қолдарын жаттықтырады.Ересек қойдан бұрын тоқтылар,бойдақ қойлар,ақырында саулықтар мен қошқарлар қырқылады.Ауру,қотыр қойлар ең соңында бөлек қырқылады.

Шарушылықта  арнайы жобамен слаынған механикаландырылған қой қырқатын пункт болуы тиіс.Елімізде  қырықтықшылар даярлайтын арнаулы оқу орны болса, әрбір шарушылық өздерінің пункттерінде тәжірибеліқырықтықшыларды пайдалана отырып,жылма-жыл жас қырықтықшыларды әзілеп,тұрақты маман қатарын толықтырып отырғаны жөн.

Қырықтышыларға қойылатын талап –қой қықудың озық әдістерін меңгеріп,теріні кеспей,жүнді тегіс,әрі таза,жабағыны жұлмай,үзбей қырқа білуі тиіс.Әрбір қырықтышының қырқу машинасының кемістіген түзеп,бөлшектеп,оны құрастыра білуге тиіс.

Қой қырқудың озат әдістер,Орынборлық және қазақша қырқу.Бұл тәсілдер өнімді  және әдейі үстел қырқуды керек етпейді.Қойдың аяқтары байланбай,оны еденге отырғызып,не жатқызып қырқады.

Қазақша қой қырқудың әдісінің тәртібі мынандай: қырықтықшы қойды  сол жақ бүйіріне  жатқызады да, оң аяғымен қойдың артқы сирақтарын басып тұрып,ал сол қолмен алдыңғы сирақтарын басады да ,бауыр хәне шап,қолтық жүндерін  қырқып алады.Содан соң қойды оң жақ бүйіріне жатқызып, қырықтықты құйрығынан бастап иығына дейін және артқы сирағынан мойынына дейін қырқып алады.Әрі қарай арқа түсын,сонан соң мойнының  сол жағын қырқа бастайды Осыдан кейін қырықтықшы қойдың басын сәл көтеріп тұрып мойын жүнін,артынша қойдың басын екі аяғымен қысып тұрып,құйрығын қырқады.Осылай қазақша әдіспен қойдың жүні жақсы да таза қырқылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Жұмыртқалағыштық — құс өнімділігін сипаттайтын басты көрсеткіштердің бірі. Бұған, әсіресе, тауық өсіргеңде үлкен мән беріледі. Жұмыртқалағыштық тауықтың белгілі бір уақыт ішіңде берген жұмыртқа санымен анықталады. Алға қойған мақсатқа байланысты нақтылы бір жеке тауықтың немесе құс өсіретін шаруашылық бойынша құстың орташа жұмыртқалағыштықты анықтайды. Алғашқыда жүргізу тауықтың тұқымын асылдандыру үшін қажет, орташа көрсеткіш әр түрлі экономикалық есептерде пайдаланылады.

 

3. Қоздау, төлдеу - қалыпты жағдайда өткен буаздығының соңыңда қойдың қозы тууы. Қоздау жылына бір рет, күйек алу мерзіміне байланысты қыстың екінші жартысында (каңтар-акпанда) немесе көктемде (наурыз—сәуірде) өтеді. Қыста немесе ерте көктемде қойды қоздау қорасында көктемнің жылы күндері ашық қорада қоздатады. Күйлі саулық әдетте, 30-40 минуттың ішінде адамның көмегінсіз-ақ қоздайды. Алдымен суға толған қағанақ көрінеді. Қағанақты жаруға болмайды, кейінірек төл туылғаннан кейін жарып, оның кіндігін кесіп, ұшын йодтап, байлайды.


Информация о работе Қой малдарының жүн өнімділігі Жұмыртқалағыштық Төлдегіштік