Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Октября 2015 в 15:17, реферат
Наркоз (грек. narkosіs – мелшию, ұйып қалу) – орталық жүйке жүйесіне арнайы дәрілер жіберу арқылы организмде жасанды түрде шақырылған терең ұйқы. Наркоздан кейін адам есінен толық не жартылай айырылып, ауыру сезімін жоғалтып, тіндер жансызданады.
Негізінен күрделі хирургиялық операциялар кезінде ауру сезімін болдырмау мақсатында наркоз беріледі. Наркозды организмге жіберудің: ингаляциялық (дәріні тыныс жолдарына жіберу), ингаляциялық емес (дәріні қан тамырына, бұлшық етке, тері астына егу) және күрделі (аралас) түрлері бар.
Семей қаласының ғылым және білім министірлігі Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті Аграрлық факультеті ветеринарлық медицина кафедрасы
БӨЖ
Тақырыбы: Наркоздық, премедикациялық заттар.
Орындаған: Дулатов К.Д.
Тексерген: Тойкина Г.Н.
Семей 2015ж
Наркоз (грек. narkosіs – мелшию, ұйып қалу) – орталық жүйке жүйесіне арнайы дәрілер жіберу арқылы организмде жасанды түрде шақырылған терең ұйқы. Наркоздан кейін адам есінен толық не жартылай айырылып, ауыру сезімін жоғалтып, тіндер жансызданады.
Негізінен күрделі хирургиялық операциялар кезінде ауру сезімін болдырмау мақсатында наркоз беріледі. Наркозды организмге жіберудің: ингаляциялық (дәріні тыныс жолдарына жіберу), ингаляциялық емес (дәріні қан тамырына, бұлшық етке, тері астына егу) және күрделі (аралас) түрлері бар.
Наркоз берер алдында науқастың ауыз қуысы, асқазаны, ішегі толық тазаланады, жүйке жүйесін тыныштандыратын дәрі беріледі, мұны премедикация кезеңі деп атайды. Наркоз арнайы наркоз аппараттарымен беріледі.
Анестезиологтар жіберілетін дәрінің мөлшерін аппарат (электрэнцефалограф) арқылы бақылап, тамырдың соғуын, қан қысымын өлшеп отырады. Өйткені науқастың организмі жіберілген дәріге реакция беріп, анафилакстік шок (естен тану) болуы не наркоз беретін түтік тыныс жолдарын жарақаттап, ауаның өтпей қалуы мүмкін.
Неиролептикалық заттар.
Нейролептиктер - Психикалогиялық ауытқуларды емдеу мен наркоз кезінде қолданылатын ұлкен препараттар тобын атайды. Олардың ең үлкен маңыздылығы, психоздармен күресе алатындығында осыдан нейролептиктердің екінші атауы да негізделеді (Антипсихотиктер, псиблокаторлар). Нейролептиктердің ашылуына дейін психиатрияда және анастезия ретінде көптеген улы өсімдіктер мен литий, бром камотоздық терапия, наркотикалық препараттар мен наркотикалық әсер бар өсімдіктер қолданылған болатын. 1950 жылы "Аминазиннің" ашылуы нейролептикалық препараттардың дамуына бастау болды. Сол кезден бастап психиатриялық терапия жұмсарып, анастезиолог мамандарының жұмысы жеңілдеді.
а) Нейролептиктердің классификациясы.
Барлық неиролептиктерді 2 негізгі топқа бөледі:
1) Типтік нейролептиктер
2) Атиптік нейролептиктер
1) Типтік нейролептирг - Классикалық антипсихотикалық препараттар. Әсер етуіші қасиеттерінің жоғары болуынан жанама әсерлерінің даму мүмкіндіктері көп болыпкеледі. Оларға жатады: Аминозин, Галаперидол.
2) Атиптік нейролептиктер
- Заманауй препараттар. Негізгі
ерекшеліктерінің ең бастысы
неврологиялық жанама
ә) Нейролептиктердің әсер ету механизмдері.
Нейролептиктердің әсер ету механизмі - бас миының импульстар беру қасиетін төмендетуге негізделген. Бұл мидың кеибір жасушаларында жүйкелік импультерді жіберетін "Дофамин" деп аталатын затты қажыту нәтижесінде іске асады. Көбіне нейролептиктер ағзада жылдам бұзылып сыртқа шығарылады.Сондықтан әсері бірнеше айға дейін созылатын пролангирлеуші препараттар болады. Мысалы: Галоперидол деканоат, клопиксол - депо.
Седативтік заттар.
Ұйқы шақырмайтын (табиғы ұйқыға батуды жеңілдетеді, ұйқыны тереңдетуге қатысады) жасалуы табиғи не синтетикалық болып келетін тыныштандыратын немесе эмоционалдық кернеуді басатын химиялық құрамы бойынша әр түрлі келетін дәрілік заттар тобын Седативтік (лат.sedatio -тыныштану)
Заманауый транквилизаторларға әсіресі бензодиозепиндерге қарағанда седативтік заттар өзінің антифобиялық және тыныштандырушы әсерін аса айқындатпай миорелаксация мен атаксияға әкемей көрсетеді. Седативтік препорат ретінде көбінесе өсімдік тектес заттар қолданылады. Олар: Жалбыз, валериана, пустырняк өсімдіктерінің препараттары болып келеді. Синтетикалықтарынан көбінесе бромидттер қолданылады. Кей кезде седатив ретінде кейбір ұйықтатушы дәрілер қолданылады олар: барбитураттар. Бірақ әрдайым седатив ретінде ұйықтатқыштарды қолдануға болмайды.
Анальгетикалық заттар.
Анальгетиктер — ауырсыну сезімін таңдамалы басатын, сезімталдықтың басқа түрлеріне маңызды әсер етпейтін және есте қалу қабілетін бұзбайтын заттар.
Анальгетиктердің әсері орналасуына байланысты жіктелуі
I) Көбінесе орта әсер ететін заттар:
есірткілік (наркотикалық) анальгетиктер: (морфин және т.б.) анальгетикалық әсерге ие бейапиынды (наркотикалық емес) дәрілер (клофеллин, димедрол, кетамин) аралас әсер ететін анальгетиктер (бейапиынды+ апиынды): трамадол
II) Көбінесе шеткі әсер ететін заттар:
бейесірткілік анальгетиктер: ацетилсалицил қышқылы, анальгин,
парацетамол Анальгетиктердің фармакодинамикасына
байланысты жіктелуі
(практикалық клиникада қолданылатын
негізгі жіктелу)
I. есірткілік анальгетиктер немесе морфин тобы:
1. апиатты рецепторларының толық агонисттері: морфин промедол фентанил омнопон
2. апиатты рецепторларының агонист-антагонисттері: және жартылай агонисттері пентазоцин буторфанол налбуфин бупренорфин
II. бейесірткілік (наркотикалық емес) анальгетиктер: парацетамол анальгин ацетилсалицил қышқылы
аралас әсер ететін
анальгетиктер: трамадол ЕСІРТКІЛІК АНАЛЬГЕТИКТЕР
Негізгі сипаттамалары: айқын анальгетикалық
белсенділікке ие нашақорлық туындау
мүмкін: абстинентті синдромның дамуымен
сипатталатын дәріге тәуелделік Көп мөлешрде
енгізгенде наркозға, содан кейін комаға,
ал ең соңында тыныс алу орталығы әрекетінің
тоқтауына әкелетін терең ұйқы шақырады
Негізгі препарат морфиннің сипаттамасы
Аурысну
сезімталдықтың екі компонентін ажыратады: Ауырсынуды қабылдау – ауырсыну
сезімталдықтың табалдырығына байланысты
болады, ол төмен болған сайын адам аурсынуға
сезімтал келеді. Ауырсынуға психикалық
және эмоциялық жауап бер. Морфин осы ауырсынудың
екі компонентіне де әсер етеді. Біріншіден
сезімталдық табалдырығын жоғарлатады,
екіншіден ауырсынуға эмоциялық жауапты
өзгертеді. Мысалы, морфинді терапиялық
мөлшерде енгізгенде аурсыну сезім сақталу
мүмкін, бірақ науқас оны бөтен бір нәрседей
сезінеді. Морфиннің әсер ету механизмі. 1975
жылы адам мен жануарлардың жүйке жүйесінде
есірткі анальгетиктер әрекеттесетін
арнайы “апиатты” рецепторлар ашылған.
Қазіргі кезде олардың 5 түрін ажыратады:
мю, дельта, каппа, сигма, эпсилон. Қалыпты
жағдайда осы апиатты рецепторлармен
жоғары анальгетикалық әсерге ие эндорфиндер
деп аталатын пептидтер әрекеттеседі.
Организмде эндогенді пептидтердің 5-31
амин қышқылдарынан құралатын 10-15 түрі
кездесеседі (олигопептидтер). Құрамында
5 амин қышқылдары бар пептидтерді энкефалиндер
деп атайды. Олар мида кездеседі. Энкефалиндер
организмде көп деген биологиялық әсерлер
туындайды, мысалы гипофиз гормондарының
бөлінуін, АҚҚ, дене температуратын реттейді,
бірақ олардың негізгі әсері болып анальгезия
саналады. Эндорфиндердің негізгі биологиялық
әсері афференті талшықтар ұштарынан
“ауырсыну нейромедиаторларының” бөлінуін
тежейді. Бұл медиаторларға Р деген зат
(пептид), холецистокинин, соматостатин,
брадикинин, серотонин, гистамин, простагландин
және норадреналин мен ацетилхолин жатады.
Қалыпты жағдайда ауырсыну пайда болғанда
ауырсынуға қарсы антиноцицептивті жүйе
деп аталатын ерекше энкефалинергиялық
нейрондар ынталандырылады. Олар ноцицептивті
жүйе деп аталатын ауырсыну жүйесін тежейтін
нейропептидтер бөледі. Нәтижеде ауырсыну
сезімталдықтың табалдырығы жоғарлайды.
Антиноцицептивті жүйенің жетіспеулігінде
ауырсынуды анальгетиктер арқылы басады.
Есірткі анальгетиктер мен эндогенді
пептидтердің әсер ету нүктесі бір болып
шықты – ол апиатты рецепторлар. Тек қана
эндогенді пептидтердің белсенділігі
есірткі анальгетиктерден, мысалы морфиннен
бірнеше жүз есе артық болады. Морфин мю-рецепторларымен
әрекеттесіп жұлыннан миға, гипоталамусқа
ноцицептивті импульстарының өтуін тежейді,
нәтижеде ауырсыну сезімталдықтың табалдырығы
жоғарлайды және ауырсынуға вегетативті,
горманальды, эмоциялық жауаптарды өзгертеді.
Морфиннің негізгі фармакологиялық әсерлері
ОЖЖ әсері Ауырсынуды басатын әсер. Дәріні ОЖЖ-не көп әсер етпейтін мөлшерлерде дамиды. Тыныштандыратын (седативті) жыне ұйықтататын әсер.Седативті әсер көбінесе ұйқышылдық пен сипатталады. Ұйықтататын әсер: морфинмен шақырылған ұйқы беткей, науқастарды тез арада оятып алуға болады. Көңіл-күйге әсері. Екі түрлі болуы мүмкін. Сау адамдарда, дәріні тағайындауға көрсеткіштер болмағанда енгізгеде көбінесе дисфория туындайды: оның көңіл-күйі бұзылып өзін бір түрлі нашар сезінеді. Қайталап енгізгенде, әсіресе дәріні тағайындауға көрсеткіштер болғанда науқастарда эйфория шақырады: оның көңіл-күйі жоғарлайды, ол өзін сондай бір жақсы сезінеді. Осы жағдайды тағыда бір сезінуді тілеу дәріге тәуелділіктің даму негізінде жатады. Гипоталамус қызметіне. Біріншіден дене қызуын реттейтін орталықты тежейді. Осы себептен морфинді көп енгізгенде дене температурасы өте төмендеп кетуі мүмкін. Екіншіден антидиуретикалық гормонның бөлінуін қоздырады – зәрдің бөлінуін тежейді, соматотропин мен пролактиннің белсенділігін арттырады – тәбетті төмендетеді. Сопақша ми орталықтарына. Тыныс алу орталығының көмір қышқылына сезімталдығын төмендету арқылы тынысты тежейді Жөтел орталығын тежейді. Атты жөтелде қолданылады. Лоқсу орталығын қоздырады, қайталап енгізгенде керісінше тежейді, сондықтан морфинмен уланғанда лоқсытатын заттарды енгізбейді Көз қимылдатқыш нервті қоздырады – қарашықты тарылтады (миоз)
Қан тамырларына әсері. Улы мөлшерде қан тамырларды, әсіресе капиллярларды кеңейтеді, ортостатикалық гипотензия даму мүмкін. Механизмдері: қан тамырлар тонусын реттейтін орталықтың тежелуі, гистаминнің бөлінуі, кезбе нервтің белсендірілуі (брадикардия), морфиннің қан тамырларына тікелей әсері
Асқазан
ішек жолдарына әсері
(кезбе нервті белсендіру (негізгі
механизм) және АІЖ-ның бұлшық еттеріне
тікелей әсер ету (қсымша механизм) арқылы).
Ішектің біріңғай салалы бұлшық етін және
қыспа бұлшық еттерін (сфинктерлер) тарылтады
(спазмогенді әсер), ішек моторикасын тежейді,
судың сіңірілуін жоғарлатады нәтижеде
морфиндік обстипацияға (іш қатуға) әкеледі.
Сонымен қатар сілекей, асқазан мен ішек
сөлдерінің бөлінуін тежейді Өттің, Одди
қыспа бұлшық етінің тонусын жоғарлатады
(ауырсынуды басады, бірақ, өт пен өт жолдарындағы
патологиялық процесстерінің ағымын ауырлатады)
III. Басқа мүшелермен тіндерге әсері жатыр
мен қуықтың тонусын арттырады қуықтың
қыспа бұлшық етінің тонусын жоғарлатады
– эәрдің бөлінуі тежеледі бронхтар мен
бронхиолаларды тарылтады Басқа препараттардың
сипаттамасы Омнопон. Жаңа галенді препарат,
құрамында 3 фенантрен тобынан (морфин,
кодеин, тебаин) және 2 изохинолин тобынан
алкалоидтар бар. Спазмогенді әсері төмен.
Промедол. Анальгетикалық әсері морфиннен
2-3 есе төмен, тынысты сирек тежейді. Бронхтар
мен несеп айдатын жолдарының тонусын
төмендетеді, жатыр мойынын босаңсытады,
жатырды тарылтады. Фентанил. Анальгетикалық
белсенділігі морфиннен 100 есе артық. әсері
тез дамиды, бірақ қысқа, тынысты тоқтату
мүмкін. Көбінесе нейролептоанальгезия
үшін қолданылады. Пентазоцин. Агонист-антагонист,
апиатты рецепторлардың дельта және каппа
түрлеріне агонист, ал мю түріне антагонист
болып табылады, сондақтан эйфория шақырмайды,
дәріге тәуелділікті, іш қатуды, тыныстың
тежелуін сирек шақырады. Трамадол. Тиімділігі
есірткілік анальгетиктерге сай, нашақорлық
туындайтын потенциалы төмен. Есірткілік
анальгетиктердің қолдану көрсеткіштері
қатты ауырсыну (миокард инфарктісінде,
операциялардан кейін, қатерлі ісіктерде)
нейролептоанальгезия премедикация жергілікті
анестезия жүргізгенде негізгі препараттармен
бірге босануда ауырсынуды басу үшін АІД-ның
несеп айдайтын жолдарының тарылуында
өмірге қауіпті қатты жөтел Есірткілік
анальгетиктердің жағымсыз әсерлері:
бейімделу, дәріге тәуелділік лоқсу, құсу,
іш қату брадикардия Есірткілік анальгетиктермен
жедел улану Клиникалық көріністері: тыныстың
тежелуі, есте қалу қабілетінің бұзылыстары,
кома, гипотермия, гипотензия, зәр бөлінуінің
тежелуі, миоз, гипоксия ауырлағанда мидриаз
дамиды. Көмек шаралары: Спецификалық:
антагонисттерді енгізу (налоксон, налорфин).
Налорфин морфинмен бірге енгізге апиатты
рецепторлардың антагонисті ретінде әсер
етеді (!). Спецификалық емес:
асқазанды шаю (дәрілер АІЖ шырышты қабығымен
бөлінеді), науқасты жылы орап тастау,
қуыққа катетер қою, өкпені жасанды желдету,
тырысуларды – арнайы дәрілерді қабылдау.
ЕСІРТКІЛІК ЕМЕС АНАЛЬГЕТИКТЕР Фармакологиялық
әсерлері: анальгетикалық, гипотермиялық,
қабынуға қарсы, арегацияға қарсы (аспирин),
ульцерогенді (АІЖ-да жаралар пайда болады),
нефротоксикалық (аспирин), гепатотоксикалық
(парацетамол), гематотоксикалық (анальгин).
Әсер ету механизмі: циклооксигеназа ферментін
тежеу арқылы простагландиндердің түзілуін
тежейді, нәтижеде серотонин, гистамин,
брадикининнің бөлінуі төмендейді. Ауырсынуды
басатын әсері қабыну процесстерімен
байланысты патологиялық жағдайларда
аса тиімді болады.
Опиатты рецепторлардың антагонисттері Опиатты рецепторлармен әрекеттесіп эндогенді лигандтардың және экзогенді заттардың (есірткі дәрілердің) әсерлерін жояды: налоксон – жедел улануда қолданылады, парентеральды енгізіледі налтрексон – созылмалы улануда (нашақорлық) қолданылады – энтеральды енгізіледі.