Сырым Датұлы (1712—1802) — Ресей патшасының отарлау саясатына қарсы
күрескен Кіші жүз қазақтары көтерілісінің көрнекті басшысы, атақты
батыр, әйгілі шешен.
Шыққан тегі — Кіші жүздің Байұлы тайпасының Байбақты руынан. Өзінің асқан ақылдылығы арқасында
өз ортасында тым ерте танылып, әділдігімен
аты шыққан «Бала би» атанды.
XVIII ғасырдың аяғындағы отарлық
езгіге қарсы ұлт-азаттық күрестің ұйымдастырушысы,
әрі көсемі. Сырым дүниеден озған кезде
оның асында 2000 жылқы, 2500 қой сойылып, 5000
күбі қымыз ішілген және бірнеше жүз ақшаңқан киіз
үйлер тігілген. Бұл, бір жағынан, оның
байлығын, екінші жағынан, оның халық арасында
беделді болғанын білдіреді.
Сырым 2000 шаңырақты басқарған. Сырым Датұлы өз халқының нағыз патриоты екенін таныта білген және отарлық бұғаудан
елді босатуға зор үлес қосқан. Ол Ресейдің
отарлау саясатын жүзеге асырған қазақтарға
қарсы соғысты бастады. Сырым бастаған
ұлт-азаттық көтерілістің негізгі себебі
— патша саясаты мен Жайық казактарының жүгенсіздігі, олардың
қазақ халқын қанауы болды. Халық көтерілісін
Сырым батырмен бірге Барақ, Тіленші, Оразбай, Жантөре султан сынды елдің беделді азаматтары басқарды. Кіші жүздің байбақты, табын, шекті, кете және шеркес рулары көтеріліске
қатысты. Көтерілістің бас кезінде Сырым
батырдың 2700 сарбазы, Барақ батырдың 2000 және Тіленші батырдың 1500 сарбазы
болды.[1]
Қызметі: |
Ақын |
Туған күні: |
1804 жыл |
Туған жері: |
Ішкі Бөкей
Ордасы, қазіргіБатыс Қазақстан
облысыныңЖәнібек ауданының Нарын құмының Жанқұс жері |
Ұлты: |
қазақ |
Қайтыс болған
күні: |
20 қазан 1846 |
Қайтыс болған
жері: |
Қараой өңірі, қазіргі Атырау облысының Махамбет ауданы |
Махамбет
Өтемісұлы (1804 ж., Ішкі Бөкей Ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданының Нарын құмының Жанқұс деген жері. —1846 ж. 20 қазан, Қараой өңірі, қазіргі Атырау облысының Махамбет ауданы) — қазақтың әйгілі ақыны, күйші композиторы,
отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманов бастаған көтерілісті (1836-1837) ұйымдастырушылардың
бірі, осы көтерілістің жалынды жыршысы.Байұлы ішіндегі Беріш руының Жайық бұтағынан. Нәдір деген
кісіден Мәлі (кейбір деректе Құлмәлі,
Құлманияз деп айтылады) туады. Мәлінің
қазақ әйелінен Өтеміс пен Шыбынтай, қалмақ
әйелінен Қобылай туған. Өтемістен - он
ұл, Шыбынтайдан - төрт ұл, Қобылайдан -
үш ұл туып, Мәлі ұлдың өзінен он жеті немере
сүйген адам. Бұл әулет Тайсойған құмындағы
іргелі ауылдардың бірі. Атасы Құлмәлі,
әкесі Өтеміс те өз заманында айтулы тұлғалар
болған, Құлмәлінің тұқымынан би де, шешен
де шыққан.Махамбет өзінің барша болмыс
қасиеттерімен көшпелілер арасындағы
көсем тұлғалардың бірі. Ол өзі туып өскен
өңірдің Қамбар батыр, Ер Тарғын,Сыпыра жырау, Асанқайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Жиембет, Доспамбет сияқты біртуар тұлғаларының өлмес мұраларын
көкірегіне тоқып өсті. Өзі өмір сүрген
заманның ағымына жүйрік, қыр сырын жетік
меңгерген, көзі ашық, көкірегі ояу, білімдар
адам болған. Орыс, татар, араб тілдерін
тәуір меңгерген. Мұны ол жазған хаттардан
айқын аңғаруға болады.1836—38 ж. И. Тайманұлы бастаған шаруалар кетерілісінің жалынды жыршысы, қозғалысты ұйымдастырушылардың
бірі.Махамбет өзі Жәңгір ханның қудалауымен екі жыл түрмеде отырып, 1831 ж. қашып шыққан. Саналы өмірін патша
өкіметінің отарлық саясатын жұзеге асырушы
хан-сұлтандарға қарсы кекті жырлар толғайды,
халықты күреске шақырады.Көтеріліс жеңіліспен
аяқтапғаннан кейін Жем, Жайық, Маңғыстау, Хиуа елдерін сағалайды, жасақ жинап, көтерілісті
жаңадан жандандыруғә күш салады. Бұл
ниеті нәтижесіз болды, Бөкей ордасында қолға түсіп, Орынбор түрмесіне қамалады. Тұтқыннан босағаннан
кейінгі өмірін Кіші жүздің батыс бөлігіндегі
ел ішінде өткізеді.
Исатай Тайманұлы |
Дүниеге
келгені: |
1791
Тайсойған
құмындағы "Тайман жалы", Атырау облысы ,Қызылқоға
ауданы |
Қайтыс болғаны: |
1838
Көшентоған |
Мансабы: |
батыр |
Исатай Тайманұлы (1791-1838) – 1836-38 жылдары Батыс Қазақстанда
болған халық көтерілісінің саяси көсемі,
қайсар қолбасшысы, халық батыры.Кіші жүз Байұлының Беріш руынан. Жоңғар шапқыншылығы кезінде атағы шыққан Ағатай батырдың ұрпағы.
Халық батыры И.Тайманұлы 1791 жылы қазіргі Атырау облысы, Қызылқоға
ауданы, Тайсойған құмындағы "Тайман жалы"
деген жерде дүниеге келген. Исатайдың
анасы Есентемір руының Тағашы бөлімінен.
И.Тайманұлының төртінші атасы Ағатайдың
(Тайман-Бегәлінің -Боқай-Ағатай) есімі
қалмақтарға қарсы соғыста көрсеткен
ерлігі үшін Беріш руының ұранына айналған
Исатайдың жастық шағында оған ықпал жасап,
қамқорлық еткен әкесі, Тайманның інісі
- Жабал Бегәліұлы. 1808 жылы Жабал бастаған
Бегәлі ауылы Бақсай бекінісі тұсынан Жайықтан өтіп, Бөкей ханның қарауына кіреді. Хан орысша сауатты,
саясаттан хабары бар, халық алдында беделді
Жабалды Беріш аулына старшина етіп қояды.
Жабал қайтыс болғаннан кейін, оның орнына
старшина етіп И.Тайманұлын қоюды сұрап,
хан Бөкей 1812 жылы 12 наурызда Орынбордағы
Шекара коммссиясына ұсыныс жасайды. Шекара
комиссиясы 1813 жылғы қараша айында Бөкей
ханның ұсынысын қуаттап, құжаттарды әскери
губернаторға жібереді. Генерал губернатор
Г.С.Волконский 1814 жылы 12-қарашада Исатайды
старшиналыққа бекіту туралы құжатқа
қол қояды.
Гигиена – (грек. hygіeіnos – дені сау) денсаулықты
сақтау, аурулардан алдын ала сақтану
туралы ғылым; медицинаның бір саласы. Гигиена сөзі грекше hygіeіnos, яғни ол дені сау деген
ұғымды білдіреді. Қоршаған ортаның адам
организміне (денсаулығына, оның еңбек
ету қабілеті мен өмірінің ұзақтығына)
тигізетін әсерін зерттейді; елді мекендерді
таза ұстау, мұндағы адамдардың тұрмысы
мен қызмет жағдайын жақсарту жөнінде түрлі нормативтер
мен ғылыми талаптар, санитарлық шаралар
жүйесін жасайды.[1] Біздің заманымыздан бұрынғы 1500 ж. Мысырда, Хорезмде тазалық сақтау шаралары қолданылған. Адам денсаулығын жақсартып, нығайтатын –
таза ауа мен су екенін сол кездің өзінде ежелгі грек
дәрігері Гиппократ атап көрсеткен. Гиппократтың
сол көзқарасын ортағасырлық ғұлама ғалым Әбу Әли ибн Сина жалғастырды. Оның әлемге әйгілі «Дәрігерлік
ғылымның каноны» деген энциклопедиялық
еңбегінде денсаулықты күні бұрын сақтап,
дұрыс тамақтана білудің теориялық негіздері
баяндалған. Сол кезде Үргеніш, Самарқан,
Отырар, Тараз, т.б. қалаларда мал сою, сүт сату, балық сақтау, ауыз суды тазарту істеріне жергілікті
билік органдары тарапынан бақылау жасалып
отырған. Қазақ халқы ежелден денінің
саулығын, тазалығын сақтап, дұрыс тамақтануға
қатты көңіл бөлген. Қазақ жерінде тазалық сақтау туралы мағлұматтар
да ертеден белгілі. Атап айтқанда 15 ғасырда
жазылған Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян»
атты энциклопедиялық-анықтамалық қолжазбасында
халық медицинасы, адамның он екі мүшесін
күту (мысалы, тері, көз, т.б.), тазалық сақтау
туралы мол мәліметтер келтірілген. Осындай
мәліметтер, сондай-ақ Халел Досмұхамедұлының
«Оқушылардың саулығын сақтау» (1925), «Адамның
тән тіршілігі» (1927) атты еңбектерінде
айтылған.[2]Гигиена ғылымы эксперименталдық және
клиникалық медицина, оның ішінде кәсіби
аурулар мен жұқпалы ауруларды зерттейтін
ғылыми бағыттарды, биология, химия, физика,
климатология, т.б. ғылым салаларының жаңалықтары
мен жетістіктерін пайдаланады. Гигиена
саласындағы зерттеулерді Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау агенттігі, Профилактикалық
медицина академиясы үйлестіріп отырады
Тұрмыс гигиенасының негізі
— пәтерді күтіп, таза
ұстау. Бөлмеге жиһазды толтырып
жинай беруге болмайды. Себебі ол шаңның көп жиналуына
жол беріп, үйді таза ұстауды қиындатады.
Тазалық сақтау үшін күн сайын шаңды сүртіп,
еденді дымқыл щеткамен сыпыру, аптасына
кемінде 1 рет жуып отыру керек. Терезені кірлетпей
уақтылы сүрткен абзал. Жұмсақ жиһаз бенкілемдерді шаңсорғыш пен тазалаған
жөн. Бөлменің ауасы таза болуы үшін терезе желдеткішін күніне
3 мәрте: таңертең дене шынықтырған кезде,
бөлмені жинастырғанда және ұйықтар алдында
(пешпен жылытылатын үйлердерде пеш жағылатын
уақытқа туралаған жөн) 30 минуттай ашып,
желдетіп алу қажет. Жазда терезелерді
ашып қойған дұрыс. Егер отбасыда балалар,
жасы ұлғайған немесе аурушаң адамдар
болса, оларға жел қарысып қалмас үшін
бөлмені сақтықпен желдеткен жөн. Бөлменің
ауасын тазарту үшін механикалық желдеткіштер
де пайдаланылады. Ас үйде,ваннада, дәретханада желдетуге
арналған ауа тартқыштар болады. Пәтерді
жинастырған кезде торды жиналған шаңнан
тазалаған жөн. Қабырға арқылы да аздап
ауа алмасады, сондықтан тұрғын үй қабырғасын
майлы бояумен сырлауға болмайды. Мүмкіндігінше,
бөлме температурасы жылдың жылы мезгілінде
22˚С-тан 25˚С-қа дейін, қыста 20˚С-тан 22˚С-қа
дейін (алайда 18˚С-тан төмен емес) бірқалыпты
болғаны абзал. Есіктер мен терезе
рамаларындағы саңылауларды тығындап
бөлмені жылы ұстауға болады. Температураны жоғарылату
үшін электр каминдерді т. б. жылыту аспаптарын
пайдалану керек. Пеш жаққан
кезде иіс тиіп қалуынан сақталған жөн.
Пешке от жағуды кешкі 20 сағаттан кейін
тоқтатқан дұрыс. Отын толық жанып болғаннан
кейін ғана пештің жаппасын жабады.
Бөлмені
салқындату үшін терезеге орнатылған кондиционерлерді пайдалануға
болады. Кондиционер тұрақты температураны сақтай
отырып, ауаны бір мезгілде шаң мен ылғалдан тазартады.
Үйді күтіп ұстамаған жағдайларда (іргесі сыз тартқанда,
төлені су басқанда, үйдің төбесінде, жабындысында
ақау болғандағыдан басқа): пешті жүйелі
түрде жақпағанда, бөлме үнемі желдетілмегенде,
үй ішіне кір жуып, кептіргенде бөлмеде
сыз пайда болып, ауа ылғал тартады.
Сыз адамды науқасқа шалдықтырады,
үй қабырғасы мен жиһаздарының бүлінуіне
әкеп соқтырады. Сондықтан кірді ваннада
жуып, балконда немесе
аулада (оған арнайы бөлінген жерлерде)
кептірген жөн. Адам көбірек бас қосатын
бөлмелердің таза болуына ерекше мән берген
дұрыс. Әсіресе, ас үйді таза ұстау қажет.
Бөлмелерде шыбын, тарақан, кеміргіштер
пайда болмау үшін тамақты ашық, ыдыс-аяқты
жуылмаған күйінде қалдырмай, тағам қалдықтарын
жабылатын шелекке салып, уақытында шығарып
отырған жөн. Ваннаны пайдаланған
сайын жуып, су ағатын тесікті, унитаздарды
күн сайын арнайы щеткамен тазалау керек.
Ванналарды, унитаздарды, қоқысқа
арналған шелекті жуу және дезинфекциялау үшін сауда
орындарында «Санита», «Сосенка», «Дезипон»
т. б. арнайы препараттар сатылады.
№23 орта мектеп
Тақырыбы: Гигиена туралы
мәлімет
Орындаған: Бағытова А.
Тексерген: Ешекенова
А.
Атырау қаласы 2014 жылы
«Отаным»
деген жас жүрегімнен шыққан асыл сөзді
мақтанышпен, асқақтықпен айта аламын.
Ата-бабамыздың азаттық жолындағы ерен
ерлігінің арқасында осынау арман еткен
заманға тер төге, көп күш жұмсай жеткен
елімді мақтаныш етемін. Талай жылғы ұлы
дүбір, дүрбелеңнен кейін жарқын болашақтың
таңы атып, еркіндік пен теңдік есігін
айқара ашты. Еліміздің күні оңынан туып,
жарық жұлдыздар шоғыры ұлттық намыс пен
арымызды тудай желбіретті. Әрине, бұл
күн оңайлықпен келмегені белгілі. Еліміздің
арыстары талай жылдар басын тау мен тасқа
ұрып, тар жол тайғақ кеше жүріп, еліміздің
болашағы, келер ұрпақтың бақытты ғұмыры
үшін аянбай күресіп табандылық пен асқан
қайсарлық, шыдамдылық пен беріктік танытты.
Барлық саналы ғұмырын ұлт мүддесіне арнаған
бес арыс, ұлы Отан соғысында елім деп
жанын пида еткен қайтпас қыран алаш азаматтары,
жүректері оттай жалындаған желтоқсан
қаһармандары... Айта берсе жалғаса берер
елінің асыл ұландары, асқақ рухты азаматтарының
ерен ерлігінің арқасы деп білемін.
Еліміздің көгінде тәуелсіздік туы желбірегеннен
бері өшкеніміз жанды, өлгеніміз қайта
тірілді, ата-баба дәстүрі көш түзеді,
халқымыз еңсесін тіктеп жарқын болашаққа
қол созды. Содан бері атқан оқтай зулап,
табандатқан 20 жыл өтті. Қазақстанның
жиырма жылдық ғұмырына көз салсақ, ауыз
толтыра айтарлықтай, көкірегіңді мақтаныш
сезімі кернеп еске аларлықтай жеткен
жетістіктері, асқан асулары мен бағындырған
жаңа белестері бар.
Бүгінгі Қазақстан Астанасын бас қала
етіп, дамыған мәдениет пен экономиканың,
білім мен ғылымның орталығына айналдыра,
елінің тұрақтылығы мен бірлігін сақтап,
дүние жүзіне танытуға күш салуда. Бұған
мемлекетіміздің Біріккен ұлттар ұйымына,
Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық
ұйымы сияқты халықаралық қауымдастықтарға
мүше болып дүние жүзі елдерімен тығыз
байланыс орнатуы және осы жолда атқарып
жатқан қыруар істері дәлел бола алады.
Кемеңгер Елбасымыздың «Қазақстан – 2030»
бағдарламасы өз бағытымен жүзеге асса,
келешекте Қазақстан мемлекеті дүние
жүзіндегі ірі мемлекеттер қатарына қосылады
деген сенімдемін.
«Отан - оттан да ыстық» деген дана халқымыз,
адам баласының жүрегінде ең бірінші,
ақ сүт берген туған анасына деген сезім
орын алса, екінші, Отанға деген жалынды,
ыстық сезім орын алады екен. Мен өз Отанымды,
туған жерімді, құдіретті елімді сүйемін
және мақтан етемін. Өз елімнің дамуына
теңізге тамған тамшыдай болса да үлесімді
қосамын деп ойлаймын.
Барша Қазақстандықтарды елімнің мерейлі
мерейтойымен құттықтай отырып, ашық аспан
көгінде қалықтаған қырандай еркіндік
пен даму, асқан бақыт және шексіз қуаныш,
биік белес пен шығар шың тілеймін.