Латын терминологиясының тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2014 в 17:09, реферат

Краткое описание

Латын тілі-біздің дәуірімізден бірнеше ғасыр бұрын ,қазірге Италия мемлекеті орналасқан Апеннин түбегінің орталығындағы Лациум аймағында өмір сүріп ,тіршілік еткен «латинян» деген тайпаның тілі. Аталған аймақтың орталық қаласы б.з.б. VIII ғасырда іргетасы қаланған , қазіргі кезде Италия мемлекетінің астанасы Рим қаласы болатын. Лациум аймағыныің халқы б.з.б.III-IІ ғасырларда көптеген көрші елдерге соғыс ашып,оларды (Грекия,Македония,Карфаген,Сирия, Мысыр, Галия,Британия,Азия мен Африканың біраз жерлері) күшпен бағындырып, халқының құрамы әр түрлі және әр тілде сөйлейтін Рим империясын құрды

Содержание

I.Кіріспе бөлім
1.1.Латын терминологиясының тарихы
1.2. Латын тілі туралы
1.3.Латын тілі-ғылым тілі
1.4.Тілдің жаңа тарихы
II. Негізгі бөлім
2.1.Жан Батист Ламарктің өмірбаяны
2.2.Алғашқы эволюциялық теорияның авторы
2.3.Жан Батист Ламрктің ғылымға енгізген жаңалықтары
2.4.Жан Батист Ламарктің тұжырымына берілген баға және оның
кемшіліктері
III. Қорытынды бөлім
IV.Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

симош.docx

— 38.33 Кб (Скачать документ)

 

II.Негізгі бөлім

                                                                                                     

 Ж.Б.Ламарк(1.8.1744,Базантен, Франция, Пикардия провинциясы — 18.12. 1829, Париж) — француз жаратылыстанушысы, ең алғаш эволюциялық теорияның (Ламаркизм) негізін қалаған ғалым, Париж ғылым академиясының мүшесі (1783). Зоопсихологияның негізін салып “Биология” терминін енгізген (1802). 1778 ж. 3 томдық “Франция флорасы” еңбегі жарық көрді. Бұл еңбегінде ол бірінші рет өсімдіктерді анықтаудың дихотомиялық принципін ұсынды. Ламарк алғаш рет (1794) жануарларды омыртқасыздар мен омыртқалылар деп бөліп, ғылымға “омыртқасыздар” ұғымын енгізді. “Омыртқасыздар жүйесі” (1801), “Омыртқасыз жануарлардың табиғи даму тарихы” (1815 — 1822) деген еңбектері омыртқасыздар зоологиясының дамуына үлкен ықпал етті. “Зоология философиясы” (2 томдық, 1809 ж.) еңбегінде Ламарк жануарлар әлемін 14 класқа және 6 “сатыға” бөлуді ұсынды. Ол бірінші болып буылтық (сақиналы) құрттар, моллюскілер мен буынаяқтылардың бір-біріне жақындығын көрсетті. Осы еңбегінде алғаш рет біртұтас эволюция теориясын жариялады. Ол түр тұрақтылығы ілімін жоққа шығарды, оның пікірінше жануарлар мен өсімдіктер әлемінің көп түрлілігінің барлығы дерлік алуан түрлі сыртқы факторлар әсерінің нәтижесінде түрлердің өзгеруінен пайда болады.

Өзге жұмыстары


Ламарк ботаникалық және зоологиялық еңбектерден басқа геология, гидрология және метеорология бойынша да еңбектер жариялады. 1799 — 1810 ж. “Метеорологиялық жылнамалар” журналының 11 томын шығарды. 1802 ж. шыққан “Гидрогеология” деген еңбегінде сол кезеңде үстемдік еткен апат теориясына қарсы шығып, жер бетінің сыртқы факторлардың әсерлерінен біртіндеп өзгеру теориясын ұсынды. Ламарк тірі затты өлі заттан ажыратуға мүмкіндік беретін 10 белгіні ұсынды. Соның нәтижесінде жасушалық теорияның ашылуынан 20 жыл бұрын Ламарк тірі заттың жасуша құрылысының жалпыға бірдей болатынын сипаттап берді. Сондай-ақ, адамның шығу тегі жайында да өз пікірін айтып, адамның дене құрылысы маймылға жақын деп көрсетті. Ламарктың эволюциялық ілімі Ч.Дарвинге үлкен әсерін тигізді. Ламарк палеонтология саласында да зерттеулер жүргізіп, 8 томдық “Париж аймағынан табылған қазба заттар туралы мемуарлар” (1802 — 1806) деген еңбегін жариялады. Өз заманында Ламарктың эволюциялық көзқарастары қатаң сыналып, толық мәнінде дәлелденбегендіктен кең тарала алмады.

XVII ғасырда микроскоптың  ашылуы, оның түрлі биологиялық  зерттеулерге қолданыла бастауы, көптеген ғалымдардың тірі табиғатқа  деген көзқарасын өзгертіп, ой - өрісін  дамытты. Эмбриология мен палеонтология  өз алдына ғылым болып қалыптасты. Француз ғалымы Жан Батист  Ламарк биологияда Дарвинге дейінгі  органикалық дүниенің дамуы туралы  ғылыми теорияның негізін салды. Ж. Б. Ламарктің эволюциялық теориясының  артықшылығы: нақты деректерге сүйеніп, өсімдіктер мен жануарлардың құрылысын тереңірек зерттеуінде. "Зоология философиясы" (1809 ж.) деген еңбегінде органикалық дүниенің өзгеретіндігін көптеген мысалдармен дәлелдеп берді, Ж. Б. Ламарк жануарларды жүйелеу жұмыстарымен де айналысты. Ұқсастық белгілеріне қарап, омыртқасыздар және омыртқалылар деп бөліп, 6 сатыға, 14 класқа топтастырды. 
I саты — кірпікшелі кебісшелер мен полиптер. 
II саты — сәулелілер мен құрттар. 
III саты — жәндіктер (насекомдар) мен өрмекшітектестер. 
IV саты — шаянтектестер мен ұлулар (былқылдақденелілер). 
V саты — балықтар мен бауырымен жорғалаушылар. 
VI саты — құстар мен сүтқоректілер. 
Жан Батист Ламарк (1744 — 1829) — алғашқы эволюциялық теориянын негізін қалаушы француз жаратылыстанушысы. Организмдердің бейімделушілік қасиетін сыртқы орта жағдайымен байланыстыра зерттеді. Бұл эволюциялык. теориянын дамуына қосқан зор үлесі болып есептеледі. Ғылымға "биология" терминін алғаш енгізген ғалым. "Француз флорасы", "Зоология философиясы" және т. б. ірі еңбектер жазған Омыртқасыздарды 10 класқа бөлді. 
1. Кірпікшелі кебісшелер

2. Полиптер.

3. Сәулелілер

4. Құрттар

5. Буынаяқтылар.

6. Өрмекшітектестер. 
7. Шаянтектестер

8. Қылтандылар

9. Мұртаяқтылар 
10. Ұлулар(былқылдақденелілер).

 Шаянтектестер мен  өрмекшітектестер қазіргі кезге  дейін сақталып, 
класс ретінде оқытылуда. Ұлулар (былқылдақденелілер) мен қылтанды кұрттар типке біріктірілді. Осылайша Ламарк жіктеудегі табиғи жүйенің негізін қалады. Ламарк: "Тіршілік өте қарапайым тірі денеден пайда болады. Қарапайымнан күрделіге, төменгі сатыдан жоғары сатыға қарай дамиды және бұл кұбылыс өте баяу жүреді", — деп көрсетті. Ламарктің эволюциялық идеялары көптеген деректермен дәлелденгендіктен эволюциялық теорияға айналды. Ламарк жаңа түрдің пайда болуында эволюциянын негізгі факторы — сыртқы орта жағдайы мен уақыт екендігін ұсынды. Сыртқы орта жағдайы, әсіресе жер бетіндегі гидрогеологиялық жағдайдың ауысуы мен климаттың өзгеруіне байланысты болатындығын атап көрсетті.

 Дегенмен организмдердің  өзгеру себептерін, эволюцияның  қозғаушы күшін дұрыс түсіндіре  алмады. 
Ламарк эволюциянын негізгі факторы — сыртқы орта жағдайына неғұрлым көбірек жаттыққан мүшелердің өзгеретіндігі, ал жаттықпаған мүшелердің өзгермейтіндігі деп есептеді. Өзгермеген мүшелер қалады немесе кішірейіп, жойылып кетеді деп оған бірнеше мысалдар келтірген. 
Мысалы, а) жираф мойнының ұзын болуы: оның арғы тегінің құнарсыз топырақты жерде мекендеп, ағаш жапырағымен коректену үшін мойнын биікке жиі созуына байланысты; 
ә) жыланның жорғалап қозғалуы: денесінің ұдайы созылуына қарай аяғы пайдасыз болғандықтан арғы тегінде аяқ болса да жаттықпаудың әсерінен жойылған. 
Ламарк — көп әрі белсенді қимылдаған мүшелерде қан ағысы күшейіп, ондай мүше жақсы өседі және тұқым қуалайды деп түсіндірді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

III. Қорытынды бөлім

Латын тілі «өлі» тіл  болып есептелінгенімен,ғылыми терминологияда,юриспруденцияда және медицина мен ветеринарияда кеңінен қолданылып кіреді.Латын тілі көптеген ғалымдар мен Еуропа елдері мәдениетінің кілті екеніні ұмытпауымыз мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

1. М.Қ.Байжұманов, Л.Қ.Жапсарбаева “Латын тілі”

2.Р.Ә.Медетбекова, Ж.Д.Изтаев, У.У.Үмбетов, М.М.Медетбеков “Рим тарихы”  жоғары және орта оқу орындарына арналған оқу құралы  Шымкент 2009.

3.Е.К.Балапанов, Б.Бурибаев «Латын тілі және медицина», Алматы, 2001г.

4.Интернет желісі - қазақша уикипедия

                                        www.wiki,kz

 

 

 

 


Информация о работе Латын терминологиясының тарихы