Эпителий ұлпасының регенерациясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2012 в 17:41, реферат

Краткое описание

Бір немесе бірнеше қабат иінтірескен торшалардан тұрады. Олар ерекше жарғақта орналасқан. Эпителий бір қабатты, бір қабатты көп қатарлы және көп қабатты болып бөлінеді. Эпителийде регенерациялық процесс көп жағдайда өте жоғарғы деңгейде өтеді. Әсіресе жамылғы эпителийде регенерация өте қарқынды. Көпқабатты күстенетін жалпақ эпителий қаншама зақымданса да бастапқы қалпына келе алады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Эпителий ұлпасының регенерациясы.docx

— 11.94 Кб (Скачать документ)

              Эпителий  ұлпасының  регенерациясы

        Бір  немесе  бірнеше  қабат  иінтірескен  торшалардан  тұрады.  Олар  ерекше  жарғақта  орналасқан.  Эпителий  бір  қабатты, бір  қабатты  көп  қатарлы  және  көп  қабатты  болып  бөлінеді.  Эпителийде  регенерациялық  процесс  көп  жағдайда   өте  жоғарғы   деңгейде  өтеді.  Әсіресе  жамылғы  эпителийде  регенерация  өте  қарқынды.  Көпқабатты  күстенетін  жалпақ  эпителий  қаншама  зақымданса  да  бастапқы  қалпына  келе  алады. 

      Эпителий  регенерациясы  зақымданған   строма  мен  өзіндік  жарғақ  (мембрана) қалпына  келгеннен  кейін  ғана  басталады.  Зақымданған  жердің  айналасында  сау  қалған  камбий  қабат  торшалары  тез   көбейіп  өзіндік  жарғақтың  үстіне  жайылады  да, әуелі  жалғыз  қабат  болып, бара-бара  бірнеше  қабат  болып  орналасады, өсіп  жетіледі.  Күстенетін  эпителийге  тән   қасиет  цитоплазмада  нәруыз- кератогиалин  пайда  болып, ол кейін  кератинге  айналады. Сөйтіп  эпидермиске  тән  барлық  қасиеттер  қалыптасады: өнім, түйіршікті,  жылтыр  және  күсті  қабаттар  пайда  болады. 

   Тері  эпителийінде  регенерация  барысы  бұзылса, жазылмайтын  ойылымдар  пайда  болуы, ойылымның  шет  жағында  құрылымы  әдеттегіден  өзгеше  торшалар  пайда  болуы, олар  рак  ісігінің  бастамасы  болуы  мүмкін.

     

 

 

 

 

 

        Кілегейлі  қабықтар  жамылғы  эпителийі көп  қабатты  күстенбейтін  эпителий,  аумалы  эпителий, бір  қабатты  призмалық  эпителий  және  көп  қатарлы  жыбырлақ  эпителий  жоғарыда  айтылған  жолмен  қалпына  келеді.  Кілегейлі  қабықтың  зақымданған  жерін  кіріңкілердің  және  без  өзегінің  эпителий   торшалары  басады.  Әуелі  шала  жетілген  жалпақ   эпителий  торшалары көбейіп, зақымданған жерді басатын нәзік қабатқа айналады.  Кейін торшаның  көлемі  ұлғайып, әдеттегі  қалпына келеді.


Информация о работе Эпителий ұлпасының регенерациясы