ХХІ – ғасыр көшбасшысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2014 в 13:54, доклад

Краткое описание

Математикалық анықтамалар мен теориялар бөлімі.Әрбір жауап 10 балдық жүйемен есептелінеді.
1. Алғашқы адамдар нелер арқылы және қалай санап үйренді? Жауап: Адам әуелі заттар арқылы жекелеп, топтап, түстеп санады.
2. Ерте дүние цифрлары ішінен қандай цифлар осы күнге дейін қолданылады?Жауап: Рим цифрлары
3. Адамның санау тарихында қандай санау жүйелері қолданылады? Жауап: екілік, бестік, ондық, он екілік, он алтылық, жиырмалық және алпыстық санау жүйелері қолданылады. Қазір ондық санау жүйесі қолданылады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

көшбасшы.doc

— 51.50 Кб (Скачать документ)

“ХХІ – ғасыр көшбасшысы” (интеллектуалдық сайыс)

Математиканы оқытудағы оқушылардың қызығушылығын арттыруда сыныптан тыс жұмыс үлкен рөл атқарады. Ол пән бойынша міндетті оқу жұмысын толықтырады, оқушылардың бағдарламаға сәйкес пәнді терең меңгеруіне мүмкіндік жасайды. Төменде «ХХІ ғасыр көшбасшысы» ойынының жүргізілу жоспарымен бөліскім келеді. 
Мұғалім: 
1. Қайырлы күн құрметті көрермен, 
Сөз бастайын термелетіп өлеңмен. 
Тәрбиелі, білімді боп әрқашан, 
Өс, өркенде қанат жайып кемелден. 
Мінеки, залда тыныштық, 
Естілмейді дыбыс түк. 
Мұны бізде қоштаймыз, 
Ғылымдардың ғылымы, 
Математика жайында, 
ХХІ – ғасыр көшбасшысын бастаймыз. 
Ғылымдардың патшасы атанғансың, 
Евклид, Фалес, Пифагордан бата алғансың. 
Төзбейтін өтірікке, жалғандыққа, 
Жасықтан емес сен, қаталдансың. 
«Ақыл – ойды тәртіпке келтіретін», 
Нағыз пән – математика атанғансың!– дей келе ортаға интеллектуалды думанға қатысатын оқушыларды шақырайық: 
1. Молдабек Аяжан       2. Парымбек Нұрсұлтан        3. Бидайбек Азамат 
4. Саулебаев Алишер    5. Құлжабаева Аружан        6. Есіркеп Дәулет 
Мұғалім: Бүгінгі сайысымызға математика пәнінің мұғалімдері қазылық етеді. Сайысымыз 6 бөлімнен турады. 
І – бөлім “Бәйге”;

ІІ – бөлім “Жанды сұрақ”

ІІІ – бөлім “Полиглот”

ІҮ – бөлім “Жеті керемет”

 Ү – бөлім “Жорға”

ҮІ – бөлім “Көкпар”. 
Жарысқа қатысушы 6 оқушының ұпай аз жинаған екеуі, екі бөлімнен кейін шығып отырады. Соңғы екі бөлімге екеуі қалады. 
І – бөлім. “Бәйге” 
Математикалық анықтамалар мен теориялар бөлімі.Әрбір жауап 10 балдық жүйемен есептелінеді. 
1. Алғашқы адамдар нелер арқылы және қалай санап үйренді? Жауап: Адам әуелі заттар арқылы жекелеп, топтап, түстеп санады. 
2. Ерте дүние цифрлары ішінен қандай цифлар осы күнге дейін қолданылады?Жауап: Рим цифрлары 
3. Адамның санау тарихында қандай санау жүйелері қолданылады? Жауап: екілік, бестік, ондық, он екілік, он алтылық, жиырмалық және алпыстық санау жүйелері қолданылады. Қазір ондық санау жүйесі қолданылады. 
4. Аксиома дегеніміз не? Жауап: Дәлелдеуді қажет етпейтін пікір. 
5. Пифагор теоремасын айт. Жауап: Тік бұрышты үшбұрыштың катеттерінің квадраттарының қосындысы оның гипотенузасының квадратына тең. 
6. Геометрия дегеніміз не? Жауап: Геометрия – бұл геометриялық фигуралардың қасиеттері туралы ғылым. 
7. Параллель түзулер дегеніміз не? Жауап: Өзара қиылыспайтын түзулерді праллель түзулер дейміз. 
8. Тік бұрышты үшбұрыш дегеніміз не? Жауап: Егер үшбұрыштың тікбұрышы бар болса, ол тікбұрышты үшбұрыш деп аталады. 
9. Шеңбердің хордасы деген не? Жауап: Шеңбердің екі нүктесін қосатын кесінді хорда деп аталады. 
10. Ромб дегеніміз не? 
Жауап: Ромб дегеніміз – барлық қабырғалары тең болатын параллелограмм. 
11. Вектор дегеніміз не? Жауап: Бағытталған кесінді вектор деп аталады. 
12. Косинустар теоремасы дегеніміз не? Жауап: Үшбұрыштың кез – келген қабырғасының квадраты қалған екі қабырғасы квадраттарының қосындысынан осы қабырғаларымен олардың арасындағы бұрыш косинусының екі еселенген көбейтіндісін шегергенге тең болады. 
13. Дұрыс көпбұрыш деген не? Жауап: Дөңес көпбұрыштың барлық қабырғалары және барлық бұрыштары тең болса, оны дұрыс көпбұрыш деп атайды. 
14. Үшбұрыштың ауданын есептеу формуласын айт. Жауап: S = 
15. Екі жақты бұрыш деген не? Жауап: Екі жақты бұрыш деп ортақ бір түзумен шектелетін екі жарты жазықтықтан жасалған фигураны атайды. 
16. Функция деген не? Жауап: Д жиынындағы әрбір х санына қандайда бір ереже бойынша х – ке тәуелді у саны сәйкес қойылатын сәйкестік, анықталу облысы Д болатын санды функция деп аталады. 
ІІ – бөлім. “Жанды сұрақ” 
Әрбір жауап 20 баллдық жүйемен есептелінеді. 
1. Математикалық анализдің негізін қалаған, бүкіл әлемдік тартылыс заңын ашқан математик әрі физик. 
А) И. Ньютон   Б) Архимед    В) В. Лобачевский 
2. Жуықтап есептеу теориясына үлес қосқан ғалым 
А) Н. Х. Абель      Б) Э. Галуа  В) А. Н. Крылов 
3. «Абак кітабы» атты шығарманың авторы кім? 
А) Л. Фибоначчи     Б) С. В. Ковалевская   В) К. Ф. Гаусс 
4. ᶴ символын енгізген математик 
А). Коши    Б) ЛейбницВ) Г. Дарбу 
5. «Арифметика – математиканың, ал математика – ғылымдардың патшасы» деген қанатты сөз кімдікі? 
А) М. В. Ломоносов   Б) Л. Эйлер     В) К. Гаусс 
6. «Физиканың оң қолы химия болса, ал математика оның көзі» сөзінің авторы кім? 
А) М. В. Ломоносов    Б) А. Франс   В) А. Г. Постников 
7. Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз» атанған ғалым 
А) Ұлықбек   Б) Фараби   В) Хорезми 
8. Алгебраның атасы – Орта Азияның ұлы ғалымы 
А) Ибн Сина   Б) Хорезми   В) Бируни 
ІІІ – бөлім "Полиглот" 
 Бұл бөлімде жасырылған сөзді немесе жұмбақ шешуін үш тілде қазақша, орысша, ағылшынша айту керек. Үш аудармасын дұрыс шешсе - 30 ұпай. Екі аудармасын дұрыс шешсе - 20 ұпай, біреуін тапса - 10 ұпай беріледі. 
1. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойында, 
Ұзындығы жазулы тұр бойында. 
Жауабы: сызғыш, линейка, ruler

2. Қабат, қабат қаттама, 
Ақылың болса аттама. 
Жауабы: кітап, книга, book. 
3..... жылда ел жаңа. 
Жауабы: eлу, пятьдесять, fifty. 
4.... теңгең болғанша, 
... досың болсын. 
Жауабы: жүз, сто, one hand red 
5. Нәрселерді санағанда, 
Керек ол бізге ауадай, 
Айтыңдаршы бұл қандай сан, 
Жан – жағыңа қарамай. 
Жауабы: натурал сан, натуральные числа, real 
6. Бірдей санды бірнеше рет, 
Көбейтуден тұрады. 
Егер оны ықшамдасаң, 
Қандай атау болады? 
Жауабы: дәреже, степень, power 
ІҮ – Бөлім “Жеті керемет” 
 Бұл бөлімде оқушылар төмендегі кестедегі ұпай бойынша сұрақтар таңдайды.  
1) 20 – ұпайлық сұрақтар 
1. Квадраттың қабырғасы 9 см. Периметрі неге тең?(36 см) 
2. Трапецияның табандары 10 см және 8 см орта сызығы неге тең? (9см) 
3. Қабырғасы 6 см және 8 см төртбұрыштың ауданы неге тең? (48см) 
4. Тең қабырғалы үшбұрыштың периметрі 42 см Қабырғасы неге тең? ( 14см) 
2) 30 – ұпайлық сұрақтар: 
1. «П» - әрпімен басталатын 7 математикалық сөздерді ата ( пирамида, призма, параллелепипед, планиметрия, парабола, параллель,перпендикуляр)

«С» - әрпімен басталатын 7 математикалық сөздерді ата ( синус, сүйір, стереометрия, сегмент, сектор, сәуле, синусойд) 
«К» - әрпімен басталатын 7 математикалық сөздерді ата ( көбейту, куб, конус, кесінді, көлем, квадрат, косинус) 
«Т» - әрпімен басталатын 7 математикалық сөздерді ата ( трапеция, тең, теорема, түбір, тангенс, түзу, тікбұрыш, транспортер) 
3) 40 – ұпайлық сұрақтар: 
1. «Ақыл – ойды тәртіпке келтіретін - математика» кімнің сөзі?                      (Н.В.Ломоносов) 
2. «Математика – ғылымдардың патшасы, ал арифметика - математика патшасы».Бұл сөздің авторы кім? ( К. Гаусс) 
3.«Математиканың өз тілі бар - ол формула». Кімнің сөзі? ( С. В. Ковалевская) 
4. «Білім алу - әрбір мұсылманның басты парызы» дегенді кім айтқан? (Ұлықбек) 
Ү – бөлім “Жорға” 
Әрбір дұрыс жауап 10 балдық жүйемен есептелінеді. 
1. Геометрияның жазықтықтағы фигураларды зерттейтін бөлімі (Планиметрия) 
2. Жазықтықта қиылыспайтын екі түзу ( Параллель) 
3. Санның жүзден бір бөлігі ( Процент) 
4. Ромбының барлық қабырғаларының қосындысы (Периметр) 
5. Стереометриядағы аксиома саны нешеу? (үшеу) 
6. Ең үлкен хорда ( Диаметр) 
7. Шеңбердің бөлігі ( Доға) 
8. Шеңбердің центрін оның кез – келген нүктесімен қосатын кесінді (Радиус) 
9. Тік бұрыштан кіші бұрыш ( Сүйір бұрыш) 
10. Барлық қабырғалары тең болатын параллелограмм ( Ромб) 
1. Геометрияның кеңістіктегі фигураларын зерттейтін бөлімі (Стереометрия) 
2. Кеңістікте қиылыспайтын түзулер (Айқас түзулер) 
3. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы (1800) 
4. Квадрат функцияның графигі (Парабола) 
5. «Негіздер» кімнің шығармасы? (Евклид) 
6. Бір нүктеден шыққан түзу (Сәуле) 
7. Өзара тік бұрыш жасап қиылысатын түзулер (Перпендикуляр) 
8. Шеңбердің кез – келген екі нүктесін қосатын кесінді (Хорда) 
9. Бұрышты өлшейтін құрал (Транспортир) 
10. Барлық қабырғалары тең болатын тік төртбұрыш (Квадрат) 
ҮІ – бөлім “Көкпар” 
Әрбір дұрыс жауап 50 балдық жүйемен есептелінеді. 
1. Математиканың өмірдегі пайдасы туралы 
2. Математиканың өмірдегі зияны туралы 
Қорытындылау 
Әділ – қазылар жеңімпазды анықтайды, ол оқушыға құрмет көрсетіп, сыйлық табыс етеді. 
Мұғалім: Ақынжанды болмаған, 
Математик те бола алмас. 
Жақсы шумақ тумаса, 
Көңілге әсте қана алмас. 
Олар жайлы төреші, 
Көрермендер өздерің. 
Ақ – қарасын айырып, 
Куә болды көздерің, - дей келе біз сіздермен әлі де талай кездесетінімізге сенеміз. 
 ХХІ ғасыр – білім ғасыры. Өткенімізді білетін, бүгінді түсінетін, ертеңімізге сеніммен қарайтын білімді азамат болыңыздар. Келгендеріңізге мың рахмет. Сау – саламат болыңыздар.

 


Информация о работе ХХІ – ғасыр көшбасшысы