Ауыл шаруашылығы саласы тарапынан жануарлар организміне улы заттың түсу ықтималдығы.

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2015 в 18:43, реферат

Краткое описание

Токсикология(грекше toxіkon – у және logos – ілім) – медицинаның удың қасиеттерін, организмге тигізетін әсерін, улану салдарынан туатын өзгерістерді, уланған адамды емдеу әдістерін зерттейтін саласы. Токсикологияның бірнеше саласы бар. Мысалы:
әр түрлі жануарлар мен өсімдіктердің химиялық заттарға қайтаратын жауабының ерекшеліктерін салыстырмалы токсикология;
ауыл шаруашылығы жануарлары мен кәсіптік аңдардағы осындай ерекшеліктерді ветеринарлық токсикология зерттейді.

Содержание

Токсикология дегеніміз?
Қырықбуын,Кенедән өсімдіктерінің жануарларға әсері?
Чина өсімдігінің әсері.

Прикрепленные файлы: 1 файл

токсикология.docx

— 986.16 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасы Білім және  Ғылым Министрлігі  Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік  Университеті

 

      СӨЖ

Тақырыбы:  Ауыл шаруашылығы саласы тарапынан жануарлар организміне улы заттың түсу ықтималдығы.

 

 

 

 

 

                                                                                   

                                                              

 

 

                                                         

                                                                       Тексерген: Шамеева Ұ.Ғ

                                                                     Орындаған: Белгибек Д.

 

 

 

 

 

Жоспар

 

 

  1. Токсикология  дегеніміз?
  2. Қырықбуын,Кенедән өсімдіктерінің жануарларға әсері?
  3. Чина өсімдігінің  әсері.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Токсикология(грекше toxіkon – у және logos – ілім) – медицинаның удың қасиеттерін, организмге тигізетін әсерін, улану салдарынан туатын өзгерістерді, уланған адамды емдеу әдістерін зерттейтін саласы. Токсикологияның бірнеше саласы бар. Мысалы:

  • әр түрлі жануарлар мен өсімдіктердің химиялық заттарға қайтаратын жауабының ерекшеліктерін салыстырмалы токсикология;
  • ауыл шаруашылығы жануарлары мен кәсіптік аңдардағы осындай ерекшеліктерді ветеринарлық токсикология зерттейді.

Әскери және сот токсикологиясы клиникалық токсикология мен патологиялық анатомияның мәліметтерін негізге алады. Өнеркәсіп, өндіріс, әсіресе, химия өнеркәсібінің дамуына байланысты токсикологияның кәсіптік улану немесе өндірістік улану деген жаңа салалары пайда болды. Токсикологияның ең маңызды саласы – медициналық токсикология. Ол жалпы, клиникалық және профилактикалық болып бөлінеді. Жалпы:

  • токсикологияның міндеті – химиялық заттардың токсикология әсерінің жалпы механизмін;
  • клиникалық токсикология – уланған адамдарға диагностика қойып, оларды емдеу әдісін;
  • профилактикалық токсикология – улануды болдырмау үшін алдын ала сақтандыру шараларын зерттейді. 
    Улы заттар туралы алғашқы деректер ежелгі Рим дәрігерлері Диоскорид, Үлкен Плиний, Платон, т.б. ғалымдардың еңбектерінде жазылды. Токсикология жеке ғылым саласы ретінде 20 ғасырдың ортасында қалыптасты

Қырынбуын ( ХвощEguestina) Жерге жабыса өсетін өсімдік.Сабағындағы түйіндерінен сабақша сияқты,жапырақтары өсіп шығады.Жапырақтары  буындармен бөлінген .Қырықбуынның өсетін жеріне байланысты уыттылығы әр түрлі екендігі белгілі.

Қырықбуыннан улану. Қырықбуыннан уланудың клинкалық белгілері жайлы мәліметтер барлық жануарда бірдей емес .Улану тек созылмалы түрде ғана өтеді. Жіті түрде өте сирек кездеседі.

Ірі қара малы.Клиникалық белгілері ,құрамында айтарлықтай мөлшерде қырықбуын бар азықпен  азықтанған соң,7-10 күннен кейін білінеді. Алғашқы белгілері сүттің дәмінің өзгеріп,мөлшерінің азаюымен көрінеді.Дене қызы және тыныс алуы қалыпты,тек жүрек жұмысы біршама  нашарлап, күйіс қайыруы тоқтайды,іші өтеді,нәжісі қара түстеніп,жағымсыз иістеніп кетеді.Буаз малдар іш тастауы мүмкін.

Қойлар. Улану белгілері ірі қара  малына  ұқсас .Бірақ қойлар қырықбуынның уытты әсеріне өте төзімді болатындықтан  улану белгілері анық білінбейді.

Жылқы. Бұл  мал түріне  қырықбуынның уытты әсері жақсы зерттелген. Жылқының қорыс қырықбуынынан  улану белгілері  15-30 күннен кейін білінеді. Мал қозады. Көз қарашығы кеңейіп,кілегей  қабықтар сарғайып,нәжіс  қарайып,шырыштанып кетеді.Артқы аяқтары салданып,бүгіліп,

. Кенедән сүттіген  туысына жататын ,тропикалық елдерде  биіктігі  10-13м-ге жететін,терек, тал секілді,биік өсімдік .Сонымен  қатар,Еуропаның Оңтүстік бөлігінде, Азияда биіктігі 3-5м-ге жететін,бұта  секілді  түрлері кездеседі.Ол  жер шарының әр жерінде түрік  қарасорасы ,кастрока,рицина деген  аттармен кең тараған .Тамыры  жуан ,сабақтары жалаңаш,ірі жапырақты .Кенедән дәндерінің уыттылығы  олардың  құрамындағы рицин токсоальбуминіне  және рицинин алколоидына байланысты.

Бұл өсімдіктің құрамындағы алколоид бар екендігін және оның басқа өсімдіктердегідей 15-20 емес ( қына ағашы,опий)  жалғыз ғана болатындығын А. П. Орехов  дәлелдеді. Рицинин ( С8Н8 О2 N2) пиридин туындысы болып табылады және құрамында циан тобы алколоидтарғы жатады. Рициннің уытты әсері оның қанды ұйытуына байланысты, сондықтан ол барлық омыртқалыларға әсер  етеді,әсіресе оны тері астына енгізгенде әсері қатты байқалады

Жылқыларда. улану белгілері 10-20 сағаттан кейін  ба йқала  бастайды .Ең алдымен күйзелеу  байқалады,кейіннен  мал мазасызданады,бір орнында тұра алмайды.Жылқылардың уланғандағы  ерекше  белгісі –ықылық  ату болып саналады.Бұл  белгі  ұзақ  уақытқа  созылады.Кейде  іш  өту  немесе  іш  қату  байқалуы  мүмкін .Сонымен қатар шаншу  байқалады,тәбеті төмендейді,бірақ  суды жақсы ішеді.Басқа клиникалық белгілері  ірі қарадағыдай көтеріледі(,жүректің әлсіздігі ,тыныс алудың  жиілігі  және т.б.)Өлер алдында малдарда сіресу байқалады.

Патологиялық-анатомиялық  өзгерістер .Кенедән уланып  өлген  мал өлексесін  сойып,зерттегенде  гемораргиялық  гастроэнтерит,лимфа түйіндерінің  ісінгенін,бүйрек пен бауырдың  ұлғайғанын  байқауға болады. Өкпеде ісінген ,бронхтарда көбіктенген  сұйықтық бар. 

Алдын алу шаралары. Мал  азығының  кенедәнен  ластанбауын  қадағалаған жөн.Кенедән  күнжарасын  мал азығы ретінде  пайдаланатын жағдай туса,алдан ала залалсыздандыру керек.Кенедән тұқымының өте улы екенін  естен шығармау керек.

Емі.Негізінен симптоматикалық  ем жүргізіледі.

 

Жусан(Польнь,Artemisia)

Өсімдіктер түрлері көп.Қазақстанда 81 түрі өседі.Жусанның бірқатар түрлері әлі толық зерттелмеген.Көпшілігі  дәрілік зат түрінде  пайдаланады. Қазіргі кезде  тек тавриялық жусанның   ғана улы әсер ететіндігі  белгілі.Тавриялық жусан-30-60см,тамырсабағы жақсы дамыған,жапырағы 2-3-ке бөлінген бөліктерден тұрады. Ал ұшындағы жапырағы  бүтін. Тавриялық  жусанның летальды мөлшері  жылқы үшін 500-700г,улану белгілері  200-500г жегеннен кейін байқалады.

Жылқыда .Мал жалпы қозады,мазасынданады,қорқақатық байқалады,тері сезімталдығы  жоғарлайды.1-2 сағаттан кейін жылқы алға қарай ұмтылады,алдындағы ештеңені байқамайды.Басын жерге ұрады,тісін шықырлатады.Терісі ылғалданады,қатты терлейді,дене температурасы көтерледі 40,5С  дейін.Тамыр соғуы жиілейді,кейін нашарлайды,жүрек жұмысы баяулайды,құрысып-тырысудан кейін,сілекей ағады,әр нәрсеге сезімталдығы  төмендейді.Іші қатады.Тыныс алуы тоқтап 3-5 сағаттан кейін мал өледі.

Клиникалық белгілері.Улану ірі қара және ұсақ малда,жіті және созымалы түрде өтеді.Қой жусанды қалыпты  жағдайда жемейді.Клиникалық белгісі жүйке жүйесінің қозумен сипаталады;қозғалысы бұзыладв,құрысып-бүрісу

болады.Сонымен қатар тамыр соғуы нашарлайды,зәр құрамында ақ зат болады.

Патологиялық –анатомиялық өзгерістер.Өлексені сойып ,зертегенде  улануға тән  патологиялық өзгерістер болмайды.Кілегейлі  және сірлі қабықтар( жүрек,плевра,қуық) және мида қан ұюлар кездеседі.Уланудың созылмалы  түрінде  ішек қарын  жолында қабынулар болады.

Емі .Уланудың жіті түрінде тыныштандырғыш  заттар береді.Басына суық компресс басады.Жылқы жусанмен уланғанда 15-30марганец қышқылды  калий мен бірге 60-100 гкөмір қышқыл содасын3-6л суда ерітіп,танауға зонд арқылы енгізеді.Жүрек жұмысы нашарласа ,тері астына кофеинді егеді.

Чина( Lathyrus) Бұршақ тұқымдасына жатады,бір жылдық және көп жылдық түрлері бар.Барлық түрінің ішінен егістік  чинаның азықтық маңызы зор.Жемісі –қос жарғақты бұршақ,ішінде 2-4 тіс  тәрізді дәндері бар.

Клиникалық белгілері. Ірі қара малының күміс  қайыруы тоқтайды,сүті азайып кетеді.Тәбеті төмендеп,мал әлсірейді.

Жылқыда алқыну немесе  дем жетпеу белгілері байқалады. Мал үркіп, қозады. Бірақ  тәдеті сақталып, дене қызуы бір қалыпты болып, ауырғаны байқалмайды. Мал жүргенде оның әлсіздігі және жүрісінің бұзылған білінеді. Тамыр соғуы жиілейді, дененің кейбір бұлшық еттері дірілдейді. Улану созылмалы түрде өтеді, жылқылардың 30% -ы өледі. Өкпенің домбығуынан мал тыныс ала алмай өледі.

Басқа малдар яғни қой, шошқа чинамен азықтандарғанда уланбайды. Ал құстар тіпті сезімтал емес.

Кенедән (Клещевина,Ricinus communis  ) . Кенедән сүттіген туысына жататын ,тропикалық елдерде биіктігі  10-13м-ге жететін,терек, тал секілді,биік өсімдік .Сонымен қатар,Еуропаның Оңтүстік бөлігінде, Азияда биіктігі 3-5м-ге жететін,бұта секілді  түрлері кездеседі.Ол жер шарының әр жерінде түрік қарасорасы ,кастрока,рицина деген аттармен кең тараған .Тамыры жуан ,сабақтары жалаңаш,ірі жапырақты .Кенедән дәндерінің уыттылығы олардың  құрамындағы рицин токсоальбуминіне және рицинин алколоидына байланысты.

Бұл өсімдіктің құрамындағы алколоид бар екендігін және оның басқа өсімдіктердегідей 15-20 емес ( қына ағашы,опий)  жалғыз ғана болатындығын А. П. Орехов  дәлелдеді. Рицинин ( С8Н8 О2 N2) пиридин туындысы болып табылады және құрамында циан тобы алколоидтарғы жатады. Рициннің уытты әсері оның қанды ұйытуына байланысты, сондықтан ол барлық омыртқалыларға әсер  етеді,әсіресе оны тері астына енгізгенде әсері қатты байқалады. Рицин қарында аздап қорытылады ,бірақ көп мөлшері сорылып,ішектің кілегейлі қабығының  тамырларындағы қанды ұйытып, ойық жараның пайда болуына әкеп соғады.Рицин енгізген жердегі тері астында қабыну процесі жүріп,соңы абсцеске ұласады.Рициннің организмге әсері ентігу, сіресу, орталық жүйке жүйесінің салдануы, сонымен қатар, гасстроэнтероколит,қан аралас іш өту секілді  белгілермен білінеді.

Кенедән тұқымдасына жануарлардың сезімталдығы әр түрлі.

Жануарларға кенедән тұұымдасының уытты әсер ететін мөлшері ( г)

Жануарлар түрі

Мөлшері

Жануарлар түрі

мөлшері

Бір басқа

Әр б.ң 1кг-на

Әр басқа

Әр бастың 1кг-на

Жылқы

30-50

0,1

шошқалар

60

1,4

Ірі қара

350-450

2,0

Торайлар

15-20

2,4

бұзаулар

20

0,5

Қояндар

1,5

1,0

қойлар

30

1,25

Қаздар

1,0

1,0

ешкілер

105-140

5,5

Тауықтар

18

14,0


Улану негізінен кенедән тұқымын байқаусызда жеп қойғанда немесе кенедән тұқымдары араласып кеткен күнжарамен малды азықтырғанда байқалады.

Кенедән тұқымынан улану белгілері. Кенедән  тұқымынан  улану әдетте жіті өтеді. Жануардың құлап ,аз уақыт ішінде өлімге  ұшыраған кездері де кездескен. Созылмалы түрде улану сирек кездеседі.

Ірі  қара  малда клинкалық өзгерістер кенедән  тұқымын жегеннен кейін біраз уақыттан кейін байқалады .Алғашқы және негізгі белгісі іш өту болып табылады. Нәжісіне  қан араласуы мүмкін,дене қызуы көтеріледі,жануардың жалпы күйзелгендігі байқалады. Тәбеті  төмендеп,күйіс қайтаруы тоқтайды. Құрсақ қуысының мес қарын аумагын қолмен басып көргенде ауырсынады,жүрек жұмысы нашарлайды,тыныс алуы ауыр, мал әрең қозғалады.Мал ақырында жазылады,бірақ азады.

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер.

    1. Е.М Қорабаев,Н.А. Заманбеков
    2. Ә.М. Өтенов ,Б.Д. Айтжанов
    3. Н.К Көдікова,А.А Байниязов 

Информация о работе Ауыл шаруашылығы саласы тарапынан жануарлар организміне улы заттың түсу ықтималдығы.