Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2013 в 12:49, реферат
Өніріс салаларында өнімнің сапасын жақсарту үшін сапа жөніндегі мәселені жан-жақты қарастыру керек. Ол үшін шикізат, материалдар, өндірістің техникалық құралдарына, оны дайындау және ұйымдастыруға байланысты қойылатын талаптар өзара келісілуі қажет. Көптеген өндірістік кәсіпорындар өнім сапасын басқару үшін «Өнім сапасын басқарудың кешенді жүйесін» дайындау керек. Кешенді жүйе өнімді жобалау, өндіру және пайдалану мен тұтынудың барлық кезеңдерінде өнім сапасын арттыруға ұйымдастырушылық, экономикалық, әлеуметтік, техникалық шараларды қамти отырырп біркелкі әдістемелік талап қоюды қарастырады.
Өндіріс салаларында өнім спасының деңгейін арттыру жоспарлары.
Өніріс салаларында өнімнің
сапасын жақсарту үшін сапа жөніндегі
мәселені жан-жақты қарастыру керек. Ол
үшін шикізат, материалдар, өндірістің
техникалық құралдарына, оны дайындау
және ұйымдастыруға байланысты қойылатын
талаптар өзара келісілуі қажет. Көптеген
өндірістік кәсіпорындар өнім сапасын
басқару үшін «Өнім сапасын басқарудың
кешенді жүйесін» дайындау керек. Кешенді
жүйе өнімді жобалау, өндіру және пайдалану
мен тұтынудың барлық кезеңдерінде өнім
сапасын арттыруға ұйымдастырушылық,
экономикалық, әлеуметтік, техникалық
шараларды қамти отырырп біркелкі әдістемелік
талап қоюды қарастырады.
Өнім сапасын
басқару өнімнің өміршеңдігінің барлық
сатыларында (болжау, дайындау, өнім өндіруге
өндірісті дайындау, өнімді өндіру және
т.б.) жүргізіледі.
Өнімді болжау
және дайындау кезеңіне байланысты әлемдік
деңгейге сай келетін көрсеткіштердің
екі категориясы анықталады:
-өндірілетін өнімді дайындау;
-техникалық деңгейді бағалау;
-өнім өндіру;
-перспективаға жоспарлаудың техникалық
деңгейін анықтау.
Ал, өнімді
өндіру үшін өндірісті дайындау және өнімді
өндіру сатысында өндірісті технологиялық
тұрғыдан дайындау кезінде өнім сапасының
жоғары деңгейіне жеткізу үшін бағытталған
шараларды жүзеге асыру, оларды бағалау
және бақылау құралдарын енгізу сияқты
көптеген жұмыстар жүргізіледі.
Өндірістік кәсіпорындарда
сызықтық басқарудың барлық деңгейінде
өнім сапасын басқару шаралары жүзеге
асырылады. Өнімнің сапасын басқару мен
бақылаудың жалпы басшылығын кәсіпорын
басшасы өз мойнына алады. Өнімнің сапасын
басқару мен бақылаудың жалпы басшылығын
кәсіпорын басшысы өз мойнына алады. Кәсіпорында
өнім сапасын басқару, бақылау жүйесін
дамыту және оған байланысты жұмыстарды
реттеу міндеттерін шешумен техникалық
бақылау бөлімі айналысады.
Сонымен қатар
өнім сапасын бақылау үшін бірыңғай өнім
сапасын басқару жүйесі қолданылуы тиіс.
Бұл жүйесінің негізгі
мақсатына халықты тұтынатын тауарлармен
қамтамасыз етуде өндірістің тиімділігін
арттыру мақсатында кәсіпорын өндіретін
барлық тауарлардың сапасын арттыру үшін
ғылыми-техникалық, өндірістік, әлеуметтік-экономикалық
мүмкіндіктерді жан-жақты пайдалану қажет.
Сонымен қатар аталған мақсатқа жету үшін
жаңа өнім түрлерін жасау және оны игеру,
жоғары сапалы өнімді өндіруді арттыру,
сапасы төмен ескірген өнім түрлерін өндірістен
алып тастау, өнімді тұтынушыға жеткізу
және қолдану барысында сапасын жоғалтпау
жұмыстары жүргізілуі керек.
Өнім сапасын басқару
жүйесін тиімді пайдаланудың негізгі
шарттарының біріне оны техникалық бақылауды
ұтымды ұйымдастыру кіреді.
Техникалық бақылау жүйесі
(бақылау объектісі, бақылау операциялары
және оның тізбектілігі, техникалық жабдықтау,
жұмыс істеу режимдері, әдістер, бақылау
операцияларын механикаландыру және автоматтандыру
құралдары) өндірістік үрдістің бөлінбейтін
құрамдас бөлігі болып саналады, өндірістің
технологиясымен бірге техникалық бақылау
бөлімінің қатысуымен немесе олардың
келісімімен дайындалады.
Міндетті түрде бекітілетін технологиялық
үрдістер құрамына тіркеледі.
Бақылау операцияларын орындаушыларға
жұмысшылар, бригадирлер, өндірістік бөлімдердің
шеңберлері (мастерлер) жатады.
Өнім сапасын техникалық
бақылау келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
А) өндірістік үрдіске қатысты бақылау:
-кіруші бақылау-
кәсіпорынға келіп түсетін материалдық-техникалық
жабдықтау элементтері мен сыртқы серіктестік
байланыстарды бақылау жұмыстарын жатқызылатынын
айтады;
-операциялық бақылау-
өнімді өндіру және құрастырудың барлық
сатыларын бақылауды айтады;
-шығушы бақылау-
дайын өнімді, жиынтық бірлікті, аяқталмаған
дайын бөліктерді бақылауды айтады.
Б) атқаратын міндетіне қарай бақылау:
-ағындық (ескерту)
бақылау- өндірістегі ақауды болдырмау
мақсатында болатын бақылау түрін айтады;
- қабылдауды бақылау-
іске жарайтын еңбек заттарын қабылдау
және олардың ақауларын анықтау үшінжүргізілетін
бақылауды айтады;
-инспекциялық бақылау-
өнім сапасын бақылаушылардың жұмыс сапасын
бағалаумен айналысатын қызметкерлердің
жұмысын айтады.
В) объектіні қамту дәрежесіне байланысты
бақылау:
-жалпы- дайындалатын
өнім немесе объектілердің бәрін тексеруді
айтады;
-таңдамалы- дайындалатын
өнімнің немесе объектінің бір бөлігін
тексеруді айтады.
Информация о работе Өндіріс салаларында өнім спасының деңгейін арттыру жоспарлары