Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Января 2014 в 16:00, курсовая работа
Қазіргі кездегі нарықтық экономиканың құрылу шарттары және басқаруды жетілдіру, кәсіпорынның дамуында жаңа стратегияларды жасауда бухгалтерлік есеп пен басқарушылық есептің мағынасы мен рөлі күшейе түсуде. Соның ішінде, басқарушылық есептің ауқымды аймақтарының бірі - өндірілетін өнімнің, орындалатын жұмыс немесе көрсетілетін қызметтің өзіндік құнын калькуляциялау және өндірістегі шығындар есебін ұйымдастыру, нарықтық экономикасы бар елдердегі кәсіпорындар мен фирмалар практикасында бұл аймақтардың басқарушылық есеп жүйесіндегі өндірістік есепте алатын маңызы зор.
Кіріспе 4
1. «Директ-костинг» жүйесінің теориялық негізі 7
1.1 «Директ-костинг» жүйесініңпайдаболуы, мәні, ерекшелігіжәнедамуы 7
1.2 «Директ-костинг» жүйесі туралы Қазақстандық және шетелдік авторлардың көзқарастары мен оның ерекшеліктері туралы ой-пікірлері 11
1.3 «Директ-костинг» жүйесі бойынша шығындарды классификациялау 13
2. «Директ-костинг» жүйесі бойынша өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау және шығын есебін ұйымдастыру 16
2.1 «Директ-костинг»бойынша өндірістік есепті ұйымдастыру 16
2.2«Директ-костинг» жүйесі бойынша өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау20
2.3 Елдегі сыра өндіретін кәсіпорындардың өнімінің өзіндік құнын калькуляциялау және шығын есебін жетілдіру 22
3. «Директ-костинг» жүйесінің аналитикалық мүмкіндіктерін басқару шешімінің негізіне пайдалану 27
3.1 Кәсіпорынның зиянсыздығын талдау 27
3.2 «Директ-костинг» жүйесі негізінде басқару шешімін қабылдау 32
3.3 Калькуляциялаудың «Абзорпшн-костинг» және «Директ-костинг» әдістерін салыстыру 33
Қорытынды 37
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Экономикалық элементтері бойынша шығындар қаржылық есепте топтастырылады. Бұндай топтастыру қаржылық есепте қарапайым әрекеттер бойынша соңғы нәтижені (табыс немесе зиян) анықтауға мүмкіндік береді. Элементтер бойынша дегенде өндірісті ұйымдастыруға және технологияға кеткен біртекті шығындар түрлері айтылады. Шығындар баптары бойынша басқару есебінде топталады. Өндірілген өнімнің құнын есептеу үшін өндіріс процесінде шығын қалай көрсетілгеніғана емес және олар қандай мақсатпен жұмсалғанын білу керек. Олардың бағыты және технологиялық процеске қатынасын да білу қажет. Бұндай топтау өзіндік құнды оның құрамдас бөліктері арқылы және өндірістің кейбір түрлері бойынша талдауға мүмкіндік береді. Шығындар келесі баптар бойынша топталады:
Отандық тәжірибеде элементтер бойынша шығындарды топтау барлық өндірістік кәсіпорында қолданылуы міндетті түрде болып табылады. Бұл ең алдымен өндірістің салаларына сәйкес өзіндік құнға кіретін шығынның біртектілігін қамтамасыз ету үшін қажет. Тауарлы материалдық құндылықтар есебінде” берілген методологиялық ұсынулар бойынша отынның өзіндік құнын құрайтын шығындар элементтер бойынша топталуы 3-суретте көрсетілген.
Сурет 3. Өнімнің өзіндік құнын құрайтын шығындар элементтері
Шығындар өндірістің көлемінің өзгеруіне қарай тұрақты және айнымалы шығын болып бөлінеді. Айнамалы шығын деп өндірістің көлемі немесе өндірістік күштің өзгеру деңгейіне байланысты жалпы сомасы өзгеретін шығындарды айтады. Оларға, мысалы, негізгі материалдар мен шикізаттарға шығындар, техникалық мақсаттарға отын және энергия, негізгі өндірістік жұмысқа еңбекақы және т.б. жатады. Өнімнің бірлігіне есептегенде бұл шығындар өзгермейді.
2. «Директ-костинг» жүйесі бойынша өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау және шығын есебін ұйымдастыру
2.1 «Директ-костинг»
бойынша өндірістік есепті ұйымдастыру
Өндірістік есепті ұйымдастыру, біріншіден, пайдаланатын бухгалтерлік шоттар жүйесі, екіншіден, өз шығындарын топтаудағы кәсіпорынның қолданатын шешімдерін айтуға болады. Бухгалтерлік есеп жүйесінің ерекшелігі оның 2 сала бойынша бөлінуінде: қаржылық және басқару есебі.
Қаржылық есеп пайдаланушылары жеке және заңды тұлғалар, сонымен қатар инвестор, кредитор және т.б. қаржылық ұйымдарына есептік ақпараттың дайындалу процесі. Оның мақсаты – сыртқы пайдаланушыларға қаржылық есеп беру.
Басқару есебібасқаруды жоспарлау үшін және кәсіпорынның әрекетін өндірістік-коммерциялық бағалау үшін ақпарат дайындау процесін қамтиды. Бұл процеске басқару ақпараттарын жинау, дайындау, талдау, сақтау жатады.
Әлемдік тәжірибеде өндірістік шығындар есебі және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау төмендегілерден шыға отырып, әртүрлі әдістермен анықталады.
- басқару функциясы бойынша: жабдықтау, өндіріс, өткізу, әкімшілік және т.б.;
- жауапкершіліктің 4 типі бойынша: шығын, түсім, пайда, инвестиция;
- қызметтің сегменті бойынша: өткізу каналы, елдегі аудан, сатушылар категориясы;
4-суретте “директ-костинг” жүйесі бойынша шығындар есебін ұйымдастыру бағыттары қарастырылған.
Сурет 4.“Директ-костинг” жүйесі бойынша шығындар есебін ұйымдастыру бағыттары
Шығын түрі бойынша есеп. Бұл есептің бағытында шығындарды біртекті элементі бойынша және калькуляциялау баптары бойынша топтастырылады. Бұл топтастыру өнімнің бірлігінің өзіндік құнын анықтауға өте қажет. Шығын түрлері бойынша есептің міндеті берілген уақыт аралығындағы түрлері бойынша жүйелік шығын есебі. Ол кәсіпорын шығындарын вертикальды құрылымын көрсетеді. Бұндай есепті ұйымдастыру кәсіпорынға өндірілетін өнімнің өзіндік құнының құрылымын – шығынның өзіндік құнының жекелеген элементтерінің пайыздық қатынастары есептеуге мүмкіндік береді. Өзіндік құнды құрылымдық талдау нәтежесінде кәсіпорында оны төмендету бойынша резервтерді анықтау мүмкіндігі туады. Материалдық өнімнің өзіндік құнын төмендету резерві болып материалды рационалды пайдалану есептеледі.
Егер түр бойынша шығындар есебі өндірістік шығындардың соңғы бақылауының бірінші шарты болса, өндірістік шығындардың ұйымдастырудың екінші бағыты – шығындарды орны бойынша есептеу. Шығындардың пайда болу орны – бұл өндірістік шығындар басқару және бақылау үшін өндірістік шығындар есебін нормативтеу және жоспарлауды іске асыратын кәсіпорынның құрылымдық бөлімі. Шығындардың пайда болу орны жұмыс орындары,участок , бригада,цехтар, кәсіпорын бөлімдері болып келеді. Әрбір осындай участоктардың өздерінің тіркеу номері болады. Номер арқылы кәсіпорындағы шығындар пайда болу номенклатурасы бекітілді. Пайда болу орны бойынша топтау кәсіпорынның горизонтальды құрылымын көрсетеді. Бұндай есеп кәсіпорын жетекшілігіне мыналарды қамтамасыз етеді:
-шығындалған ресурстардың мақсаты бағытталуын, кәсіпорындағы жұмыс тиімділігін, соның ішінде оның құрылымдық бөлімдерін жан-жақты бақылау;
-үстеме шығындарды өнімнің
-өнімнің қызмет өндіріс өз құнын анықтау.
Өндіріс шығындардың есебінің үшінші бағыты жауапкершілік орталықтар бойынша есеп. Бұл есепті өнімнің өз құнын бақылауды жақсарту мақсатында әрбір шығынға жауапты тұлғаны қою деп түсінуге болады. Жауапкершілік орталығы кәсіпорынның сегменті ретінде болуы мүмкін, ал қызметтердің нәтижесі үшін оның жетекшісі жауап береді. Жауапкершілік орталығы бойынша есепті ұйымдастырудың мақсаты сметадан ауытқу жауапкершілігі жауапты тұлғаға жүктелу үшін әрбір жауапкершілік орталығынан түсім мен шығыстар туралы мәліметтер жинау.
Шығыс есебінің төртінші бағыты – шығынды тасымалдаушылар бойынша есеп дегенде батыстық өндірістік есепте шығындарды олардың тасмалдаушыларына жатқызады. Шығындарды тасымалдаушы – нарыққа өткізуге дайындалған кәсіпорынның қызметі, өнімі. Технологияға байланысты шығындарды тасмалдаушылар бұйым немесе жартылай фабрикат, біртекті бұйымдар тобы, біратаулы өнімдер сериясы, құрылыс объектілері бола алады. «Директ-костинг» өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау кезінде тұрақты шығындар тасмалдаушылар арасында таратылмайды.
Өндірістік есепті ұйымдастыру шығын есебінің объектісі болып не саналатынына байланысты кәсіпорынның белгілі бір топтасуын қарастырады. Мүндайда: шығындарды түрі, пайда болған жерлері, жауапкершілік орталықтары мен шығынды көтерушілер бойынша есептеу болуы мүмкін. Түрлер бойынша шығын есебі. Бұл шығынды қорытынды бақылау үшін қажетті шарт, ол кәсіпорынға өндірістік өнімнің өзіндік құн құрылымын - өзіндік құнның кейбір элементтерінің өндіріс шығындарының жалпы құнына проценттік ара қатынасын есептеуге, өзіндік құнды төмендету бойынша қолда бар резервтерді айқындауға мүмкіндік береді.
Шығындардың пайда болатын жері – кәсіпорынның құрылымдық бөлімшесі, жұмыс орындары, участкелері, бригадалар, цехтаркәсіпорын бөлімдері мен т.б. Мұндай әрбір учаскеге кәсіпорынның шығын пайда болған орнын номенклатурасында белгіленетін өз тіркеу номері беріледі.Өндіріс шыгындарының есебі үшін, әр түрлі бағыттағы 8110 «Негізгі өндіріс» шоты қолданылады.
«Негізгі өндіріс» активті шоты өндірістегі барлық шығындарды жинақтап, қорытуға арналған. 8111«Материалдар», 8112 «Өндіріс жұмысшыларының еңбекақысы»,8113«Еңбекақыдан бөлінетін аударымдар», 8114 «Үстеме шығындар» шоттарында жинақталады да, сонан соңәрбір есепті кезеңнің соңында 8100«Негізгі өндіріс» шотына жинақтап, қорытындылады. Негізгі өндіріс шығындарын есепке алудағы типтік операциялардың шоттар корреспонденциясы 2-кестеде келтірілген.
2-кесте
Негізгі өндіріс шығындарын есепке алудағы типтік операциялардың шоттар корреспонденциясы
№ |
Шаруашылық операциялардың мазмұны |
Шоттар корреспонденциясы | |
Дт |
Кт | ||
1 |
Аяқталмаған өндірістің есептік кезең басындағы қалдығы қаржылық бухгалтериясынан басқару бухгалтериясына берілді |
8100 |
1340 |
2 |
Негізгі өндіріс жұмысшыларының еңбекақысы есептелді |
8110 |
3350 |
3 |
Көмекші өндірістің көрсеткен қызметі белгіленген тәртіпте қабылданды |
8100 |
8300 |
4 |
Жалпы және әкімшілік қажеттілігі үшін босатылған дайын өнім |
7210 |
8110 |
5 |
Сатуға арналған өнім қоймаға кірістелді |
1320 7010 |
8100 |
Шығындарды және өнімнің шығарылуын
есепке алу мен бақылау жасауды
қамтамасыз ету үшін мынадай есеп
регистрлері пайдаланылады:«
3-кесте
Көмекші өндіріс шығындарын есепке алудағы типтік операциялардың шоттар корреспонденциясы
№ |
Шаруашылық операциялардың мазмұны |
Шоттар корреспонденциясы | |
Дт |
Кт | ||
1 |
Көмекші өндірісітің жалпы және әкімшілік қажеттілігі үшін босатылған дайын өнім, көрсеткен қызметі және атқарған жұмыстары |
7210 |
8300 |
2 |
Әлеуметік салық есептелінді |
8340 |
3150 |
3 |
Көмекші өндіріске қатысты үстеме шығындар есептен шығарылды |
8300 |
8400 |
4 |
Көмекші өндірістің өнім өткізумен байланысты жұмыстар мен қызметтері есептен шығарылды |
7110 |
8300 |
5 |
Көмекші өндірістің сатуға арналған өнім қоймаға кірістелді |
1320 7010 |
8300 |
Ай соңында бухгалтерия
«Цехтар бойынша шығындар» ведомосына жазу үшін мыналар негіз болып табылады:
- «Материалдар (жалақы) шығындарын бөліп-тарату» кестесін әзірлеу, онда шикізат, материалдар, сатып алынған шалафабрикаттар және өндірістің басқа да материалдық босалқылары көрсетіледі; еңбекақыдан аударылатын аударымдар;
- «Негізгі құрал-жабдықтар амортизациясының (тозуының) есебі» кестесін әзірлеу, онда өндіріс шығындарына енгізілуге тиісті негізгі құрал-жабдықтар амортизациясының сомасы көрсетіледі;
- «Материалдық емес активтер амортизациясының есебі» кестесін әзірлеу, онда өндіріс шығындарына енгізілуге тиісті амортизацияның сомасы көрсетіледі;
- «Көмекші (қызмет көрсетуші) өндірістер мен шаруашылықтардың көрсеткен қызметтерін бөлу» кестесін әзірлеу, онда өндірістер мен шаруашылықтардың өнім өндіруге, жұмыстарға және көрсетілген қызметтерге жұмсалған шығындары көрсетіледі.
Өндіріс шығындарының талдамалық (аналитикалық) есебі калькуляция объектілерінің және цехтар мен өндірістер негізінде шығын баптарының белгіленген номенклатурасы бойынша калькуляциялық карточкаларда немесе ведомостарда жүргізіледі.