Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Июня 2013 в 14:42, курсовая работа
Бүгінгі таңдағы, шаруашылық субъектілердің өз еркімен өндірістік бағдарламаларын, өндірістік және әлеуметтік даму жоспарларын дайындай кезінде, баға саясаты аясында стратегияны анықтау жағдайында, ондағы қабылданған басқарушылық шешімдеріне басшылардың жауапкершілігі ерекше артып отыр. Бұл жағдайда, яғни шаруашылық субъектілердің әртүрлі меншік нысандарына жекеленуі, мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру процесінің дамуы, өндірілетінөнімнің ассортиментін өз бетінше жоспарлау мен еркін баға белгілеу механизмін енгізуі, нарықтық экономиканың басқа жақтарын дамытуда басқарушы есепке біртіндеп қажеттілігі артып келеді.
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
Басқару есебінің мағынасы, оның мәні, мақсаттары және міндеттері.
Басқару және қаржылық есеп жүйелерінің салыстырмалы сипаттамасы.
Басқару есебінің негізгі элементтері
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Бұл кезде қаржы жән салық есебінің стандарттық нысандары басқарушы есеп жүйесінің бір бөлігі бола бастайды. Осыдан, басқарушы есептің мәнділігін белгілеу, кәсіпорынның ақпараттық-бақылау жүйесін тұтас сипаттайтын, яғни: үздіксіздік мақсатқа бағытталғандығы; ақпаратпен қамтудың толықтығы; объективті түрде қоғамның экономикалық заңдарын қолданудың пратикалық жүзінде көрсету; ішкі және сыртқы жағдайларда өзгеретін басқару объектілеріне әсер ететін қағидаларының жиынтығын қарастыруға ықпал етеді, деп жазды Карпова Т.П.
Сондықтан, авторлардың көпшілігінің жорамалы бойынша, ең қарапайым түрде баяндап жазғанда басқарушы есеп жүйесінің мәні әр түрлі деңгейдегі кәсіпорынның басқарушыларының басқарушылық шешімдерді қабылдауы үшін, қажет көлемде сезімталдық тұрғысынан жинақталған ақпараттардан тұрады делінген. Егер бұл тап осындай маөмұнда болса, онда ол бірде-бір зерттеушілердің пікір таласын туғызбайды.
Бірақта, теориялық талдамалардың
кемшілігіне мынаны жатқызамыз: авторлардың
ешқайсысы нарыққа қажет
«Басқарушы есеп» ұғымын біркелкі анықтау осы есептің практикалық мәселелері, яғни есептік жүйені құру, оны құрайтын құрылымды, шаруашылық өміріндегі оның ролі, баға белгілеу мен өзара әрекеттестігі және т.б. туралы пікір сайысына әкеледі. Сәйкесінше, осы ұғыммен байланысты толық түсініспеушілікутер іс жүзінде (практикада) қатты байқалдып отыр. «Басқарушы есеп» дегеніміз не деген сұраққа біреулер – бұл менеджерлер үшін компьютерлік есеп, үшіншілері – тіптен абдырап қалып, ештеңе айта алмайды.
Өзінің мазмұнды әрі күрделі еңбегінде Друри К. екі терминнің екеуінде өте жиі синоним ретінде пайдаланады. Мәселен, проф. Друри К. оны келесідей оймен тұжырымдайды: «өндірістік есеп деп өнім запастарының құнын бағалау үшін өндірістік шығындар туралы мәліметтер жиынтығын түсіндірді», ал «басқарушы есеп» термині шешім қабылдау, жоспарлау, бақылау және реттеу сияқты басқарушылық сипаттағы іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін қажет ақпараттарды дайындауды білдіреді.
Басқарушы есеп – бұл басқару шешімдерін қабылдау үшін ақиқат (релевнттық) ақпараттарды беру. Немесе басқа сөзбен айтқанда: «Басқарушы есептік жүйе, ол басшылықтың алға қойған мақсаттарына қол жеткізу үшін қажет мәліметтерді ұсыну және жинақтау жүйесі болып табылады». Сондай-ақ, басқа да, ғылыми сипатта емес бірқатар сөзбе-сөз үзінділерді келтірейік: «Басқарушы есеп – ұйымдардың қызметтерін өзіндік басқару, бақылау және жоспарлау үшін қолданылатын, тек бір тұтас ұйымның аясында, оның басқарушылық аппаратын, ақпаратпен қамтамасыз ететін бухгалетрлік есептің ішкі жүйесі».
Басқарушы есеп – шаруашылық қызметтерінің нәтижелері бойынша басқарылатын әрбір объектілердің есептік жүйесі, жоспарлауы, бақылауы мен шығындары туралы мәліметтерді талдауы болып көрінуі, осының негізінде ұзақ және қысқа мерзімді перспективада кәсіпорынның қаржылық қызметінің нәтижесін оптималдандыру мақсатында әр түрлі басқарушылық шешімдері жедел қабылдау.
Барлық жоғарыда келтірілген «басқарушы есептің» анықтамалары таза «есеп» тұрғысынан қарауды негіз етіп санайды, «басқару» термині емес, сондықтан мұнда анық және маңызды ажыратуды жүргізу қажет. Осындай ажыратулар өндірістік пен басқарушы есепке де керек. Ажырату барысында жіберілген қателіктерді Рэй Вандер Вил, В.Ф. Палий бірден байқады да, және оны олар былай деп пайымдады: «блұ айырмашылықты сезудегі қабілетсіздіктің арқасында басқарушы есеп жүйесін пайдалану талпыныстары кезінде менеджерлердің жіберген көптеген сәтсіздіктерінің терең себеп-салдары болып табылады».
Әдетте, «басқарушы есеп» терминнің шешуші сөзі етіп «есеп» саналғанда, келесі жағдайлардың жүйелілігі байқалады. Бірінші кезекте, бұл жүйесі пайдалану кезінде өте үлкен көңіл цифрларға бөлінеді. Екіншіден, мақсаттың қойылу процесі сандық өлшем арқылы соқыр тиісті міндеттердің тізбесін жасауды талап етеді. Мндай міндеттер, кәсіпорынның алдына қойылған мәселелерді шешу үшін, қажет болатын алдын ала шараларды орындамай, әдетте түк те емес нәрселерден ойластырады. Нәтижесінде менеджерлер үнемі қолынан шығып кететін баластанбаған және үйлестірілмеген мақсатты міндеттердің тізбесі пайда болады.
Отандық және шетелдік зерттеулердің талдауы бізге мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік береді: бір қарағанда түсінікті болып көрінетін нарықтық қажеттілікке сай басқарушы есебі сияқты ұғымға, яғни: бағалау критерияларының жинағының көмегімен өндірісті басқарудың экономикалық механизмі ретінде, сондай-ақ ғылыми талқыға жаңа «басқарушы есеп» ұғымын енгізуге және ағымдағы төлем қабілеттілігін анықтауға, қаржылық тұрақтылыққа қабілеттілік пен нәтижені ескеретін, оны бағалаудағы мүлдем жаа кешенді бағыт сияқты ұғымдардың толық мәнін ашуға қажеттілік пайда болды. Бірақта, осы күнге дейін нарықтық жағдайда, жарық көрген әдебиеттерде «басқарушы есептің» тұжырымдалған ұғымы жоқ. Біздің пікірімізше: басқарушы есеп – бұл экономикалық интегралданған есептеулердің және жиынтық ақпараттық мәліметтерінің негізінде (базасында) кәсіпорындардың қызметтерін белгілі бір бағытқа үшін қабылданатын басқарушылық шешімдердің жүйесін жасау.
Бұл анықтама, біздіңше, жүйе ретінде, сондай-ақ ерекше ішкі жүйе ретінде кәсіпорындарды басқарудағы иерархияның барлық деңгейіне қолайлы.
Басқарушы есептің мәнін сипаттай келе, оның маңызды ерекшелігін, яғни оның басқару процесін есептік процеспен байланыстыратындығын ерекше атап өту керек. Басқарудың барлық циклдық процесінде көрініс табатын басқарушы есебінің объектілерінің жиынтығын оның пәні деп атайды. Басқарушы есеп пәні болып ұйымдардың жалпы және оның жекелеген құрылымдық бөлімшелеріндегі өндірістік қызметі болып табылады.
Бұл арада кәсіпорынның өзі басқарушы есептің пәні ретінде, сондай-ақ оның (басқарушы есептің) сыртқы ортасымен өгеше қатынастырамен байланысты болатын өте күрделі ашық әлеуметтік-техникалық жүйесі ретінде көрінеді. Табыс табу мен басқа мақсаттарға қол жеткізу үшін, кәсіпорындарға сырттан келіп түсетін сұранысты қанағаттандыру үшін, игіліктерді (тауарлар мен қызмет көрсетулер) өндіреді. Одан басқа, біз «ішкі жүйе» деп атайтын кәсіпорындардың потенциалдық элементтері (персонал мен өндіріс құралдары) объектілермен өзара әрекеттеседі.
Бұл әрекетке материалдық және материалдық емес, нақты және номиналды игіліктерді (ақшаларды) жинақтау, беру, қайта өңдеу, алумен байланысты процестер жатқызылады. Көбінесе нақты игіліктер – осылар әрекет ететін объектілер – кіретін және шығатын элементті кіргізетін болса, онда олардың арасында ақпараттық, тауарлы (материалдық), сондай-ақ ақшалай ағындар пайда болады. Бұл ағындар кәсіпорын арқылы өтеді де және сыртқы ортамен байланыстырады. Ақпараттық ағындар ішінара тауарлы және ақшалай ағындарының қатысуынсыз жүреді. Тауарлар ағынын және басқа нақты ағындары, сондай-ақ ақшалай ағындары ақпараттық ағындаркмегімен басқаруға болады.
Басқару есебі жүйесінің мәні әр түрлі деңгейдегі кәсіпорынның басқарушыларының басқару шешімдерді қабылдауы үшін, қажет көлемде сезімталдық тұрғысынан жинақталған ақпараттардан тұрады.
Осыдан басқару есебінің негізгі мақсаты төмендегiлерден тұрады:
Басқару есебінің атқаратын қызметтері қатарына мыналарды жатқызуға болады:
Кәсіпорынның жалпы басқару жүйесіне жататын жоспарлау, бақылау, ынталандыру сияқты функцияларын орындауға қатысты мәліметтерді бухгалтер-талдаушы (бухгалтер-менеджер) дайындайды.
Басқару есебiнiң пәнi болып кәсiпорындардың жалпы және оның жекелеген құрылымдық бөлiмшелерiндегi өндiрiстiк қызметi болып табылады.
Басқару есебiнде әр түрлi әдiстер мен тәсiлдер қолданады:
Басқару есебiнде басты назар жауапкершiлiк орталықтарына – басшылар басқаратын құрылымдық бөлiмшеге, яғни олардың жұмысының нәтижелерiне жауап беретiндерге аударылады. Бұл кезде бөлiмшенiң басшысының жауапкершiлiк саласына ол нақты әсер ететiн шығындар мен түсiмдердiң көрсеткiштерi кiредi. Жауапкершiлiк орталықтары мынадай ажыратылады:
Басқару есебін, қаржылық есеппен де, өндірістік есеппен де теңдестіруге болмайды.
Басқару есебі интегралданған есеп ретінде ол өндіріс шығындарын есептейді, талдайды, жіктейді, бақылайды және жоспарлайды. Сондықтан оның мақсаты өндіріс шығындарын азайту, табысты ұлғайту және тиімді өнім құрылымын қалыптастыру болып табылады.
Ең бастысы, басқару есебінің негізі болып калькуляциялау мен шығындар жөніндегі ақпараттарды жинақтап, ұйымдастыру болып табылады.
Басқару есебінің қалыптасуы, деп жазады Карпова Т.П. ол калькуциялық есептің базасында (негізінде) қалыптасқан.
Өзінің мазмұнды әрі күрделі еңбегінде Друри К. екі терминнің екеуінде өте жиі синоним ретінде пайдаланады. Мәселен, Друри К. оны келесідей оймен тұжырымдайды: “өндірістік есеп деп өнім запастарының құнын бағалау үшін өндірістік шығындар туралы мәліметтер жиынтығын түсіндірді”, ал “басқару есебі” термині шешім қабылдау, жоспарлау, бақылау және реттеу сияқты басқарушылық сипаттағы іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін қажет ақпараттарды дайындауды білдіреді.
Тікелей қаржылық сипатқа ие шаруашылық операциялар (бағалы қағаздармен операциялар, мүлікті сату немесе сатып алу, жалға және лизингтік операциялар, еншілес және тәуелді қоғамдарға инвестициялар және т.б.) басқарушы есептің пәні аясынан шығып кетеді.
Қазіргі кезде басқарушы есеп пәнінің анық анықтамасы жоқ. Бұл мәселені шешу мүлдем қазііргі есеп жүйесін бөлшектеу және оның батыстық үйлестікке ауыстыруды білдірмейді. Ол теориялық та, практикалық та тұрғыда мүмкін емес. Мәселе есеп объектісінің аясын табиғи ұлғайтумен байланысты күрделі өзгерістер төңірегінде өрбиді, қолданыстарғаикемділік беру және жаңа есеп әдістемесін енгізу, шаруашылық процестерін басқаруда бухгалетрдің алатынорнын өзгерту.
Басқарушы есеп іс жүзінде басқару процесін есеп процесімен байланыстырады, өйткені олармен бірдей объектілері бар:
Кестеде келтірілген
объектілер ауқымды сипатқа ие және
оны бірінші топқа жатқызады.
Мұнда тікелей басқарушы
Ал басқарушы есептің объектілерінің екінші тобына келесі қызметтердің түрлері жатады:
Басқарушы есептің басқа да объектілерінің топтамасы таңдап алынуы мүмкін, бірақ кез келген жағдайда ол басқарудың негізгі мақсатарына жауап беру керек. Басқарушы есеп жүйесінде оның объектілері белгілі бір ерекше көрініске ие болады. Ең алдымен, өндіріс ресурстарының жағадйы, қозғалысы бойынша және олардың шаруашылық қызметінің процесінде мақсатқа сай пайдалануы көрініс табады.
Информация о работе Басқару есебінің әдістері мен тәсілдер және ұйымдастырылуы,