Заңды тұлғаның ұғымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2014 в 21:40, реферат

Краткое описание

Құқықтар мен міндеттердің иесі бола білу, азаматтық айналымда құқықтың дербес субъектісі ретінде қатысу, біз жоғарыда айтқанымыздай, жеке тұлғаға ғана емес, заңды түлғаларға да тән. Азаматтық кодекстің 33-бабында оған мынадай тұжырым берілген: "Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндетгерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым занды тұлға деп танылады.

Содержание

Заңды тұлғаның ұғымы
Заңды тұлға туралы ілім
Заңды тұлғаның түрлері
Заңды тұлғаның жауапкершілігі
Заңды тұлғаны қайта құру
Заңды тұлғаның тарату тәртібі

Прикрепленные файлы: 1 файл

занды тулга.docx

— 25.76 Кб (Скачать документ)

           Заңды тұлға- жинақтаушы зейнетақы қорын, сақтандыру ( қайта сақтандыру) ұйымын қайта құру зейнетақымен қамсыздандыру  және сақтандыру  қызметі туралы  заңдарда  көзделген ерекшеліктер  ескеріле отырып жүзеге асырылады.   

         Акционерлік  қоғамдарды қайта ұйымдастыру Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заң актісінде белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады.  

          Қайта құру ерікті түрде немесе ықтиярсыз жүргізілуі мүмкін. 

            Заң құжаттарында  көзделген  реттерде  ықтиярсыз  қайта құру  сот органдарының  шешімі  бойынша  жүзеге  асырылуы мүмкін.   

          Егер заңды тұлғаның мүлкін  меншіктенуші, ал уәкілдік  берген орган, құрылтайшылар немесе  заңды тұлғаның  құрылтай  құжаттарында қайта құруға уәкілдік  берілген  органы  заңды тұлғаны  қайта құруды сот органының  шешімінде белгіленген  мерзімде  жүзеге асырмаса,  сот заңды тұлғаның  басқарушысын  тағайындайды  және оған  осы  заңды тұлғаны  қайта құруды жүзеге  асыруды  тапсырады.  Басқарушы  тағайындалған кезден бастап  заңды тұлғаның ісін басқару  жөніндегі  өкілеттік  соған ауысады.  Басқарушы  сотта  заңды  тұлғаның атынан әрекет  етеді, бөлу балансын  жасайды және  оны заңды тұлғаны  қайта құру нәтижесінде туындайтын құрылтай  құжаттарымен  бірге  соттың бекітуіне  береді. Аталған құжаттарды соттың бекітуіне  жаңадан пайда  болған  заңды тұлғаларды мемлекеттік  тіркеу  үшін негіз  болады.    

         Заңды тұлға, біріктіру нысанында  қайта құрылатын  реттерді  қоспағанда, жаңадан  пайда болған  заңды тұлғалар  тіркелген  кезден  бастап  қайта құрылған  деп есептеледі.  

           Заңды тұлғаны оған екінші  бір заңды тұлғаны  біріктіру  жолымен қайта құрған кезде, заңды тұлғалардың  мемлекеттік  регистріне біріктірілген  заңды  тұлға қызметінің  тоқтатылғандағы  туралы  жазба жасалған  кезден бастап  олардың  біріншісі қайта құрылған  деп есептеледі.

Заңды тұлғаларды  қайта құрған кездегі  құқықты  мирасқорлығы:

Заңды тұлғаларды  қосқан  кезде  олардың әрқайсысының  құқықтары мен міндеттері өткізу құжатына сәйкес жаңадан пайда болған заңды тұлғаға ауысады.  Заңды тұлғаны екінші бір заңды тұлғаға біріктірген кезде біріктірілген заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттері өткізу құжатына сәйкес соңғысына ауысады. 

           Заңды тұлғаны бөлген кезде оның құықтары мен міндетері бөлу балансына сәйкес жаңадан пайда болған заңды тұлғаға ауысады.            

 Заңды тұлғаның құрамынан  бір немесе бірнеше заңды тұлғаларды  бөліп шығарғанда, бөлу балансына  сәйкес олардың әрқайсысына  қайта құрылған заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттері ауысады.

6.Заңды тұлғаны тарату тәртібі 

Заңды тұлғаның  мүлкін  меншіктенуші немесе  заңды тұлғаны  тарату  туралы шешім қабылдаған  орган бұл туралы заңды тұлғаларды  тіркеуді  жүзеге  асыратын әділет  органына  дереу жазбаша түрде  хабарлауға міндетті.   

          Заңды тұлғаның  мүлкін  меншіктенуші  немесе заңды тұлғаны  тарату туралы  шешім  қабылдаған орган  тарату комиссиясын құрады және осы Кодекске сәйкес тарату тәртібі мен мерзімін белгілейді.   

         Тарату комиссиясы құрылған кеден бастап заңды тұлғаның мүлкін  және  істерін  басқару  жөнінде  өкілеттік  соған ауысады. Тарату комиссиясы  сотта таратылатын  заңды тұлға  атынан  әрекет  етеді.  

          Тарату комиссиясы  заңды тұлғаны  тарату туралы, сондай- ақ  оның несие берушілерінің  талаптарын  мәлімдеу  тәртібі  мен мерзімі туралы  ақпаратты  орталық әділет  органының  ресми  баспасөз басылымдарында  жариялайды. Талаптарды  мәлімдеу  мерзімі  тарату туралы  жарияланған  кезден бастап  екі айдан  кем бола алмайды.  

           Тарату комиссиясы несие  берушілерді анықтау және қарыздарын алу үшін шаралар қолданады, сондай- ақ несие берушілерге  заңды тұлғаның  таратылғандығы туралы  жазбаша хабарлайды. 

           Несие берушілер  талаптарын қоюға арналған  мерзім  аяқталғаннан кейін  тарату комиссиясы  аралық тарату  балансын  жасайды, онда  таратылатын  заңды тұлға  мүлкінің  құрамы, несие берушілер қойған  талаптар тізбесі, сондай- ақ  оларды  қарау нәтижелері туралы мәліметтер  болады.  

           Аралық тарату  балансын  заңды тұлғаның  мүлкін  меншіктенуші  немесе заңды тұлғаны  тарату жөнінде шешім  қабылдаған  орган бекітеді. 

           Аралық тарату балансын жасаған кезде  таратылатын заңды тұлға мүлкінің  құрамына  ипотекалық  облигациялар  бойынша  мынадай  қамтамасыз  ету болып табылатын   кепіл мүлкі: 

- ипотекалық тұрғын үй  қарызы шарттары бойынша  талап ету  құқығы  

( ипотекалық  куәліктерді  қоса алғанда ),  сондай- ақ  аталған облигацияларды  ұстаушыларға  оларға  меншік  құқығы  туындаған  немесе  мәмілелер  бойынша  не Қазақстан Республикасынның  заң актілерінде  көзделген  өзге де негіздер бойынша  оларға ауысқан  жағдайларда Қазақстан Республикасының  мемлекеттік  бағалы қағаздары енгізілмейді.

Тарату комиссиясы  аталған мүлікті  Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногі туралы заңдарына сәйкес  кредиторлармен- ипотекалық облигацияларды  ұстаушылармен есеп  айырысу  үшін  ипотекалық облигацияларды  ұстаушылардың  өкіліне береді.

Егер таратылатын  заңды тұлғаның  ( мемлекеттік  мекемелерден басқа )  ақшасы несие  берушілердің  талабын  қанағаттандыру  үшін  жеткіліксіз болса,  тарату комиссиясы  заңды тұлғаның  мүлкін  сот шешімдерін  орындау үшін  белгіленген тәртіп бойынша  жария сатуды жүзеге асырады.

Несие берушілермен есеп  айырысу  біткеннен кейін  тарату комиссиясы  тарату балансын  жасайды, оны заңды тұлғаның  мүлкін  меншіктенуші немесе заңды тұлғаны  тарату туралы   шешім  қабылдаған орган бекітеді.

Несие  берушілермен  талаптары  қанағаттандарылмағаннан  кейін  қалған мүлік  құрылтай  құжаттарында көрсетілген  мақсаттарға жұмсалады.

Несие берушілердің  талаптарын  қанағаттандару  үшін таратылатын  қазыналық кәсіпорынның – мүлкі, ал таратылатын мекеменің ақшасы  жеткіліксіз болған жағдайда, несие берушілер  талаптарының  қалған бөлігін  осы  кәсіпорынның  немесе мекеменің  мүлкін  меншіктенуші  есебінен  қанағаттандыру  туралы  талап қойып  сотқа  жүгінуге  құқылы.

Заңды тұлғалардың   мемлекеттік  регисріне тиісті жазба  жасалғаннан   кейін  заңды тұлғаның таратылуы аяқталады,  ал  заңды тұлғаның  өмір сүруі тоқтатылды деп есептеледі. 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиет:

 

1.Мемлекет және құқық негіздері: Оқулық / Құраст. Е.Баянов- Алматы.Жеті    жарғы, 2001- 624 б.

2 Қазақстан Республикасының  Азаматтық кодексі (жалпы және  ерекше бөлімдері)- Алматы: Юрист, 2005- 309б.

3 Қазақстан Республикасының  Конституциясы- Алматы: Юрист, 2003-39б

4 Қазақстан Республикасының  Азаматтық құқығы: Оқулық /Құраст.Ғ.Толеуғалиев. Алматы: -2001, 376.

5 Қазақстан Республикасының  Азаматтық құқығы. Жалпы

бөлім:Оқулық/Ғ.А.Жайлин. – Алматы: Заң әдебиеті. -2003. -264 б.


 

 


Информация о работе Заңды тұлғаның ұғымы