Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Апреля 2013 в 08:03, реферат
Халықаралық жеке құқық – құқықтық нормалар ішіндегі өте күрделі кешен, яғни ол азаматтық құқықтық қарым-қатынастарды реттеп отыратын халықаралық сипаттағы ұғым. Халықаралық сипаттамағы қарым-қатынасушылар қатарына шетелдіктер, шетелдің заңды тұлғалары, шетел мемлекеттері т.б. кіреді. Олар бір немесе бірнеше мемлекет аумағымен байланыста. Қазіргі уақытта азаматтық – құқықтық байланысқа мүліктік емес, сонымен қатар мүліктік емес қатынастар отбасылық, еңбектік, процессуалды құқықтық нормалардың реттелуі кіреді. Халықаралық жеке құқықтың нормалары халықаралық экономикалық және ғылыми-техникалық бірлестіктердің байланысын реттеп отырады.
Халықаралық жеке құқықтық жүйесі мағынасы, қайнар көзі.
Халықаралық жеке құқықтың реттелуі әдістері және бірқалыпқа келуі.
Шетел азаматтарының азаматтық құқықтық ерекшелері.
Халықаралық жеке құқықтағы неке және отбасылық құқықтық қарым-қатынастар.
ЖОСПАР:
Халықаралық жеке құқық – құқықтық нормалар ішіндегі өте күрделі кешен, яғни ол азаматтық құқықтық қарым-қатынастарды реттеп отыратын халықаралық сипаттағы ұғым. Халықаралық сипаттамағы қарым-қатынасушылар қатарына шетелдіктер, шетелдің заңды тұлғалары, шетел мемлекеттері т.б. кіреді. Олар бір немесе бірнеше мемлекет аумағымен байланыста. Қазіргі уақытта азаматтық – құқықтық байланысқа мүліктік емес, сонымен қатар мүліктік емес қатынастар отбасылық, еңбектік, процессуалды құқықтық нормалардың реттелуі кіреді. Халықаралық жеке құқықтың нормалары халықаралық экономикалық және ғылыми-техникалық бірлестіктердің байланысын реттеп отырады.
Қазіргі уақытта
халықаралық жеке құқықтың дамуына
мынадай негізгі факторлар
1. Шаруашылық өмірдің
халықаралық ұйымдасуы (
2. Халықты соғыстың
салдарынан шұғыл мекен
3. Ғылыми – техникалық прогресс.
Халықаралық жеке құқықтың
негізгі тапсырмасы болып әр түрлі
елдердің мекемелерімен шағын
Халықаралық жеке құқықтың реттеліп отыруы азаматтық-құқықтық сипатта, яғни ол халықаралық өмірде пайда болады. Бұл құқық саласы отбасылық, еңбек және процессуалды байланысты басқорып отырады.
Халықаралық жеке құқық
– ғылыми тұрғыдан үш бөлімнен тұрады.
Жалпы бөлімінде жалпы
Халықаралық жеке құқық
ерекше сипаттағы байланыстарды
реттеп отырады. Оның құрамына құқықтық
қабілеттілік, заңды және шетел тұлғаларының
әрекеттері, шетел азаматтарының
мүлікке деген құқықтық қабілеті,
(яғни ол Қазақстан Республикасы аумағында)
және Қазақстан Республикасының
азаматтарының мүліктік құқықтары
жатады. Сонымен азаматтарының
Барлық осы қатынастарды үш топқа бөлуге болады:
Халақаралық жеке құқықтың негізін коллизионды нормалар құрайды. Бұл нормалар қолданыстағы заңдылықтарды көрсетеді. Бұл құқық саласына бұдан басқа материалды құқықтық нормалар кіреді.
Халықаралық жеке құқық әр мемлекетте әр түрлі шешімін тапқан.
– Ағылшын авторларының жұмысында олар құқықты таңдау сұрағы болып есептелген.
– Франция елінде халықаралық жеке құқық ең алдымен азаматтық норма ретінде саналған.
– Германияда заңгерлек халықаралық жеке құқық коллизионды құқықпен бірлестірген.
– Қытай доктриналарының тұжырымы халықаралық жеке құқықты азаматтық құқықтық байланысты реттейтін барлық жағдайларды жатқызған.
– Польшалық авторлар халықаралық жеке құқықты халықаралық азаматтық процестегі сұрақтардың қосылуымен түсіндірген.
Халықаралық жеке құқықтың жариялануы әр мемлекеттің азаматтарының арасындағы құқықтық қатынастарды тудырған. Біріншіден “халықаралық» ұғымы бұл мемлекетаралық, екіншеден шетел элементерінің байланысының реттелуі болып табылады. Ертеректе халықаралық жеке құқық ұғымы совет авторларының көзқарасы бойынша бөлінген. Біреулері халықаралық жеке құқықты халықаралық құқықты кеңейтілген мағынада көрсетеді деп тұжырымдаған. (С.Б. Крышев, М.А. Плоткин, С.А. Голунский, М.С. Строгович, Л.Н. Галенская). Басқа авторлардың тұжырымы бойынша халықаралық жеке құқық – ұғымының құрамына азаматтық құқық кіреді деп есептеген.
Халықаралық жеке құқық пен халықаралық құқықтың бірнеше айырмашылығы бар:
1. Байланыстарды реттеудегі мазмұнның әртүрлігі. Халықаралық құқықта бірінші орында мемлекеттердің саяси қарым-қатынасын алса, ал халықаралық жеке құқықта азаматтық жеке құқықтық байланыстар ерекше орын алып, халықаралық сипатқа ие болған. Бұларға мүліктік қатынастар болмаса мүліктік емес қатынастарды жатқызуға болады.
2. Қарым-қатынас субъектілері. Халықаралық құқықта баста субъекті болып мемлекет жатады. Ал халықаралық жеке құқықта бірінші кезекте заңды немесе жеке тұлғалар, сонымен қоса субъекті ретінде мемлекет те қатыса алады.
3. Қайнар көздері. Халықаралық құқықтың негізгі реттеуші көзі болып халықаралық келісім шарт жатады.
4. Құқықтың бұзылуына байланысты санкциялар қолдану, бәсекелестікті шешудің түрлі жолдарын қарастыру
Яғни, ҚР тәуелсіз, суверенді мемлекет болғандықтан ол халықаралық құқықтық толыққанды субъектісі бола алады. Қазіргі күні ҚР халықаралық өмірде белсенді орын алып, басқа мемлекеттермен өзара байланыста. Халықаралық жеке құқық пен халықаралық құқық тығыз байланысты болғандықтан Қазақстан Республикасы халықаралық жеке құқықтың субъектісі бола алады.
Халықаралық жеке құқық оқу пәні болғандықтан, өз алдына құқықтық білімдердің негізгі жүйелі жиынтығы.
Халықаралық жеке құқық оқу курсы екі бөлімге бөлінеді: жалпы және ерекше. Жалпы бөлімі халықаралық жеке құқықтың қайнар көздерін, жалпы түсініктер, субъектілердің құқықтық жағдайы, коллизионды нормалар қарастырылған.
Ерекше бөлімі келесі бөлімшелерден құрылған:
Құқықтың қайнар көзі қатарында оның ішкі формаларын қарастыру қаралған.
Халықаралық жеке құқықтың мазмұнында оның басты қайнар көзіне Қазақстан Республикасының Конституциясы, халықаралық келісім шарт, ішкі заңдылықтар, салт-дәстүр т.б. жатады. Әр мемлекетте Халықаралық жеке құқықтың қайнар көзі бірдей емес, әр түрлі болып келеді.
Халықаралық жеке құқықтың ішкі заңдылықтарының қайнар көзі болып ҚР-ң Конституциясы жатады. Қаулының негізгі бөлімі осы құқыққа байланысты бөлімшесі «Азаматтық құқықтың» YII бөлімінде көрсетілген.
Халықаралық жеке құқық нормалары сонымен қатар ҚР-ң «Неке және отбасы», «Еңбек құқығы», «Шетелдік инвестиция»,«Валютаның реттелуі», заңдарында мазмұндалған.
Шетелдік элементтердің құқықтық қарым-қатынастарында әрқашан бір сұрақ туындайды: ол мәселені шұғыл шешу, қай заң қолдануға жатады.
Халықаралық жеке құқықта материалды-құқықтық және коллизияны әдіспен реттелуі екі аспектімен қарастырылады.
Коллизионды әдіспен реттелу өте қажетті болып табылады. Көптеген дамыған елдерде сфераны кеңейту үшін материалды-құқықтық нормаларды бірқалыпқа келтіру жолын қолдануда. Осы әдісті қолдана отырып азаматтардың қарым-қатынасының реттелуі көзделеді.
Халықаралық жеке құқықтың құрамына шетелдік элементтердің жеке құқықтық байланысын реттеп отыратын арнайы нормалар кіреді.
Коллизионды норма — бұл екі элементтен тұрады: көлем және байланымнан. Осы норманың көлемі азаматтық-құқықтық сипаттағы байланыстарды көрсетеді.
Байланым – бұл берілген байланыс түрін қолданудағы заң түрін көрсету.
Коллизиондық нормаларды айырудың келесі түрлері қабылданған: Халықаралық бірқалыптылыққа жетуге бағытталған ұлттық-құқықтық және халықаралық құқықтық нормалар
Коллизионды нормалар диспозитивті, императивті және қатынасты императивті болып бөлінеді. Императивті — бұл қалысқалмаушылық, көрсетілген міндетерді шешу, жол бермеу. Диспозитивті - халықаралық келісім шарт жасасудағы екі жақтың еркін көрсетеді.
Коллизионды нормалар негізгі және қосымша болып келеді. Бұндай нормалардың ерекшелігі олар құқықтық шарттық байланысты белгіленеді. Күрделі және жай коллизионды норма түрі бірнеше байланымдар мен көрініс табады.
Екі жақты коллизионды байланыстар бірнеше жылдар бойы қорытылып, оның негізгі түрлері анықталған.
10. соттың заңы
Коллизионды нормаларды қолданудағы ең күрделі сұрақ кері қайтаруда. Кері жөнелту – бұл келісімшарттық байланыста көрініс таба алады. Ұлттық тәртіпті сақтау - сонымен қоса шетел тұлғаларының шаруашылық әрекеттегі байланыста көрініс табуы тиіс. Ұлттық тәртіп құқықтық қорғау, әлеуметтік қамсыздандыру келісімшарттарын орындау қолданады.
Халықаралық жеке құқықта азаматтық құқықтық ереже екі аспектіде қарастырылады.
Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық мәртебесі халықаралық құқық пен нормалар және жалпы қабылданған принциптерге негіздемеге сай қалыптасады. Шетел азаматтарының құқықтық мәртебесі ҚР Конституциясында 4 бөлімінің 12 бабында көрсетілген. «Шетел және азаматтағы жоқ азаматтар ҚР-да құқыққа, бостандыққа ерікті».
Шетел азаматтарының құқықтық ережелері ҚР Президентінің қаулысы бойынша «ҚР-ғы шетел азаматтарының құқықтық ережелері» 19.06.1995 ж. Бұл Қаулыда Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтары мен олардың міндеттері анықталған.
Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық ережелерінің негізгі қағидалары:
Ұлттық тәртіп, шетел азаматы Қазақстан Республикасында құқыққа бостандыққа ие, сонымен қоса азаматтарының Республикалық келісімшартында көрсетілген заңдарға, бекітілген Конституцияға міндеттеледі.
Заң алдындағы азаматтардың теңдігі оның әлеуметтік-мүліктік жағдайына, жынысына, тіліне, бөліміне, дәстүрге қарым-қатынасына, тумысына тәуелсіз.
Шетел азаматтарының өз құқықтары мен еркіндігін қолдануы Қазақстан Республикасының қызығушылығында.
Шетел азаматтары өз еркіндігі мен бостандығын қолдана отырып, Қазақстан Республикасының заңдарына бағынуға, ондағы көрсетілген міндеттерге бағынуға және орындауға құқылы. Көрсетілген міндеттерді орындамау шетел азаматтарына шара қолданып жазалау көрсетілген.
Барлық шетел азаматтары екі категорияға бөлінеді:
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтар санатына ішкі істер бөлімі берген тұрақты тұруға рұқсат қағазы бар адамдар жатады.