Заң бойынша ақпарат кызметі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2015 в 19:18, курсовая работа

Краткое описание

Түсіндірудің түсінігі. Құқық нормаларын түсіндіру – бұл мемлекеттің, лауазымды тұлғалардың, қоғамдық ұйымдардың, жекелеген азаматтардың құқық нормаларының мазмұнын түсіндіруге, оларда көрініс тапқан билік басында тұрған əлеуметтік күштердің еркін ашуға бағытталған қызметі. Түсіндіру процесін-де нормативтік ереженің мəні, оның негізгі мақсаты мен əлеумет-тік бағыттылығы, түсіндіріліп отырған актінің мүмкін салдары, оның құқықтық реттеу жүйесіндегі орны жəне т.б. анықталады.

Содержание

КІРІСПЕ………………………………………………………………
I-БӨЛІМ. Нармативтік-құқықтық актілерінің жүйелерінің түрлері және ұғымы
1.1 Құқықтық нормаларының түсінігі әдістері…………………………………..
1.2 Нормативтік құқықтық актілердің түрлері……………………………….......
1.3 Құқық нормаларын талқылау………………………………………………….

II-БӨЛІМ. Заң бойынша ақпарат кызметі
2.1 Заңи мінез құлық……………………………………………………………….
2.2 Әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқық…………………………………….




ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ………………

Прикрепленные файлы: 1 файл

ТГП.docx

— 41.33 Кб (Скачать документ)

                                                      МАЗМҰНЫ  
 

КІРІСПЕ……………………………………………………………… 

I-БӨЛІМ. Нармативтік-құқықтық актілерінің жүйелерінің түрлері және ұғымы

1.1 Құқықтық нормаларының түсінігі әдістері………………………………….. 
1.2 Нормативтік құқықтық актілердің түрлері………………………………....... 
1.3 Құқық нормаларын талқылау…………………………………………………. 
 

II-БӨЛІМ. Заң бойынша ақпарат кызметі  
2.1 Заңи мінез құлық………………………………………………………………. 
2.2 Әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқық……………………………………. 
 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………… 
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ …………………………. 
ҚОСЫМША

 

 

 

 

 

 

 

    1. Құқықтық нормаларының түсінігі әдістері

 

Түсіндірудің түсінігі. Құқық нормаларын түсіндіру – бұл мемлекеттің, лауазымды тұлғалардың, қоғамдық ұйымдардың, жекелеген азаматтардың құқық нормаларының мазмұнын түсіндіруге, оларда көрініс тапқан билік басында тұрған əлеуметтік күштердің еркін ашуға бағытталған қызметі. Түсіндіру процесін-де нормативтік ереженің мəні, оның негізгі мақсаты мен əлеумет-тік бағыттылығы, түсіндіріліп отырған актінің мүмкін салдары, оның құқықтық реттеу жүйесіндегі орны жəне т.б. анықталады.

Түсіндірудің мақсаты – заңшығарушының не айтқысы келгенін емес, оның қалыптастырған ережесінің мəнін анықтау. Түсіндіру қолданыстағы заңнамаға өзгертулер мен толықтырулар енгізбейді жəне енгізе алмайды да, ол заңдағы ережелерді түсіндіруге жəне нақтылауға бағытталған. Түсіндіру екі жақтан құралады:

- норманың  мəні мен оны түсіндіруді түсіну (өзі үшін);

- норманың  мазмұнын түсіндіру (өзгелер үшін).

2. Түсіндіру тəсілдері – бұл құқықтық нормалардың мазмұнын анықтауға бағытталған тəсілдер мен бағыттардың жиынтығы. Түсіндіру тəсілдерінің мынадай түрлері бар:

1)грамматикалық – тіл құралдарының, грамматика ерже-лерінің, орфографияның жəне т.б. көмегімен түсіндіру;

2) логикалық  – логика заңдарының жəне ережелерінің  көме-гімен түсіндіру;

3) жүйелік  – заң нормасының басқа нормалармен  жүйелік байланысын, нақты жүріс-тұрыстың  құқық жүйесіндегі орны мен  рөлін талдау арқылы түсіндіру;

4) тарихи-саяси  – құқықтық норманы қабылдаудың  нақты-тарихи жəне саяси жағдайларының  көмегімен түсіндіру;

5) телеологиялық (мақсатты) – нормативтік актіні  қабылдау мақсаттарын анықтаудың  көмегімен талқылау;

6) арнайы-заңды  – заңнамада қолданылатын заң  терминдерінің мазмұнын

ашу арқылы түсіндіру.

3. Субъектілер бойынша түсіндіру  түрлері. Субъектілеріне байланысты түсіндірудің мынадай түрлері болады:

- ресми; мұндай  түсіндіруді өкілетті субъектілер  ғана береді, олар арнайы

актіде көрініс табады жəне заңды салдарды туын-датады;

- бейресми; мұндай түсіндірудің заңды міндетті  мəні болмайды жəне биліктік күші жоқ.

Ресми түсіндіру нормативтік (тұлғалар мен жағдайлардың кең шеңберіне

таралады) жəне казуалды (тек нақты бір жағдай үшін міндетті болып

табылады) болып екіге бөлінеді. Нормативтік түсіндіру, өз кезегінде, аутентикалық (нормативтік актіні қабыл-даған органмен беріледі) жəне легалды (өкілетті субъектілер береді) болып екіге бөлінеді.

4. Көлемі бойынша түсіндіру түрлері. Түсіндірудің нəтиже-лері заң нормаларының шын мəніндегі мазмұны мен мəтінінің арақатынасына қарай əр түрлі болуы мүмкін. Осындай арақаты-настықтың негізінде түсіндірудің үш түрін бөліп қарастырады (көлемі бойынша түсіндіру):

1) дəлме-дəл  түсіндіру – құқық нормасының  шын мəніндегі мағынасы мен  оның мəтіндік көрінісі сəйкес  келген жағдайда мүмкін;

2) шектелген  түсіндіру – құқық нормасының  шын мəніндегі ма-ғынасы оның  мəтіндік көрінісінен тар болған  жағдайда қолда-нылады;

3) кеңейтілген  түсіндіру – құқық нормасының  шын мəніндегі мағынасы оның  мəтіндік көрінісінен кең болған  жағдайда қол-данылады.

5. Құқықты түсіндіру актілері. Құқықты түсіндіру актісі – бұл заң нормаларының мағынасын түсіндіруге бағытталған құқықтық акт.

Құқықты түсіндіру актілерінің ерекшеліктері:

- заң  нормаларының мағынасын түсіндіруге  бағытталған;

- нормативтік  емес, нақтылаушы ережелерден құралған;

- дербес  сипатқа ие емес жəне өзі  түсінідіріп отырған норма-лармен  бірге əрекет етеді;

- құқықтың  қайнар көзі болып табылмайды.

Құқықты түсіндіру актілерінің төмендегідей түрлері болады:

1)ресми түсіндірудің түрлеріне қарай олар нормативтік (аутен-тикалық жəне легалды) жəне казуалды түсіндіру актілері болып бөлінеді;

2)түсіндіруді жүзеге асырып отырған органдарға қарай – мем-лекеттік

билік органдарының, басқару органдарының, сот, проку-ратура органдарының түсіндіру актілері;

3)құқықтық реттеу пəніне қарай – қылмыстық, азаматтық, əкімшілік жəне .б. 4)құқықты түсіндіру актілері;

5)сипатына қарай – материалдық жəне іс жүргізушілік түсін-діру актілері;

6)нысанына қарай – жарлықтар, қаулылар, бұйрықтар, нұсқау-лар жəне

 



 

                     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                   1.2 Нормативтік құқықтық актілердің түрлері

Нормативтік құқықтық акт — референдумда қабылданған не уәкілетті орган немесе мемлекеттің лауазымды адамы қабылдаған, құқықтық нормаларды белгілейтін, олардың қолданылуын өзгертетін, тоқтататын немесе тоқтата тұратын белгіленген нысандағы жазбаша ресми құжат болып табылады. Нормативтік құқықтық актілердің ресми мәтіндерін кейіннен жариялау — Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне сәйкестік сараптамасынан өткен нормативтік құқықтық актілерді баспа басылымында жарияланады. Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі — Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін, ескірген және сыбайлас жемқорлықты тудыратын құқық нормаларын анықтау, олардың іске асырылуының тиімділігін бағалау мақсатында Қазақстан Республикасы заңнамасының жай-күйі туралы ақпаратты жинау, бағалау, талдау, сондай-ақ оның даму динамикасын және қолданылу практикасын болжау бойынша тұрақты негізде жүзеге асырылатын мемлекеттік органдардың қызметі. Нормативтік құқықтық актінің деңгейі — нормативтік құқықтық актінің нормативтік құқықтық актілер сатысындағы өзінің заң күшіне қарай алатын орны. Нормативтік құқықтық актіні ресми жариялау — нормативтік құқықтық актінің толық мәтінін ресми және мерзімдік баспа басылымдарында жалпы жұрттың назарына салу үшін жариялау болып табылады.                Нормативтік құқықтық актілер негізгі және туынды актілер болып бөлінеді.      Нормативтік құқықтық актілердің негізгі түрлеріне мыналар жатады:             1) Конституция, конституциялық заңдар, кодекстер, заңдар;                            2) Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық Заң күші бар Жарлықтары; Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлықтары; Қазақстан Республикасы Президентінің өзге де нормативтік құқықтық Жарлықтары;                                                                                           3) Қазақстан Республикасы Парламенті мен оның палаталарының нормативтік қаулылары;                                                                                                      4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулылары;                      5) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің нормативтік қаулылары;                                                                                            6) Қазақстан Республикасының министрлері мен өзге де орталық мемлекеттік органдар басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары;                           7) орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулылары;        8) мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері.                                                                                                                 3. Нормативтік құқықтық актілердің туынды түрлеріне мыналар жатады:           1) регламент — қандай да бір мемлекеттік орган мен оның құрылымдық бөлімшелері қызметінің ішкі тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық акт;             2) ереже — қандай да бір мемлекеттік органның мәртебесі мен өкілеттігін белгілейтін нормативтік құқықтық акт;                                                                       3) қағида — қандай да бір қызмет түрін ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін белгілейтін нормативтік құқықтық акт;                                                 4) нұсқаулық — заңдардың қоғамдық қатынастардың қандай да бір саласында қолданылуын егжей-тегжейлі көрсететін нормативтік құқықтық акт. Қазақстан Республикасының заңда рын да туынды түрдегі нормативтік құқықтық актілердің өзге де нысандары көзделуі мүмкін.                                       4. Туынды түрлердегі нормативтік құқықтық актілер негізгі түрлердегі нормативтік құқықтық актілер арқылы қабылданады немесе бекітіледі және олармен бір тұтастық құрайды. Туынды түрдегі нормативтік құқықтық актінің нормативтік құқықтық актілер сатысында алатын орны негізгі түрдегі актінің деңгейімен анықталады.                                                                                   5. Орталық атқарушы органдар мен Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың аумақтық органдарының, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын, әкім уәкілеттік берген жергілікті атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілер шығаруға құқығы жоқ.                        6. Мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қабылдайтын жеке  қолданылатын құқықтық актілер нормативтік құқықтық актілер болып табылмайды.                                                                                                 Нормативтік құқықтық актілер сатысы                                                                  1. Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары заң күші бар.                      2. Конституцияны қоспағанда, өзге нормативтік құқықтық актілердің заң күшінің арақатынасы мынадай төмендей беретін деңгейлерге сәйкес болады:        1) Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізетін Заңдар:                         2) Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдары мен Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық заң күші бар Жарлықтары;             2-1) Қазақстан Республикасының Кодекстері;                                                              3) Қазақстан Республикасының Заңдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлықтары;                                                            4) Қазақстан Республикасының Парламенті мен оның палаталарының нормативтік қаулылары;                                                                                          5) Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік жарлықтары;                 6) Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулылары;                               7) Қазақстан Республикасының министрлері мен орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулылары, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің нормативтiк қаулылары;                                                                                         8) мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері.                                                                                                                       3. Төменгі деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің әрқайсысы жоғары деңгейдегі нормативтік құқықтық актілерге қайшы келмеуге тиіс.                      4. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары аталған сатыдан тыс тұрады.                                                                                                                    5. Әкімшілік-аумақтық бөліністер мәслихаттарының нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары мен әкімдерінің нормативтік құқықтық шешімдерінің сатысы Қазақстан Республикасының Конституциясымен және жергілікті мемлекеттік басқару туралы заң актілерімен белгіленеді.                                                                                            6. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің нормативтік қаулылары тек Қазақстан Республикасының Конституциясына ғана негізделеді және барлық өзге нормативтік құқықтық актілер оларға қайшы келуге тиіс емес.                                                                                                 Нормативтік құқықтық актілердің тікелей қолданылуы                                      1. Егер нормативтік құқықтық актілердің өздерінде немесе оларды күшіне енгізу туралы актілерде өзгеше айтылмаса, барлық нормативтік құқықтық актілер тікелей қолданылады.                                                                                   2. Қолданысқа еңгізілген нормативтік құқықтық актілерді қолдану үшін қандай да болсын қосымша нұсқаулар талап етілмейді.                                       3. Егер нормативтік құқықтық актінің өзінде оның қандай да бір құқық нормасы қосымша нормативтік құқықтық акт негізінде қолданылатындығы көрсетілсе, онда бұл норма негізгі және қосымша нормативтік құқықтық актіге сәйкес қолданылады. Қосымша нормативтік құқықтық акт қабылданғанға дейін тиісті қатынастарды бұрын реттеп келген нормативтік құқықтық актілер қолданылады.                                                                                 Әр түрлі нормативтік құқықтық актілердің құқық нормаларының қайшылықтары                                                                                                                  1. Әр түрлі деңгейдегі нормативтік актілердің нормаларында қайшылықтар болған кезде неғұрлым жоғары деңгейдегі актінің нормалары қолданылады.  2. Заңдар нормаларының Қазақстан Республикасы кодекстерінің нормаларымен алшақтығы болған жағдайларда олар кодекстерге тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін ғана қолданылуы мүмкін.                                          3. Бір деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің нормаларында қайшылықтар болған кезде қолданысқа кейінірек енгізілген актінің нормалары қолданылады.                                                                                             1998 жылғы 28 наурыздағы ҚР “Нормативтік –құқықтық акт туралы заңы”. Нормативтік құқықтық актілер осы заманғы құқықтық ең жетілдірілген түрі болып табылады.Нормативтік құқықтық акт - мемлекеттің құзырлы органдары қабылдаған, жалпыға бірдей міндетті заңды нормалары болатын ресми құжат.Нормативтік құқықтық актілер заңдық күшіне байланысты: заңдар және заңға негізделген актілер деп бөлінеді. Заңға негізделген нормативтік құқықтық актілер-мемлекеттің атқарушы- орыңдаушы органдарының заңдар негізінде қабылдайтын актілері. Олар зандарды орындау мақсатында қабылданады.Заңға негізделген актілерге жататындар:1) Президенттің жарлықтары; 2)Үкіметтің қаулылары мен шешімдері; 3)Министрліктер, ведомстволар, комитеттердің нұсқаулары, ережелер жиынтығы (кағидалар), бұйрықтар және т.б. түріңдегі нормативтік актілері;жергілікті атқарушы органдардың нормативтік актілері;4)локалдық нормативтік актілер, яғни ұйымдар, кәсіпорындар мен мекемелердің актілері.Заң - ең жоғары заңдық күші бар нормативтік құқықтық акт, мұны заң шығарушы ең жоғары орган белгілі рәсім бойынша қабылдайды. Заңдар: Конституция (негізгі заң); Конституциялық заң; Жай заңдар. Қазақстан Республикасында қолданылатын нормативтік құқықтық актілердің сатысы (ҚР "Нормативтік құқықтық актілер туралы" заңның 4-бабы):1) Конституция – жоғары заң күші бар;2) Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізетін Заңдар;3) ҚР Конституциялық заңдары мен Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар Жарлыктары;4) ҚР Кодекстері;5) ҚР Заңдары, ҚР Президентінің заң күші бар Жарлықтары;6) ҚР Парламентінің нормативтік Жарлықтары;7) ҚР Президентінің нормативтік қаулылары;8)ҚР Үкіметінің нормативтік қаулылары;9) министрлерді мен орталык мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық бұйрықтары, қаулылары; 10)мәслихаттар, әкімдіктер мен әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері. 1998 жылы 24 наурызда №213-1 ҚРның Нормативтік құқықтық актілер туралы заңы қабылданды, ол 9 тарау , 48 баптан тұрады. 

                                1.3 Құқық нормаларын талқылау

Құқық нормаларын талқылау – бұл мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың, лауазымды адамдардың және азаматтардың құқық нормаларының мазмұндарын, мәнін түсіндіру әрекеттері; бұл әрекет құқықтың қайнар көзінде көрсетілген мемлекеттік ерікті ашуға бағытталған, мақсаты оны дұрыс және тиімді іс жүзіне асыру. Талқылаудың қажеттілігі (заңды герменетика/экзегеника) былай қамтамасыз етілген:                                          · құқық нормалары жалпылама, бөлінбейтін (жекешеленбеген) сипатта болады, сол уақытта құқық ұйғарымдарын іс жүзіне асыру нақтылы өмір жағдайында қалпына кірмесе де;                                                                               · құқық нормаларының сыртқы көрінісі әр уақытта абстрактылы, мәтіні өте қысқа және ыңғайлы, сондықтан құқық нормаларының мазмұнын толық түсіндірмейтіндігіне екі мәнділігі және белгісіздігі көңіл аударады.                               · құқық нормалары күрделі заңдық конституция, заң шығару техникасының қатаң жолына сай құрылған, сондықтан оларды құрастыру ойлануды талап етеді;                                                                                                                                     · Заң тілінің жетілмегендігінен нормалардың мәтіні нағыз құқықтық ұйғарыммен әріпті сәйкес келетін кездері болады. Талқылау заңды әрекеттің арнайыланған түрі ретінде екі кезеңнен тұрады: түсіну және түсіндіру. Талқылау-түсіну құқықтық ұйғарымның мәнін түсіну – бұл интеллектуальді еріктегі әрекет, құқық нормасының мәні мен мазмұнын интерпретатордың талқылаушының өзінің табуына бағытталған. Бұл «өзі үшін» талқылау. Талқылау жолдарын (әдісін) түсіну:                                                                                     · Грамматикалық (лексикалық, лингвистік) – ондағы дәл құрастыруды белгілеу мақсатында нормативтік актінің мәтінін (текстік) түсіну;                    · Құқық нормаларын логикалық талқылау жолына, формальді және диалектикалық логиканың жолын пайдаланып, нормалардың мәнін оның басқа нормалармен логикалық байланысын анықтау және олардың бір-бірімен, құрам бөліктерінің арасындағы қарым-қатынастарды талдау;                         · Көлеміне қарай талқылау: әріптік (құқық норма- ларының мәні мен мазмұнын мәтіндігі көрінісіне сайлығы), тежеушілік (құқық нормаларының мәтіндік мазмұнын талқылау, кеңіректеу (ұйғарымның мәні мен мазмұнын құқық нормаларының мәтінін кеңірек талқылау);                                                        · Жүйелі әдіс – құқық нормаларының мәнін, оның соған сай нормативтік-құқықтық актілер жүйесіндегі орнын білу арқылы, сонымен қатар сол қоғамдық қатынастарды реттеуші басқа салалардың нормасымен қатынасын ашу арқылы білу.                                                                                                             · Құқықтық нормаларды талқылаудың тарихи жолы – құқық нормаларының мәні мен мазмұнын қазіргі әрекеттегі нормалармен және бұрынғы сондай реттеушілікті салыстырудың көмегімен түсіну;                                                         · Құқықтық ұйғарымдардың мәнін түсіндіру нақтылы тарихи (саяси, экономикалық, идеологиялық) жағдайларды талдау негіздегі олардың қабылдауын білдіру.                                                                                                      · Құқық нормаларын арнайы-заңдылықпен талқы- лау – құқық нормасының мәнін арнайы заңды атаулардың (терминдер) мазмұнын заң ғылымдарының және құқықтық шығармашылық-техниканың көмегі- мен ашу.                          · Құқық нормаларын телеологикалық талқылау – құқық нормаларын талқылаудың жолы, берілген норманың мәні мен мазмұнын оны қабылдаудағы мақсатына қарай түсінуге жатады.                                                         · Талқылау-түсіндіру – бұл интеллектуалды-ерікті әрекет, интерпретатормен құқықтық ұйғарымның мәні мен мазмұнын, құқықтық қатынастардағы қызығушы субъектілерге жеткізу. Мұндай талқылау басқалар үшін әр түрлі субъектілермен берілуі мүмкін жоғарғы өкілетті билік органдармен, құқықты қолдану органдарымен және жекеленген адамдармен. Заңдылық күштеріне байланысты арнайыланған және арнайыланған емес талқылауларға бөлінеді. Арнайы (легальді) құқық нормаларын талқылау, соған де- ген өкілдігі бар субъектілердің, мемлекеттік органдардың, ла- уазымды адамдардың қоғамдық ұйымдардың құқық нормала- рын белгілеуге, онда көрсетілген мемлекеттік ерікті атайтын әрекеттері. Басқа субъектілері үшін міндетті маңыздылығы бар соған сай актілерді іс жүзіне асырушылардың әрекеттері. Арнайы талқылаулардың мынандай түрлері бар: ауден- титтік авторлық – сол құқық нормасын шығарған органдар дың талқылауы; легальді – нормаларды талқылау өкілеттігі басқа органға беріледі; нормативтік жалпылама – құқық нормаларының талқылауға түсетіндердің, барлық кездері үшін; казуальді жекешеленген – нақтылы іс бойынша түсіндіру. Құқық нормаларын арнайы талқылау актілері интер- претациялық актілер– бұл өкілеттілігі бар мемлекеттік ор- гандардың және лауазымды адамдардың шығаратын құқық- тық актілері, онда құқық нормаларын түсіндірушілік бар. Құқық нормаларын арнайы талқылау, нақтылау, белгілі құқықтық ұйғарымның мәнін түсіндіруге бағытталған. Олардың барлық басқа құқықтық актілерден өзгешелігі сонда, олардың өзіндік маңыздылығы жоқ; құқықтық жаңа нормасын белгілемейді, әрекеттегілерді өзгертпейді, заңды күші бар және тәжірибеде, ол тек талқыланатын нормалардың әрекет ететін кезінде ғана маңызды; сондағы тапсырма, әрекеттегі заң нормаларын қалай түсінумен қолдану туралы; мемлекеттік міндеттілігі бар; субъектілерге емес, әрекеттері талқыланатын құқық нормаларымен реттелетін құқықты қолдаушыларға бағытталған. Құқық нормаларын арнайы емес талқылау – бұл субъектілердің құқық нормаларының мәні мен мазмұнын түсіндіру әрекеттері, міндетті заңды маңыздылығы жоқ және заңды биліктен аластатылған. Соған сай талқылау-түсіндірудің бұл түрінің императивті сипаты жоқ және заңды күші жоқ. Ол тек құқықты қолдау әрекетіне көмектесуге қажет. Арнайы емес талқылаудың түрлеріне мыналар жатады: доктриналдық ғылыми талқылау – бұл ғалым-теоретик- термен және тәжірибелі заңгерлермен берілетін түсіндіру; эмпирикалық (күнделікті тұрмыстық) талқылау жекеленген құқық нормаларының мәнін және мазмұнын түсіндіру не құқықтық қолдану актілерін, арнайы заңгерлік білімі жоқ адамдармен түсіндіруде көрінеді. Маманданған  өкілдігі бар– тәжірибелі заңгерлердің, мемлекеттік аппараттың лауазым- ды адамдарының және басқа сондай адамдардың пікірлері.           Құқық нормаларын талқылаудың бірнеше түрлері бар.                                             1. Субъектілері бойынша құқық нормаларын талқылау ресми және ресми емес болып екі түрге болінеді.                                                                                   1.Ресми талқылау арнайы құзыры бар мемлекеттік органдар мен субъектілермен іс жүзіне асырылады. Біріншіден, бұл талқылау арнайы кұқықтык кесім аркылы бекітіледі. Екіншіден, ресми талкылаудың нәтижесі түсінік берілген құқық норманы колдануда барлық субъектілерге міндетті болып саналады. Үшіншіден, құқық қолданатын субъектілерге талқыланған құқық нормасын бір мағынада үғынуға мүмкіндік береді және құқық қолдануда кателіктерге баруға тосқауыл қояды. Ресми талқылау нормативтік, казуальдық болып бөлінеді.                                                                                      2. Нормативтік талқылауда құқықтық норманы талқылаған түсініктің өзі бәріне міндетті нормаға айналады, көп рет қолдануға мүмкіндіктер туады. Мысалы, «Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер туралы заңында» заңға сәйкес қабылданған кесімдер ресми түрде өзі қабылдаған органмен талқыланады деп атап көрсетілген. Сонымен қатар нормативтік талқылаудын субъектісі болып әділсот органдары, атап айтқанда Қазақстан Республикасыиың Жоғарғы Соты бола алады. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының пленумының қаулылары соттардың тәжірибелерінде қолданылатын заңдар мен заңға сәйкес кабылданған нормативтік-құқықтық кесімдерге түсініктеме береді және оларды тек сот органдары ғана пайдаланады. Қазақстан Республикасының Конституциясының 81-бабында: Қазакстан Республикасының Жоғарғы Соты азаматтық қылмыстық және жалпы сот ісін жүргізудің соттарда қаралатын өзге де істер жөніндегі Жоғарғы Сот органы болып табылады, заңда көзделген іс жүргізу нысанасында олардың кызметін қадағалауды жүзеге асырады, сот практикасының мәселелері бойынша түсініктемелер беріп отырады», — деп атап көрсетілген.

3.  Казуальдық талқылау нақтылы қаралған іс бойынша қолданылатын құқық нормаға түсінік беру. Мұндай талқылау негізінде құқық колдану барысында арнайы құзырға ие органдардың шешімдері мен соттардың үкімдерінен, шешімдерінен өздерінің көріністерін табады, соттық және әкімшілік болып екі түрге бөлінеді.                                                                                                            II. Ресми емес талқылау заң күші жоқ, құқық нормаларын іс жүзіне асыруда құқық субъектілеріне міндетті емес түсінік беру. Мұндай талқылау кеңес берумен ғана шектеледі. Ресми емес талқылау мемлекет және құқық теориясында үш түрге бөлінеді: кәдімгі, кәсіби және доктриналдық.                    1.  Кәдімгі талқылау кез келген субъекттің өзінің білімі, деңгейі дәрежесінде қандай да болмасын заңға, онын нормала-рына түсінік беруі. Мысалы, референдум барысында жеке адам-дардың өз пікірлерін білдіруі.                      2. Кәсіби талкылау құқық қорғау органдарының қолданылатын құқық нормалары бойынша азаматтарға, занды тұлғаларға түсінік беруі. Негізінде кәсіби талқылауды арнайы заң мамандығы бойынша білімі бар субъектілер іс жүзіне асырады.                                                                                                           3.  Доктриналдық талқылау заңгер ғалымдар мен ғылыми мекемелер жазылған мақалалар, монографиялар және коментарийлерде беретін талқылаулар. Бұл талқылаудың зандарды жетілдіруде, олардың тиімділігін арттыруда, құқық нормаларының кемшіліктерін жоюда үлкен рөл атқарады. Көрнекті заңгер ғалым Е.Б.Әбдірасұлов доктриналық талқылау туралы мынандай қорытынды жасайды:                                                                          «Біріншіден, доктриналдық талқылаудың субъектілеріне негізгі қызмет саласы ғылыми зерттеу болған ірі ғалымдар жатады.                                Екіншіден, доктриналдық талқылаудын жеке субъекті ретінде ғылыми доктрина жасап, құқықты талқылау қызметінің нәтижесін шығаруды қамтамасыз ететін ғалымдардың тобын, бірге жұмыстарды орындайтын бірсыпыра ғылыми-зерттеу мекемелері мен институттарды бөліп айтуға болады.                                                                                                             Үшіншіден, доктриналдык талқылаудың жеке субъектілеріне ғылыми кызметтері өздерінің заң ұйымдары мен мекемелер, өр түрлі мемлекеттік органдармен байланысты заңгер-ғалымдар-ды жатқызуға болады.       Төртіншіден, кұқық нормаларын доктриналдық талқылау субъектілері болып практика қызметкерлері табылады, егер олардың заңды талқылау қызметтері таза комментаторлық шы-ғармашылықпен шектелмей, кәсіби интерпретация деңгейінен жоғары болса».                                                                                        III. Тәсілдері бойынша құқық нормаларын талқылау тарихи-саяси, логикалық, арнайы-зандық, жүйелілік, грамматикалық болып бөлінеді.

Информация о работе Заң бойынша ақпарат кызметі