Құқықтық қатынастардың пайда болуы және түсінігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2013 в 23:40, курсовая работа

Краткое описание

Қоғамдық қатынастар - белгілі бір өндіріс тәсілі негізінде өндірісте және өмірде адамдар арасында қалыптасатын күрделі де сан қилы қатынастар. Философия тарихты материалистік тұрғыдан қоғамдық қатынастарды материалдық және идеологиялық деп екіге жіктеді. Материалдық қоғамдық қатынас объективті, адамдардың санасы мен еркіне байланысты емес. Материалдық қоғамдық қатынас ішіндегі ең бастысы әрі айқындаушысы адамдардың өндірістік қатынастары болып табылады. Өндірістік қатынастар қоғамдық өндіріс процесіндегі адамдар арасындағы материалдық экономикалық қатынастардың жиынтығы. Өндірістік қатынас - қоғамдық өндірістің қажетті жағы. Жеке адам материалдық игіліктерді өндіре алмайды. Өндіру үшін адамдар белгілі байланыстар мен қатынастар жасайды, сөйтіп осы қоғамдық байланыстар мен қатынастар арқылы ғана олардың табиғатқа қатынасы болады, өндіріс орын алады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Құқықтық қатынастар.doc

— 122.00 Кб (Скачать документ)

- кәмелеттік  жасқа толмаған адамдардың, үйленуге (жанұя құруға), қылмыстық жауапкершілікке  тартылуына, жұмысқа орналасуына,  әскер қатарына шақырылуына шектеулер  бар. Оларды бұзуға тыйым салынған (шектеудің түрлері):

- адамдардың денсаулығының нашар болуы;

- туысқандық-қандас  болу;

- егерде азамат  сотталған болса;

- діни нормаларға  шектеу.

Шет елдің азаматтары толық құқықты, тек олар сайлауға қатысуға, сайлануға, әскер қатарына шақырылуға құқығы жоқ.

Заңды тұлғалар: мемлекет, мемлекеттік аппарат-мекемелер, лауазымды тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер, одақтар, ұйымдар, ұжымдар заңды түрде құрылып, бекітілсе, тіркелсе толық түрде құқықтық қабілеті мен әрекеттілігі бар деп саналады, оның шеңбері олардың ережелері мен Уставында толық көрсетілуге тиіс. Соған сәйкес олар жұмыс жасайды. "Оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болатын, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады"6.

Құқықтық қатынастың объектісі - қоғамдағы көп түрлі, көп салалы саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдениеттік, азаматтық, қылмыстық  әкімшілік, еңбектік, т.б. қарым-қатынастар. Материалдық дүние-заттар, рухани-шығармашылықтың өнімдері, жеке мүліктік емес игіліктер, құқық субъектілердің іс-әрекеті және құқық қатынастарының нәтижелері - құқық қатынастарының объектілері.

Құқықтық қатынастардың  объектілері – бұл құқықтық қатынастар субъектілерінің құқықтары мен міндеттері бағытталған және осыған байланысты олар заңды байланысқа түсетін категория. Аталған категорияны түсінуде екі бағытты бөліп қарастырады:

- олардың біріншісіне  сәйкес, құқықтық қатынастың объектісі  болып тек субъектілердің әрекеттері  табылады;

- екінші көзқарасты  көптеген ғалымдар жақтайды, оған  сәйкес, объектілердің түрлері өте  көп, олар:

1) материалдық  игіліктер (заттар, құндылықтар,  мүлік және т.б.);

2) материалдық  емес игіліктер (өмір, денсаулық,  қадір-қасиет, абырой және т.б.);

3) рухани шығармашылық өнімдері (әдебиет, өнер, музыка, ғылым туындылары және т.б.);

4) құқықтық қатынастар  қатысушыларының әрекеттерінің  нәтижелері (мысалы, тасымалдау шартының, мердігерлік шартының нәтижесінде  туындайтын құқықтық қатынастар);

5) бағалы қағаздар мен құжаттар (ақша, акциялар, диплом және т.б.).

 

 

 

 

 

 

3-кесте

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Құқық қатынастың объектісі - тек қоғамдық және жеке тұлғалар мүдде-мақсатын реттеп, басқарып отыратын қарым-қатынастарды қамтиды. Осы мүдде-мақсаттарды орындаудағы  субъектілердің іс-әрекеті, атқаратын жұмыстары құқықтық қатынастың объектісі болады7.

Субъективтік  құқық - құқықтық қатынастардағы субъектілердің екі жақты мүдде-мақсаттарының  орындалуы. Субъективтік құқық пен  заңды міндеттер құқықтық қатынастың ең негізгі мазмұнын құрайды.

Егер қоғамдық қатынастар құқықтық қатынастардың  материалдық мазмұны болып табылса, субъективтік құқықтар мен міндеттер  субъективтік мазмұны болып табылады. Құқықтар мен міндеттер арқылы құқықтық қатынастар қатысушыларының арасындағы заңды байланыстар жүзеге асырылады.

Субъективтік  құқық – бұл субъектінің өз мүдделерін қанағаттандыруға мүмкіндік  беретін заңды мүмкін жүріс-тұрыс  шамасы.

Заңды міндет –  бұл заңды қажет жүріс-тұрыс  шамасы. Міндет – бұл субъективтік құқықтың жүзеге асырылуының кепілі.

Субъективтік құқық пен заңды міндеттің арасындағы айырмашылықтар:

- егер субъективтік  құқық тұлғаның өз мүдделерін  қанағаттандыруға бағытталса, заңды  міндет бөтен мүдделерді (мысалы, мемлекеттің, басқа тұлғалардың)  қанағаттандыруға бағытталған;

- егер субъективтік құқық заңды мүмкін жүріс-тұрыс шамасы болып табылса, заңды міндет қажетті жүріс-тұрыс шамасы болып табылады.

Субъективтік  құқықтың алдындағы негізгі мүдде-мақсаттар: бірінші - қатынастың күрделі мақсатын толық орындау; екінші — көрсетілген  іс-әрекетті дұрыс орындау; үшінші — көрсетілген міндеттердің дұрыс орындалуын қамтамасыз ету; төртінші - егерде дұрыс орындалмаса, сот арқылы орындату. Бұл әрекет екі жақты субъектілердің құқығы. Оған ешкім кірісе алмайды. Субъективтік құқықтың орындалу әдіс-тәсілдері: 1) құқықтың алдында қойылатын өз мүдде-мақсатын анықтау; 2) құқықтық норманы дұрыс пайдалану; 3) құқықтық тәртіпті қатаң орындау.

Заңды міндеттер. Субъективтік құқық бар жерде  сонымен бірге заңды міндеттер  болады. Бұл екеуі бір-бірінсіз бола алмайды. Себебі қатынастардың көпшілігінде екі жақты субъектілердің құқықтары бар және соған сәйкес екі жақты субъектілердің міндеттері бар. Олардың дұрыс орындалуын қамтамасыз ету субъектілердің өздерінің іс-әрекетіне, жұмысына байланысты. Егерде әр субъект өзінің тиісті міндеттерін дұрыс, уақытында орындаса, онда сөз жоқ құқық та дұрыс уақытында орындалады деуге болады.

Құқықтық қатынастың заңды міндеттерінің орындалуының екі түрі болады: бірінші - қатынастағы  бір субъект басқа субъектілердің мүдде-мақсаты үшін міндетті түрде іс-әрекет немесе бір белгілі жұмыс жасауға тиіс; екінші — оның іс-әрекетіне шектеу қою. Сонда ғана қатынас дұрыс орындалып, нәтижелі болады.

Заңды себептер. Қоғамдағы толып жатқан неше түрлі, неше салалы құқықтық қатынастар өмірге келіп, ескіріп, жаңарып жатады. Оның заңды себептері мен негіздері бар. Бұл объективтік процесс. Заңды себептер құқықтық қатынастардың, пайда болуы өзгеруі, ескіруі және жаңаруының негізі болады. Заңды себептердің екі түрі болады: оқиғалар және іс-әрекеттер.

Оқиғалы себептер — табиғаттың объективтік даму процесінен пайда болатын жағдайлар (өрт, жер сілкінуі, су тасқыны т.б.).

Оқиға құқықта  — азаматтық құқықтар мен міндеттің  пайда болу негіздерінің бір түрі. Оқиға деп - адамның тууын, өлуін, стихиялық апатты, уақыттың өтуін т.б. табиғи құбылыстар аталады. Азаматтық құқық пен міндеттемелерге оқиға заңда көрсетілген реттерде ғана негіз бола алады. Мысалы, қауіпсіздендіруші ұйым (госстрах) қауіпсізденушіге тиісті ақшаны оның мүлкі заңда көрсетілген оқиғадан (жер сілкіну, өрт) апатқа ұшыраса ғана төлеуге міндетті. Азаматтың немесе заңды ұйымның кінәсінсіз пайда болатын кейбір оқиғаларға арнаулы мән беріледі. Мысалы, жұмыс әрекеттері төңірегіндегілерге қатерлі қауіп туғызатын ұйымдар мен заттар (транспорт ұйымдары, өнеркәсіп орындары, құрылыстар, автомобиль иелері т.б.) егер зиянның келтірілуі бой бермейтін күштің салдарынан немесе жәбірленушінің қасақана іс-әрекеттен болғаны дәлелденсе, зиянды өтеуге міндетті. Азаматтық құқықта мүліктің кездейсоқ апатқа ұшырауы немесе бұліну тәуекелін (риск) тиісті мерзімді өткізген жақ көтереді. Адамдардың және заңды тұлғалардың іс-әрекеттері арқылы қалыптасатын себептер — адамның өзінің жұмыстарының нәтижесінде пайда болатын жағдайлар. Бұл себептер заңды және заңсыз іс-әрекеттер болып екіге бөлінеді. Заңсыз іс-әрекеттер тоқтатылуға немесе жауапкершілігі анықталуға тиіс.

Құқықтық қатынастардың  өмірге келуінің, өзгеруінің, ескіруінің, жаңаруының, дамуының заңды себептерінен басқа үш бөлімнен тұратын негізі болады: нормативтік актілер, заңды  себептер, субъективтік құқық. Осы күрделі үш негіздер арқылы құқықтық қатынастар дамып, нығайып қоғамның объективтік даму процесін реттеп, басқарып отырады.

Заңды фактілер – бұл белгілі бір құқықтық салдардың туындауына негіз болып табылатын нақты өмірлік жағдайлар. Заңды фактілер құқықтық қатынастардың пайда болуының алғышарттары болып табылады.

Заңды фактілерді әр түрлі негіздер бойынша түрлерге бөлуге болады:

1. Туындайтын  салдардың сипаты бойынша:

- құқықтудырушы  (мысалы, жоғары оқу орнына түсу);

- құқықөзгертуші (мысалы, күндізгі оқу бөлімінен сыртқы бөлімге ауысу);

- құқықтоқтатушы (мысалы, жоғары оқу орнын аяқтау).

2. Құқықтық қатынастар  субъектілерінің еркімен байланысына  қарай:

- оқиғалар –  бұл субъектілердің еркіне тәуелсіз  жағдайлар, мысалы, табиғат апаты, өлім және т.б

- әрекеттер  – бұл құқықтық қатынастар  субъектілерінің еркімен байланысты  жағдайлар. Әрекеттер, өз кезегінде,  құқыққа сай және құқыққа қайшы  болып бөлінеді.

Көп жағдайда құқықтық қатынастардың пайда болуы үшін бір заңды факт жеткіліксіз болып, олардың жиынтығы – заңды құрам қажет болатын жағдайлар туындайды. Мысалы, кәрілігіне байланысты зейнетақы алу үшін зейнеткерлік жасына жету, белгілі бір еңбек өтілінің болу, зейнетақыны тағайындау туралы шешімінің болуы тиіс. Заңды құрамдардың екі түрі болады: а) оның барлық элементтері көрсетіліп, заңмен нақты анықталған болуы мүмкін (мысалы, зейнетақыны тағайындау мәселесі); ә) ол жалпы белгілермен сипатталуы мүмкін (мысалы, некені бұзудың негіздері).

 

 

 

 

4-кесте


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Құқықтық қатынастар туралы курстық жұмысымызды аяқтай отырып мынадай тұжырымға келдік.

Құқықтық қатынас  дегеніміз - мемлекеттік кепілдіктегі екі жақты құқықтары мен міндеттері бар қоғамдық қатынас. Құқықтық қатынастар қоғамдағы әлеуметтік құбылыстардың ең күрделісі және ерекше түрі. Себебі бұл қатынастар толығымен құқықтық нормалар арқылы реттеліп, басқарылып, мемлекеттік статус, кепілдік алып, қоғамның дұрыс, прогрестік жолмен дамуын қамтамасыз етеді.

Осы курстық жұмысымды жазу барысында біршама білім жинақтап құқықтық қатынастардың ұғымын түсіндім. Бұл жұмыстың мен үшін берері мол болды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. Қ.Д. Жоламан, А.Қ. Мұхтарова, А.Н. Тәукелев. Мемлекет және құқық теориясы А., 98
  2. Қ. Сапарғалиев, А. Ибраева. Мемлекет және құқық теориясы А.,98
  3. Қайрат Сапарғалиев Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық негiздерi А., 94
  4. А. Ибраева, Н. Ибраева. Теория государства и права А., 2000
  5. Қазақстан Республикасының Конституциясы (1998 жылғы қазанның 7-сiндегi өзгертулер мен толықтырулар)
  6. А. В. Малько Теория государства и права М., 2000 «Юристъ»
  7. В. Н. Хропанюк Теория государства и права М., 1997 «Интерстиль»

1 Қ.Д. Жоламан, А.Қ. Мұхтарова, А.Н. Тәукелев. Мемлекет және құқық теориясы А., 1998. 85 б.

2 Сапарғалиев Қ. Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық негiздерi А., 1994. 112 б.

3 А. Ибраева, Н. Ибраева. Теория государства и права А., 2000. 59 б.

4 А. В. Малько Теория государства и права М., 2000 «Юристь». С. 45.

5 Қ. Сапарғалиев, А. Ибраева. Мемлекет және құқық теориясы А.,1998. 89 б.

6 ҚР АК -33 б.

7 Хропанюк В.Н. Теория государства и права М., 1997 «Интерстиль». С. 99 




Информация о работе Құқықтық қатынастардың пайда болуы және түсінігі