Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Сентября 2013 в 18:47, курсовая работа
Конституцияда жеке адамның құқықтары мен бостандықтары, оны әлеуметтік жағынан қорғау жақсы көрініс тапқан.
Конституцияның 12 бабының 2 тармағында былай деп көрсетілген: "...Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тұрмысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік-құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған орай анықталады."
КIРIСПЕ 2
І-ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІ ҚОЗҒАУДЫҢ МӘНІ МЕН МАҢЬІЗЫ 3
1. Қылмыстық істі қозғау сатысының түсінігі мен маңызы 3
2. Қылмыстық істі қозғауға құқылы органдар мен лауазымдық адамдар 6
ІІ-ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІ ҚОЗҒАУДЫҢ СЕБЕПТЕРІ МЕН НЕГІЗДЕРІ 12
1. Азаматтардың арызы 12
2. Мекемелердің, кәсіпорындардың, ұйымдар мен лауазымды адамдардың хабарламасы 14
3. Баспасөзде жарияланған хабарлар 15
4. Айыбын мойнына алып өзі келуі 15
5. Анықтама жүргізетін органдардан тергеушінің, прокурордың немесе соттың тікелей өзі байыптауы 17
ІІІ-ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІ ҚОЗҒАУДЫ БОЛҒЫЗБАЙТЫН ЖАҒДАЙЛАР 20
1. Қылмыстық істі қозғауды болғызбайтын жағдайларды топтау 20
2. Қылмыстық іс қозғауды жоятын жағдайлардың қысқаша сипаттамасы 21
ІV-ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАУДЫҢ ЖӘНЕ ОНАН БАС ТАРТУДЫҢ ПРОЦЕССУАЛДЫҚ ТӘРТІБІ 25
1. Қылмыстық іс қозғаудың процессуалдық тәртібі 25
2. Қылмыстық іс қозғаудан бас тарту 26
V-ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІҢ ҚОЗҒАЛУ ЗАҢДЫЛЫҒЫН ПРОКУРОРДЫҢ ҚАДАҒАЛАУЫ 28
Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы 30
БИБЛИОГРАФИЯ 31
Мерзімі өткеннен кейін қылмыстық іс қозғалмайды. Қылмыстық заң қылмыстық жауапкершілікке тарту мерзімін оны үзу және тоқтата тұру шарттарын дәл тұжырымдаған. Бұл мерзімдер біткен кезде ҚР ҚІЖК 54-бабын басшылыққа алу керек.
Жауапкершілік басталатын жасқа жатпау да қылмыстық іс қозғауды болдырмайды. Жауапкершілікке тартылатын жасқа толмауына байланысты да, қылмыстық іс қозғалмайды.
Қылмыстық заң шығарушылығы бойынша (ҚР ҚК 15-бабы) жалпы қылмыстық жауапкершілік 16 жастан басталады, кейбір қылмыстар үшін 14 жастағы адамдар да қылмыстық жауапқа тартылады. Қылмыс субьектісін сипаттайтын негізгі белгі ретінде жасты қылмыс құрамының белгілері қатарына жатқызуға болмайды. Бұл қоғамға қауіпті әрекеттің сәйкес жастағы адаммен жасалуы әрекеттің қылмыс жауапкершілігінен босатылады.
Кәмелетке толмаған жасы, туу туралы құжаты бойынша немесе медициналық сараптау қорытындысы негізінде дәл анықталады. Жәбірленушінің шағымы бойынша қозғалған істер бойынша жәбірленушінің айыптаушымен татуласуы ісі бойынша жүргізуді болдырмайтын жағдай болып табылады.
Соттың осы айыптау бойынша Істі тоқтату үкімінің барлығы да қылмыстық істі қозғаудан бас тартуға негіз бола алады. Заң бұл жағдайда бір әрекет үшін адам екі рет қылмыстық жауапкершілікке тартыла алмайды деген қағидаға сүйенеді. Және ең соңында қоғамдық әсер ету шараларын қолдануға себепті болатын жағдайлардың барлығы қылмыстық іс қозғауға негіз болады. Заң (ҚР ҚІЖК 37-бабы) сотқа прокуратураға, сондай-ақ тергеуші және анықтау орнына кейбір жағдайларды қылмыстық іс қозғамастан мәліметтерді жолдастық сотқа немесе кәмелетке толмағандар Ісі жөніндегі комиссияға беру жолымен немесе кінәліні еңбекшілер ұжымы немесе қоғамдық ұйымға қайта тәрбиелеу және әсер ету шараларын қолдануға құқық береді.
Әзірленіп жатқан немесе жасалған қылмыс туралы өтінішті немесе хабарды қарап шығып, қылмыстық іс қозғаудың негізі барлығына көзі жеткізген соң, анықтау органы тергеуші, прокурор, сот немесе судья өз шеңберінде қылмыстық іс қозғауға міндетті.
Қылмыстық іс қозғау туралы шешім тиісті процессуалдық құжат жасаумен рәсімделуі тиіс. Белгілі бір процессуалдық үлгіні сақтау қылмыстық іс қозғаудың заңдылықтарының бірі. Қылмыстық іс қозғау туралы анықтама орны тергеуші прокурор мен судья қаулы шығарады.
Қылмыстық іс қозғау туралы қаулы үш бөлімнен тұрады.
Кіріспе, сипаттау, қарады (резомотиві). Кіріспе бөлімге уақытты, орынды, қаулы шығарған адамды және себепті көрсетулері, яғни қылмыс туралы мәліметтер мен анықтау орындарында тергеуші немесе сотқа түскен алғашқы материалдар енеді. Сонымен алғашқы материалдар құралатын құжаттарды талдап шыққан дұрыс. Сипаттау бөлімінде қылмыстық іс қозғаудың негіздері қылмыстық әрекеттің барлығы туралы куәландыратын нақтылы мәліметтер баяндалады. Сонымен қатар белгілерін осы әрекет түсетін қылмыстық кодекстің бабы көрсетіледі.
Қаулының қаралы бөлімінде қылмыстық іс қозғау туралы шешім тұжырымдалады. Қылмыстық атауы белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалып жатқан қылмыстық кодекстің бабы көрсетілді.
Сипаттау бөлімі қаулы шығарғанда басшылыққа алатын ҚР ҚІЖК 186-бабындағы сілтемемен анықталады. ҚР ҚІЖК 186-бабына сәйкес прокурор қылмыстық іс қозғалғаннан кейін алдын-ала тергеу немесе анықтау жүргізуге жібереді. Сондықтан істі тергеу қандай анықтауға немесе алдын-ала тергеу орнына тапсырылғаны көрсетіледі, тергеушіге тапсырылған болса, онда қаулыда тергеушінің фамилиясы тікелей көрсетіледі. Егер қылмыстық істі анықтау жүргізуші адам немесе тергеуші қозғаған болса және тергеуді де олар жүргізетін болса онда қаулының қарарлы бөлімінде істі өзінің жүргізуіне қабылдағаны туралы көрсетіледі. Бұл жағдайларға қаралып жатқан қаулы қылмыстық іс қозғау және оны өзінің жүргізілуіне қабылдау (алдын-ала тергеудің бастапқы кезеңінен құрайтын) туралы деп аталады. Анықтау орны немесе тергеуші шығарған қылмыстық іс қозғау туралы қаулының көшірмесі тез арада прокурорға жіберілуі қажет (ҚР ҚІЖ 186-бабы).
Заң қылмыстық іс қозғау құқығын анықтап жүргізуші адамға емес анықтау орнына жіберіледі. Осыған байланысты милиция органдарында қылмыстық іс қозғау туралы қаулы анықтау орнын бастығымен бекітіледі.
Сот қылмыстық іс қозғау туралы ұйғарым шығара отырып оған белгілі бір болған қылмыс жөнінде қылмыстық іс қозғайды (ҚР ҚІЖК 183 баптың 4 бөлімі, 303 баптың 1 бөлімі, 323 баптың 1 бөлімі). Бұл ұйғарым оған қатысты барлық материалдардың бәрінен алдын-ала тергеу немесе анықтау жүргізу үшін прокурорға жіберіледі.
Қылмыстар мен табысы күрес мақсатында заң құзыры орындардан қылмыстық іс қозғау туралы шешім қабылдап отырып бір уақытта қылмыстың алдын алуға немесе бұлтартпау шараларын қабылдауын талап етеді. Осындай шаралардың қажеттігі сезікті жасырынып қалуы, қылмыс іздерін жойып жіберуі, қылмыстық қызметін жалғастыру мүмкін кездердегі жағдайларда туындайды.
Қылмыстық істің алдын алу немесе бұлтартпау, сонымен тек қылмыстық іздерін бекіту мақсатында сезіктіні ұстау, сезіктіге айып тағылғанға дейін бұлтартпау шараларын қолдану, тінту және басқа тергеу қимылдары қызмет етеді. Осылайша заңды сот соттық мәжілісте белгілі бір адам жөнінде қылмыстық іс қозғай отырып, оған негіз бар болған кезде адамға бұлтартпау шараларын қолдануға құқылы екені көрсетілген (ҚР ҚІЖК 183, 323, 303 баптары).
Судья жеке өзі қылмыстық іс қозғау құқық бұзушыны сотқа беру және істі сот мәжілісінде қарауды тағайындау туралы қаулы шығара алады. Қылмыстық іс қозғау туралы қаулыға шығарған адам қол қояды.
Түскен материалдарда қылмыс белгілерін көрсететін жеткілікті материалдардың жоқ кезінде прокурор, тергеуші, анықтама орны мен судья өздерінің дәлелді қаулысымен немесе ұйғаруымен қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Бұл туралы мүдделі адамдар мен мекемелерге хабарлайды (ҚР ҚІЖК 187-бабы). Қылмыстық іс қозғаудың бас тарту туралы қаулы үш бөлімнен тұрады: кіріспе, баяндау, қорыту.
Кіріспе бөлімінде қаулы шығарған күнін, орнын, қаулы шығарған адамның фамилиясы, лауазымын және қылмыстық Іс қозғаудан бас тарту турады шешім қабылдаған бастапқы материалдарда көрсетулер болады.
Баяндау бөлімінде нақ осы жағдайда қылмыстық іс қозғаудың мүмкін еместігінің негіздерін, жағдайларын баяндайды (ҚР ҚІЖК 187-бабы). Қаулы қорыту бөлімінде қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы шешім тұжырымдалады, бас тартудың негізі жасалады және шағым беру құқығы мен тәртібі тұжырымдалады. Қаулыға милиция орнында оны жасаған адам қол қояды, органның бастығы бекітеді.
Тергеушінің немесе анықтау орнының қылмыстық іс қозғаудан бас тартуына өтініш жасаушы анықтау және алдын-ала тергеу жүргізуді бақылауды жүзеге асырушы тиісті прокурорға шағымдана алады. Прокурордың бас тартуына жоғарыда тұрған прокурорға соттың бас тартуының кассациялық сотына шағымданған немесе наразылық білдіруге болады.
Прокурордың қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы қаулының заңдылығына уақытша бақылауын қамтамасыз ету мақсатында тергеушілер мен анықтау органдары бұл қаулылардың көшірмесін тез арада прокурорға жіберілуі қажет деп таныған дұрыс. Қылмыстық іс қозғаудан бас тарту жағдайында прокурор өзінің қаулысымен тергеушінің немесе анықтау орнының дұрыс емес қаулысының күшін жояды және іс қозғайды. Анықтау жүргізген адам жасаған қылмыстық іс қозғалудан бас тартуды бекіту кезінде негізсіз қылмыстық іс қозғаудан бас тартуға жол бермеу үшін анықтау орнының бастығына түскен материалдармен жеке танысуға міндетті.
ҚР ҚІЖК 37-бабына сәйкес адам онша елеулі емес немесе қоғамға үлкен қауіп төндірмейтін қылмью жасаған жағдайды сот, прокурор, тергеуші және анықтау орны прокурордың келісімімен қылмыстық іс қозғалмай материалдарды жолдастық соттың немесе кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссиялық қарауында жіберуге немесе қайта тәрбиелеу үшін еңбекшілер ұжымына немесе қоғамдық ұйымға кепілдікке беруге құқылы.
Егер прокурор, тергеуші, анықтау орны немесе судья түскен өтініштер немесе хабарлар бойынша қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шешуге құзырлы емес болса, олар өтінішті немесе хабарды істің қай тергеу орнында жүргізілетіндігі немесе қай сотта қаралатындығы бойынша жіберіледі.
Бұл жардайларда олар қылмыстық алдын алу немесе бұлтартпау, сонымен тек қылмыстық іздерін бекіту шараларын қабылдауға міндетті.
Оқиға болған жерді қарау, орынды қорғауға шаралар қабылдау т. б.. осындай шаралар жатады.
Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы Заңының І-бабына сәйкес прокуратура заңының орындалуына жоғарғы бақылау жасаушы орган болып табылады.
"Қазақстан
Республикасының Прокуратурасы
Қазақстан Республикасының
Бас прокурордың және оған бағынышты прокурорлардың Қазақстан Республикасы заңдарының дәл орындалуына жоғарғы бақылауды жүзеге асырады. Прокуратура орындарының осы қызметімен қылмыстық іс қозғау сатысындағы олардың міндеттері тығыз байланысты. Қылмыстық сот жүргізуде прокурордың бақылау жасалған немесе әзірленіп жатқан қылмыс туралы мәліметтер түскен кезден басталады. Прокурор бір жағынан қылмыстық іс қозғау орны, екінші жағынан қылмыстық іс қозғаудың заңдылығын бақылайтын орын болып табылады. ҚР ҚІЖК 190-бабына сәйкес қылмыстық Іс қозғаудың заңдылығына бақылауды жүзеге асырады. Прокурор негізсіз қылмыстық іс қозғаудың немесе қылмыстық іс қозғаудан бас тартудың бірде бір оқиғасы болмауын, қылмыс туралы өтініштердің және хабарларды қарау мерзімдері мен тәртібінің қатаң сақталуын азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қысым жасалмауын қадағалайды. Қылмыстық іс қозғалудың заңдылығын бақылауды жүзеге асыру кезінде прокурор милиция орындарының қылмыс туралы өтініштері мен хабарларды қабылдауына және тіркеуіне басты назар аударады. Тексеру нәтижелерінде заң бұзушылықты тапқан жағдайда прокурор кінәлі адамдарға тәртіптік, жауапкершілікке тарту және заң бұзушылыққа ықпал ететін себептер мен шарттарды жою туралы ұсыныс енгізеді. Немесе қылмысты әдейі жасыру фактілерінің белгілері бойынша қылмыстық іс қозғайды.
Прокурор, қылмыстық іс қозғау туралы қаулының заңдылығын ҚР ҚІЖК 186-бабының аталған қаулы элементтерінің дұрыстығын тексерумен шектелуі тиіс.
Прокурор қылмыс туралы дабылдар бойынша анықтау алдын-ала тергеу орындарының және тергеудің шешімдері дәлелді процессуалдық рәсімделінген болуын қадағалайды.
Прокурор өзінің қаулыларымен қылмыстық іс қозғау туралы тергеушінің немесе анықтау орнының заңсыз қаулысының күшін жояды. Сонымен егер Іс бойынша тергеу қимылдары жасалған болса, прокурор қылмыстық Істі қозғаудан бас тартады.
Егер анықтау орны немесе тергеушінің қылмыстық іс қозғаудан бас тарту қаулысын ендігі тексеру кезінде алынған мәліметтерге қайшы келсе және негізсіз шығарылған болса, прокурор мұндай қаулының күшін жояды, қылмыстық іс қозғауды және оны алдын-ала тергеу немесе анықтау орындарында жүргізуге жібереді.
Қазақстан Республикасының іс жүргізу кодексінің 8-бабында, қылмыстық сот ісін жүргізудің міндеттері - қылмыстарды тез және толық ашу, айыптыларды әшкерелеу және заңның дұрыс қолдануын қамтамасыз ету, сөйтіп қылмыс істеген әрбір адамның әділетті жазалануын және айыпсыз бірде-бір адамның қылмыстық жауапқа тартылмауын және сотталмауын қозғау деп жазылған.
Осыған орай қылмыстық істі қозғау сатысы да заңдылық негізінде құралады, қылмыстық істі қозғауға қарасты мәселелерді шешуде прокуратура, сот, тергеу жүргізу органдарының лауазымды адамдарды қылмыстық процестің заңдылық, ашықтық және шапшаңдық сияқты маңызды талаптарына сүйенеді.
Қылмыстық іс жүргізу заңында құқық қорғау органдарының лауазымды адамдардың қылмыстық істі қозғау реттерін анықтап көрсетілуі қылмыстық істі жүргізудің заңдылығын көрсетеді.
Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтірмей, қажетті дәлелді жағдайлар талап етілгеннен соң заңға сәйкес кінәлі адамды ұстап, оған байланысты қылмыстық іс қозғау үлкен мәні бар десек болады.
Сондықтан заң қылмыстық іс қозғаудың негізі барлығына сүйене отырып, тәжірибелі қызметкерлерден қылмыстық іс негізді түрде қозғалғанын талап етеді.
Қылмыстық Істі қозғауда жеке адамның жағдайы да еске алынуы тиіс. Қылмыстық құқық бойынша тек нақты сәйкес жастағы жауаптылыққа қабілетті танылатын қылмыс субъекті туралы мәселені шешуде қылмыс құрамының барлығын немесе жоқтығын анықтау үшін маңызы зор. Кейбір қылмыстар бойынша кез-келген жауаптылыққа қабілетті жеке тұлға емес, тек белгілі бір қасиеттерге ие адам арнайы субьект ғана қылмыс субъектісінің орындаушысы бола алады.
Информация о работе Қылмыстық істі қозғау сатысының түсінігі мен маңызы