Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 12:50, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты:
-Іс әрекеттің қылмыс екенін жоятын мән жайларына жалпы сипаттама
-Іс әрекеттің қылмыс екенін жоятын мән жайларына заңға сәйкес сипаттама беру
Кіріспе.......................................................................................................................3
1.Іс-әрекеттің қылмыс екенін жоятын мән-жайлардың түсінігі.........................4
2.Түрлері...................................................................................................................5
2.1.Қажетті қорғану.................................................................................................5
2.2Қол сұғушылық жасаған адамды ұстау кезiнде зиян келтiру...............14
2.3 Аса қажеттiлiк..........................................................................................16
2.4. Жедел-iздестiру шараларын жүзеге асыру...........................................18
2.5. Орынды тəуекел ету...............................................................................20
2.6. Күштеп немесе психикалық мəжбүрлеу...............................................22
2.7. Бұйрықты немесе өкiмдi орындау.........................................................24
Қорытынды............................................................................................................25
Сонымен, жедел-iздестiру шаралары кезiнде қылмыстық заңмен қорғалатын мүдделерге зиян келтiру мынадай заңға сəйкестiк шарттары бар;
1). Егер жедел-iздестiру шаралары тек мемлекеттiк өкiлеттi органмен немесе осы органмен қызметтес өзге адамның осындай органның тапсырмасымен орындалуы;
2). Егер бұл əрекет бiр топ адам, ұйымдасқан топ немесе алдын ала сөз байласып жасаған қылмысты болғызбау, анықтау, ашу немесе тергеу мақсатында жасалуы;
3). Егер оларды болғызбау, анықтау, ашу немесе тергеу, сол сияқты қылмыс жасауға кiнəлi адамдарды əшкерлеудi өзге тəсiлмен жүзеге асыру мүмкiн болмауы;
4). Егер құқыққорғау
мүдделерiне келтiрiлген зиян
5). Жедел-iздестiру шараларын
жүзеге асыру адамның өмiрi
мен денсаулығына қауiп
2.5. Орынды тəуекел ету
Заң əдебиеттерiнде орынды тəуекел ету институты бiраз уақыттан берi зерттелiп келгенiмен, қылмыстық заңда ол жаңадан қарастырылды. Заңға енгiзiлгенге дейiн құқық қолдану органдарының тəжiрибесiнде орынды тəуекел көп жағдайларда аса қажеттiлiк ережелерi бойынша шешiлiп жатты. Орынды тəуекел ету жөнiнде жеке бап енгiзудiң қажеттiлiгi қазiргi жағдайдағы ғылым мен техниканы жетiлдiру жəне қоғамдық даму процесiнiң жылдамдатылуы кезiнде жаңа техснологияларды игерумен байланысты кəсiби қызметтердi атқару белгiлi бiр тəуекелге баруға əкеп соғатындығымен түсiндiрiледi. ҚР ҚК-ң 35-бабының 1-бөлiгiнде қоғамдық пайдалы мақсатқа қол жеткiзу үшiн орынды тəуекел еткен ретте қылмыс тық заңмен қорғалатын мүдделерге зиян келтiру қылмыс болып табылмайтындығын баяндайтын жалпы ереже қарастырылған. Орынды тəуекел етудiң түсiнiгi ҚК-ң 35-бабының 2-бөлiгiнде берiлген: егер аталған мақсатқа тəуекелмен байланыссыз iс-əрекетпен қол жеткiзiлмейтiн болса жəне тəуекелге жол берген адам қылмыстық заңмен қорғалатын мүдделерге зиян келтiрiлуiн болғызбау үшiн қажеттi шаралар қолданса, тəуекел орынды деп танылады. Орынды тəуекел негiзiнен белгiлi бiр жаңа эксперименттердi жүргiзу, бұрын қолданылмаған аппараттарды сынау, жаңа технологияларды игеру кезiнде өндiрiс, ғылыми-техника, шаруашылық, дəрiгерлiк жəне т.б. қызмет салаларында орын алады.
Осыған байланысты көптеген заң əдебиеттерiнде орынды тəуекелдi мынадай түрлерге бөлу қалыптасқан :
1). Өндiрiстiк тəуекел,
яғни заңмен қорғалатын
2). Шаруашылық тəуекел ету заңмен қорғалатын материалдық мүдделердi қауiптi жағдайда қалдыру арқылы экономикалық пайда алуға ұмтылумен байланысты.
3). Коммерциялық тəуекелге
банктiк, биржалық, инвестиция
жəне кəсiпкерлiк қызметтiң
4). Ғылыми-техникалық тəуекел
тəжiрибеге жаңа əдiстер мен
зерттеу құралдарын енгiзуге
а). əрекет немесе əрекетсiздiк қоғамға пайдалы мақсаттарға қол жеткiзуге бағытталуы, яғни тəуекелге барушы адамның емес, басқа адамдардың, қоғам мен мемлекеттiң игiлiгi үшiн жасалуы қажет;
б). қоғамға пайдалы мақсатқа тəуекелмен байланысты емес өзге əрекеттермен қол жеткiзу мүмкiн болмауы
қажет;
в). адам заңмен қорғалатын мүдделерге зиян келтiрiлуiн болғызбау үшiн жеткiлiктi барлық шаралардықолдануы қажет, яғни жасалған əрекеттер оны оң нəтижеге үмiттендiретiн қазiргi ғылыми-техникалық
жетiстiктерге, кəсiби бiлiмiне, өмiрлiк əдiсiне негiзделуi тиiс;
г). тəуекел ету адамдардың өмiрi мен денсаулығына көрiнеу қатер төндiрумен, экологиялық апатқа, қоғамдық күйзелiске немесе өзге ауыр зардаптармен ұштаспауы қажет. Тəуекелдi орынды деп тануға негiз беретiн бiр немесе бiрнеше жағдайлардың болмауы кезiнде зиян келтiргендiк үшiн адамды жауаптылыққа тарту кезiнде ҚК-ң 53-бабының 1-бөлiгiнiң «зң тармағына сəйкес аталған жағдай жауаптылық пен жазаны жеңiлдетушы мəн-жай ретiнде қарастырылады.
2.6. Күштеп немесе психикалық мəжбүрлеу
Адамның iс-əрекетiн заң қылмыстық iс-əрекет деп тану ұшiн, ол саналы жəне ерiктi түрде жасалуы қажет. Ал iс-əрекет күштеу немесе психикалық мəжбүрлеу нəтижесiнде жасалса, қылмыстық жауаптылық мəселесi қалай шешiледi? ҚР ҚК 36-бабы осы мəселе жөнiндегi жалпы ережелердi қамтиды: егер күштеп мəжбүрлеудiң салдарынан адам өзiнiң əс-əрекетiне ие бола алмаса, күштеп мəжбүрлеудiң нəтижесiнде қылмыстық заңмен қорғалатын мүдделерге зиян келтiру қылмыс болып табылмайды. Психикалық мəжбүрлеудiң нəтижесiнде, сондай-ақ күштеп мəжбүрлеудiң нəтижесiнде қылмыстық заңмен қорғалатын мүдделерге зиян келтiргенi үшiн соның салдарынан адам өзiнiң iс-əрекетiне басшылық жасау мүмкiндiгiн сақтаған болса қылмыстық жауаптылық туралы мəселе аса қажеттiлiк ережелерiн ескере отырып шешiледi. Қылмыстық құқық теориясында күштеп мəжбүрлеу деп адамның денесiне немесе бас бостандығына əсер ете отырып оны өз қалауынша əрекет ету мүмкiндiгiнен айыруды айтады. Ал психикалық мəжбүрлеу деген адамның психикасына қорқыту, бұйыру, гипноздау жолдарымен информациялық əсер ету. Бұл екi жағдайда да мəжбүрлеудiң мақсаты – жəбiрленушiге белгiлi бiр əрекеттi жасату. Күштеп мəжбүрлеу адамды ұрып-соғу, денесiне зиян келтiру, бас бостандығынан айырып қамап қою əрекетiнен көрiнсе, ал психикалық мəжбүрлеу ауызша не жазбаша қорқыту, жүйкесiне əсер ететiн заттарды қолдану, гипноз жасау, бопсалау əрекеттерiмен жасалуы мүмкiн. Күштеп мəжбүрлеу нəтижесiнде адам өз iс-əрекетiн басқара алмаса, онда ол қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды. Мысалы, аяқ қолын байлап тастаған түнгi күзетшiнi күзет ереже лерiн бұзғаны үшiн жауаптылыққа тарта алмаймыз. Өйткенi, мұнда күштеп мəжбүрлеу тойтарылмайтын күш сипатын иемденiп тұр. Ал егер күштеп немесе психикалық мəжбүрлеуге қарамастан адамда өз iс-əрекетiн басқару мүмкiндiгi сақталса, яғни оның əрекеттi таңдау мүмкiндiгi бола тұра заңмен қорғалатын мүдделерге зиян келтiрсе тұлға мына жағдайларда жауаптылыққа тартылмайды:
а). егер мəжбүрлеу нəтижесiнде жасалған əрекет қауiп қатер төндiретiн күштен сақтанудың қажеттi жəне жалғыз құралы болса;
б). осы əрекеттiң нəтижесiнде келтiрiлген зиянның мөлшерi күштеп не психикалық мəжбүрлеу толығымен жүзеге асырылған кездегi келтiрiлетiн зияннан кем болса. Осы екi жағдайдың кемiнде бiреуiнiң болмауы аса қажеттiлiк жағдайын жоққа шығарып күштеп не психикалық мəжбүрлеу нəтижесiнде зиян келтiрген адам жеңiлдетiлген мəн-жай бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылуы тиiс. Бұл жағдайда қылмыс жасауға мəжбүрлеген тұлға қылмыстың айдап салушысы ретiнде жауапқа тартылады. Сонда күштеп немесе психикалық мəжбүрлеу аса қажеттiлiк жағдайын туғызғанда ғана iс-əрекеттiң қылмыстылығын жоятын мəн-жайға айналады. Бiрқатар жағдайларда заңшығарушы күштеп немесе психикалық мəжбүрлеудi жүзеге асыруды жеке қылмыс түрлерi ретiнде қарастырады. Мысалы, ҚК-ң 123-бабы «жыныстық қатынас жасауға еркек пен еркектiң жыныстық қатынас жасауына, əйел мен əйелдiң жыныстық қатынас жасауына немесе нəпсiқұмарлық сипаттағы өзге де iс-əрекеттерге мəжбүр етуң ҚК-ң 354-бабы «жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қорытынды беруге не қате аударуға сатып алу не мəжбүр етуң, ҚК-ң 368-бабы «бастыққа қарсылық көрсету немесе оны қызметтiк мiндеттерiн бұзуға мəжбүр етуң, ҚК-ң 347 «жауап беруге мəжбүр етуң қылмыстарында күштеп немесе психикалық мəжбүр ету əрекеттерi орын алады. Сонымен бiрге, ҚР ҚК-не жаңадан енгiзiлген 347-1 бабындағы «Қинауң қылмысын да мəжбүрлеудiң бiр түрi ретiнде қарастыруға болады.
2.7. Бұйрықты немесе өкiмдi орындау
Əрекеттiң қылмыстылығын жоятын мəн-жай ретiнде заңшығарушы бұйрықты немесе өкiмдi орындауды айтады. ҚК-ң 37-бабында бұл жөнiнде былай делiнген: өзi үшiн мiндеттi бұйрықты немесе өкiмдi орындау жөнiнде iс-əрекет жасаған адамның қылмыстық заңмен қорғалатын мүдделерге зиян келтiруi қылмыс болып табылмайды. Мұндай зиян келтiрiлгенi үшiн заңсыз бұйрық немесе өкiм берген адам қылмыстық жауаптылыққа тартылады. Бұйрық немесе өкiм – белгiлi бiр əрекеттердi орындауға мiндеттi адамға жүктелген заңға немесе заңғатəуелдi актiлерге негiзделген өкiлеттi адамдардың билiк талаптары. Егер бұйрықты не өкiмдi беруге өкiлеттi адам өз өкiлеттiлiгiнiң шегiнен шықпай жəне тиiстi нысандарын сақтай отырып берсе, бұйрық не өкiм заңды деп танылады. Ал мұндай шарттар сақталмаса берiлген бұйрық не өкiм заңсыз болып саналады.
1). егер бұйрықты не
өкiмдi орындаушы тұлға бұйрық
не өкiм берген лауазымды
2). аталған бұйрық не өкiм соны беруге өкiлеттi адам арқылы берiлсе;
3). мiндеттi бұйрықты не
өкiмдi орындау кезiнде мұндай
бұйрық не өкiмнiң заңсыз
1). егер қылмыстық бұйрықты не өкiмдi орындау кезiнде зиян келтiрген адам ол бұйрықтың қылмыс екенiн
ұғынбаса жəне ұғынуға мiндеттi емес немесе ұғынуына ешқандай мүмкiндiгi болмаса, онда ол
жауаптылыққа тартылмайды, ал келтiрген зиян жазықсыз келтiрiлген зиян деп танылады.
2). егер қылмыстық бұйрықты
не өкiмдi орындаушы адам мұндай
бұйрықтың не өкiмнiң
Қортынды
Қажеттi қорғану жағдайында қол сұғушы адамға зиян келтiру, яғни қорғанушының немесе өзге бiр адамның жеке басын, тұрғын үйiн, меншiгiн, жер учаскесiн және басқа да құқықтарын, қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн қоғамдық қауiптi қол сұғушылықтан қол сұғушыға зиян келтiру жолымен қорғау кезiнде, егер бұл орайда қажеттi қорғану шегiнен асып кетушiлiкке жол берiлмеген болса, ол қылмыс болып табылмайды.
Қылмыс жасаған адамға
оны мемлекеттiк органдарға жеткiзу
және оның жаңа қол сұғушылық жасау
мүмкiндiгiн тыю үшiн ұстау
ҚРҚ Кодекспен қорғалатын мүдделерге аса қажет болған жағдайда зиян келтiру, яғни белгiлi бiр адамның немесе өзге де адамдардың өмiрiне, денсаулығына, құқықтары мен заңды мүдделерiне, қоғамның немесе мемлекеттiң мүдделерiне тiкелей қатер төндiретiн қауiптi жою үшiн зиян келтiру, егер бұл қауiптi басқа амалдармен жою мүмкiн болмаса және бұл орайда аса қажеттiлiк шегiнен шығып кетушiлiкке жол берiлмесе, қылмыс болып табылмайды.
Уәкілетті мемлекеттік орган қызметкерінің не осы органмен қызметтес өзге адамның осындай органның тапсырмасы бойынша жедел-іздестіру шараларын орындауы кезінде заңға сәйкес жасаған әрекетімен ҚРҚ Кодекспен қорғалатын мүдделерге келтірген зияны, егер бұл әрекет бір топ адам, алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адам, ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) жасаған қылмысты болғызбау, анықтау, ашу немесе тергеу мақсатымен жасалса, сондай-ақ егер құқық қорғау мүдделеріне келтірілген зиян аталған қылмыстармен келтірілетін зиянға қарағанда онша мәнді болмаса және егер оларды болғызбау, ашу немесе тергеу, сол сияқты қылмыс жасауға кінәлі адамдарды әшкерелеуді өзге тәсілмен жүзеге асыру мүмкін болмаса, қылмыс болып табылмайды.
Қоғамдық пайдалы мақсатқа қол жеткiзу үшiн орынды тәуекел еткен ретте ҚРҚ Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтiру қылмыс болып табылмайды.
Егер күштеп мәжбүрлеудiң
салдарынан адам өзiнiң iс-әрекетiне (әрекетсiздiгiне)
ие бола алмаса, күштеп мәжбүрлеудiң
нәтижесiнде осы Кодекспен
Өзi үшiн мiндеттi бұйрықты немесе өкiмдi орындау жөнiнде iс-әрекет жасаған адамның осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтiруi қылмыс болып табылмайды. Мұндай зиян келтiрiлгенi үшiн заңсыз бұйрық немесе өкiм берген адам қылмыстық жауапқа тартылады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Информация о работе Іс-әрекеттің қылмыс екенін жоятын мән-жайлардың түсінігі