Көліктегі қылмыстар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Апреля 2013 в 10:08, реферат

Краткое описание

1.Көлік қозғалысы немесе пайдалану тәртібін бұзу қылмыстарының жалпы сипаттамасы.

Көлік қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу қылмыстарының нақты түрлері.

Теміржол әуе немесе су, көлігі қозғалысы мен оларды пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу. Көлік құралдарын жүргізуші адамдарын жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу т.б.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Көліктегі қылмыстар.docx

— 27.80 Кб (Скачать документ)

Көліктегі қылмыстар.

Жоспар:

 
 
1.Көлік қозғалысы немесе пайдалану тәртібін бұзу қылмыстарының жалпы сипаттамасы.

  1.  
    Көлік қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу қылмыстарының нақты түрлері.
  2.  
    Теміржол әуе немесе су, көлігі қозғалысы мен оларды пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу. Көлік құралдарын жүргізуші адамдарын жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу т.б.

 
 
Көліктегі қылмыстар жаңа ҚК 12-тарауында орналасқан. Бұрынғы – ҚК-ке қарағанда бұл тарауда көліктің барлық түрлері- темір жол, әуе су көлігі, автомобиль, троллебус, трамвай, не басқа да механикалық көлік құралдарын жүргізуші адамның жол қозғалысы қауіпсіздігін немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін қылмыстық жауаптылығы жинақталып берілген. 
 
Жол қозғалысы қауіпсіздігі немесе көлік құралдарын пайдалану ережелеріне қарсы қылмысқа қылмыстық заңда көрсетілген қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді кіәлі түрде бұзып, көліктің бірқалыпты қызмет етуін бұзатын, соның нәтижесінде заңда көзделген зардаптар орын алуына жол беретін іс-әрекеттер жатады. 
 
Көлік қылмыстарының топтық обьектісі болып жол қозғалысы қауіпсіздігін және көлік құралдарын пайдалану ережелерін реттейтін қоғамдық қатынастар табылады. 
 
Қылмыстың тікелей обьектісі – жол қозғалысы қауіпсіздігі және көлік құралдарының нақты түрін (темір жол, су, әуе немесе автомобиль) пайдалау ережелері, ал қосымша тікелей обьектісі-кейбір құрамдар үшін адамның өмірі, денсаулығы, сондай-ақ меншігі болуы мүмкін. 
 
Қылмыстың заты – темір жол, су, әуе, автомобиль көліктері және басқа да механикалық көлік құралдары. 
 
Обьективтік жағынан алғанда ҚК-тің 12-тарауындағы қылмыстардың көпшілігі әрекет немесе әрекетсіздіктен, зардаптан және олардың арасындағы себепті байланыстардан тұрады. Тек қана екі түрлі қылмыс құрамы (305-306-баптар) құрылысы жөнінен формальдық құрамға жатады.  
 
Жол қозғалысы қауіпсіздігі және көлік құралдарын пайдалану ережелері сан қилы, үнемі өзгертіліп, жаңартылып отырылады. Бұл ережелер арнаулы заңдарда немесе заңға бағынышты нормативтік актілерде көрініс тапқан. Мұндай заңдарға - ҚР Конституциясы, ҚР жол қауіпсіздігі туралы заңы, ҚР темір жол жарғысы, Су кодексі, Әуе кодексі, ҚР жол жүру ережелері және тағы басқалар. 
 
 
Көліктегі қылмыстардың жеке құрамдары. 
 
 
Темір жол, әуе немесе су көлігі қозғалысы мен оларды пайдалану қауіпсіздігінің ережелерін бұзу (259-бап) 
 
ҚК 259-бабының 1-тармағы темір жол, әуе, теңіз немесе су жолы көлігі қозғалысы немесе атқаратын қызметіне байланысты осы ережелерді сақтауға міндетті адамның бұларды бұзуы, егер бұл әрекет абайсызда адамның денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіруге әкеп соққаны үшін жауаптылық белгіленген. Қылмыстың тікелей обьектісі – нақты көлік құралы түрінің жол қауіпсіздігі және пайдалану ережесі. Қосымша тікелей обьект-заңның диспозициясында көрсетілген зардаптың түріне байланысты-адамның денсаулығы болады. Қылмыстың заты – көліктің 4 түрі : темір жол, әуе теңіз және су көліктері 
 
Адамның денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтірудің түсінігі ҚК-тің 103,104-баптарында көрсетілген. Көлік құралдары нақты түрінің қозғалысы мен оларды пайдалану ережелерін бұзу мен орын алған зардаптың арасында себепті байланыс болған ретте ғана осы бап бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылады. 
 
Қылмыс субьективтік жағынан жол қозғалысы мен қауіпсіздік ережелерін бұзу жөнінде де және одан туындайтын зардап жөнінде де тек абайсыздықпен істеледі. 
 
Қылмыстың субьектісі арнаулы: есі дұрыс, қылмыс істеген кезде 16-ға иолған, орындайтын жұмысына немесе атқаратын қызметіне байланысты заңда көрсетілген ережелерді сақтауға міндетті адам (диспетчер, көлік капитаны, экипаж командирі, ұшқыш, көлік жүргізуші т.с.с). 
 
 
Көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы (296-бап) 
 
 
Автомобильді, троллебусты, трамвайды не басқа да механикалық көлік құралын жүргізуші адамның жол қозғалысчы немесе көлік құралдарын пайдалау ережелерін бұзуы, абайсызда адамның денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтірсе- кінәлі ҚК 296-бабының 1-тармағы бойынша жауапты болады деп белгіленген. 
 
Қылмыстың тікелей обьектісі көлік құралдарының қозғалыс және пайдалану қауіпсіздігі, қосымша обьект – жәбірленушінің денсаулығы. 
 
Қылмыстың обьективтік жағын: а) заңның диспозициясында көрсетілген көлік құралдарының жол қозғалысы және пайдалану ережелерін әрекет немесе әрекетсіздік арқылы бұзуы, б) жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзудан абайсызда адамның денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтірілуі; в) іс-әрекет пен зардаптың арасындағы себепті байланыс. 
 
Қылмыстық кодекстің 296- бабының дипозициясы бланкеттік, сондықтан да ереженің бұзылғанын анықтау үшін басқа нормативті актілерге, атап айтқанда ҚР жол қозғалысы ережелеріне жүгініп, осы нормативтік құжаттың нақты қайсы бабы, баптың қай тармағының талаптарының бұзылғанын анықтау қажет. 
 
Жол қозғалысы ережесін бұзуға жылдамдықты үдету, бағдаршамның тыйым салғанына қарамастан жолдан өту, рұқсат етілмеген жерлерде басқа көлікті басып озу, т.с.с. жатады. 
 
Пайдалану ережелерін бұзуға техникалық жағынан ақауы бар көлікпен жолға шығу, арнайы жабдықталмаған көлікпен жолаушыларды тасу, көлік құралында ерекше белгі көрсеткіштердің жоқ болуы т.с.с. жатады. 
 
 
Жол- көлік оқиғасы болған орыннан кетіп қалу (297-бап) 
 
 
Көлік құралын жүргізуші және жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзған адамның осы Кодекстің 295-бабында көзделген зардаптар болған жағдайда жолкөлік оқиғасы болған жерден кетіп қалғаны үшін жауаптылық ҚК-тің 297-бабында тікелей көрсетілген. 
 
Қылмыстың тікелей және қосымша тікелей обьектісі ҚК-тің 296- бабында көзделген қылмыстың обьектісімен бірдей.  
 
Қылмыстың заты- жол-көлік құралы. 
 
Қылмыстың обьективтік жағы - әрекетсіздіктен, соған байланысты орын алған зардаптан және олардың арасындағы себепті байланыстан тұрады. 
 
Әрекетсіздік көлік құралын жүргізуші адам жол жүру немесе көлік құралдарын пайдалану ережесін бұзған жағдайда оқиға болған жерде болып, жәбірленушіге қолдан келген көмек көрсетуге міндетті. Бірақ кінәлі адам мұндай мүмкіндіктерді жүзеге асырмай, жәбірленушіге көмек көретпей оқиға болған жерден кетіп қалып, жол жүру ережесінің талаптарын бұзады. Осыған орай оқиға болған жерден кетіп қалу деп - өмір қауіпті жағдайда қалған жәбірленушіге нақты көмек көрсетуге мүмкіндігі бола тұра, себепсізден-себепсіз көмек көрсетпестен жол-көлік оқиғасы болған жерден кетсе онда ол осы бап бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылады. 
 
 
Әдебиетер

  1.  
    Конституция Республики Казахстан
  2.  
    Уголовный кодекс Республики Казахстан
  3.  
    Постановления пленумов Верховного суда Республики Казахстан
  4.  
    Агыбаев А.Н. Қылмыстық, құқық, -А. 1997
  5.  
    Борчашвили “Комментарии к уголовному кодексу РК Қ - 1999г. 43-107 стр
  6.  
    Ашитовтер “Егемен Қазақстан құқығы” АА-1997
  7.  
    Қайржанов Е.К. Уголовное право Общая часть - Алматы,1996 ж
  8.  
    Поленов Г.Ф. Уголовное право Республики Казахстан.-Алматы 1997
  9.  
    Схемы по уголовному праву Республики Казахстан.-Алматы 1998
  10.  
    Уголовный кодекс Республики Казахстан. Общая характеристика
  11.  
    Сравнительные таблицы. Под ред. И.И Рогова. 1-вып.-Алматы,1997
  12.  
    Уголовное право Россииской Федерации. Общая часть. Под ред Б.В. Здравомыслова.-М. 1996
  13.  
    Уголовное право России. Общая часть. Под ред. А.И. Рарога. –М,1997
  14.  
    Наумов А.В. Российское уголовное право. Общая часть. Курс лекций. М. 1996 и др. Учебники по общей части уголовного права.
  15.  
    Уголовное право Казахской ССР. Общая част. – Алма-Ата, 1986
  16.  
    Комментарий к Уголовному кодексу Российской Федерации. –М. 1996
  17.  
    Комментарий к Уголовному кодексу Казахской ССР Алма-Ата 1970
  18.  
    Курс советского уголовного права. Т. 1-3. М. 1970
  19.  
    Курс советского уголовного права. Т. 1-2. Л. 1968, 1970

Информация о работе Көліктегі қылмыстар