Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Сентября 2013 в 17:03, реферат
Ғылым және технология дамудың шырқау шегіне шыққанына және адамзат бірін-бірін оңайлықпен тани алатын мүмкіншіліктерге ие болғанына қарамастан, соңғы жылдары діни экстремизм мен терроризм тақырыптарды бұқаралық ақпарат құралдарында жиі орын алуда. Хақ дін Исламды да шарпып өтетін осы мәселенің мән-жайы хақында өзімнің ойларымды былайша түсіндіргім келеді.
Исламият адам және табиғат жаратылысымен толық санасатын, адамның тумысынан пайда болған қажеттіліктерін жауыз санамайтын, оларды дұрыс һәм қажетті деп көретін нағыз орта жол. Мәселен, үйлену, жеп-ішу, жұмыс істеу, байлық тілеу, меншік жинау, араласу, ғылым іздену, тазалық, жыныси қажеттер т.т. осылардың күллісі де жұмыр басты пенденің бәріне қажетті нәрселер. Ислам жыныстық қатынасты шектемейді, не болмаса дін жолында жүрмек болғандар үйленбесін, жанұялы болмасын демейді, қайта, үйленуді, балалы-шағалы болуды, жанұя мен қоғамды сақтауды насихаттайды
ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМ
Ғылым және технология дамудың
шырқау шегіне шыққанына және адамзат
бірін-бірін оңайлықпен тани алатын
мүмкіншіліктерге ие болғанына қарамастан,
соңғы жылдары діни экстремизм мен
терроризм тақырыптарды бұқаралық
ақпарат құралдарында жиі орын алуда.
Хақ дін Исламды да шарпып өтетін
осы мәселенің мән-жайы хақында
өзімнің ойларымды былайша
Исламият адам және табиғат
жаратылысымен толық санасатын,
адамның тумысынан пайда болған
қажеттіліктерін жауыз
Түркілер кіріп-шыққан манихейшілдік,
бұддашылдық, маздак сықылды діндерде
ет жеуге, мал союға мүлдем тыйым
салынғаны белгілі. Кейін қабылданған
христиандықта болса
Маркстік фәлсәфә жеке меншікті (мүлкият) жамандық атаулының қайнар көзі деп санаған; сондықтан, меншікті құрытсақ, қоғамдағы барлық жамандықты жоямыз деп ойлаған. Бірақ, тәжрибе мұның солай болмағанын көрсетті. Үйткені, меншік сезімі адамның жаратылысында (фитрат) бар нәрсе, меншікті жою жаратылыс заңдарына қайшы келеді. Адам болмысындағы нәпсі, меншік хұқұғы болмаса да өзінің арманына жету үшін басқа қайла-шарғыларды іздейді, табады. Бұл болса қоғамда жаман қылықтардың көбеюіне, ахлақсыздыққа, құлдыраушылыққа (коррупция) апарып соқтырады. Сондықтан, Исламияттың нағыз орта жол екені, қайталап айтқанда машрұғ (шарғи, заңды) талаптардың харам саналмағаны анық болады.
Исламиятта фұндаментализм, экстремизм, терроризм деген нәрселер жоқ. Бұл Исламияттың өзегіне сәйкес келмейді, үйткені, Ислам дегеннің өзі бейбітшілік, тыныштық деген сөз. Исламның басты мұраты адамдар арасында бейбітшіліктің болғаны. Сондықтан, экстремист, террорист деп аталған топтардан діннен басқа себептерді, мақсаттарды іздеу керек. Олардың саяси, экономикалық, әскери т.т. мақсаттары, ойлары болғанын тексеру керек. Екінші мәселе, сондай саяси-экономикалық топтар туралы айтқанда не жазғанда міндетті түрде «Исламдық террористер» деген тіркеуді қосатындардың ойы бөтен. Егер, олардың мақсаты терроризмді, экстремизмді қаралау болса, онда тек террористтерді немесе экстремистерді айыптар еді олар, Ислам сықылды бәшериет (күллі адамзат) жаралғалы бері жеткен ең жоғары өркениет дәрежесіне, ең таза имандылыққа тіл тигізбес еді олар.
Террорист ұйымның мүшесі
қандай бір мұсылман елдің азаматы
болса болғаны, әлгі бұлақтар дереу
«мұсылман террористтер» дей
салады. Ал, басқа діндегі террорист
топтар туралы болғанда, олардың діні
айтылмайды да басшысының ғана аты
немесе шыққан жерінің аты, ең болмағанда
саяси көзқарасы ғана айтылады. Мәселен,
Испаниядағы «ЭТА-БАСК» тобы туралы
ешқашанда «Христиан террорист
Баск тобы» деп айтпайды олар. Солтүстік
Ирландиядағы «ИРА» ұйымы туралы
«христиан/католик террористік
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев 16.03.2000 күні Құрбан Айт мерекесіне байланысты жұбайымен Астана орталық мешітіне барғанында баспасөз өкілдеріне берген сұхбатында былай деді: «Исламның ішіндегі эктремистер деп айтылып жатқан сөз жөн емес. Ислам деген дүние жүзілік дін. Екі миллиардқа жақын халық мұсылман дініне бағынады. Сондықтан, әлгі бандиттер мен экстремистер әр дінде болып жататын жағдай. Ол екеуін біз ажыратып айтуымыз керек. Ал енді, Мұхаммед Пайғамбарымыздан қалған, діннен қалған мәселелер ондай емес, еш уақытта мұсылманның діні соғыспен, қолына қару-жарақ алып біреуді өлтіріп, заңсыздыққа барып, мемлекетке қарсы жүру деген мәселелер болмайды мұсылманда. Сондықтан, осындай нағыз таза мұсылманның, Құранның жолыменен халық жүретін болса, ол елге жақсылық әкеледі, әр адамның өзіне де жақсылық әкеледі деген сөз».
Нағыз экстремистік топтардың тауқыметін батыс елдері көруде. Соңғы жылдары АБД, Еуропа елдерінде саңырау құлақша қаптап кеткен христиан фундаменталист ұйымдары мен түрлі-түрлі секталар салдарынан мыңдаған адамдар аянышты халде қаза тапты. Мәселен, АБД-нің Калифорния уилаятындағы (штатт) Сан Диего қаласында «Ұлық бұлақ» деп аталған сектаның 39 мүшесі 26 наурыз 1997 күні өздерін улап өлтірген. 18 қараша 1978 күні Оңтүстік Америкадағы Гуяна мемлекетінің Джеймстаун (Jamestown) қаласында «Халықтың храмы» деген сектаның 912 мүшесі циан газымен өз-өзін өлтірген. Фырансаның Сен Пиер қаласындағы «Күн храмы» сектасының 16 мүшесі 23 желтоқсан 1995 күні өз-өздерін өртеп өлген. Осы сектаның Швейцарияның екі қаласындағы мансұбтары (мүшелері) 5 қазан 1994 күні өздерін өртеп өлді. Күн храмы сектасының Канададағы белсенділері де тыныш тұрған жоқ: шығыс аймақтағы Морин төбесі деп аталатын мекендегі 5 адам 4 қазан 1994 күні, ал, Сен Касмирдегі 5 адам болса 23 наурыз 1997 күні өздерін атып не өртеп өлтірген. Американың Тексас уилаятындағы Вако қалашығындағы «Давидиан» сектасына мүше 80 адамның 19 сәуір 1993 жылы өздерін өртеп өлтіргені әлем жұртшылығының әлі де есінде. Филипиндегі рұһбан (монах) Дату Мангайаның сектасының акциясында 19 қыркүйек 1985 күні 60 адам өзін улы газбен өлтірген /[1]/. Жуықта, Орталық Африкадағы бір мемлекетте католик шіркеуінің бірнеше мың мүшесі бірге жан қию рәсімін жасағаны есімізде. Мұның бәрі де адастырушылардың ісі, бейкүнә адамдарды жалған уағдалармен алдаушылық. Жалпы ел болып, осындай қауіпті секталардан сақ болуымыз, балаларымызға лайықты дәрежеде көңіл бөліп, кесірлі ағымдардың қыянаттығынан сақтауымыз керек.
Соңғы кездерi баспасөз беттерiнде,
теледидар хабарлары мен әуе
толқынындағы таралымдарда бiзге орыс
тiлi арқалы енген «фундаментализм»
(iргешiлдiк) сөзiн жиi кездестiрiп жүрміз.
Осы мағлұматтарда
Ең алдымен, мұсылмандарға
пәле болып жабысқан осы фундаментализмнің
сөздiк һәм энциклопедиялық
Фундаментализм дегенiмiз
дүниежүзiлiк әдебиеттерде бiрiншi ретi
Америкада пайда болған дiни-саяси
термин. Мен осы мақаламда
Жә, Америкада екi ғасырдан берi қарай жарияланып келе жатқан беделді «Webster’s New World Dictionary of the American Language» (Американ тiлiнiң Вебстер жаңа дүние сөздiгi), 1986 жылғы басылымы. Мұнда фундаментализмнiң екi мағынасы берiлген;
· Religious beliefs based on literal interpretation of everything in the Bible and regarded as fundamental to Christian faith and morals.
· The 20th century movement among some American Protestants, based on these beliefs.
Яғни;
· Библияның мазмұнына сөзбе-сөз һәм мүлтiксiз сенуге негiзделген және христиан руханияты мен иманының негiзi болып есептелетiн дiни нанымдар.
· Осы нанымдарға негiзделiп,
Америкадағы кейбiр
Жиһан ғалымдары дәрiптеген осы екi беделдi деректе мұсылмандарға жала болып жабылған фундаментализм сөзінiң хақиқи мағналары көрсетiлген. Демек, фундаментализм мұсылмандармен ешқандай қатынасы жоқ ұғым. Христиан әлемiнiң, әсiресе, солтүстiк Америка мен батыс Еуропа християндарының, өздерiндегi рухани шиеленiстiктер мен қақтығыстар үшiн тапқан атауларын, сондай нұқсандар мұсылмандарда да бар шығар-ау деп, жаңылыстықпен қолдануының салдарынан осы күнi кенедей жабысқан, сүлiктей сорған, осы мұхиттың аржағынан келген жаладан құтыла алмай жүрмiз!
Фундаментализмнiң отаны Американың Бiрiккен Мемлекеттерi (АБД «АҚШ»). 1993 жылғы президент сайлауында Америкадағы фундаменталист ұйымдардың үлкен әсер тигiзгені мәлiм. Ал, олардың 1996 жылғы сайлауларға да күштiрек қатысқаны байқалады. Алдымыздағы жылдары фундаменталисттердің Американың iшкi һәм сыртқы саясатында ықпалды орындарда болатыны шүбәсiз шындық.
Фундаментализм ХХ ғасырдың
бас шенiнде АБД-нің
Фундаменталист шiркеулер
жамағаттарды христиандықтың жоғарыда
аталған негiздерiне бағынуға шақырып,
сондай жағдайда ғана кедейлiктен, әлеуметтiк
қысымдар мен оның зардаптарынан
құтылатмыз деп насихаттаған. Сүйтіп,
үнемі өскен фундаменталист ұйымдар
1960 жылдары саяси қозғалыстарға
айналады. Америкада сол жылдары
фундаменталист болу үшiн протестант
мәзһәбiнiң бiр тармағы
Америкадағы фундаменталисттердiң
тұңғыш саяси дауы 1963 жылы басталған.
Сол жылы Американың Жоғарғы Соты
(American Supreme Court) мектептерде дiн сабағының
оқытылуына тиым салады. Фундаменталисттер
Америкада жаңа бiр дiн таратылады
деп, бұл қарарға қарсылық бiлдiредi.
Олардың пікірінше, Америкада таратылатын
жаңа дiннiң аты «дүниешiл гуманизм»
(Secular Humanism) едi. Фундаменталист ұйымдар
осы жаңа дiнге қарсы айқасып
келедi. 1973 жылы Жоғарғы Сот 46 уилаятта
(штатта) ғамалия (аборт) арқалы жүктi әйелдердiң
бала алдыруына рұқсат етеді, сол
себепті мемлекет пен фундаменталисттердiң
айқасы одан ары өршелене түседі. Басқа
да християн топтары фунадаменталист
болу үшiн алдымен «дiншiл» (Religionist)
болу керек деп сенгендiктен, олар
бiр дiннiң дiншiлiмiз деп
Ал ендi, Америкадағы ең белгiлi фундаменталисттер жөнiнде бiр-екi ауыз сөз айтатұғын болсақ;
1993 жылғы сайлауда Джордж
Бушқа «Християндардың
Осылардан кейiн жүз мыңға
жуық мүшесi бар екi қоғамды атауға
болады. Бұлар – Луи Шелдонның
жетекшiлiгiндегi «Дәстүрлі бағалар
одағы» (Traditional Values Coalition) және Лон Мабонның
басқаруындағы «Азаматтар бiрлiгi» (Citizen
Alliance). Сонымен қатар ғамалия арқалы
бала алдыруға қарсы күресушi «Құтқару
әрекетi» (Operation Rescue) атындағы ұйым да жоғарыда
аталған iргешiл қозғалыстарға
Бұларға қосымша ретiнде, жиһанға аты әйгiлi Американың «Time» (Тайм) апталығының 8 Мамыр 1995 күнгi санында үлкен мақалаға тақырып болған, фундаменталистiк көзқарастағы азаматтар тарапынан негiзi қаланған «Отансүйерлердiң жасақтары» атындағы белсендiлердiң заңнан тыс жасақтарын айтуға болады. Осы күнде, Американың Бiрiккен Мемлекеттерiне ең үлкен қауiп төндiрiп отырған осы iргешiл, асырашыл топтар. Атақты басылым үлкен мақаланы «Мемлекеттiң жаулары» (Enemies of State) деп атапты! Осы аса қауiптi ұйымдар қалың бұқараны қыру қимылдарына дейiн барған. Мысалы, 1995 жылы Оклохама қаласындағы бала бақшаны бомбалап, жүздеген бейкүнә сәбилер мен азаматтардың қырылуына себеп болған осы жасақтанған топтар (Алайда, қылмыскерлер ұсталғанға дейін батыс баспасөзі тек мұсылмандарды айыптаумен шұғылданған). Тайм басылымы, осы заңнан тыс қарулы топтардың негiзгi құрамын христиан фундаменталисттер, салықты сөгушiлер және Американың негiзгi заңын қорғаушылар құрайды деп тағриф қылады.