Қазақстан түрмелері табыс көзіне айналып кетпейма?

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2014 в 18:25, доклад

Краткое описание

Қазақстанның билік өкіметі қылмыстық атқару бағдарламасын дамыту системасын құптады.2015 жылға дейін сотталған адамдарды басқаша ұстау туралы жоспарлануда.
Қалмұханбет Қасымов ҚР Ішкі істер министрі айтқандай 76 түзету мекемесіның 50 апаттық жағдайда тұр.Яғни бұл бағдарламаның ең басты мәселесі шкі Істер министрі жаңа құжатарқылы түрмеде отырғандардың барлығын жеке камераға ауыстырмақ. Ол үшін құны миллиардтаған теңге болатын ондаған колония салу қажет екен сондықтан бұл іске кәсіпкерлер тартылмақшы. Халықаралық стандартқа сай алғашқы түрме Қарағандыда бой көтеруі тиіс-,дейді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

түрме.docx

— 21.50 Кб (Скачать документ)

УДК 343

Қазақстан түрмелері табыс көзіне айналып кетпейма?

Жексенбаева Г.С, Фаткулла Ә.М

(Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ)

 

Қазақстанның билік өкіметі қылмыстық  атқару бағдарламасын дамыту системасын құптады.2015 жылға дейін сотталған адамдарды басқаша ұстау туралы жоспарлануда.

Қалмұханбет Қасымов ҚР Ішкі істер министрі айтқандай 76 түзету мекемесіның 50 апаттық жағдайда тұр.Яғни бұл бағдарламаның ең басты мәселесі шкі Істер министрі жаңа құжатарқылы түрмеде отырғандардың барлығын жеке камераға ауыстырмақ. Ол үшін құны миллиардтаған теңге  болатын ондаған колония салу қажет екен сондықтан бұл іске кәсіпкерлер тартылмақшы. Халықаралық стандартқа сай алғашқы түрме Қарағандыда бой көтеруі тиіс-,дейді.Бірақ біздің қоғам бұл жаңа реформаны қалай қабалдар екен?Егерде жеке түрмелер ашылса ол жеке кәсіпкердің қолына өтсе түрмеде жазасын өтеп жатқандар қашып кетпима және қоғамды әуре сарсанға салмайма деген қоғамда ой пікірлер қалыптасуда.

Ал, жаңа түрме кәсіпкердің жеке меншігінде болады. Компания басшысы өзі салған түзету мекемесінің аумағынан шағын кәсіпорын ашып, сотталушыларды жұмысқа тартуға да құқылы. Тіпті жазасын өтеушілерге арнап әмбебап дүкен ашылып, туыстары жіберетін сәлемдемеге тыйым салынбақ. Бірақ қазіргі түрменің  жағдайына үнілетін болсақ қарнын ашады себебі түрмеге есірткі психотропты заттар түгілі ұялы телефон кіргізіліп отыр.Қысқаша айтқанда курорт сияқты болып отыр. Мүмкін бұл бағдарламаның мемлекет бюджетін үнемдеуге де пайдасы бар шығар .Қылмыскерлер бизнесменнің  моррианеткасына айналып кетпима?

Қазақстан түрмелерінде 50 мыңға жуық адам жазасын өтеп жатыр. Олардың әрқайсысына мемлекет жылына 580 мың теңге жұмсайды. Қазір Қазақстанның барлық түрмелері аузы-мұрнына дейін лық толы. Өткен жылдың өзінде 9 мыңнан астам адам сотталған. Ең қиыны істіболғандардың70пайызынанастамына сот «бас бостандығынан»айырудегенүкімшығарады.  
Қазақстанда Қылмыстық кодекстің қаталдығы сонша, сот алдына келген адамдардың 70-тен астам пайызы міндетті түрде бас бостандығына айырылады. Мейлі орташа немесе ауыр қылмыс болсын. Орташа есеппен олардың тең жартысы кем дегенде 8,5 жарым жылға түрмеге қамалады.

Биылдың өзінде сотталғандарды асырау үшін, 48 млрд. теңге бөлінді. Айына шақсаң, әр сотталғанға айына 50 мың теңге жұмсалады, мұндай ақшаға тер төгіп еңбек еткен зейнеткерлердің барлығы қол жеткізіп отырған жоқ.

Солтүстік Қазақстан облысында көршісінің 10 мың теңгеге тең мүлкін тонағаны үшін, бір әйел 3 жылға бас бостандығынан айырылған. Оны асырау үшін мемлекет 3 жылда 1 млн. 700 мың теңге жұмсады.

Заман талабына сай жазаны өтеудің басқаша түрін қарастыру керек. Қылмыстың ауырлығына сай шаралар қолдану. Мысалы, орташа және жеңіл қылмыс үшін міндетті түрде түрмеге қамамай, оның орнына электронды білезік тағу арқылы бостандығын шектеу, қоғамдық жұмыстарға тарту. Осындай тәсіл қазір әлемнің дамыған 60 елінде енгізілген. Оның үстіне түрмеде 5 жыл отырған адам қоғамда өмір сүруді мүлдем ұмытып қалады екен

Электронды білезік тағу тиімді шара болып табылады. Сол арқылы жеңіл және орташа қылмыс жасағаны үшін, түрмеде отырмайды, тек қана жүру кеңістігі шектеледі. Ол бостандықта өз отбасының жанында болып, түрмедегі криминалды ортадан алшақ бола алады.

Келешекте 2-3 камералық түрме салу жоспарда бар. Сонымен қатар, 59 түзету мекемесі күрделі жөндеуден өтеді. Бұның барлығы түрмеде ізгілік жағдайды жасау үшін бағытталған.

Қазақстандағы 100 мың адамның 316-і қамалған. Ал халықаралық стандарттар бойынша 100 мыңға небары 150 жазасын өтеуші болғанда ғана, қылмыстық түзету жүйесі әділ болып есептеледі. Форумда болашақта Қылмыстық кодекстің жаңа нұсқасы даярланып жатқаны айтылды. Келер бір-екі жылда қылмыс үшін жазаны өтеудің жаңа шаралары қарастырылатын болады. Әзірше барлығы тек қана талқылау жүзінде. Сол секілді жеңіл , ауырлығы орташа қылмыстарды абақтыға қамаумен емес, әкімшілік құқық тұрғысынан қарастыру қажет етеді.

ҚР Әділет министрі Рашид Түсіпбековтің айтуынша, осы жолы 16 187 адам бостандыққа шығады. Ең алдымен жеңіл және орташа ауыр қылмыс жасағандар: жасөспірімдер, зейнеткерлер және I, II, III топтағы мүгедектер  
еркіндік алады. Яғни, бұл бес жылға дейін бас бостандығынан айырылған, ҚР Қылмыстық кодексінің негізінен 1 және 2 бабы бойынша айыпталған азаматтар. Жалпы алғанда амнистия барлық өркениетті елдерде қарастырылған. Әсіресе, рахымшылық шарасы елдегі үлкен-үлкен оқиғалар қарсаңында жасалады. Мәселен, біздің елде ең алғаш амнистия туралы заң 1994 жыл 5 қазанда халықаралық отбасылар күніне орай қабылданды. Ал соңғы рет дәл осындай заң 2006 жылы қаңтар айында мақұлданып, сол жылы 34 мың адам бостандық алып, өз отбасыларына оралған еді. Әрине, дәл қазіргі уақытта біз үшін мұндай заңның маңызы зор. Себебі, сарапшылардың айтуынша, Қазақстанда жаппай түрмеге тоғытылып жатқандардың саны жылдам өсіп келеді. Егер статистикалық деректерге жүгінетін болсақ та осыған көз жеткізуге болады. 16 миллион халықтың ішінде 60 мың адамның түрмеде отыруы қасірет емей немене?! Екінші жағынан алып қарайтын болсақ, Қазақстанның түрмелері 60 мың адамға шақталып салынбаған.  
Тәуелсіздіктің жиырма жылдығына орай амнистия туралы заң қабылдау қажеттігі туралы сенат депутаты Ғани Қасымов осыдан біраз уақыт бұрын ұсыныс айтқан болатын. Осы ұсыныстан кейін түрмеден босатылатын адамдардың санына байланысты біраз жорамалдар жасалды. Бес мың адам шығады дедік, он үш мың адам дедік, сонымен не керек, ел тізгінін ұстаған шенділердің рахымымен биыл дәл 16 187 адам отбасына қайта оралатын болды.  
ДЕРЕК: 
Осыған дейін Қазақстанда алты рет рахымшылық туралы заң қабылданған:  
05.10.1994 – «Халықаралық отбасы күніне байланысты амнистия туралы»; 
15.06.1996 – «Қазақстан Республикасы жаңа Конституцисының бір жылдығына орай амнистия туралы»; 
13.07.1999 – «Бірлік және ұрпақ жалғастығы жылдығына байланысты амнистия туралы»; 
29.12.2000 –«Қазақстан Республикасы тәуелсіздігі туралы декларациясының он жылдығына байланысты амнистия туралы»; 
19.02.2002 – «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің он жылдығына байланысты амнистия туралы»; 
09.01.2006 – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне байланысты амнистия туралы»

Ауыр қылмыс жасағандар неге босатылмайды? 
Жалпы рахымшылыққа ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған азаматтар ілінбейді. Яғни, бес жылдан астам уақытқа қамауға алынғандардың абақтыдан аттап шығуына болмайды. Оның ішінде, әсіресе, мемлекетке қауіп төндірген, қоғамның арасына іріткі салған, кісі өлтірген адамдардың амнистия туралы армандауының өзі артық. Дегенмен, мұндай адамдардың ісін жеке қарап, олардың жағдайын түсініп, бостандыққа шығарып жатқан елдер де бар. Мәселен, биылғы жылы Тәжікстанның президенті Эмомали Рахмон тәуелсіздіктің жиырма жылдығына орай экстремистік топтарға қатысқандарға да рахымшылық жасау қажеттігін айтып қалған болатын. Әрине, біздің елде де осы сарындас идеямен шығып жатқандар жоқ емес. Тек олар Үкіметтің емес, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері. Мәселен, адам құқығының қорғалуын қадағалайтын кейбір ұйым өкілдерінің айтуынша, амнистия жазасын өтеушілердің барлығына ортақ болуы керек

Соңғы уақытта болған түрлі жарылыстар Қазақстанда дін мәселесінің ушығып тұрғанын көрсетті. Салафилер, хизбутшылар және басқа да түрлі діни ағымдар ел арасында мықтап кіріп, өздерінің «мінездерін» оқтын-оқтын көрсетіп қалып жатыр. Мамандардың сөзіне қарағанда, мұндай ұйым өкілдері өздеріне ең алдымен жағдайы болмай, жұмыс таппай қиналып жүрген адамдарды тартады екен. Ал жұмыс таппай жүргендер кім дейтін болсақ, олардың арасында, әрине, түрмеден жаңа босап шыққан адамдардың да аттары аталады. Бұған қарап, не болжауға болады? Егер рахымшылыққа іліккен 16 мыңнан астам адамның тәрбиесін қарап, жүріс-тұрысын қадағаламаса, олар аталған ұйымдардың сойылын соғып кетуі бек мүмкін. Сондықтан да мамандар оларға Ислам дінінен үгіт-насихат жұмыстарының дұрыс жүргізілуін бақылау керек деген ұсыныс айтып жатыр. Расында да, бүгінгі күні түрмелерде өздерінің идеяларын насихаттап жүрген жат пиғылды ұйымдар қаншама. Түрмеден шыққаннан кейін азаматтарымыздың сол ұйымдардың қолшақпарына айналып кетпесіне кім кепіл!? Ал енді мұндай мәселемен кім айналысуы керек деуге келсек, тағы да біраз сұрақтарға бас қатыруға тура келеді. Себебі, діни мамандар бүгінгі күні осы іспен айналысуы мүмкін дейтін діни басқарманың жұмысын қатал сынға алып отыр. Өзге құқық қорғау органдары адамдардың еркіне, діни көзқарасына, ұстанымына қол сала алмайды. Дегенмен біз діни басқарманың адамдары осыған қатысты өз ұсынысын айтады деген ойдамыз.  
Қазіргі таңда әр қала, облыстағы Қылмыстық-атқару жүйесі комитеттері жұмыспен қамту орталықтарына түрмеден босап келгендерді жұмысқа орналастыру туралы ұсыныстар жасап жатыр. Орталықтар ең алдымен мамандығы бар, қолынан іс келетін адамдарды бірінші тізімге алуда. Ал ешқандай жоғары білімі жоқ адамдар арнайы курстардан өтетін түрі бар. Дегенмен осы жерде жазасын өтеп келгендердің барлығы да қажетті қызмет тауып, еңбекке араласып кете ала ма деген заңды сұрақ туады. Олай дейтін себебіміз, бүгінгі күні елімізде осы азаматтардан бөлек жұмыс таппай, бос сенделіп жүргендер қаншама. Кейбір деректерге сүйенсек, Қазақстанда 470 мың жұмыссыз бар екен. Оған шықпа жаным шықпа деп, тек бүгінгі күнмен өмір сүріп жүрген тағы 2,5 миллион халықты қосыңыз. Олар да негізінен жұмыссыздар деп саналады. Екіншіден, шынын айту керек, Қазақстандағы қара жұмыстардың біразын Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан сынды өзге елден келген азаматтар атқарып жүр. Арзан жалақымен еңбек ететін олар еңбек нарығынан біздің азаматтарды ығыстырып жатыр. Міне, осындай жағдайда темір тордың арғы жағынан келген ағайындардың барлығы да екі қолына бір күрек тауып ала қояды дегенге сену қиын

Түйін

Қазақстан күні бүгінге дейін бостандығы шектеулі азаматтардың құқығын қорғауға қатысты бірқатар халықаралық келісімдерге қол қойған. Сол келісімдерге сәйкес, еліміз өз мойнына алған халықаралық заң талаптары бар. Осыдан соң түрмедегі тәртіптің болуы әлемдік қауымдастыққа емес, ең алдымен, өзімізге керек. Ендеше дамыған елдер әбден сыннан өткізген камералық қамау әдісін қолданысқа енгізуді жеделдету керек. Сондай-ақ халықаралық ұйымдардың жеңіл қылмыстарды әкімшілік жазамен шектеу жөніндегі ұсыныстары да орынды.

 

                                                 Әдебиеттер

  1. http://www.azattyq.org
  2. Қылмыстық атқару кодексі
  3. «Егемен Қазақстан «газеті
  4. «Айқын» газеті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Қазақстан түрмелері табыс көзіне айналып кетпейма?