Қазақстан Республикасының «адвокаттық қызмет туралы» Заңы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Апреля 2013 в 09:06, практическая работа

Краткое описание

Адам құқықтарын сипаттауға жаңа көзқарастың терең мағынасы олардың ерекше артықшылықты мәртебесі мен қорғанғандықтың жоғары дәрежесін мойындағандығында жатыр. Қазақстан Республикасы Конституциясының 12 бабында: «Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі. Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды. Заңдар мен өзге де нормативтік, құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады» - деп жазылған.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлімдер
А) Қазақстан Республикасының «адвокаттық қызмет туралы» Заңы
Ә) Адвокаттар қызметінің ұйымдық нысандары
Б) Күнделікті жазбалар
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

отчет у.docx

— 32.84 Кб (Скачать документ)

Мазмұны:

 

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлімдер

А) Қазақстан Республикасының «адвокаттық қызмет туралы» Заңы

Ә) Адвокаттар қызметінің ұйымдық нысандары

Б) Күнделікті жазбалар

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. Кіріспе

      Мен, Қуандықова Орынгүл Ғалымқызы «Тұран Астана» Университетінің заңтану мамандығының 1-курс магистранты 2013 жылдың 4 наурызынан 6 сәуір аралығында Қызылорда облыстық адвокаттар алқасында өндірістік тәжірибемді өттім. Тәжірибе жетекшім адвокат Орынбекова Бахыткүл Орынбекқызы (лицензия№ 0000629, 22.04.2006ж ).

      Қазақстан Республикасындағы адвокатура адамның өз құқықтарын, бостандықтарын сотта қорғауға және бiлiктi заң көмегiн алуға мемлекет кепiлдiк берген және Қазақстан Республикасының Конституциясымен баянды етiлген құқығын жүзеге асыруға жәрдемдесуге арналған. Адвокатура қылмыстық iстер бойынша қорғау, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша, сондай-ақ қылмыстық және азаматтық iстер мен әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша өкiлдiк ету, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау мен iске асыруға жәрдемдесу мақсатында заң көмегiнiң өзге де түрлерiн көрсету жөнiндегi адвокаттардың қызметiн ұйымдастырады.  Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының адвокаттық қызметтi реттейтiн өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.  Адвокаттар алқасын адвокаттық қызметпен айналысуға құқығы бар адамдар құрады. Адвокаттар алқасы жеке және заңды тұлғаларға бiлiктi заң көмегiн көрсету үшiн, адвокаттардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бiлдiру және қорғау үшiн, Заңда белгiленген өзге де мiндеттердi орындау үшiн құрылатын адвокаттардың коммерциялық емес, кәсiби, өзiн-өзi басқаратын және өзiн-өзi қаржыландыратын ұйымы болып табылады. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында адвокаттардың бiр ғана алқасы құрылып, жұмыс iстеуi мүмкiн, оның басқа облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында өзiнiң құрылымдық бөлiмшелерiн (филиалдары мен өкiлдiктерiн) құруға құқығы жоқ.

       Қазақстан  Республикасы Конституциясында  адамның құқықтары ең жоғарғы  құндылықтар деп жарияланған  және Конституция мәтіні осы  фактіні жариялаумен басталады.  Жалпы, құқықтық мемлекет жөнінде  азаматтардың санасын қалыптастырмай, олардың қоғам мен мемлекет  алдындағы міндеттерін жете түсіндірмей,  оны түбегейлі орнату мүмкін  емес.

Заңның дұрыс орындалуын қамтамасыз ететін, азаматтарының құқықтары мен міндеттерінің кепілі болатын мемлекетті қалыптастыру- құқықтық мемлекетті орнату болып табылады.

 Ал құқықтық мемлекет  дегеніміз – жеке адам және  қоғам мүддесін қорғайтын, заң  үстемдігі мен құқық принциптеріне  негізделген мемлекет. Құқықтық  мемлекетті қалыптастыруда қабылданып  жатқан заңдар жоғары талапқа  сай болуы керек. Заңның үстемдік  етілуі міндетті түрде. Құқықтық  мемлекетте азаматтардың бірде  - бір құқықтары мен бостандықтары  бұзылмауы тиіс және заңдарда  көрсетілген талаптардың, міндеттердің, құқықтардың жүзеге асырылуын  мемлекет қамтамасыз етуі қажет.  Шынайы құқықтық мемлекет құру  үшін қоғамдық өмірдегі әр  салаға заңның күші бірдей  дәрежеде әрекет етуі тиіс, әсіресе,  ол ең алдымен биліктің бөлінуі  барысында пайда болған заң  шығарушы, сот және атқарушы билікті  жүзеге асыратын органдар үшін  міндетті қағида. Тек осы жағдайда  ғана азаматтардың құқықтары  мен бостандықтары еш шүбәсіз  қамтамасыз етілмек. Біздің мемлекетімізде  құқықтық мемлекетке тән негізгі  принциптер Ата заңымызда нақты  көрсетілген.

Мемлекет пен оның құрылымдарының қызметін жетілдіру, адам құқықтары  мен бостандықтарын қорғау, азаматтардың лайықты өмір сүруін қамтамасыз ету  құқықтық мемлекеттің дамуының басты  міндеттері болып табылады. Құқықтық мемлекет кұру, азаматтық қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз ету - заңдылыққа негізделген, адам құқықтарын қорғауға бағдарланған мемлекеттің ролін  күшейтуді талап етеді. Осыған байланысты барлық мемлекеттік аппарат қызметінің қағидасын іске асырушы әрбір  мемлекеттік органның ролін, оның міндеттері мен қызметтерін талдаудың қажеттілігі  туындайды.

Құқықтық мемлекеттің  дамуы биліктің адам құқықтары мен  бостандықтарын тек мойындауын ғана емес, сонымен бірге оларды іске асыратын және қорғайтын шын мәнісінде  әрекетті мемлекеттік механизмнің  болуын қарастырады.

Адам құқықтарын сипаттауға жаңа көзқарастың терең мағынасы олардың ерекше артықшылықты мәртебесі  мен қорғанғандықтың жоғары дәрежесін  мойындағандығында жатыр. Қазақстан  Республикасы Конституциясының 12 бабында: «Қазақстан Республикасында Конституцияға  сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары  танылады және оларға кепілдік беріледі. Адам құқықтары мен бостандықтары  әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан  ешкім айыра алмайды. Заңдар мен өзге де нормативтік, құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады» - деп жазылған.

ІІ. Негізгі бөлімдер

А)Қазақстан Республикасының «адвокаттық қызмет туралы» Заңы

 1995 жылы Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылдануы барлық  қолданыстағы заңдарды реформалау қажеттігін туғызды, бұған, атап айтқанда,1997-жылғы5-желтоқсандаҚазақстанРеспубликасының"Адвокаттық қызмет туралы" Заңының қабылдануын дəлел ретінде тілге тиек етуге болады. Адвокатура жағдайы мен адвокаттың құқықтық мəртебесінің əртүрлі мемлекеттерде бірдей еместігі белгілі. Бұл тек қоғамда, елде жəне заңнамада қандай құқықтық режим жəне тұлғалардың жағдайы, олардың құқықтары мен бостандықтарының қандай күйде екендігіне ғана емес, сондай-ақ мемлекеттің құқықтық жүйесі мен ұлттық дəстүрлерге жəне оның экономикасына да байланысты. Адвокатура туралы заңнамада болған өзгерістер адвокатура қызметін жетілдіру мəселелеріне байланысты қазіргі жағдайдағы адвокатура қызметіне өзге көзқарасты талап етті; нақтырақ айтқанда: адвокаттың сот ісіне қатысуы кезінде туындаған мəселелерді

толық жəне жан-жақты зерттеу; ҚР заңнамасына толықтырулар мен өзгерістер еңгізу бойынша даярлық; заң көмегінің төлемі мен республикалық бюджет қаражаты есебінен қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығындарды өтеу жəне т.б. Қазіргі уақытта адвокатура қызметін тəртіптейтін негізгі заң жоғарыда аталған арнайы заң болып табылады, онда адвокаттық қызметтің тəртібі мен мазмұнын жəне осылардан туындайтын құқық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар біріктіріліп

жүйеленген.

     Бұл заң ҚР Конституциясы мен құқықтық реформалардың Мемлекеттік

бағдарламасына сəйкес қабылданды. Онда Конституция негізінде қабылданған нормативтік құқықтық актілердің ережелері; бұның алдында жинақталған практикалық тəжірибе; жетекші қазақстандық жəне шетелдік ғалымдардың еңбектері ескерілді.

Адвокатура қызметінің негігі бағыттары:

♦ жеке адамның өз құқықтарын, бостандықтарын сотта қорғауға жəне білікті заң көмегін алуга мемлекет кепілдік берген жəне Қазақстан Республикасы Конституциясымен баянды етілген құқығын жүзеге асыруға жəрдемдесу;

♦ қылмыстық істер бойынша  қорғауды, азаматық, əкімшілік жəне өзге істер

бойынша өкілдік етуді  жүзеге асыру жөніндегі адвокаттардың  қызметін ұйымдастыру;

♦ заңдарда тыйым салынбаған заң көмегінің өзге де түрлерін көрсету.

Осыған сəйкес адвокатура қызметі:

1) адвокаттардың өз қызметін жүзеге асыру кезіндегі тəуелсіздігі;

2) адвокаттық қызметті  заңдарда тыйым салынбаған əдістермен  жəне құралдармен

жүзеге асыру;

3) заң актілерінде тікелей  көзделген жағдайларды қоспағанда, прокуратура, соттар,

анықтау жəне алдын-ала тергеу органдары, басқа мемлекеттік органдар, өзге ұйымдар мен лауазымды адамдар тарапынан адвокаттардың қызметіне араласуға жол бермеу;

4) кəсіби мінез-құлық нормаларын жəне адвокаттық құпияны сақтау принциптеріне негізделеді.

Алғаш рет нақты "адвокат" түсінігі беріледі, бұрын қолданылған адвокатура

туралы Ереже мен Қазақ  ССР ҚЖК-да "қорғаушы" терминіне  қоғамдық, сондай-ақ кəсіби қорғаушылар қатар телінді.

Енгізілді жəне қарастырылды:

♦ адвокаттың кəсіби мінез-құлқының нормалары (16 бап);

♦ адвокаттық қызметтің  кепілдіктері (бұрын қолданылған Ережеде тек адвокаттың құқықтары мен міндеттері ғана қарастырылды, ал адвокатқа берілген құқықтарды қамтамасыз ету механизмі (тегершігі) болған жоқ, енді 17-бапқа сəйкес бірқатар кепілдіктер қарастырылды: мысалы, 2-тармақта адвокатты ол заң көмегін көрсетіп отырған адаммен теңдестіруге тыйым салынады, бұрынғы қылмыстық сот ісінде тергеушілер адвокатқа көп жағдайда ол қорғайтын адаммен бір қарады, ал 8-тармақ

анықтау жəне алдын ала  органдарын қылмыстық іс жүргізу заңында көзделген жағдайларда адвокатпен келісілген мерзімде тергеу жəне өзге іс жүргізу əрекеттеріне оның қатысуы қажеттігі туралы хабарлауға міндеттейді, бұл болжанған тергеу əрекеттерін жүргізу туралы адвокаттқа кейде тіпті оның бастардан бір сағат бұрын ғана хабарлайтын жағымсыз практиканы тоқтатты, оның нəтижесінде нақты іс бойынша қорғау жəне т.б.

формалды түрде болатын) адвокаттың тек қана өзі үшін ғана емес, сондай-ақ адвокат көмегін пайдалану мүмкіндігін алгған клиент үшін де;

♦ адвокаттық құпия (18 бап);

♦ адвокаттың өз қызметін заңды тұлғаны тіркемей-ақ жеке дара жүзеге асыруы (19бап) жəне т.б. Заң мазмұнын құрайтын бүкіл нормативтік материал 4- тарау мен 34-бапқа (баптар__ өз кезегінде, тараудан, тармақ пен тармақшадан тұрады, бұл нормативтік құқықтықактінің құрылымына сəйкес келеді) мына ретпен жүйеленген:

♦ жалпы ережелер;

♦ адвокаттың мəртебесі;

♦ адвокаттық қызметті ұйымдастыру;

♦ қорытынды жəне өтпелі ережелер.

Алайда қолданыстағы Заң  өзінің бүкіл маңыздылығына қарамастан əрі қарай

жетілдіруді қажет етеді. Ол тек ұйымдық мəселелерге ғана емес, сондай-ақ жалпы заңдық базаның жетілмеуімен де байланысты, атап айтқанда, адвокаттың; анықтау, тергеу, прокуратура жəне сот органдарымен өзара қатынас тəртібін дəлме-дəл жəне анық құқықтық реттелуі жоқ. Халықаралық ынымақтастық саласында ҚР Адвокаттары одағының құқықтық мəртебесі мен жағдайы анықталмаған жəне т.б.

 

 

Ә) Адвокаттар қызметінің ұйымдық  нысандары

     Адвокатураның негізгі ұйымдық-құқықтық нысаны адвокаттар алқасы болып табылады. 1997-жыліы 5- желтоқсандағы Қазақстан Республикасының "Адвокаттық қызмет туралы" Заңының 20-бабына сəйкес адвокаттар алқасы жеке жəне заңды тұлғаларға білікті заң көмегін көрсету үшін, адвокаттардың құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру жəне қорғау үшін, осы Заңда белгіленген өзге де міндеттерді орындау үшін құрылатын адвокаттардың коммерциялық емес, кəсіби, өзін-өзі басқаратын жəне өзін-өзі қаржыландыратын ұйымы болып табылады.

    Адвокаттар алқасы коммерциялық емес, өйткені ол мүшелікке негізделген, негізгі мақсаты ретінде кіріс алмайтын жəне өз мүшелері (құрылтайшылары) арасында алынған таза табысты бөліспейтін жəне адвокаттар қорғауақысының аударымдары есебінен ұсталатын ұйым. Алайда адвокаттар алқасы коммерциялық ұйым емес ретінде кəсіпкерлік қызметпен шұғылдана алады, өйткені бұл оның жарғылық мақсаттарына сай келеді         Адвокаттар алқасы заңды тұлға болып табылады, оның қызметі онда осы ұйымның құқықтық жағдайын реттейтін тəртіптер жиыны белгіленеді. Коммерциялық емес ұйымның кез-келген Жарғысы сияқты ол мыналарды қарастыруға тиіс:

1) адвокаттар алқасының  атауы, қызметінің мəні мен  мақсаты;

2) адвокаттар алқасының  орналасқан жері;

3) адвокаттар алқасының  құрылымы, оның органдарын құру  тəртібі жəне құзыреті;

4) адвокаттар алқасы мүшелерінің  құқықтары мен міндеттері;

5) адвокаттар алқасына  мүшелікке қабылдау жəне одан  шығару тəртібі мен

шарттары;

6) адвокаттар алқасы мүлігінің  құралу негіздері;

7) адвокаттар алқасының  Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар  енгізу тəртібі;

8) адвокаттар алқасының қызметін қайта ұйымдастыру жəне тоқтату шарттары;

9) адвокаттар алқасы тараған жағдайда мүлікті пайдалану тəртібі;

10) адвокаттар алқасы бөлімшелері мен өкілдіктері туралы мəліметтер.

жүргізіледі. Ол Жалпы жиналыстың шешімі бойынша, сондай-ақ заңда көзделген жағдайларда сот органдары арқылы жүргізіледі. Адвокаттар алқасы қайта пайда болған алқаны мемлекеттік тіркелген сəттен бастап қосылу нысанындағы қайта ұйымдастыру жағдайларын қоспағанда, қайта ұйымдастырылған болып саналады.

     Адвокаттар алқасы ерікті (Жалпы жиналыстың шешімі бойынша) жəне ҚР

Азаматтық Кодексінде, Қазақстан  Республикасының "Коммерциялық емес ұйымдар__ туралы" заңында жəне өзге заң актілерінде көзделген негіздер мен тəртіптер бойынша мəжбүрлі таратылуы (сот шешімі бойынша) мүмкін. Жалпы жиналыстың шешімі бойынша тарату кезінде тарату комиссиясы тағайындалады, оған алқа мүлігі мен ісін басқару жөніндегі өкілеттік көшеді жəне ол ҚР Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" заңына сəйкес тарату тəртібі

мен мерзімін белгілейді.

    Адвокаттар алқасын тарату кезінде кредиторлар талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік өзге адвокаттар алқасына немесе осындай мақсаттарды ұстанатын ҚР Адвокаттар одағына берілуі мүмкін.     Адвокаттар алқасы барлық қоғамдық ұйымдар үшін ортақ ұйымдық принциптер негізінде, алайда адвокатураға тəн жəне оның міндеттерінен туындаған ерекшеліктерді ескере отырып құрылады.

    Осы принциптердің негізгі сипаттамасы демократиялық болып табылады, ол сондай-ақ адвокатураны ұйымдастыруда жəне қызметінде көрінеді. Олар:

Информация о работе Қазақстан Республикасының «адвокаттық қызмет туралы» Заңы