Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Сентября 2012 в 07:38, реферат
Жедел іздестіру қызметінің ғылым саласы ретіндегі негізгі мақсаты – қылмыстың алдын алуға, қылмысты ашуға және тергеуге, жасырынып жүрген қылмыскерлерді іздестіру сияқт жұмыстарды жүргізетін құқық қорғау органдарының қызметін ғылыми ұсыныстармен қамтамасыз ету және қажетті мамандар даярлау болып табылады. Бұл мақсат «Жедел іздестіру қызметі» курсының заң ғылымдарының ішіндегі орнын анықтап береді. Оның тәжірибеде қолданбалы екенін және өзіне тән міндеттері бар екенін анықтап береді. Ол міндеттердің бірі – қылмысты ашу, тергеу және қылмыстың алдын алу, қылмыскерлерді іздестіру сияқты мақсаттарды тиімді шешуге қажетті мамндар әзірлеу болып табылады.
Қортынды
Соңынан пайдаланған әдебиеттер тізімі көрсетілуі міндетті. Сондай-ақ өзіндік жұмыс пен бақылау жұмысының соңында прокурорлық наразылықты жазу керек.
Жедел іздестіру қызметі»пәні бойынша студенттердің өзіндік зерттеу
жұмыстарының тақырыптары:
1. Жедел іздестіру қызметінің тарихи түсінігі.
2. Жедел іздестіру қызметінің міндеттері.
3. Жедел іздестіру қызметі кезіндегі шектеулер.
4. Жедел іздестіру қызметінің құқықтық негіздері.
5. жедел іздестіру қызметінің қағидалары.
6. Жедел іздестіру қызметін жүзеге асыру барысында заңдылықты сақтаудың құқықтық кепілі.
7. Жедел іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдар. 8. Жедел іздестіру қызмет нәтижелерін қылмыстық іс жүргізу шеңберінен тыс қолдану тәртібі.
9. Жедел іздестіру қызметін және қылмыстық процессуалдық қызмет түсініктері арасындағы қарым-қатынас мәселелері.
10. Жедел іздестіру қызметін жүргізуші органдардың құқықтары.
11. Жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы Қазақстан Республикасының органдарының өзара қарым-қатынасы.
12. Жедел іздестіру қызметінің контрбарлаушы бағыттары (барлауға қарсы).
13. Жедел іздестіру қызметін қылмысты іздеу бағыттары.
14. Жедел іздестіру қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының органдары мен Халықаралық құқық қорғау органдарымен өзара қарым-қатынасы.
15. Жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы тұлғалар.
16. Жедел іздестіру қызметін жүзеге асыру кезіндегі конфиденциалдық көмек көрсетуші тұлғалар.
17. Жедел іздестіру қызметін жүзеге асыру кезінде жасырын қарым-қатынасқа тарту барысында туындайтын қатынастар.
18. Конфиденциалдық қарым-қатынас кезінде кейбір психологиялық аспектілер.
19. Жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдармен байланыста болу.
20. Жедел іздестіру қызметін жүзеге асыру кезінде қатысушы органдар қызметкерлерін құқықтық және әлеуметтік қорғаудың құқықтық негіздері.
21. Жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдарға конфиденциалдық көмек көрсететін тұлғаларды құқықтық және әлеуметтік қорғау.
22. Жедел іздестіру шараларын жүргізу негіздері.
23. Жедел іздестіру шараларының түсінігі.
24. Жедел іздестіру шараларының мазмұны мен түрлері.
25. Арнайы жедел іздестіру шаралары.
26. Жедел іздестіру қызметінің субъектілерінің жедел іздестіру шараларын жүзеге асыру кезіндегі құзіреті.
Консультациялық жұмыс:
Оқытушының студенттермен өзіндік консультация уақыты кесте бойынша өткізіледі. Бұл уақыттарды пайдалана отырып, оқытушы лекциялық және практикалық сабақтарда өтілген тапсырмаларды тереңдетіп түсіндіруге және консультация уақытында әрбір студенттерден берілген тапсырмаларды сұрауға оқытушының құқығы бар.
Топтық тапсырма орындау:
Семестр барысында оқу топтары шағын топтарға бөлінеді. Әрбір шағын топ оқулықтың тарауындағы және өз топтары бойынша таңдалған бір материалды сызба, кесте, сурет немесе т.б. өзіндік жұмыс тапсырмалары бойынша реферат түрінде конспектілеп, ауызша баяндау түрінде жүргізеді. Белсенділік көрсеткен студенттерге баға қойылады.
БАҚ-на сүйеніп, жеке-дара ақпараттық хабарлама жасау:
Әрбір студент мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған қысқа мақала бойынша 5 минуттық хабарлама жасауы қажет. (Егемен Қазақстан, Заң, Құқықтық Қазақстан газеттер; Заң, Заң және Заман, Тура би, Фемида журналдары және т.б.).
Баспасөз беттерінде жарияланған мақалаларға талдау жасалынып, баға берілуі тиіс, ақпараттық хабарламаға балл қойылады. Бұл үй тапсырмасы ретінде қосымша беріледі.
Бақылау жұмысы:
Бақылау жұмысы жасалынған жеке жоспар бойынша зерттеудің өзіндік мақсатына сай жеке-дара орындалады. Жеке жұмыстың мазмұны мен көркемділігіне төмендегідей талаптар қойылады:
1. Бақылау жұмысын орындаудың міндетті шарты тәжірибелік материалдарды пайдалану, тақырыптың мәнін ашу.
2. Бақылау жұмысының мазмұны, оның жоспарына сай болып, тақырыптың мәнін ашу қажет.
3. Бірінші тарау зерттеудің негіздемесін айқындауға арналған теоретикалық мазмұнды болуы қажет. Онда проблема мақсаты мен міндеті және зертеудің әдістемесі айқындалуы қажет. Теориялық сұрақтарды баяндау әдебиеттерге шолу сипатында болады. Мәні және көлемі жөнінен негізгі болып табылатын екінші тәжірибелік бөлімде зерттеуге талдау жасалынып, баға беріледі. Үшінші бөлімге ұсыныстар, қорытынды пікірлер жасалады.
4. Бақылау жұмысында кесте, сызба, диаграммалар қолданылады.
5. Алғашқы бетіне оқу орнының аты, тақырыбы, студенттің ат-жөні, мерзімі жазылады.
6. Бақылау жұмысында келтірілген дәйек сөздер мен сандық мәліметтерге пайдаланылған әдебиеттер тізімі жасалады.
7. Бақылау жұмысы сауатты, таза, анық жазылуы тиіс.
8. Бақылау жұмысының соңында әдебиеттер тізімі жасалады.
9. Бақылау жұмысы белгіленген мерзімде орындалып, өткізілуі тиіс.
10. Кешіктірілген бақылау жұмысының бағасы төмендетіледі.
Курстың жүргізілу барысы.
1. Дәрісханалық уақыт лекция, оқылған материалдарды талдаудан және әртүрлі жазба жұмыстарының орындаудан құралады. Нгізгі ұғымдарға әр лекция барыснда түсініктер беріліп отырады. Лекция барысында берілген түсініктің ұғымын меңгеру әрбір студенттің міндеті.
2. Әрбір сабақтың барысында өтілген лекция мазмұнының негізгі түсініктері жұмыстарын орындап отыруы тиіс.
3. Студенттер әрбір сабақта болатын материалдық талдауларға белсенді қатысуға тиіс. Белсенділік сабақтастығы сапалы жауап берумен тығыз байланысты. Жеке шығып жауап беруге және топтық пікірлер жасауға болады.
4. Студенттер әрбір сабаққа негізгі және қосымша әдебиеттер, сондай-ақ нормативтік-құқықтық актілер тізімі бойынша дайындалады. Ол үшін студент кітапханадағы оқу залында немесе оқулықты жаздырып үйде дайындалуына болады.
5. Берілген тапсырма, реферат тақырыптары бойынша студенттер 10 минт жауап береді. Жауап беру барысында кесте, сызба, норматиытік-құқытық актілер, әдебиеттер және көрнекі құралдар пайдалануға болады.
6. Тыңдаушылар, яғни студенттер түсінбеген мәселер бойынша оқытушыдан қосымша кеңес алуына болады.
Лекция алған білімдерін бекіту, жетілдірі, материалдық ойлау қабілетін дамыту мақсатында сабақтарда әртүрлі өткізуге болады.
- Сұрақ-жауап;
- Проблемалық;
- Баяндау;
- Пікір алмасу;
- Дебат түрінде.
Қойылатын талаптар:
1. Курс келесі жұмыстарды қатиды:
- бақылау жұмысы
- кейстер, ынталандыру материалдарын өз бетінше талдау
- жеке жоба 20-25 беттен тұратын зерттеу жұмысы
- білім алушылардың сабақтағы белесенділігі
- аралық тест
2. Жазбаша жұмысты бағалау белгілері:
- өзектілігі
- таңдалған тақырыпқа сәйкестігі
- зерттеулерге және кітап басылымдарына сілтемелер
- талдаудың кең ауқымдылығы
- мазмұндау стилі
- көрнекілігі
3. Білім алушының дәрісханадағы: -
1. Сабаққа белсенді араласуы
2. Реферат және өзіндік жұмыстарды уақытылы жазып, тапсыру
3. Ақапараттық хабарлама жасау
4. Пән бойынша тақырымтарға сәйкес материалдар жинақтау
5. Аралық бақылау тапсыру.
6. Қорытынды бақылау ретінде емтихан тапсыру.
Кредит бойынша бағалау кестесі
| Апталар | Балл % | 1 кредит | 2 кредит | Барлығы | |||||||||||||||
|
| |||||||||||||||||||
|
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
| |||
| Бақылау түрі |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
| ||
1 | Бақылау жұмысы | 2,5 |
|
|
|
|
| * |
|
|
|
|
| * |
|
|
| 5 | ||
2 | Презентация | 2,5 |
|
|
|
|
|
| * |
|
|
|
|
| * |
|
| 5 | ||
3 | Сабақтағы белсенділік | 0,5 | * | * | * | * | * | * | * | * | * | * | * | * | * | * | * | 7,5 | ||
4 | Сабаққа қатысу | 1 | * | * | * | * | * | * | * | * | * | * | * | * | * | * | * | 15 | ||
5 | Коллоквиум | 3,75 |
|
|
|
|
| * |
|
|
|
|
|
|
| * |
| 7,5 | ||
6 | Аралық тест | 10 |
|
|
|
|
|
|
|
| * |
|
|
|
|
| * | 20 | ||
7 | Қорыт. тест |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
| * | 40 | ||
| БАРЛЫҒЫ |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
| 100 |
Пәнді оқу барысынгда аралық бақылау өткізіледі:
* 1 аралық бақылау 9 апатадан (сабақтан тыс уақытта)
* 2 аралық бақылау 15 аптадан (сабақ тыс уақытта)
Оқу семестрінің соңында емтихан түріндегі қорытынды бақылау (емтихан) өткізу арқылы студенттердің білімі қорытындыланады.
Бағалау әріптік – баллдық жүйе бойынша жүргізіледі:
Әріптік жүйе бойынша бағалар | Баллдар | %-тік мазмұны | Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар |
А | 4.0 | 95-100 |
Өте жақсы |
А – | 3.67 | 90-94 | |
В + | 3.33 | 85-89 |
Жақсы
|
В | 3.0 | 80-84 | |
В – | 2.67 | 75-79 | |
С + | 2.33 | 70-74 | Қанағаттанарлық |
С | 2.0 | 65-69 | |
С – | 1.67 | 60-64 | |
Д + | 1.33 | 55-59 | |
Д | 1.0 | 50-54 | |
Ғ | 0 | 0-49 | Қанағаттанарлықсыз |
Лекция өтетін орын: бас оқу ғимараты
Уақыты:
Лектор: Қошманов М.А.