Адам өлтіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Мая 2013 в 21:47, курсовая работа

Краткое описание

Ата заңымызға сәйкес әркімнің өмір сүру құқығы бар. Ешкімнің де адамды өмірінен айыруға құқығы жоқ. Адамға қарсы жасаланатын қылмыстардың ең қауіптісі адам өлтіру. Кез-келген мемлекет адамның өмірін, денсаулығын және олардың құқықтары, бостандықтары және заңды мүдделерін қорғауды өзінің басым міндеттері ретінде қояды. Осы функция әртүрлі құқықтық нормалармен, соның ішінде қылмыстық нормалармен де жүзеге асырылады. Жеке адамға қарсы қылмыстар Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімін ашып бастайды,осы бөлімнің бірінші тарауы болып танылады, және де алғашқы баптар адам өлтіруден басталады.

Содержание

КІРІСПЕ 3
I тарау. Адам өлтірудің қылмыстық құқықтық сипаттамасы. 4
1. Адам өлтірудің ұғымы. 4
2. Адам өлтірудің объективті белгілері. 5
3. Адам өлтірудің объективтік жағы. 6
4. Адам өлтіру субъектісі. 7
5. Адам өлтірудің субъективтік жағы. 8
6. Ауырлататын жағдайда адам өлтіру (ҚК 96-бабы 2- бөлігі) 11
Қорытынды 24
Қолданылған әдебиеттер 25

Прикрепленные файлы: 1 файл

pravo_kurs_8.doc

— 421.00 Кб (Скачать документ)

Адам өлтірудің осы  түрі жеңілдететін жағдайлар барысында  адам өлтіруге жатқызылған, бұл кінәлінің ерекше эмоциялық жағдайымен - жан күйзелісімен байланысты, бұл психиатриясында және психологиясында физиологиялық аффект деп аталады. Қылмыстық кодекстің 98 бабында көзделген жан күйзелісі жағдайында адам өлтіру екі бөліктен тұрады. Бірінші бөлігінде жәбірленушінің әрекеті нақтыланады, олар жан күйзелісі жағдайын тудыруы мүмкін. Оған жататындар жәбірленушінің осындай әрекеттері: зорлық және зомбылық, қорлау, ауыр балағаттау немесе басқа да заңға қарсы немесе беймаралды әрекет (әрекетсіздік) ұзақ психожарақат жағдайын өзінің құқыққа қайшы беймаралды іс-әрекетімен құру.

Осы баптың 2 бөлігінде  жан күйзелісі жағдайында екі  немесе одан да көп адамды өлтіргендігі үшін жауаптылық белгіленген.

Жан күйзелісін физиологиялық  аффект  деп атайды, ол мәжбүрлі айқын  көріністі, төтенше тітіркену әсер ететін жауапты тудыратын қысқа уақыттық эмоцияны білдіреді. Физиолоиялық аффекттен паталогиялық аффектіні ажырата білу қажет, ол психикалық бұзылудың бір түрі болып табылады. Есі-дұрыстықты жоққа шығарады, тиісінше қылмыстық жауаптылық және жазаланушылық  жоққа шығарылады, ол физиологиялық аффект керісінше есі-дұрыстықты жоққа шығармайды, өйткені ең күшті аффектілі жолында «адам өзін-өзі ұстай алады».

Зорлық-адамға қара күштің көмегімен денесіне әсер немесе ауруды, дене жарақаттарын келтіруге қабілеті қарудың немесе процестің көмегімен жүзеге асырылады. Ол кінәліге психикалық қысыс көрсету арқылы да көрініс береді. Қорлау және ауыр балағаттау – бұл адамның қадір және қасиетін төмендетудің терең және шектеулі деңгейімен байланысты, бұл өзінің нысаны бойынша төтенше өрескел болады. Осы жерде қорлау ұзаққа созылатын сипатқа ие болуы мүмкін. Ауыр балағаттаудан туындаған адам өлтіру кезінде аффектілі жағдайдың болуы немесе болмауын анықтау үшін қорлауды келтірудің дәрежесі маңызға ие, ең алдымен кез-келген қорлауды ауыр дәрежеде жасалған және адам өлтіруге келсе. Ауыр балағаттау шектеулі цинизммен, адамның қадірімен қасиетін төмендетумен сипатталады.

Қорлаудың аукырлығын анықтау  барысында адам өлтіруді жасаған  кінәлінің жекелеген ерекшеліктері ескерілмеуі мүмкін емес. Мысалы, осындай ерекшеліктерге әйелдің жүктілігі, осының барысында психикасының жоғары қозушылығы байқалады.

Жан күйзелісі жағдайында жасалған адам өлтіруді қылмыстық кодекстің 98-бабымен мына жағдайларда саралауға болады, қатты жан күйзелісі жәбірленушінің тарапынан заңға қайшы әрекеттерімен шақырылуы мүмкін.

Егер адам билік өкілден  және басқа да азаматтардың заңды  әрекеттерінің нәтижесінде осындай  толғанысы жағдайға келсе, онда жан  толғанысы қандай жоғары болмасын осы бапты қолдану жоққа шығарылады. Осы жағдайда қатты жан толғанысының пайда болғандығын кенеттен болғандығын және Қылмыстық кодекстің 98 бабын саралануға жағатын адам өлтірудің ниетін айта кету қажет. Адам өлтіру үшін сипатты болып пайда тек болудың кенеттен еместігі ғана емес, сонымен бірге қылмыстық әрекеттердің қасақаналығын орындауға бірден келтіруге де жатады. Жан күйзелісі жағдайында өзінің қызметтік міндеттерін орындауы барсында адамды өлтіруін Қылмыстық кодекстің 98 бабымен саралануы тиіс.

Осы қылмысты қажетті қорғаныс шегінен шығу барысында жасалған адам өлтіруден ажырату қажет. Жәбірленушінің тарапынан зорлық әрекетпен шақырылған жан күйзелігі жағдайында адам өлтіруде, сонымен бірге кінәлінің тарапынан кенеттен пайда болған туындаған құқыққа қайшылық болып шығады.

Қажетті қорғаныс шегінен шығу барысында  адам өлтіру ( ҚР ҚК 99 бабы).

Шабуылды тойтару барысында  шабуылдаушыға–өлім келтіру қылмыс болып танылады, егер қажетті қорғанысы  шегінен аспаса, бірақта қылмыстық  жауаптылықты көздейді, бірақта оны жеңілдетеді.

Қажетті қорғаныс шегінен  шығып адам өлтіру деп қолсұғушылықтың  қоғамға қауіптіліген сипаты және дәрежесіне нақты сәйкес келмеуі танылады, осының нәтижесінде қолсұғушыға жағдаймен  келтірілген нақты тура зиян келтіріледі (КК 32 бабы 3 бөлігі) бұл кінәлі өзінің құқықтарын және заңды мүдделерін қорғай отыра мемлекетке, қоғамның мүддесіне, басқа да адамдардың құқығын қоғамға қауіпті қолсұғушылықтан қорғай отыра шабуылдаушының өмірін қажеттіліктерсіз айырады (мысалы, ұрлықты жасаған адамды өлтіру, қарулы емес бұзақыны басқаға атылатын қарумен өлім келтіру және басқалар).

Қажетті қорғаныс шегінен  шығу оның дер кезі емес уақытысында  орын алады, егер қылмыстық қолсұғушығында жұмыс істесе, сондықтан жәбірленуші  немесе басқалардың осыған құқығы болса, қылмыскер шабуыл жасауды тоқтатты дейміз. Қауіптілік жойылады немесе қылмыстық нәтиже толықтай жүзеге асырылған деп танылса. Осы жағдайларда белгілі бір шарттарда қажетті қорғаныстың шегінен шығу жөнінде айтуға болады. Неғұрлым  пікірлі сенімді позиция анықталған, осыған сәйкес қажетті қорғаныс шегініс шығу барысында адам өлтіру – барлық жағдайда қасақана адам өлтіру деп саналады, қасақаналық тікелей және жанама да болуы мүмкін. Қолсұғушылықты тойтару барысында абайсыздық бойынша зиян келтіргендігі үшін жауаптылыққа әкелінеді.

Мысалы, азамат Ахметовті айыптауға байланысты қылмыстық іс Қылмыстық кодексінің 99 бабы бойынша қозғалған. Алматы қаласының Жетісу аудандық соты Қылмыстық кодекстің 99 бабына қайта саралаған. Істің мән-жайы мынадай: азамат Ахметов аз. Каримовке ақша қарыз болғандықтан аз. Каримов кешке аз. Ахметовтың тұратын жеріне келіп (вагонға) оны соққыға жыққан және де кетерінде «мен саған әлі көрсетемін» деген сөздермен шығып кетеді. Осы сөздерді аз. Ахметов қоқан-лоққы деп қабылдап, мылтығын дайындап күтіп отырған. Шамадан кейін келе жатқан Каримовтың даусын естіп, мені ұруға келе жатыр деп,  мылтығын оқтап 2,5 жерден оқ шығарып аз. Каримовті өлтірген. Қылмыстық істер жөніндегі коллегия жоғарғы сот шешімін өзгертті. Аз. Ахметовтың әрекет қимылын аз. Каримовке қарсы көрсетілген қорғаныс әрекеті деп табады.

Қылмысты  жасаған қылмыскерді ұстау үшін қажетті шаралардың шетінен шығу барысында адам өлтіру. (ҚК 100 бабы) 

Қазақстан Республикасы жаңа Қылмыстық кодексін қабылдаған уақытқа дейін қылмыс жасаған адамды ұстау барысында келтірілген зияндық қажетті қорғаныс ережелерімен бағаланған, қажетті қорғаныс және қылмыскерді ұстаудың арасында ұқсастық белгілерінің болуына қарамастан белгілі бір елеулі айырмашылықтар бар, Қылмыстық кодекстің 33 бабының қылмыстық іс-әрекетін жоққа шығаратын мән-жайды қосумен байланысты. Қажетті қорғаныстан еркешеленетін ұстаудың ерекшелігі мынадан көрінеді, олар ережеге қылмыскер емес, оны ұстауға қолданатын шаралар белсенді әрекет етеді. Қылмыскерді ұстау барысында зиян келтіру, қылмыскер ұстап алушының заңды талаптарына бағынбаса: жасырынып қалғысы келеді, қарсылық көрсетеді. Осындай жағдайларда ұстау денсаулыққа және өмірге зиян келтіру арқылы жүзеге асырылады. Қылмыскердң ұстауға бағытталған барлық әрекеттер оқиғаның жағдайында байланысты қажетті болуы шарт, бұл қылмыскерді ұстау барысында осындай құралдарды қолдануда, олар өзіне өлім тудыратындығын түсінеді, ұстап алушы басқа жол жоқ екендігін түсінуі тиіс. Мәжбүрлі шараларды қолдануға байланысты қажеттілікті субъективті пікірі болуы тиіс, жасалынған қоғамға қауіпті қолсұғушылықтың сипатымен, кінәлінің тұлғасымен және жағдайымен келісуі тиіс. Жасырынуға талпынған қылмыскерді өлтіруді ұстау үшін қажетті шаралардың шегінен шығу ретінде кінәлі соттың алдында белгілі бір негіздерді көрсетуі тиіс, ал өлтірілген адам қылмыстық жауаптылықтан қашуға ұмтылады. Сонымен Қылмыстық кодекстің 100 бабында көзделген адам өлтірудің объективтік жағы әрекеттерді жасаудан көрінеді, осының барысында ұсталынған адамға зиян келтірілген жағдайға байланысты емес нақты шектен тыс зичн келтіріледі. Келтірілген зиянның ауырлығынан, қылмыскердің тұлғасына, ұстау жағдайына байланысты, өйткені болып кінәліні мемлекеттік органдарға қылмыскерлерді ұстау барысындағы өлім сипаты қылмыстың ұстау барысындағы өлім келтіру Қылмыстық кодекстің 33 бабы 2 бөлігінің талаптарын сақтау барысында жол беріледі. Қылмыстық субъективтік жағы тікелей және жанама қасақаналықпен жүзеге асырылады. Кінәлі саналы түрде жол берілетін ұстау шараларының шегінен шығады, ұсталынған  адамға өлім келуінің мүмкіншілігін немесе қашып құтылмайтындығын көре біледі және осы зардаптардың туындауын тілейді немесе жол береді. Қылмыстың субъектісі-кәсіби қызметіне және арнайы қарамастан 16 жасқа толған ақыл-есі дұрыс адам, яғни құқық қорғау органдарының қызметкерлері, сондай-ақ басқа адамдар және азаматтар танылады (Қазақстан Республикасы Қылмыстық істер жүргізу кодексінің 133 бабы). Егер қылмыскерді ұстау барысында құқық қорғау органдарының лауазымды тұлғасы ұстау барысындағы қажетті шараларлың шегінен шықса, жауаптылық қосымша шаралаусыз Қылмыстық кодексінің 100 бабымен жауаптылыққа, билікті немесе лауазымды өкілеттіліктерді теріс пайдаланғандығы үшін жауаптылыққа тартылады. Егер ұстаудың мақсаты болып кінәліні билік органына әкелу мақсаты, кек алу, онда келтірілген зиян тиісті қылмыстар үшін жалпы негіздерде  туындайды. Егер адам өлтіру қылмыскерді ұстау үшін қажетті шаралардың шегінен шықса барысында, Қылмыстық кодекстің 96 бабы бөлігінде көзделген ауырлататын мән-жайлардың барысында, онда істелінген іс-әрекетті Қылмыстық кодекстің 100 бабымен саралануы тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Осы тақырыпты қарастыра  отыра теориялық және тәжірибелік  аспектіде, біз өзіміздің мақсатымыз ретінде осы сипаттағы істер  бойынша қылмыстық-құқықтық нормаларды қолдану барысында жол берілген қателіктерді жан-жақты талдауды мақсат етіп қоямыз.

Адамды өлтіру істері бойынша саралау және қарау барысында  қателіктерден қашу қиын. Мұндағы  міндет қылмыстық заңды тәжірибеде дұрыс қолдану жолынан көрінеді.

Осындай экспертті жүйелерді кіндігін теориялық білім және жоғарғы сапалы тәжірибе құрайды. Стандартты жағдайларда шешу үшін концентрлендірілген адам интеллектісінің түрі қолданылады.

Сондай-ақ қорытындысында Қылмыстық кодексінің 96 бабы 2 бөлігінде  көзделген «Қылмыстылықпен күресу мәселелеріне байланысты Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгерістер және толықтырулар енгізу жөніндегі 5 мамыр 2000 жылғы сәйкес өзгеріс енгізілген ».

Нақтырақ айтқанда «ж»  тармағына адам өлтіруді жасау барысында  ауырлататын мән-жайларда енгізілген, оған жататындар «топ болып», «алдын-ала сөз байласу арқылы топ болып», қарақшылықпен, қорқытып алушылықпен немесе бандитизммен ұштасқан адам өлтіруді жасау  «з» тармағы.

Біздің көзқарасымызша бұл елеулі толықтыру «ж» тармағы  бойынша осы белгі Қылмыстық кодекстің 12 бабы 2 бөлігі және 257 бабы 2 бөлігінде бар, ал осындай адам өлтірудегі аса ауыр қылмыс болмаған осы уақытты жайады. Дұрыс саралау және жазаны тағайындаудың қосымша құрамының бірі болып құқықтық база, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Пленумының Қаулысы танылады.

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер

 

1. Большой юридический словарь. Под.ред.А.Сухарева, В.Д. Зорькина 1997 год.

2. Уголовное право. Учебник. Общая часть. Под.ред. Б.В.Здравомыслова,1994 год.

3. Комментарий к Уголовному кодексу РК 2030 год.

4. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім.А.Н.Ағыбаев «Жеті жарғы», Алматы 1998 ж.

5. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. «Жеті жарғы» 1997 ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 



Информация о работе Адам өлтіру