Әзірбайжандағы туризм

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2015 в 20:45, творческая работа

Краткое описание

Әзірбайжан Республикасы (Әзірбайжан) — Азия мен Еуропа аралығында, Күнгей Кавказдың шығыс бөлігінде, Каспий теңізінің оңтүстік-бастыс жағалауында орналасқан мемлекет. Күнгей Кавказ аймағындағы ең үлкен ел болып табылады. Ол солтүстікте Ресеймен (Дағыстан) және Грузиямен (Квемо-Картли және Кахети), батыста Армениямен және оңтүстікте Иранмен шектеседі. Ал оның эксклавы Нахичевань Автономиялық Республикасы шығыста және солтүстікте Армениямен, оңтүстікте Иранмен, батыста Түркиямен шектеседі.

Содержание

Кіріспе
1. Әзірбайжан тарихы
Негізгі бөлім:
1. Әкімшілік құрылысы
2. Экономикасы
3. Статистикасы
4. Туризм
5. Рекреациялық ресурстары
Қорытынды

Прикрепленные файлы: 1 файл

Әзірбайжан.pptx

— 8.12 Мб (Скачать документ)

ӘЗІРБАЙЖАН

 

Орындаған: Кожабекова Назерке, Қасым Назым

Тексерген: Айман Шәкенқызы

Мазмұны: 
 
Кіріспе  
1. Әзірбайжан тарихы 
Негізгі бөлім:  
1. Әкімшілік құрылысы 
2. Экономикасы 
3. Статистикасы  
4. Туризм 
5. Рекреациялық ресурстары  
Қорытынды  
 

Әзірбайжан Республикасы (Әзірбайжан) — Азия мен Еуропа аралығында, Күнгей Кавказдың шығыс бөлігінде, Каспий теңізінің оңтүстік-бастыс жағалауында орналасқан мемлекет. Күнгей Кавказ аймағындағы ең үлкен ел болып табылады. Ол солтүстікте Ресеймен (Дағыстан) және Грузиямен (Квемо-Картли және Кахети), батыста Армениямен және оңтүстікте Иранмен шектеседі. Ал оның эксклавы Нахичевань Автономиялық Республикасы шығыста және солтүстікте Армениямен, оңтүстікте Иранмен,  батыста Түркиямен шектеседі. 
Астанасы: Баку 
Территориясы: 86,6 мың. км² (ауданы бойынша 111-орын) 
Халқы: 9,5 млн. адам (саны бойынша 91-орын) 
Ресми тілі: әзірбайжан  
Ірі қалалары: Баку, Гянджа, Сумгаит, Мингечаур, Ленкорань, Нахичевань, Ханкенди, Хырдалан, Ширван 
Әкімшілік-аймақтық құрылысы: Мемлекет 66 ауданға, республикаға бағынатын 12 қалаға және 1 автономиялық республикаға, яғни Нахичевань Автономиялық Республикасына бөлінеді. Аудандар муниципалитеттерге бөлінеді, олардың жалпы саны 2698-ді құрайды. 
Мемлекеттік-саяси құрылысы: Әзірбайжан — президенттік  республика. Президент жалпы халықтық дауыс беру арқылы 5 жылға сайланады және барлық үкіметтік шенеуніктерді тағайындайды. Жоғары заң шығарушы орган - бір мандатты округтер бойынша бес жылдық мерзімге жалпы халықтық дауыс беру арқылы сайланатын 125 депутаттан тұратын  бір палаталы Ұлттық Жиналыс (Міллі мәжліс). 
Президенті: Ильхам Алиев (2003)  
Премьер-министрі: Артур Расизаде (2003)  
Этникалық құрамы: әзірбайжандар – 91,6%, лезгиндер – 2%, басқалар – 6,4% 
Діні: мұсылмандар (көбіне шейіттер) — 99,2%  
Ұлттық валютасы: әзірбайжан манаты (AZN, код 944) 

Тарихы  
 
Біздің заманымыздан бұрынғы 3 – 2 ғасырларда Әзірбайжанның солтүстік бөлігі мен Дағыстан жағында Албания мемлекеті пайда болды. Біздің заманымыздың 4 ғасырында Рим империясы мен Иран арасындағы соғыстың салдарынан Албания Иранның қол астына өтеді. 8 ғасырдың басында арабтар Әзірбайжанды түгел бағындырып, ислам дінін таратты. 9 ғасырдың басында Әзірбайжан мен Иранда арабтар мен жергілікті билеушілерге қарсы Бабек бастаған соғыс 20 жылға созылды. 11 ғасырдың ортасында Әзірбайжанды салжұқтар басып алды. Әзірбайжан халқы негізінен 11 – 13 ғасырларда түрік тайпаларының негізінде қалыптасты. 13 ғасырдың 30-жылдарында Әзірбайжанды және оған көрші елдерді моңғолдар жаулап алып, Хулагу әулеті билеген мемлекет құрылды. 16 ғасырдың басында Әзірбайжан жерінде Сефеви әулетінің мемлекеті орнады. 16 ғасырдың соңына қарай Әзірбайжанның солтүстігі мен оңтүстігіндегі едәуір жерді түріктер жаулап алды. 17 ғасырдың 30-жылдарының аяғында Әзірбайжан Иранның қол астына қарады. 1723 – 35 жылдары Әзірбайжанның Каспий жағалауындағы аймақтарын Ресей жаулап алды. 1805 – 13 жылдары және 1826 – 28 жылдары орыс-иран соғыстары барысында Солтүстік Әзірбайжан Ресейге қосылды. 1917 жылы қарашада Әзірбайжанда Кеңес өкіметі орнады. 1922 жылы 30 желтоқсанда Әзірбайжан Кавказ Федеративтік Кеңес Республикасы (КФКР), 1936 жылы КСРО құрамына кірді. Кеңес Одағы құрамында болған кезеңде кейбір әлеуметтік қайшылықтарға қарамастан Әзірбайжанның экономикалық және мәдени дамуы жүзеге асты. 1991 жылы 30 тамызда Әзірбайжанның Жоғарғы Кеңесі 1918 жылғы Шарт негізінде мемлекеттік тәуелсіздікті қалпына келтіру жөнінде Декларация, 1991 жылы 18 қазанда «Әзірбайжан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жөнінде» Конституциялық шарт қабылданды.

Экономикасы  
 
Әзірбайжан Республикасының сыртқы экономикалық, байланыстарында ұзақ жылдар бойы Ресей жетекші орын алып келген болатын. 1995 жылдан бері Иранның үлесі күрт артты. Түрікменстан және Украинамен сыртқы сауда көлемі де ұлғаюда. Әзірбайжан импортында азық-түлік өнімдері (65%) басты орын алады, ал экспортында энергетикалық шикізат басым. Жалпы алғанда, импорт көлемі (1007 млн АҚШ доллары) экспорттан (606 миллион АҚШ доллары) асып түседі. Қазақстан мен Әзірбайжанның сыртқы саудасының жалпы көлемі 303 миллион АҚШ долларын құрады. Қазақстанда Әзірбайжан Республикасымен бірлескен 34 кәсіпорын жұмыс істейді. 
2013 жылы республика экономикасы 9,3%-ға өскен. Даму қарқыны негізінен мұнай саласында айқын аңғарылады. Әзірбайжанның минералды ресурстарды игерудегі бағдарламасының жоспарға сай жүзеге асуы, дағдарыстың ел экономикасына кері әсер етуіне мүмкіндік берген жоқ. 2003-2007 жылдардың қорытындысы бойынша экономикасы 21%-ға аршындаған Әзірбайжанның 2008 жылғы экономикалық алға жылжуы 11%-ға өскентін. Илхам Алиев: «Ең бастысы ел экономикасын дағдарыстан аман-есен алып шықтық. Біздің қолға алған реформаларымыз Әзірбайжан экономикасының қайта шарықтап дамуына серпін беретініне сенімім мол», — дейді. Сондай-ақ, Илхам Алиев 74 мың жаңа жұмыс орындарының ашылғанын, кедейшілік деңгейінің 11%-ға кемігенін, стратегиялық қаржы қорының 20,4 млрд. долларға көбейген

Статистика  
2008 жылы Әзірбайжанға келген туристтер саны 1 миллион 400 мыңнан астам адамды құрады (көбіне Еуропа, Азия, Солтүстік Америка және т.б. елдерден келген туристтер)

 

Жылы

Туристтер саны

1

2011

2.239.000

2

2010

1.850.000

3

2009 (9 месяцев)

1.000.988

4

2008

1.400.000

5

2007

1.100.000

6

2006

900.000


Туризм  
Туризм - соңғы жылдары қарқынды дамып келе жатқан экономикалық салаларының бірі болып табылады. Аумағы салыстырмалы түрде шағын “От сақтаушылар елі” Еуропа мен Азияның қиылысында орналасқан, ол туристтер үшін елді өте тартымды етеді. Әзербайжан аумағында 9 табиғи аумақтар ұсынылған. 
Әзірбайжанда қазіргі уақытта 230 туристік агенттіктер, 370 қонақ үй және қонақ үй тектес орындар жұмыс жасайды.  

БАКУ  
Бір ғасыр бұрын Бакуді Шығыс Париж деп атады, ал қазір оның биік мұнараларын көріп Дубайды еске аламыз. Қазіргі кезде Бакуде заманауи архитектуралық өзгерістер болып жатқанымен, ол өзінің ежелден келе жатқан дәстүрлерін жоғалтпауда.

Қыз мұнарасы  
 
шаһардың қақ ортасында «Қыз қаласы» деп аталатын ескі мұнара бар. Әлбетте, бұл ғимарат та сол 15-ғасырдан ертерек тұрғызылған жәдігер. Аңыз бойынша, бір шах өзінің қызын сүйгеніне қоспай, кәрі байға бермекші болғанда, қызы әкесінен биік мұнара тұрғызуды өтініп, содан соң ғана тұрмысқа шығатынын айтады. Шах өтінішін орындап, қазіргі Бакудің төрінде тұрған көне мұнараны салдырыпты-мыс. Алайда, құрылыс салынып біткенше әкемнің ойы өзгерер деген қыздың үміті орындалмайды. Ғашығына қосыла алмасын білген ол осы мұнараның басына шығып, сол уақытта толқыны іргеге соғып жатқан Каспий теңізіне секіріп өлген екен дейді. Бүгінде аңызға айналған әйгілі ескерткішке тағы да күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осылайша, заман өткен сайын алдыңғылардан кейінгілерге аманатпен беріліп келе жатқан құнды дүние әлі де талай ұрпақтың көзайымына айналмақ.

Гейдар Әлиев орталығы  
Гейдар Әлиев орталығы (әзірб. Heydər Əliyev mərkəzi). Баку қаласындағы Гейдар Алиевт даңғылында салынған мәдени орталық. Auditorium (Convention Center), мұражай, көрме залдарын, әкімшілік кеңселерін ұамтитын кешенді құрылым. Әзірбайжанның  Гейдар Алиевтің есімімен аталады. Орталық жобасын сәулетші Заха Хадид 2007 жылы әзірледі. Гейдар Әлиев орталығының директоры Анар Алекперов. Гейдар Әлиев мәдени орталығы қазіргі заманғы Баку рәміздерінің бірі болып табылады. 
2014 жылы әлемдегі ең үздік деп танылған - 2014 Design of the year сыйлығын алды.

БиБі-Эйбат мешіті

Four Seasons Hotel Baku  
5-жұлдызды қонақ үй  

Рекреациялық ресурстар  
 
Табиғат Әзірбайжанды туризмнің дамуына қажетті барлық табиғи-рекреациялық ресурстарға байытты. Елдің климаттық жағдайы жаздық және қыстық туризмді дамытуына ыңғайлы. Әзірбайжанның шығысын дүние жүзіндегі ең үлкен теңіз – Каспий шайып жатыр, бұл оған жағажай туризмін ұйымдастыруына және туристтердің ағылып келуіне септігін тигізеді. Сонымен қатар елде керемет таулы өзен – Гейгёл бар. Бальнеологиялық, климаттық және ерекше нафталандық курорттар Әзірбайжанға туристік сапар шегуге бірден бір себеп

Қорытынды 
 
Әзірбайжан Республикасындағы туризмнің қарқынды дамуы мен туристтер үшін қолайлы жағдайлар жасауды есепке ала отырып, кеңінен таралған бай географиялық ландшафт пен біздің халқымыздың ежелгі тарихи-мәдени мұрасы мен еліміздің табиғи ескерткіштерін халықаралық тануды қамтамасыз ету мақсатында туристік ресурстарының артықшылықтарын ескерілді. Соған байланысты Әзірбайжанның Президенті Ильхам Алиев 2011 жылды “Туризм жылы” деп жариялады.  
Осылайша, соңғы 10 жылда жүргізілген жобалар, мемлекеттік бағдарламалар мен реформалар әсерінен ұзақ мерзімді табысқа табыс әкелуде және жарқын экономикасы бар ел ретінде әлемге тану мүмкіндігін береді.

СОҢЫ


Информация о работе Әзірбайжандағы туризм