Қызмет көрсету сферасын сипаттау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2015 в 08:36, творческая работа

Краткое описание

Сервис-бұл халыққа қызмет көрсету немесе оларға қызмет ұсыну. Сервисті жүзеге асыру қызмет көрсету сферасы арқылы оның неғұрлым дамыған компонентті-қызмет көрсету сферасы арқылы жүзеге асырылады.
Тұтынушыларға тұрмыстық қызмет көрсетудің деңгейі, экономикалық әдебиеттерде тұтынушылар қажеттілігін сапалы қанағаттандыру және оның дәрежесін сипаттайтын ұғым ретінде қарастырылады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қызмет көрсету сферасын сипаттау.ppt

— 607.50 Кб (Скачать документ)

Қызмет көрсету сферасын сипаттау 

  • Сервис-бұл халыққа қызмет көрсету немесе оларға қызмет ұсыну. Сервисті жүзеге асыру қызмет көрсету сферасы арқылы оның неғұрлым дамыған компонентті-қызмет көрсету сферасы арқылы жүзеге асырылады.
  • Тұтынушыларға тұрмыстық қызмет көрсетудің деңгейі, экономикалық  әдебиеттерде тұтынушылар қажеттілігін сапалы қанағаттандыру және оның дәрежесін сипаттайтын ұғым ретінде қарастырылады.
  • Бұл жағдайда, тұрмыстық қызмет көрсету деңгейі және тұтынушыларға тұрмыстық қызметтер ұсынудың сапасын сәйкестендіруде қызмет көрсету деңгейі, қызметтердің құрылымы мен көлемімен анықталады және тұрғындарға осы қызметтерді ұсынудың сапасына байланысты болады.

 

  • Тұтынушыларға қызмет көрсетудің жоғары деңгейі, төмендегідей ұйымдастырушылық міндеттердің негізінде қалыптасады:
  • тұтынушыларға қызмет көрсетуде жоғары мәдениеттілікке жету;
  • тапсырыстарды орындаудың жылдамдылығы;
  • қызмет көрсету мен өндірісте прогрессивті формаларды пайдалану;
  • қызметтің кең ассортиментін ұсыну;
  • қызметті орындауда жоғары сапалықты қамтамасыз ету;
  • құрылымдылық бөлімшелерді тиімді орналастыру;
  • кәсіпорынның жұмыс режимін оңтайландыру;

 

  • Осы жағдайлар мен олардың жиынтығы сервис саласындағы кәсіпорынның тұтынушыларға қызмет көрсету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл ұйымдастыру міндеттерінің орындалуы тұрмыстық қызметтер өндірудегі негізгі факторларды пайдаланудың оның ішінде жұмыс күшін сапалы қолданудың жағдайларымен тығыз байланысты.
  • Ғылыми зерттеуде қызметтер, біріншіден күшпен орындалатын іс-әрекеттердің жиынтығы ретінде, екіншіден құн (өндірістегі қоғамдық қажетті еңбек шығындар) және тұтыну құны (құндылығы) бар, еңбектің өнімі ретінде анықталады. Бірінші жағдайға сәйкес қызметтің өзіндік айырмашылығына байланысты төмендегідей ерекшеліктерін бөлуге болады:
  • 1. сезілетін және сезілмейтін белгілердің болуы және олардың жиынтығы (мысалы, сезілмейтін қызметтің түріне – аудитордың кеңесі, тренердің жұмысы жатқызылады).;
  • 2. қызметтердің сатылып алынуы және өндірілуі уақыттарының сәйкестілігі;
  • 3. қызмет көрсету үдерісінде, тұтынушы қызметтің өндірілуін көреді және бұл процеске әсер етуіне мүмкіндігі бар (барлық жағдайларда емес);
  • 4. тауарға қарағанда қызметтердің біртектілігі және стандартталу деңгейінің аз болуы;
  • 6. көптеген тұрмыстық қызметтерге сұраныс көбінде маусымдық сипатта болады;
  • 7. тауар ретінде қызметті сақтауға болмайды;
  • 8. өндірісте және тұтынуда қызмет дербестік сипатта болады
  • 9. қызметтердің материалсыздығы;
  • 10. қызметердің әртүрлілігі;
  • 11. тұтыну фазасынан кейін қызмет жойылады.
  • Қызмет көрсетудің ерекшеліктері мыналар:
  • 1) Сезбеушілік, яғни олардың материялдық емес сипаты, басқа сөзбен айқанда қызмет көрсету клиентке, оған қызмет көрсету процесі аяқталғанға дейін айтарлықтай түрде ұсынылмайды.
  • 2) Қызмет көрсетуді сақтауға болмайды, яғни қызмет көрсетуді ұсыну және тұтыну процесі бір мезгілде өтеді және тұтынушылар бұл процеке тікелей қатысушылар болып табылады.
  • 3) Қызмет көрсету-бұл қызмет көрсетілместен бұрын оның сапалы және сапасыз екендігін білу мүмкін емес.
  • 4) Өз сапасы бойынша өзгергіштік, олар қаншалықты көбінесе қызметкердің маман дәрежесіне оның жеке ерекшеліктері мен көңіл-күйіне тәуелді 

Рахмет!!!


Информация о работе Қызмет көрсету сферасын сипаттау