Туризм ұғымы және түсінігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2014 в 22:28, доклад

Краткое описание

Екінші кезең көліктің дамуындағы дүрбелең өзгерістермен сипатталады. Параход, паровоздың ойлап табылуы жылжудың сенімділігімен, жылдамдығымен әрі саяхатқа шығынның азаюымен ерекшеленді. Осының нәтижесінде саяхатшылар саны көбейді. Осыған байланысты уақытша келушілерді күтетін кәсіпорындар (қонақ үйлер) пайда болды. XIX ғ. Ортасында демалыс индустриясы өз қызмет ететін аясын кеңейтті. Ең бірінші, туристік сапарды ұйымдастыру және оны тұтынушыларға саьуға міндеттенген саяхат бюролары ашылды.

Содержание

1. Туризм ұғымы және түсінігі
2. Туризм кезеңдері
3. Туризм топтары
4. Туризмнің негізгі сипаттамалары

Прикрепленные файлы: 1 файл

тур уйым.doc

— 134.50 Кб (Скачать документ)

Туризм ұғымы және түсінігі.

Жоспар

1. Туризм ұғымы және түсінігі

2. Туризм кезеңдері

3. Туризм топтары

4. Туризмнің негізгі  сипаттамалары

Адамзат тарихында саяхаттау сауданы дамыту, жаңа жерлерді жаулап алу және игеру, ресурстарды іздеу мақсатымен пайда болды.

Саяхат- адамдардың жылжу мақсатына байланыссыз кеңістіктегі қозғалысы. Саяхаттың бір түрі туризм болып саналады.

Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы заңда берілген анықтама бойынша : «Туризм-жеке тұлғалардың ұзақтығы жиырма төрт сағаттан бір жылға дейін, не жиырма төрт сағаттан аз, бірақ уақытша болған елде (жерде) ақы төлейтін қызметпен байланысты емес мақсатта түнеп өтетін саяхаты».

Туризм (француз сөзі tourisme, tour- серуен, сапар)- бір жағынан, тек қана Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін көпшілікке тараған, салыстырмалы түрде жас, екінші жағынан саяхат ерте заманнан белгілі құбылыс. Туризм тарихын төрт кезеңге бөледі:

1) XIX ғ. дейін - элитарлық туризм, туристік  өнім өндіретін арнайы кәсіпорындардың  тууындауы.

2) XIX ғ.- бірінші дүниежүзілік соғыс - көлік дамуындағы дүрбелең өзгерістер, бірінші саяхат бюроларының ашылуы.

3) екі дүниежүзілік соғыс аралығындағы  кезең – көпшілікті туризмның  дамуы.

4) екінші дүниежүзілік соғыстан  кейін – қазіргі кезең –  көпшілікті туризм, туристік индустрияның туризмға арналған тауар және қызмет өндіретін салааралық кешен түрінде құрылуы.

Бірінші кезең туризмның тарихи алғышарты ретінде анықталады. Антикалық заманда саяхаттың негізгі себебі сауда, білім, зиярат ету, емделу болды.Ежелгі Грекияда спорттық сапарлар туындады, өйткені Олимпиадалық ойындарға бүкіл елдердің тұрғындары жиылатын. Финикиялықтар Жерорта теңізі арқылы, қазіргі Сирия және Ливанға сапар шегетін.

Ортағасырларда саяхат діни сипат алды. Діни сенім адамдарды әулие жерлерге зиярат етуге жетеледі: мұсылмандарды – Меккеге, христиандарды – Иерусалим және Римге. Саяхатшыларды қабылдау орны шіркеулер болды.

Ренессанс және Ағарту дәуірі дінисебепті әлсіретіп, сапарлардың жеке тұлғалық және біліми бағытта дамуын күшейтті. Мысалы, ағылшындар, өз сапарларын Лондонда бастап, одан Францияға (Парижда бірнеше күн аялдайды), кейін  - Италияға баратын. Қайтар жолдары Швейцария, Германия, Нидерланд арқылы өтетін.

XIX ғ. ортасына дейін саяхаттар  мақсатты емес, тек өзіндік шараны (сауда, зиярат ету) жүзеге асыру шарты ғана болатын.

Екінші кезең көліктің дамуындағы дүрбелең өзгерістермен сипатталады. Параход, паровоздың ойлап табылуы жылжудың сенімділігімен, жылдамдығымен әрі саяхатқа шығынның азаюымен ерекшеленді. Осының нәтижесінде саяхатшылар саны көбейді. Осыған байланысты уақытша келушілерді күтетін кәсіпорындар (қонақ үйлер) пайда болды. XIX ғ. Ортасында демалыс индустриясы өз қызмет ететін аясын кеңейтті. Ең бірінші, туристік сапарды ұйымдастыру және оны тұтынушыларға саьуға міндеттенген саяхат бюролары ашылды. Бұған классикалық мысал, 1941 жылы ағылшын Томас Куктың демалуға ұйымдастырған топтық туры. Қызметтер кешенінде темір жолмен  жиырма мильдық сапар, пойызда шай мен тоқаш-нан, оркестр болды. Томас Кук бірінші саяхат бюросын ашты (алдымен Лестерде, кейін Лонданда). Соның үлгісімен 1854 жылы К.Ризель берлинде бірінші неміс саяхат бюросын ашты. XIX ғ. екінші жартысында туристік бюролар көптеген елдерде ашылды. 1862 жылдан бастап ең алғаш туристік сапарларға арналып шығарылған каталогтар жарық көрді.

Бірінші дүниежүзілік соғыс, 30 - жылдардағы Ұлы күйреу және Екінші дүниежүзілік соғыс та туризм дамуына негативті ықпал етті . Осыған қарамастан осы соғыстар аралығында көпшілікті туризм ( үшінші кезең) туындады, оның гүлденуі соғыстан кейінгі онжылдыққа келеді.

Екінші дүниежүзілік соғыстан соң туризм нағыз көпшілікті ( төртінші кезең) сипат алды. Ол дамыған елдер халқы үшін байлықтан қажеттілікке айналды. Өзіндік институты , өнімі, өндіріс циклы, ұйымдастыру және басқару әдісі бар туристік индустрия құрылды. Бұл кезең саяхатшылар , туристік кәсіпорындар санының және өндіріс көлемінің ұлғаюымен, орналастыру құралдарының салынуымен, туристік инфрақұрылым объектілерінің күрт өсуімен ерекшелінеді. Қазіргі заман туризмының ерекшелігі кең ауқымды халықаралық айырбас болуында.

Осындай ұзақ тарихы бар туризм, әлі күнге дейін біржақты анықтама алған жоқ. Ресейлік ғалым В. Г. Сапрунов айтқандай , әлі күнге дейін туризм ұғымын және түсінігін анықтайтын ортақ келісілген көзқарастың жоқтың қасы.

Туризм анықтамасын үш топқа топтастыруға болады. Бірінші топқа , туризмды рекреация түрі, бос уақытты өткізуде, сапар және адамның денсаулығын нығайту, әрі оның мәдениетін және білім деңгейін жоғарлатуды үйлестіргенқызмет көрсету саласын қолдану (адамның физиологиялық, интеллектуалдық және эмоционалдық күшін қалпына келтіру) ретінде сипаттайтын анықтамалар жатады.

Туризм анықтамасының екінші тобы, оны халық миграциясының бір түрі ретінде қарастырады, қозғалу актісімен, саяхатпен , кеңістікті жеңумен туризм статистикасының құралы ретінде сипатталады.

Анықтаманың үшінші тобы, туризмді күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде сипаттайды, оның әртүрлі қасиеттер мен қатынастарының бірлігін көрсетеді, ішкі мәнін ашады .

Статистикада туризм, мекен-жайды немесе жұмысты ауыстырумен байланысты емес, халық миграциясының бір формасы ретінде қарастырылады. Туризм басында адамдардың өз тұрақты жекен-жайынан басқа жерде қозғалысы және уақытша болуы. Бірақ тарихи даму процесінде бұл ұғымның мазмұны мен мәні өзгеріске ұшырады және толықтырулар енгізілді. БҰҰ  1954 жылы қабылданған анықтамасы бойынша, туризм - бұл денсаулықты нығайтуға, адамның денесін шынықтыруға әсер ететін, тұрақты жекен-жайдан тыс жерлерге барумен байланысты активті демалыс. Бұл ұғымның кең сипаттамасын Монте-Карлодағы туризм Академиясы берді: туризм – адамдардың өз тұрғылықты жерлерінен емделу мақсатында, бос уақытта танымдық қызығушылығын қанағаттандыру үшін немесе кәсіби-іскери мақсатта уақытша келген жерінде ақылы жұмыспен байланысты емес жалпы түсінік.

1993 жылы  БҰҰ Статистика коммисиясы Бүкіләлемдік Туристік Ұйым (БТҰ) мақұлдаған анықтама қабылдады. Соған сәйкес туризм бір жылдан аспайтын мерзімде, дем алу, іскери және басқа да мақсаттарда, тұрғылықты ортадан тыс жатқан жерлерде саяхаттаушы адамдардың  қызметін қамтиды .

Осы анықтамаға сәйкес туризмға тән негізгі сипаттамалар төмендегідей:

-тұрғылықты ортадан тысқары  шығу;

-қозғалудың уақытша сипаты;

-сапардың мақсаттылығы;

Тұрғылықты ортадан тысқары шығу – туризмнің маңызды сипаттамасы. Белгілі бір жеке тұлғаның тұрғылықты ортасына, оның өмір сүретін мекен-жайы және ол жиі баратын белгілі бір аудан жатады.

БТҰ ұсынысы бойынша тұрғылықты орта параметрі екі көрсеткішпен сипатталады: объектіге бару жиілігі мен оның қашықтығы. Адамдар жиі баратын орындар, арақашықтығы алыс болғанмен де,  тұрғылықты орта элементіне жатады . Оған мысал, шекара маңында тұратын адамдардың көрші мемлекетте қызмет атқаруы, олар турист қатарына жатқызылмайды.

Екінші көрсеткіш – арақашықтық. Мекен – жайға қашық орналасқан орындар, оған бару жиілігіне қарамастан тұрғылықты ортаға жатады.

Сапар мақсаты туризмға жататын қызметтер түрін дәл анықтайтын маңызды сипаттама. Саяхаттың басқа түрінен туризмді бөлетін критерии, бұл барған жерінде ақылы қызмет атқару мақсат болмауы тиіс. Сапар мақсаты, оның себебіне жатады. Адамның мінез-құлық әрекеті әрқашан себепті болады. Туристік себеп адамның қажеттіліктерін анықтайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                   Туризм түрлері

 

Туризмді түрлеріне байланысты жіктеуге мүмкіндік беретін белгілері ретінде саяхаттанудың мотивациялық факторларын қарастыруға болады. Мұндай жіктелуде саяхатқа адамды аттандырған негізгі себептерді анықтау қажет. 
Себептік мотивациялық жіктелу туризмнің 6 түрін анықтап береді. 

1. Демалу  мақсатындағы туризм. Мұндай туризмнің түрі қысқа мерзімге немесе едәуір ұзақ уақытқа организмді физикалық немесе психологиялық тұрғыдан қалпына келтіру мақсатында жүзеге асырылады. Бұл топқа сонымен қатар емделу немесе әл-ауқатын қалпына келтіруге климат, теңіз суы секілді табиғи құбылыстар пайдаланылатын курорттық демалысты да жатқызуға болады. 

2. Мәдениетті  зерттеу мақсатындағы туризм. Бұл туризмнің түрі өзге елдің рухани құндылықтарын, мәдениетін, тарихын зерттеп, білуге бағытталған және ол танымдық және діни табынушылық болып бөлінеді. Танымдық туризм тарихи, мәдени және географиялық құндылықтарды зерттеу, көру мәселелерін қамтиды. Бұл мақсаттағы саяхаттанушылар көбінесе өздері саяхаттанған елдің әлеуметтік, экономикалық қатынастарына қызығушылық білдіреді. Табынушылық мақсаттағы туризм ерекше діне мәні бар жерлерді көру арқылы орындалады. 

3. Қоғамдық  туризм. Қоғамдық туризм ретінде саяхаттанушы өзінің туысқандарын, таныстарын, достарын көру, қонақ болу мен түсіндіріледі. (халықаралық терминологияда visiting friends and relatives – деген атпен таныс). Сондай ақ клубтық туризмді де жатқызуға болады. Клубтық туризмнің ерекшелігі саяхаттанушы саналы түрде арнайы бір топпен ғана демалуды мақсат етеді. 

4. Спорттық  туризм. Спорттық туризм белгілі бір спорттық іс шараға белсенді қатысуға бағытталған жолсапар, сондай ақ пассивті немесе белсенді емес сипаттағы спорттық жарыстарға қатысу мақсатындағы жол сапар болып табылады. Белсенді түрде спорттық жарысқа қатысу, мысалы, П атты азамат шаңғыдан халықраралық жарысқа қатысу үшін Карпат еліне аттануы мүмкін, ал пассивті қатыс футбол жанкүйері өз футбол клубының ірі ойынына қатысып, қолдау көрсету үшін ойын өтетін елге сапар шегуі мүмкін. 

5. Экономикалық  туризм — бұл кәсіптік және коммерциялық мақсатта жүзеге асырылатын жол сапар болып табылады. Мысалы халықаралық биржа, көрме, жәрмеңке және тағы басқа іс шараларға қатысу. 

6.Конгресстік (саяси) туризм. Бұл туризм түрі дипломатиялық және саяси іс-шаралармен байланысты туризм болып 2 бөлінеді. Дипломатиялық туризм белгілі бір елдегі экономикалық, әлеуметтік жағдайларға талдау жасау, баға беру немесе өз пікірін білдіру мақсатында жүзеге асырылуы мүмкін. Мысалы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Москваға Халықаралық Парламент отырысына қатысуы үшін баруы мүмкін. Саяси туризм белгілі бір елдегі, аймақтағы мемлекеттік маңызы бар саяси-қоғамдық шараларды ұйымдастыру, талдау жасау, саяси баға беру мақсатында жүзеге асырылады. Мысалы, Белгілі бір мемлекет азаматы нақты бір саяси партияның жарғылық мақсаттарына қызығушылық танытып, сол партияның съезіне қатысу үшін жол сапар кешуі мүмкін

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстандағы туризмнің даму деңгейі

Жоспар

1. Даму деңгейі

2. Қазақстан Республикасында туризмді дамытуға кедергі ететін негізгі экономикалық факторлар. 

3. Қазақстан Республикасында туризмді дамытуға кедергі ететін негізгі экономикалық факторлар. 

Туризм Қазақстан экономикасындағы қарқынды салалардың бірі, Халықаралық сарапшылардың пікірінше қазіргі кезде туризм әлемдік экономикадағы қарқыны төмендемейтін саланы біріне жатады. Туризм көп елдерде жалпы ішкі өнімнің қалыптасуына, қосымша жұмыс орнын құруға және сыртқы сауда балансының белсенділігіне ықпал етеді. Соңғы жылдары туризм әлемдегі ең табысты бизнестің бірі. Туризмнің маңызы жылдан-жылға өсуде, оның халықаралық байланыста және валюталық түсім көз ретінде маңызы артуда. Елдердің шикізат көзі азайлады, ал туристік индустрия қалпына келетін ресурстармен жұмыс істеген. Туризмнің басқа да салаларға тигізетін әсері мол, оның 32 салаға жанама ыкпалы бар (турфирмалар, көлік түрлері, мейманхана кешендері, демалыс үйлері, санаториялар, ұлттық парктер, тамақтану сферасы, т.б.). Бұл дегеніміз -әлемдік өндірісте әр 9 адамның жұмыс орны деуге болады.

Туризм индустриясының мемлекеттік бюджетке түсіретін валюталық түсімі, орта және шағын бизнеске көмегі, тауар мен қызмет көрсету нарығы арқылы аймақтардың экономикасының дамуына ықпалы өте зор. Сонымен қатар, туризмнің қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық дамуы келесі көрсеткіштермен сипатталады. Ішкі және халықаралық туризмнің жалпы шығыны әлемдік ұлттық ішкі өнімнің 12%-ін құрайды, жыл сайын 1,5млрд. Ішкі және халықаралық саяхаттау тіркелді.

Халықаралық туризмнің үлесіне жыл сайын әлемдік экспорттың 7% және қызмет көрсетудің 25-30% келеді. Халықаралық туризмнің жылдық өсуі 4,0%, ал болашақта бұл көрсеткіш көтерілмек. Туризм саласының дамуына ықпал ететін факторлар:

- кез-келген елде, Қазақстанда да  туристік рекреациялық ресурстың  болуы;

-туризмге тура немесе жанама  салалардың және кәсіпорындардың  дамуы;

- сыртқа шығу туризмнің елге шетелдік валютаны тартуы;

- аз мөлшерде шығын шығарып  табыс табу;

- алғашқы өндіріс факторын қамтамасыз  етудегі шығынның болмауы; -халықты  жұмыс орнымен қамтамасыз ететін  орта және шағын

бизнестің дамуы;

- қызмет көрсету секторының  өсуі;

- елдің әлемдік қауымдастыққа белгілі болуы және бет-бейнесінің қалыптасуы.

Қазақстанда 400-ден астам туристік фирмалар қызмет етеді, 80 елдің туристік фирмаларымен келісім жасаған. Туризмнің дамыған аймақтары -Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстары, сондай-ақ Алматы және Астана қалалары. Осы облыстардың және қалалардың туристік  фирмалары қызмет көрсетудің 88%-ін құрайды. Қазақстаннан туристердің мейлінше көп баратын елдері: Ресей, Қытай, Германия, Корея, Польша, Турция, БАЭ. Ал біздің елге келетін туристердің елдері: Ресей, Қытай, Германия, Пакистан, Полыпа және Турция. Туристерді тасымалдауда авиакомпаниялардың ролі зор. Көптеген туристер шетелдік авиакомпанияларға қызығушылығы артық болып тұр, ал ұлттық компаниялардың ролі төмен. «Эйр-Казахстан»-ның акциясы мемлекеттік меншікке өтуі болашақта ұлттық авиатасымалдаудың маңызы артады деген үміт бар.

Ал автомобиль транспортының ролі шекаралық тасымалдау мен саяхат жасау маршруттарында қолданады. Оның дамуы көлік құралдарына және жолдарының қызмет ету сапасына байланысты. Қазіргі кезде «Сайран» автовокзалы үлкен қызмет көрсетуде. Жалпы автобус парктері өте төмен деңгейде, қазіргі сұранысқа сай автокөліктер өте аз.

Теміржол көлігі «Қазақстан Теміржолы» 14 бағытта жұмыс істейді. Олардың қызмет көрсету сапасы халықаралық стандартқа сәйкес келмейді. Алматы-Астана маршруты ғана стандартқа сай, ал оңтүстік маршруттары ешқандай сын көтермейді.

Ал орналастыру құралдарына келсек, көпшілігінің кабылдау мүмкіншілігі төмен, номерлердің бағасы жоғары, сондықтанда жабылып жатыр.

Информация о работе Туризм ұғымы және түсінігі