Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2013 в 13:32, творческая работа
Адамзат тарихында саяхаттау сауданы дамыту, жаңа жерлерді жаулап алу және игеру, ресурстарды іздеу мақсатымен пайда болды.
Саяхат- адамдардың жылжу мақсатына байланыссыз кеңістіктегі қозғалысы. Саяхаттың бір түрі туризм болып саналады.
Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы заңда берілген анықтама бойынша : «Туризм-жеке тұлғалардың ұзақтығы жиырма төрт сағаттан бір жылға дейін, не жиырма төрт сағаттан аз, бірақ уақытша болған елде (жерде) ақы төлейтін қызметпен байланысты емес мақсатта түнеп өтетін саяхаты».
Туризм ұғымы және түсінігі.
Адамзат тарихында саяхаттау сауданы дамыту, жаңа жерлерді жаулап алу және игеру, ресурстарды іздеу мақсатымен пайда болды.
Саяхат- адамдардың жылжу
мақсатына байланыссыз
Қазақстан Республикасындағы
туристік қызмет туралы заңда
берілген анықтама бойынша : «Туризм-жеке
тұлғалардың ұзақтығы жиырма
төрт сағаттан бір жылға дейін,
Туризм (француз сөзі tourisme, tour- серуен, сапар)- бір жағынан, тек қана Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін көпшілікке тараған, салыстырмалы түрде жас, екінші жағынан саяхат ерте заманнан белгілі құбылыс. Туризм тарихын төрт кезеңге бөледі:
1) XIX ғ. дейін - элитарлық
туризм, туристік өнім өндіретін
арнайы кәсіпорындардың
2) XIX ғ.- бірінші дүниежүзілік соғыс - көлік дамуындағы дүрбелең өзгерістер, бірінші саяхат бюроларының ашылуы.
3) екі дүниежүзілік соғыс аралығындағы кезең – көпшілікті туризмның дамуы.
4) екінші дүниежүзілік
соғыстан кейін – қазіргі
Бірінші кезең туризмның тарихи алғышарты ретінде анықталады. Антикалық заманда саяхаттың негізгі себебі сауда, білім, зиярат ету, емделу болды.Ежелгі Грекияда спорттық сапарлар туындады, өйткені Олимпиадалық ойындарға бүкіл елдердің тұрғындары жиылатын. Финикиялықтар Жерорта теңізі арқылы, қазіргі Сирия және Ливанға сапар шегетін.
Ортағасырларда саяхат діни сипат алды. Діни сенім адамдарды әулие жерлерге зиярат етуге жетеледі: мұсылмандарды – Меккеге, христиандарды – Иерусалим және Римге. Саяхатшыларды қабылдау орны шіркеулер болды.
Ренессанс және Ағарту дәуірі
дінисебепті әлсіретіп, сапарлардың
жеке тұлғалық және біліми бағытта
дамуын күшейтті. Мысалы, ағылшындар, өз
сапарларын Лондонда бастап, одан Францияға
(Парижда бірнеше күн аялдайды)
XIX ғ. ортасына дейін саяхаттар мақсатты емес, тек өзіндік шараны (сауда, зиярат ету) жүзеге асыру шарты ғана болатын.
Екінші кезең көліктің дамуындағы дүрбелең өзгерістермен сипатталады. Параход, паровоздың ойлап табылуы жылжудың сенімділігімен, жылдамдығымен әрі саяхатқа шығынның азаюымен ерекшеленді. Осының нәтижесінде саяхатшылар саны көбейді. Осыған байланысты уақытша келушілерді күтетін кәсіпорындар (қонақ үйлер) пайда болды. XIX ғ. Ортасында демалыс индустриясы өз қызмет ететін аясын кеңейтті. Ең бірінші, туристік сапарды ұйымдастыру және оны тұтынушыларға саьуға міндеттенген саяхат бюролары ашылды. Бұған классикалық мысал, 1941 жылы ағылшын Томас Куктың демалуға ұйымдастырған топтық туры. Қызметтер кешенінде темір жолмен жиырма мильдық сапар, пойызда шай мен тоқаш-нан, оркестр болды. Томас Кук бірінші саяхат бюросын ашты (алдымен Лестерде, кейін Лонданда). Соның үлгісімен 1854 жылы К.Ризель берлинде бірінші неміс саяхат бюросын ашты. XIX ғ. екінші жартысында туристік бюролар көптеген елдерде ашылды. 1862 жылдан бастап ең алғаш туристік сапарларға арналып шығарылған каталогтар жарық көрді.
Бірінші дүниежүзілік соғыс, 30 - жылдардағы Ұлы күйреу және Екінші дүниежүзілік соғыс та туризм дамуына негативті ықпал етті . Осыған қарамастан осы соғыстар аралығында көпшілікті туризм ( үшінші кезең) тууындады, оның гүлденуі соғыстан кейінгі онжылдыққа келеді.
Екінші дүниежүзілік соғыстан соң туризм нағыз көпшілікті ( төртінші кезең) сипат алды. Ол дамыған елдер халқы үшін байлықтан қажеттілікке айналды. Өзіндік институты , өнімі, өндіріс циклы, ұйымдастыру және басқару әдісі бар туристік индустрия құрылды. Бұл кезең саяхатшылар , туристік кәсіпорындар санының және өндіріс көлемінің ұлғаюымен, орналастыру құралдарының салынуымен, туристік инфрақұрылым объектілерінің күрт өсуімен ерекшелінеді. Қазіргі заман туризмының ерекшелігі кең ауқымды халықаралық айырбас болуында.
Осындай ұзақ тарихы бар туризм, әлі күнге дейін біржақты анықтама алған жоқ. Ресейлік ғалым В. Г. Сапрунов айтқандай , әлі күнге дейін туризм ұғымын және түсінігін анықтайтын ортақ келісілген көзқарастың жоқтың қасы.
Туризм анықтамасын үш топқа топтастыруға болады. Бірінші топқа , туризмды рекреация түрі, бос уақытты өткізуде, сапар және адамның денсаулығын нығайту, әрі оның мәдениетін және білім деңгейін жоғарлатуды үйлестіргенқызмет көрсету саласын қолдану (адамның физиологиялық, интеллектуалдық және эмоционалдық күшін қалпына келтіру) ретінде сипаттайтын анықтамалар жатады.
Туризм анықтамасының екінші тобы, оны халық миграциясының бір түрі ретінде қарастырады, қозғалу актісімен, саяхатпен , кеңістікті жеңумен туризм статистикасының құралы ретінде сипатталады.
Анықтаманың үшінші тобы,
туризмді күрделі әлеуметтік-
Статистикада туризм,
мекен-жайды немесе жұмысты ауыстырумен
байланысты емес, халық миграциясының
бір формасы ретінде
1993 жылы БҰҰ Статистика
коммисиясы Бүкіләлемдік
Осы анықтамаға сәйкес туризмға тән негізгі сипаттамалар төмендегідей:
-тұрғылықты ортадан тысқары шығу;
-қозғалудың уақытша сипаты;
-сапардың мақсаттылығы;
Тұрғылықты ортадан тысқары
шығу – туризмнің маңызды
БТҰ ұсынысы бойынша тұрғылықты орта параметрі екі көрсеткішпен сипатталады: объектіге бару жиілігі мен оның қашықтығы. Адамдар жиі баратын орындар, арақашықтығы алыс болғанмен де, тұрғылықты орта элементіне жатады . Оған мысал, шекара маңында тұратын адамдардың көрші мемлекетте қызмет атқаруы, олар турист қатарына жатқызылмайды.
Екінші көрсеткіш – арақашықтық. Мекен – жайға қашық орналасқан орындар, оған бару жиілігіне қарамастан тұрғылықты ортаға жатады.
Сапар мақсаты туризмға жататын қызметтер түрін дәл анықтайтын маңызды сипаттама. Саяхаттың басқа түрінен туризмді бөлетін критерии, бұл барған жерінде ақылы қызмет атқару мақсат болмауы тиіс. Сапар мақсаты, оның себебіне жатады. Адамның мінез-құлық әрекеті әрқашан себепті болады. Туристік себеп адамның қажеттіліктерін анықтайды.
Туризм дамуына әсер етуші әлеуметтік –экономикалық факторлар.
Экономика және туризм өзара тығыз байланыста дамиды. Экономикаға туризмның әсер етуі мүмкін, сонымен қатар керісінше туризм дамуына кең көлемде, зор ықпалды экономика жасайды. Осыдан экономикалық факторлардың туризмға әсері, ең бастысы туризм және экономика дамуының тенденциялары арасында өзара тығыз байланыс болуымен негізделеді. Жоғарыда аталып кеткендей, экономикалық факторлар оң және теріс ықпал көрсетеді.
Туризм дамуына оң әсер тигізетін факторлар:
Туризм дамуына теріс әсер тигізетін факторлар:
Елдің экономикалық дамуымен
, оның азаматтарының ұлттық
Мемлекеттің экономикалық жағдайынан
тек қана халықтың табысы ғана емес,
сонымен қатар материалдық-
Сонымен қатар экономикалық факторлар қатарына инфляция, пайыздық көрсеткіш, нақты валют айырбас курсының тербелісі де қосылады. Айырбас курсының өзгеруі күшті және әлсіз валютасы бар елдер арасындағы туристік ағымның көлеміне әсер етеді.
Туризмның дамуы тек қана ұлттық қана емес, сонымен қатар әлемдік экономика экономикалық циклдың қай фазасында - өркендеу немесе құлдырауда – болуына да сезімтал. Бұған мысал ретінде , айтып өтетін жайт XX ғасырдың 80-жылдары экономикалық күйреу кезінде әлемдік туристік саяхаттар едәуір қысқарды.
Әлеуметтік факторлар ішінен бірінші кезекте аталып өтілетін, бұл халықтың бос уақытының артуы (жұмыс уақытының қысқаруы, жыл сайынғы демалыс ұзақтығының артуы), бұл халықтың өмір деңгейінің артуымен қосылып келе жаңа әлеуетті туристердің ағымын арттырады.
Бос уақыттың артуы қазіргі заманғы
ғылыми – техникалық төңкеріспен
байланысты, бұнда ой еңбегінің
маңыздылығы артады да өндірістік және
тұрмыстық кернеулер күшейе түседі.
Бұның бәрі адамдардың дене тұлғаларының
және психологиялық шаршауына
Халықтың бос уақытының
“Аралықты сапарлар” үшінші мыңжылдықтағы туризм дамуын анықтайды. Бұндай қортындыны “Ховат УК” ағылшын консалтингтық фирмасы жасады. Олар Бүкіләлемдік Туристік Ұйым (БТҰ) тапсырмасы бойынша туристік шығынның 70% келетін келетін әлемдегі 18 елдің демалыс уақыты динамикасының зерттеуін жүргізді. Нәтижесінде, XXI ғасырдағы туристік сапарлар ұзақтығы 3-4 күнге дейін қысқарады, бірақ демалысқа деген үзіліс және адамның өмірлік күшін қалпына келтіруге құштарлық артады деген болжам жасады.
Әлеуметтік факторлар
қатарына, сонымен қатар білім
деңгейінің, мәдениет, халықтың эстетикалық
қажеттіліктерінің артуы
Соңғы уақытта, яғни XX ғасырдың соңғы онжылдығында экономикалық және әлеуметтік факторлар әсерінен батыс Еуропа елдерінде қоғамдық сана елеулі өзгерістерге ұшырады: рухани құндылықтар материалдық құндылықтардан маңыздырақ. Қазіргі таңда адам материалдық игілікті тұтынудан бұрын, жақсы әсер, өмірден ләззаталуға талпынады. Осыдан шығар қортынды, қоғамның тұтынушылық құрылымында туризмның орны және рөлі өзгерді.
Туристердің қажеттіліктері де өзгерді: төменгіден-жоғарыға, жұмысқа қабілеттілікті арттырудан – адамның өзінің жекелей қабілеттерін жүзеге асыру және интеллектуалды сұранысын қанағаттандыру.
“Үш S” (Sea – Sun - Sand; теңіз-күннің көзі-жағажай) қағидасы бойынша пассивті демалыс орнын “Үш L” формулалы (Lore - Landscape – Leisure; ұлттық дәстүрлер - пейзаж – бос уақыт) демалыс түрі басты. Бұл қазіргі заман саяхатшысының жаңа құндылықтарына сай келеді және өз орнын осы мезеттегі туризм дамуынан тапты.Туристік сұраныс көпшілікті және әлеуметтік категория. Ол көптеген оң не теріс нәтиже беретін факторлар әсеріне тәуелді болып келеді. Ең маңыздыларының қатарына жалпы экономикалық факторлар жатады:
-тұтынушының материалдық әл-
-жұмыспен қамтылған халықтың
еңбек және бос уақытының
әлеуметтік-демографиялық факторлар:
-жасы;
-жынысы;
-кәсібі;
-білімі;
-әлеуметтік тобы;
-жанұялық жағдай;
-мүліктік жағдайы;
-жанұя құрамы;
-тұратын аймағы;
-қала/ауылды мекен;
-кәсібі.
Әр оқулықта туризм дамуына әсер етуші әлеуметтік және экономикалық факторларды әр түрлі қасиеттерімен сипаттайды. Көбінде оларды топтастыра қарастырады, мысалы. әлеуметтік-демографиялық және қаржылы-экономикалық . Әлеуметті-демографиялық факторларды тұрғылықты халықтың жасы, бос болу деңгейі, жеке басты адамдардың болуы , баласыз отбасылар, неке қиюдағы жастық тенденция, зейнетақы жасы, білім, мәдениет деңгейі, тұрғындардың эстетикалық талғамы, қоғамдағы материалдық және рухани қажеттіліктердің қатынасы, урбанизация және тағы да басқа көрсеткіштер құрайды. Бұл көрсеткіштер туризм үшін зор ықпал иесі.
Қаржылы-экономикалық факторларға мыналарды жатқызады: елдегі, мемлекеттегі экономикалық жағдай, қаржылық тепе-теңдік, тұрғындардың табыс деңгейі, қоғамның туристік шығынға жұмсауға бөлінген қаржы үлесі, тауар бағасы.