Туризм сферасындағы кіші кәсіпорындардың дамуын басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2013 в 19:15, реферат

Краткое описание

Халықаралық ұғым бойынша туризм – адамдардың әртүрлі мақсатпен (білім алу,саяхаттау,іскерлік,танымдық,емдік – сауықтыру т.б) басқа елдерге,аймақтарға,аумақтарда уақытша болуын қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар мен жұмыстардың жиынтығы болса,қазіргі туризм–ол үлкен табыс көзі болып табылатын сарқылмайтын біртұтас әлеуметтік–экономикалық жүйе.Туризмнің дамуы оған әсер етуші бірнеше факторларға байланысты. Олар:Экономикалық, әлеуметтік,демографиялық,технологиялық,экологиялық. Аталғандардың ішінде ең маңыздысы – экономикалық фактор. Туризм мен елдің экономикалық дамуымы,оның азаматтарының ұлттық табыс көлемі және материалдық әл– ауқатының арасында тура тәуелділік бар.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Туризм сферасындағы кіші кәсіпорындардың дамуын басқару.doc

— 33.00 Кб (Скачать документ)

Туризм  сферасындағы кіші  кәсіпорындардың дамуын  басқару

 

    Халықаралық  ұғым  бойынша туризм – адамдардың әртүрлі мақсатпен (білім алу,саяхаттау,іскерлік,танымдық,емдік – сауықтыру т.б) басқа  елдерге,аймақтарға,аумақтарда уақытша  болуын  қамтамасыз ететін қоғамдық  қатынастар  мен жұмыстардың жиынтығы  болса,қазіргі туризм–ол үлкен табыс көзі  болып табылатын сарқылмайтын  біртұтас әлеуметтік–экономикалық жүйе.Туризмнің дамуы оған  әсер  етуші  бірнеше  факторларға  байланысты.Олар:Экономикалық,әлеуметтік,демографиялық,технологиялық,экологиялық.Аталғандардың  ішінде  ең  маңыздысы – экономикалық  фактор.Туризм мен елдің  экономикалық  дамуымы,оның  азаматтарының  ұлттық  табыс  көлемі  және  материалдық әл– ауқатының арасында   тура  тәуелділік бар.Сондықтан  да,экономикасы өрлеген мемлекет,дүниежүзілік  нарықта туристік сапарларының  мөлшері жөнінен ілгері  болмақ.Мемлекеттің табысы,  қалыптасқан материалдық базасы,туризм инфрақұрылымы,валюта  тұрақтылығы өз  кезегінде туризмге  тікелей  әсерін тигізеді.Мысалы: Ресейдің  туризм  және  спорт министрлігінің  берген  мәліметтері  бойынша  Грекияда –15,5%,Испанияда– 15,3%Австрияда–12,5%,Ресейде– 6,5%  туризмнен түскен  табыс жалпы жылдық  табыстың  осындай пайыздық  үлесін  қамтыған.Ал Қазақстанда 2010 жылмен салыстырғанда туризмнен түскен  табыс көзі былтырғы  жылы 5,2% жоғарылаған.Алайда  еліміздің туризмнен алатын  табысын бұдан да бірнеше пайыздарға жоғарылатуға  мүмкіндік зор.Бұл үшін  ішкі  туризм  бағасын сыртқы  туризм  бағасынан  салыстырмалы  түрде  арзандатқанымыз  абзал.2007-2011 жылдарға  арналған «Туризмді дамыту» бағдарламасына  сәйкес Қазақстан туризмі дүниежүзілік  туризм  нарығына  шығуы қажет.Ол  үшін  туризм  саласындағы қызметкерлердің сауаттылығын  дамыту  мен  Қазақстанның  туристік  иммиджін  қалыптастыру  керектігі  айтылған  еді. Алайда  аталған  мақстаттардың  іс  жүзінде орындалуында  біршама  тежелулер  байқалады.Ал  жаңа  құжат 2020  жылға дейінгі уақытты қамтиды.Сегізжылдық бағдарлама дәл  жоғарыда  аталған  проблемаларды  шешуге  бағытталған.Әсет  Исекешов туризмді дамытудың пайдасы туралы былай дейді:«Туризм– жеклеген  аудандарды  дамытып,кіші   және  орта  кәсіпкерлікті қалыптастырып,халықтың  жұмыспен  қамтылуына мүмкіндік беретін басты  түрткі.Мәселен,Малайзияға бір  жылдың  ішінде 26 миллион турист  саяхаттап,табыс көлемі20 миллиард долларға жеткен.Соның  арқасында  халықтың  20%– ы  туризм  саласындағы сан–алуан жұмыстармен  қамтылған.»Сонымен  қатар, ең  алдымен, Алматы қаласы  маңындағы  курорттық  аймақтарды  және  Щучинск–Бурабай  курорттарына  жоғары  мән  беріп,дамыту Қазақстанның  туристік  брендін  бекітуге  мүмкіндік  беретіндігін  де  сөзге  тиек  еткен.Ал  Нұрпейісованың  айтуы  бойынша,туризм  мұнайдан  да  көп  табыс әкелетін сала.

   


Информация о работе Туризм сферасындағы кіші кәсіпорындардың дамуын басқару