Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Марта 2014 в 12:58, курсовая работа
Еңбекақы қоры - қаржыландыру көзіне қарамастан еңбекке ақы төлеу үшін кәсіпорын (фирма, ұйым, мекеме) есептеген барлық сома, ынталандырушы және өтемдік төлемдер, соның ішінде бағаның өсуіне және заңдарда көзделген нормалар шегінде табысты индекстеуге байланысты өтемдік төлемдер, сондай-ақ жұмысшыларға жұмыс істелмеген уақыт үшін есептелген ақшалай қаражат; яғни кәсіпорынның барлық жұмыскерлерге белгілі бір кезеңде еңбекақы және әлеуметтік сипаттағы төлемақы төлеуге жұмсаған жиынтық шығыны. Нарықтық қатынастар жағдайында еңбекақы қорын кәсіпорынның өзі нарықтың жағдаятын жұмыс күшінің құнымен байланысты ахуалды, инфляция деңгейін, басқа да факторларды ескере отырып, дербес белгілейді. еңбекақы қорын есептеу кезінде кәсіпорындар әдетте жұмыскерлердің жалпы санын, орындалатын жұмыстардың көлемін, тарифтік жүйені және қолданылатын еңбекақы жүйелерін басшылыққа ала отырып, тікелей әдісті қолданады.