Туризм дамуының теориялық аспектілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2015 в 20:06, дипломная работа

Краткое описание

Туризм әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқарады. Дүниежүзілік туристік Ұйымның (ДТҰ) деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын, әлемдік өндірістің әрбір 9-шы жұмыс орнын қамтамасыз етеді. Туризм әлемдік экономиканың алдыңғы қатарлы және жедел қарқынмен дамып келе жатқан салаларының бірі. Тез қарқынмен өсуіне байланысты оны өткен жүзжылдықтың (ғасырдың) экономикалық феномені, әрі келген жүзжылдықтың (ғасырдың ) болашағы зор бизнесі деп болжалуда. Бүкіләлемдік туристік ұйымның болжамы бойынша ХХI ғасырда туристік индустрияның өсуі артады және 2020 жылы әлемдегі туристік саяхаттар 1,6 биллион бірлік құрайды.

Содержание

КІРІСПЕ
1 Бөлім Туризм дамуының теориялық аспектілері.
1.1 Туризм ұғымы және мәні.
1.2 Туризм дамуына әсер етуші факторлар.
1.3 Әлеуметтік және экономикалық факторлар.
2 Бөлім Қазақстан Республикасында туризм дамуына әсерін тигізетін факторларды талдау.
2.1 Елдегі туризм дамуының туристік-рекреациялық ресурстары және мүмкіндіктері.
2.2 Туризм дамуының әлеуметтік-экономикалық шарттары.
2.3 Қазақстан Республикасында туризмның даму динамикасы.
3.тарау. Қазақстан Республикасында туризм дамуының болжамы.
3.1. Туристік ұйымдарда әлеуметтік-экономикалық факторларды тиімді ету жолдары.
3.2. Туризм дамуының болжамы және артықшылық бағыттары.
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ҚОСЫМШАЛАР

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Қазақстан-Республикасында-туризм-дамуы.doc

— 373.50 Кб (Скачать документ)

Туризм индустриясының маңызды бір саласы- көлік. Туристерді қазақстанға алып келуде авиа қатынас басты рөл атқарады. Сондықтан, рынокта авиа тасымалдаушының жағдайын күшейту және дамыту маңызды мәселе болып табылады.

Туристік жағынан дамыған көпшілік елдерде туризмнен түскен жалпы табыстың 30-дан 50-ге дейінгі пайызын ішкі туристік рынок құрайды. Бұл ретте Қазақстанның болашағы зор. Сонымен бір мезгілде, қазіргі кезде еліміздегі  ішкі туризм дұрыс ұйымдастырылмаған. Аздаған курорттар, санаторийлер және туристік базалар ғана жұмыс істеуде. Туризмнің осы түрін дамытуға тиісті көңіл бөлінбей отырғандықтан, мемлекеттің бюджеті қыруар соманы ала алмауда, мәдени-тарихи ескерткіштердің көбіне әлі де болса назар аударылмауда.

Болашақта ұлттық туристік өнім және оны дамытудың әлеуетіне сәйкес маркетинг стратегиясын әзірлеу қажеттілігі бар.

Маркетинг стратегиясын іске асыру мақсатында мемлекет мынадай міндеттер белгілеп отыр:

-Сапалы туристік қызмет көрсетуді ұсынатын туристік орталық ретінде   Қазақстан туралы туристер жіберілетін негізгі елдерде жағымды пікір қалыптастыру;

-Қазақстанды ерекшелейтін сипаттамаларға және артықшылықтарға негізделген маркетингтік іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру;

-Қосымша мүмкіндіктер бере отырып , төлем қабілеті жоғары деңгейдегі туристерді тарту;

-Жеке сектордың маркетингтік жұмысына қолдау көрсету;

-Германия ,АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Ресей, Қытай, Жапония және тағы басқа туристер ағынының дәстүрлі рыноктарына ұлттық туристік өнімнің енгізілуін күшейту;

-Рыноктың жаңа сегменттерін айқындауға бағытталған зерттеулер жүргізу;

-Ел аумағында орналасқан көрнекті туристік орындар мен объектілердің бүкіл ауқымын әлемдік рынокқа жылжыту;

-Ғылыми негізделген  өткізу әлеуетін ескере отырып, республика аумақтарына туристік ағынның теңдестіре бөлінуін қамтамасыз ету;

-Жыл ішінде туристік инфрақұрылымның бірқалыпты жүктемесін қамтамасыз етуге бағытталған маркетингтік және бағалық тәсілдерді қолдану арқылы туризмнің маусымдық жылжытылуын күшейту;

-Ұлттық туристік өнімді жылжытудың жаңа ақпараттық технологияларын пайдалану;

-Туризмді дамытудың тұрақты сипатын насихаттау қажет.

Қазақстандық туризм болашағының әлеуеті өте зор, оған жету үшін елдің туристік ұсынысын, өнімін, бейнесін қалыптастыру керек. Себебі болашағы жарқын болу үшін, Қазақстан туристік бағыт ретінде әлемге әйгілі болуы керек.

Жерлері Ұлы Жібек  жолының учаскесінде сан алуан тарихи оқиғалардың ғасырлар бойы куәгері ретінде Қытай мен Еуропаны жалғастырып жатқандығына қарамастан, Қазақстан жайлы білетіндер шамалы.

Қазақстанның тартымды туристік беделін құру тиісті кең ауқымды шаралар кешенін әзірлеуді талап етеді. Беделді көтерудің негізгі іс-шаралары Қазақстанның туристік фирмалары мен агенттіктерінің халықаралық туристік көрмелерге, жәрмеңкелер мен конференцияларға, оның ішінде ДТҰ тарапынан өткізілетіндеріне қатысуы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында осыған ұқсас іс-шаралар ұйымдастыру болуға тиіс. Қазақстанды Еуразияның қоғамдық және мәдени құбылыстар орталығына айналдыруға ықпал ететін конгрестік туризмдідамытудың маңызы зор

Туризмдегі халықаралық ынтымақтастық ЮНЕСКО және ДТҰ – ның Ұлы Жібек жолына байланысты жобаларын әзірлеу мен іске асыруға қатысу, шет мемлекеттермен екіжақты және көпжақты келісімдер жасасу арқылы жүзеге асырылады.

Елдің туристік беделін қалыптастыруда республика аймақтарында және шет елдерде туристік ақпараттық орталықтарды ұйымдастыру да маңызды рөл атқарады. Туристік ұйымдар мен Қазақстан Республикасының шет елдердегі дипломатиялық өкілдерінің өзара бірлескен іс-қимыл жасау тәжірибесін пайдалануға лайықты назар аудару керек. Елдің туристік әлеуетін жарнамалауда ұлттық авиатасымалдаушы мен басқа да көлік кәсіпорындары пәрменді көмек көрсете алады.

Шетелде Қазақстан туралы сапасы жоғары полиграфиялық және аудиобейне жарнама материалдарын  шығару мен белсенді түрде тарату қажет.

Қазақстанға туристерді тартуға өлкетану жарияланымдары, жарнама-баспа қызмет, оның ішінде туристік фирмалар мен қонақ үйлердің жарнама-баспа қызметі өз ықпалын тигізеді. Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануға, оның ішінде Интернет жүйесінде Қазақстанның туристік фирмаларының WEB –сайттарын құруға айрықша мән беру қажет.

Туристік  ағынды  жөнелтуші  елдердің туристік  агенттіктері мен  бұқаралық  ақпарат  құралдары өкілдеріңе арнап Қазақстан  бойынша танысу саяхаттарын ұйымдастырудың тиімділігі  мол  болады.

Қолайлы  туристік беделді құруға  Қазақстанда  халықаралық  дәрежеде  әртүрлі  мәдени,  спорттық  және  туристік  іс – шаралар өткізу  ықпал  етеді.

Қазақстанның  туритік  беделін  калыптастыруда  есепке  алудың  компьютерлендірген  бірыңғай жүйесін  іске  қоса  отырып,  республика  аумағына  шетелдік  азаматтардың  кіруі,  шығуы  мен  болуы тәртібін,  визалық  және кедендік  рәсімдерді оңайлатудың  зор мәні  бар.

Сондай-ак, қонақжай  республика беделін  жасауға туристер  жиі болатын  орындарда  қазақша,  орысша  мәтіндеріне латын  транскрипциясымен  қоса   берілген  ақпараттық  тоблолар  мен  жазбалардың  жасалуы  мен  орнатылу  өз септігін  тигізеді.

Елде  халықаралық  туризмді  одан  әрі  дамытуды  ынталандыру,  мемлеенттің  туристік  әлеуетінің  әлемдік  туристік  рыноктағы  тұсаукесерін  өткізу  жөніндегі  жұмысты  күшейту  Қазақстан  Республикасы Үкіметінің  2000  жылғы  26 қазандағы     №  1604  қаулысымен  бекітілген   Қазақстанның  туристік  беделін  қалыптастыру  жөніндегі  2000 – 2003  жылдарға  арналған   іс – шаралар жоспарына  іске   асыруды  қамтиды.

Оған  Қазақстанға  туристер  тарту  жөніндегі  көпжақты  қызмет  және  халықаралық  туристік  рынок  жүйесіндегі  елді  интеграциялау кіреді.

Туристердің  қауіпсіздігін  қамтамасыз ету.

       Қауіпсіздік туризмді дамытуға, ең алдымен келушілер ағынын көбейтуге немесе азайтуға әсер ететін басты фактор.

Туристің қауіпсіздігі мемлекет саясатына, турфирмалар қабылдайтын шараларға, сондай-ақ туристің жеке басының іс-әрекетіне тікелей байланысты. Тұтынушыға туристік сапар барысында қорғау мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде ақпарат беру оған қауіпсіздікті басқа да тауарлар мен қызмет көрсетулермен бірге қауіпсіздік пен сапа , баға тұрғысынан алып қарағанда, маңызды элемент болып саналатын және салыстыруға тұрарлық туристік өнімнің ажырамас бөлігі ретінде ұғынуға көмектеседі.

БТҰ сарапшыларының болжамы бойынша, туризмның әлемдік индустриясы саяхаттар  көлемі мен экскурсиялардың әрдайым арту кезеңіне енуде. Осымен қатар  туристік өнімдерді қолданатын , ол жайлы жақсы хабардар тұтынушылыр көбеюде. Қазіргі заман туристері  өз назарын ұсынылған  туристік өнімнің сапасы мен қауіпсіздігіне аударады. Туристік өнімнің айтылған соңғы қасиеті өте өзекті, себебі туризм өте жақсы дамып , тіпті «ғарыштық турист» ұғымы пайда болғанмен де, әлемде әлі күнге дейін қарақшылық мәселесі бар. Бұған дәлел, 1999 жылы қарақшылардың 285 шабуылы тіркелді, бұл көрсеткіш 1998 жылдан (202 оқиға) 40 % және сегіз жыл бұрынғы көрсеткіштен үш есе артық (1991 жылы 107 оқиға). Әлемдік теңіз бюросының  жыл сайын  берілетін  баяндамасында, ең қауіпті аймақ ретінде Оңтүстік-Батыс Азия, әсіресе Индонезия және Бангладеш  бойындағы сулар аталады.

Сарапшылардың болашаққа болжамына келетін болсақ, атап өтетін мәселе, бұл әлемдік туристік нарықтың дамуы жаңа енгізілген  ақпараттық  технологиялармен  анықталады.

Әлемде тағы бір атап өтетін мәселе

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Туризм дамуының теориялық аспектілері