Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2013 в 08:30, реферат
Біздің Қазақстан – бұл Еуразия құрлығының жүрек тұсында орналасқан үлкен ел. Сондықтан мұнда ежелгі әлем мен қазіргі дүние, шығыс пен батыс көрші орналасқан деп айтуға болады. Мемлекет басшысының «Қазақстан-2030» даму стратегиясында «Біз өзімізді әлемнің және бүкіл планетаның бір бөлшегі ретінде сезінеміз» деп атап көрсеткеніндей, осындай географиялық қолайлы орналасу нәтижесінде Қазақстанның халықаралық мәселелерге қатысуы мен ықпалы жыл өткен сайын артып келе жатқандығы анық байқалып отыр.
Сапар болмай қалса туристердің шығындарын сақтандыру келісім-шартында келісілген сақтандыру сомасы негізінде төленеді. Сапар келесі себептер бойынша болмай қалса, онда сақтандыру сомасы толық не жартылай төленеді:
1. туристің өзінің немесе оның жанұя мүшелерінің, жақын туыстарының бірінің қаза болуы немесе денсаулығының кенеттен нашарлауы;
2. қоршаған ортаның немесе үшінші адамдар әрекеттерінен туристің мүлкінің зақымдалуы;
3. жоспарланған сапар болар кезінде турситің соттық талқылауларға қатысуы;
4. әскери міндетін орындауға шақырылу;
5. кіру визасын ала алмау;
6. келісім-шартта көрсетілген басқа да себептер.
Сақтандырудың өзіндік айрықша түрлеріне көліктің айтарлықтай уақытқа бөгелуі, сақтанушы адамның демалыс кезінде қолайсыз ауа райында болуы және тиісті туристік қызметті толық немесе мүлдем көрсетпеу жатады.
Сақтандыру полисіне сәйкес қайтарымдар
Сақтандыру полисі сақтанушыға шетелде медициналық жәрдем көрсетумен байланысты күтпеген шығындардан, оның ішінде спортпен шұғылданған кездегі шығындардан да сақтануды қамтамасыз етеді.
Сақтандыру полисіне
сәйкес мынадай шығындардың орны толтырылады:
Информация о работе Туристік индустрияда қауіпсіздік шараларын сақтау