Туристік бизнес

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Апреля 2013 в 12:38, реферат

Краткое описание

Туризм – экономика салаларының ішіндегі қарқынды дамып келе жатқан, ірі қызмет көрсету салаларының бірі. Оның дамуының жоғары қарқындары мен валюталық түсімдердің үлкен көлемдері жеке туристік индустрияның қалыптасуына септігін тигізетін түрлі экономика секторларына белсенді ықпалын тигізеді.

Содержание

КІРІСПЕ
1.ТУРИСТІК БИЗНЕСТІҢ ЖӘНЕ ҚОНАҚЖАЙЛЫҚ БИЗНЕСТІҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1Туристік бизнестің түсінігінің мәні мен мазмұны
2.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТУРИСТІК ЖӘНЕ
ҚОНАҚЖАЙЛЫҚ БИЗНЕСТІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
2.1 Қонақ үй туристік кешендер менеджменті
2.2 Қазақстанның туристік индустриясының жағдайын зерделеу
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТУРИСТІК ЖӘНЕ
ҚОНАҚЖАЙЛЫҚ БИЗНЕСТІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Прикрепленные файлы: 1 файл

Реферат менеджмент.doc

— 185.00 Кб (Скачать документ)

 Менеджерлік  шеберліктің маңызды жақтарының  бірі – келіссөз жүргізе білуі — әріптесінің мүддесін өз мүддесіне сәйкестендіре білетін өнері болуы тиіс. Қонақ үй, мейрамхана т.б. менеджмент және маркетинг туристік бизнесте ерекше орын алуға тиісті.

 Барлық елдерде  қонақ үйлер басқару жүйесінде  менеджмент жетістіктерін ұтымды  жақтарын пайдалануға тырысады. Сондықтан да менеджерлер алдына қоятын талап тілектер қалыптасқан.

 Қонақ үй  жүйесінде менеджерлер тобы және  тікелей жұмыс атқаратын адамдар  тобы қалыптасқан.

Практикада  басқарудың қонақ үй кәсіпорындарымен қатар көптеген әдістер және олардың үйлесімділігі қолданылады. Негізгі әдістемелік топқа қатысты:

1. экономикалық

2. ұйымдастыру  — әкімшілік

3. әлеуметтік  – психологиялық

Қонақүй тарапынан  демалушылардың алғашқы пікірін  қабылдау және оррналастыру қызметтерінен  басталады. Қонақүй қызметін тұтынушылармен жұмыс жасау бірнеше кезеңнен тұрады. Олар:

1. Алдын ала  орынға сұраныс беру (брондау);

2. Қонақтарды  қабылдау, тіркеу және орналастыру;

3. Қонгақжайлылық  және тамақтану қызметін ұйымдастыру;

4. Тұрғындарға  басқаша қосымша қызметтер көрсету;

5. Есеп айырысу және чек беру;

6. Шығарып салу рәсімі.

Көмекші қызмет көрсету саласына бизнес орталығы, шаштараз, сұлулық салоны, магазин  және тағы басқалары жатады. Осы  айтылғандар кешенді түрде ұйымдастырылса, тұтынушылар тарапынан айтылатын кемшіліктер болмайды және қызмет көрсету дәрежесінің жоғары болғандығын көрсетеді. Алдын ала орынға сұраныс берумен тұтынушыларды орналастыру, қабылдау мен кезекші адмимнистратормен, портье, есеп айырысу кассирі, төлқұжат тіркеуші айналысады. Қабылдау және орналастыру қызметкерлерінің жұмысы кәсіби стандартқа, талапқа сай орындалуы тиіс. Қабылдау және орналастыру қызметі көпшілік қонақүйлерде ағылшынша «reception» деп аталады.

 Портье қызметі  бөлме кілттерін қонақтардың  қолдарына беру, тіркеу, кіру карточкасымен таныстыру міндетіне жауап береді. Сонымен бірге, қосымша қызмет, ақпаратты анықтама беру және алумен айналысады. Қонақүйдегі брондау өтініші жазбаша түрде беру арқылы телефон және компьютерлік әдіспен сайт жүйесі арқылы жүргізіледі.

 Шетелдік  қонақтарды қабылдау барысында виза мәселесіне басты назар аударады. Визалар жеке, топтық бірреттік пайдалануға, студенттік, кіріп шығуға және транзиттік болып бөлінеді. Ал бұлардан басқа ерекше аталып өтілетін елшілік визасы, қызмеет бабындағы арнайы тур және жарнамалынған әйгілі виза түрлері болады.

Елдегі орналастыру  орындарының материалдық базасы, сервистің толықтығы және қонақ  үй қызметтерінің сапасы мен деңгейіне  байланысты жіктеледі. Қонақ үйлерді  жіктеудің кең тараған жүйесі - жұлдыздық жүйе (1-5), аталмыш жүйе францияның ұлттық жіктеу жүйесіне негізделген және біздің елде де осы жүйе қолданылады, демек бұр көрініс 8 кестеде көрсетілген.

 

 

 

2006

2007

2008

2009

2010

2010/2006, %

Барлығы

Соның ішінде:

465

469

528

562

677

45,6%

5-жұлдызды

7

8

8

11

13

85,7%

4-жұлдызды

27

25

31

32

39

44,4%

3-жұлдызды

54

63

68

71

65

20,4%

2-жұлдызды

20

23

25

23

20

0,0%

1-жұлдызды

11

16

16

13

14

27,3%

Санаты жоқ

346

334

380

412

282

-18,5%

Өзге де тұрғылықты орындар

-

-

-

-

244

-

Ескерту - автормен құрастырылған


 

Орналастыру орындарының санаттары бойынша бөліп, олардың пайыздық үлесін анықтау, сол санатқа деген сұраныс дәрежесін білуге мүмкіндік жасайды, яғни бұр көрініс 7 суретте көрсетілген.

Анықтау нәтижесінде санаты жоқ орындар 41% көрсеткішімен бірінші  орынға шықты. Екінші орында 36% үлес көрсеткен өзге де тұрғылықты орындар. Ал жұлдыз категориясы ішінен 3 жұлдызды орналастыру орындары 10% үлеске иелік етуде.

Жалпы осы көрсеткіштерге қарап туристердің басым көпшілігі  орта және төмен деңгейдегі орналастыру  орындарының қызметін тұтынуға мәжбүр деген сөз. Бұл сол санаттағы орналастыру орындарының бағасының төмендігімен түсіндіріледі.

5 жұлдызды орналастыру  орнының үлесі өте төмен және  бұл отандық қонақ үйлердің 5-жұлдызды  қонақ үйлер стандарттарына сәйкес келмеуіне байланысты.

 

Қонақ үй қызметін ұйымдастыру формаларының бірқатар басымдықтары ел экономикасының қонақ  үй секторына қолдануға жарамды. Қазақстандық, сондай-ақ шетелдік клиенттерді  туристік нысандар мен еліміздің  кәсіпорындарына тарту Отандық  мейманжайлылықты әрі қарай дамыта түсуге мүмкіндік береді. Осы жағдайда қазақстандық туристік өнімдердің халықаралық рыноктағы бәсекеге қабілеттілігі жөнінде айту орынды. Алайда, аталған секторды ілгерілету сәл қиынға соғып тұр. Оған кедергі болған – ұйымдастырушылық, құқықтық және экономикалық сипаттағы мәселелер. Оның негізгісіне жататындар - қызмет көрсету сапасының төмендігі, тиімсіз менеджмент, баға шығыны, өнімі мен қызметін өткізуге шорқақтық. Туризмді дамыту арқылы қонақ үй шаруашылығын ұйымдастырудың батыстық тәжірибесіне бейімделе отырып, келтірілген проблемалардан айығуға болады. Қазақстандағы қонақ үй қызметі шетелдік мейманханалар тізбегінің ықпалымен дамып келетінін ескерсек, кіші-гірім елді-мекендердегі қызмет сапасын басқару стратегиясы ойдағыдай орындалмай отыр.

 

2.2 Қазақстанның туристік индустриясының жағдайын зерделеу

 

Бүгінгі таңда, Қазақстан Республикасында туристік қызметпен айналысатын кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлер баршылық. Ал, олардың санын анықтау, туризм саласында  отандық және шет елдік туристерге ұсына алатын туристік қызметтердің ауқымын анықтауға болады және бұл көрсеткіш арқылы сонымен қатар елдегі туризм нарығының жағдайын білуге болады, демек бұл 1 кестеде көрсетілген.

2010 жылы Қазақстан  Республикасына халықаралық туристік  келушілердің саны 4 712 657 адамды құрайды, яғни әлемдегі барлық туристік келушілердің (935 млн. адам) ішіндегі үлесі 0,5%. Атап айтқанда бұл жайт Қазақстанның туристік имиджі, әлеуеті халықаралық туризм нарығында енді ғана орын теуіп, бастау алғандығын білдіреді. Сондықтан, Қазақстанның әлемдік туристік нарығында сүбелі орын алуы үшін отандық туризм индустриясын дамыту және олардың құрылымдық инфрақұрылымдарын қалыптастыру – қазіргі таңдағы отандық туризм саласының басты өзекті мәселесі болып табылады.

 

Облыстар

2006

2007

2008

2009

2010

2010/2006, %

Кестенің жалғасы

Ақмола обл.

22

27

33

34

33

50%

Ақтөбе қ.

18

20

31

28

30

66,6%

Алматы обл.

51

48

55

44

37

-27,5%

Атырау қ.

26

28

30

25

32

23,1%

Батыс Қазақстан обл.

13

18

21

20

26

100%

Қарағанды қ.

58

59

77

83

94

62,1%

Қостанай қ.

15

25

34

34

37

146,7%

Қызылорда қ.

4

4

3

2

6

50%

Маңғыстау обл.

21

22

26

30

31

47,6%

Оңтүстік Қазақстан

21

22

29

25

31

47,6%

Павлодар қ,

33

51

54

59

62

87,9%

Солтүстік Қазақстан 

16

18

20

23

21

31,25%

Шығыс Қазақстан

41

45

59

60

51

24,4%

Астана қ.

48

61

92

92

     169

252,1%

Алматы қ.

562

591

642

696

     671

19,4%

Қазақстан Республикасы

962

1058

1227

1276

    1350

40,3%

Ескерту - автормен құрастырылған


 

Кестедегі көрсетілген  мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда туристік қызметпен айналысатын кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлердің саны 2010 жылғы көрсеткіш бойынша 1350 бірлікті құрады және 2006 жылмен салыстырғанда өсу үлесі 40,3% артқан. Зерттеу барысында ең жоғары көрсеткіш Алматы қаласына тиесілі боғанын көреміз. Оның сандық көрсеткіші 2010 жылы 671 бірлікті құрап, 2006 жылмен салыстырғанда 19,4% артып отыр. Сонымен қатар, ең төменгі сандық көрсеткішті Қызылорда облысы көрсетті және 2010 жылы туристік қызметпен айналысатын кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлердің саны 6 бірлікке тең болды. Бұл 2006 жылмен салыстырғанда 50% артқан.

Қазақстанда ішкі туризм саласы жақсы дамып келе жатыр. Индустрия және жаңа технологиялар  министрлігінің хабарлауынша, өткен  жылы туризм саласының компаниялары 74 млрд. теңгеге қызмет етті. Айта кететін  жайт, бізде туризмнің барлық түрі дамып жатыр. Дағдарыстан кейін бірінші болып қалыпқа келген іскерлік туризм саласы.

 

Қарағанды аймағы бойынша туристік қызметтің 2009-2011 ж. аралығындағы жүйелік кезеңі келесі көрсеткіштермен сипатталады: қызмет көрсетілген туристердің орташа жылдық көрсеткіші 24,75%-ға өскен, соңғы жылдары бұл көрсеткіштің жоғарылай түсуі байқалады. Сонымен қатар туристік қызметтен түсетін табыс мөлшері өсуде. Жыл сайын сатылған жолдамалардың орташа жылдық мөлшері 33%-ды құрайды.

Туристер шығатын сапарларының ыңғайына қарай - турист-резиденттер (ішкі туризм): тынығу, жер керу мақсатында келгендер — 22%; туыстар мен таныстарға келушілер — 47%; іскерлік және кәсіби мақсатпен келушілер — 4%; коммерциялық мақсатпен (шоп турлар) — 25%; сауығу мақсатыңда, емделу туризмі — 0,4%; тағы баска мақсатпен келушілер — 2%; Турист-резидент еместер (сыртқы сапар туризмі): тынығу, жер көру мақсатында келгендер —57,6%; туыстар мен таныстарға келушілер — 1,8%; іскерлік және кәсіби мақсатпен келушілер — 18%; коммерциялық мақсатпен (шоп турлар) - 18%; тағы басқа мақсатпен келушілер - 4,6% болып негізгі екі топка бөлінеді. Қарағанды облысы өңіріндегі туристік сапарлар дамуының жалпы сипаты мына көрсеткіштерді аңғартады:

 

 

3.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТУРИСТІК ЖӘНЕ

ҚОНАҚЖАЙЛЫҚ БИЗНЕСТІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

 

Туризм саласы жалпы алтын жұмыртқа тасушы тауық  болып саналады. Барлық туристік орталықтар мен аудандар туризм арқылы пайда  тауып қана қоймай, туризмнің дамуына  оның ішкі және сыртқы елдер нарығында  дамуы үшін туристік индустрия мен туристік тауарға көптеген қорлар бөлуде туризмнің дамуы үшін бөлінген қорлар өз өтемдерін өтейді және олар сол мемлекетке одан да көп пайда әкеледі.

Туристік инфрақұрылым, оның менеджментін жақсарту саласына келімді-кетімді адамдарды сапалы азық-түлікпен, дәмді тағаммен қамтамасыз ету де жатады. Кей жылдары облыстар экономикасының ілгерілеуі бұл мәселені де шешуге мүмкіндік береді деп ойлаймын.

Біздің аймақтың экологиялық мәселелері де туризмнің  дамуына аса қолайсыздардың қатарына жатады.Бұған дәлел, біздің еліміздің аумағында сондай-ақ Арал теңізі аймағының экологиялық мәселелері әлемге жақсы таныс, бұдан біздің ел туралы ой қалыптасады.

Ішкі бұқаралық  туризмді тежеуші басты фактор, кейбір мамандардың пікірінше, тұрғындардың тұрмыс деңгейінің көп төмендеуі болып табыл ады.Өкінішке орай, біздің көптеген азаматтарымыздың еліміз бойынша туристік сапарларға шығып демалуға мүмкіндігі жоқ.

Туристік қызмет индустриясы кәсіпорындардың шаруашылық қызметіндегі оңды өзгерістерге қарамастан, сырттан кіру туризмінің күрт төмендеуі, шетелдіктерді қызықтыра алатындай табиғаты мен тарихы – мәдени орталықтарына бай Қазақстанда заманға сай туристік қызмет инфра құрылымының құрылуы және істі жоғары дәрежеде ұйымдастыруды қолға алу қажеттілігін көрсетеді.

Қазақстандағы туризмді дамытуда маркетинг және менеджменттің дұрыс қолданылмауы саланың алға жылжуына кері әсерін тигізуде. Кез-келген елде туризм жүйесінің дамуында маркетинг және менеджмент елеулі әсерін тигізуді. Өкінішке орай, Қазақстандағы туризмде бұл екеуіне дұрыс көңіл бөлінбей жүр.

Туризм саласы–  көптеген кәсіпорындар мен ұйымдардан құралған үлкен бизнес нарығы. Туристік индустрияны құрайтын әрбір кәсіпорын  жақсы пайда табу үшін маркетингтік стратегия мен басқаруды тиімді жүзеге асыру керек.

Қазақстанда маркетинг пен менеджментті туризмде қолданудағы негізігі кемшіліктер:

− туристік салада бір текті, концентрлі ортақ маркетинг  нарығының болмауы;

− жарнаманы  туристік фирмалардың шет елдік  турөнімдеріне арнап жоғарғы  деңгейде жылжытуы;

− туроператорлардың  бір-бірімен келіспей, жеке жұмыс атқарулары;

−Қазақстанның табиғи, тарихи-мәдени ерекшеліктері мен қонақжайлылығын жеткіліксіз көрсетілуі;

− нарық сегменттеріне  зерттеудің әлсіз жүргізілуі;

− туристік индустрия  кәсіпорындарының қызметін басқаруда  басқарушы мамандардың жетіспеуі;

− персоналдар  қызметінің дұрыс ұйымдастырылмауы;

− кәсіпорындардың  ішкі фирмалық жоспарлау деңгейінің төмендігі;

− ішкі және келу туризміне турөнімдер дайындауда маркетингтік зерттеудің аз жүргізілуі;

Информация о работе Туристік бизнес