Тест по дисциплине "Туризм"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2015 в 21:47, тест

Краткое описание

Работа содержит тестовые задания по дисциплине "Туризм" на казахском языке.

Прикрепленные файлы: 1 файл

туризм силлабус.doc

— 515.50 Кб (Скачать документ)

1 апта. Тақырыбы: Туризм халықаралық қызмет саудасының бір түрі

Практикалық сабақ жоспары:

1.Туризм түсінігі. Туризмнің пайда  болу және даму тарихы.

2.Туризмнің негізгі нысандары мен түрлері.

3.ҚР туристік ресурстары.

4.ҚР туристік қызметті құықтық реттеу негіздері.

 

№ 1 тақырып бойынша  тест

1. Туризм дегеніміз --

А) жеке тұлғалардың уақытша болатын елде (жерде) жиырма төрт сағаттан бір жылға дейін не жиырма төрт сағаттан аз уақытқа созылатын, бірақ түнейтін, ақылы  қызметпен байланысты емес  мақсаттағы саяхаты;

2. Қазақстан Республикасында  туристік  қызмет туралы  Заң  қай жылы  қабылданды?

D) 2001 ж 13 маусым

3. Туристік  қызмет туралы  Заң неше  тараудан  тұрады?

С) бес

4. Туристік  қызмет туралы  Заң неше баптан тұрады?

А) жиырма тоғыз

5. Тур дегеніміз не ?

D) белгіленген  мерзім  шеңберінде  белгілі бір маршрут бойынша  жасалатын  саяхатты  қамтитын  туристік  қызмет көрсетулер  кешені;

6. Әлеуметтік  туризм-

А) жұмыс  берушінің және (немесе) өзге де үшінші тұлғалардың қаражаттары есебінен толық немесе  ішінара жүзеге  асырылатын  туризм;

7.Өз бетінше  туризм-

В) туристер  өз бетінше  ұйымдастыратын, жүріп-тұрудың белсенді  тәсілдері пайдаланылатын саяхаттар;

8.Туристік жолдама дегеніміз

С) туристік  қызмет  көрсету кешенін алуға  құқықты  растайтын  құжат;

9. Туристік қызмет субъектілері

Е) барлығы дұрыс

10. Іскерлік  туризм туристік  қызмет  түрінің қай  тобына  жатады?

Е) дұрыс нұсқасы жоқ

11. Негізгі қызмет түріне  жатады (дұрыс  нұсқасын  табыңыз)

А) пәтер таңдау  категориясы

12. Қосымша қызмет түріне  жатады (дұрыс  нұсқасын  табыңыз)

D) жүктерді кедендік органдардан  өткізу;

13.Интенсивті факторға  жатады

В) тұлғаның кәсіби  біліктілігін арттыру

14.Туризмнің жергілікті  халық өміріне оң әсері

С) жергілікті мәдени орындарды  жаңарту

15.Туризмді дамытудағы  кедергілер (дұрыс нұсқасын табыңыз)

D) отбасы эрозиясы

 

 

 

Үй тапсырмасының сұрақтары:

  1. Кәсіпкерлер үшін туристік бизнестің тартаымдылығы қандай себептерге байланысты?
  2. Халықаралық туризм қандай түрлерге бөлінеді?
  3. Туризм индустриясы дегеніміз не?
  4. Туристік қызмет көрсету дегеніміз не?
  5. Туристік өнім құрамы жағынан неше бөлімге бөлінеді?
  6. Тур құрамы қандай болады?
  7. Туристік өнімнің тур пакеттен айырмашылығы қандай?
  8. Туроператордың туризмде атқаратын ролі
  9. Туристік өнім элементтері бойынша турситің шығынын қандай түрлерге бөлуге болады?
  10. Туристік индустрияда өндірілетін туристік өнім неше әдіспен бағалануы мүмкін?
  11. Туристік нарықтың ерекшелігі
  12. Рәсімделген тапсырыс алдын-ала келісім шарт ретінде танылады ма?
  13. Туристік жолдама.

 

 

 

 

Тапсырмалар:

Глоссарий:

Тур-белгіленген мерзімдер шеңберінде белгілі бір маршрут бойынша жасалатын саяхатты қамтитын туристік қызмет көрсетулер кешені

Туристік қызмет- жеке немесе заңды тұлғалардың туристік қызмет көрсету жөніндегі кәсіпкерлік қызметі;

Турист-уақытша болатын елге (жерге) жиырма төрт сағаттан бір жылға дейінгі кезеңге келетін және ақылы қызметпен айналыспай, сол елде (жерде) сауықтыру, танымдық, кәсіби-іскерлік, спорттық, діни және өзге де мақсаттарда кемінде бір рет түнейтін жеке тұлға

Экскурсант- уақытша болатын елдегі (жердегі) туристік ресурстарды танымдық мақсатта жиырма төрт сағаттан аспайтын уақытқа барып көретін жеке тұлға;

Туристік өнім-саяхат барысында туристің қажеттіліктерін қанағаттандыруға жеткілікті туристік қызмет көрсетулер жиынтығы;

Туристік индустрия-туристерді орналастыру құралдарының, көлiктiң, қоғамдық тамақтандыру объектiлерiнiң, ойын-сауық объектiлерi мен құралдарының, танымдық, сауықтыру, iскерлiк, спорттық және өзге де мақсаттағы объектiлердiң, туристiк қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың, сондай-ақ экскурсиялық қызмет және гидтер (гид-аудармашылар) қызметiн көрсететiн ұйымдардың жиынтығы.

Туристік нарық-туристік қызмет саласындағы тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) мен ақша айналысы;

 

 

2 апта. Тақырыбы: Туристік бизнесті басқару негіздері

Практикалық сабақ жоспары:

1.Туризм -қоғамдық шаруашылық жүйесі.

2.Туристік сұраныс және оның  сипаттамасы.

3.Туристік шаруашылық

4.Туризм индустриясы және нарық .

5.Туризмнің әлеуметтік функциясы..

6.Турфирма менедменті ерекшелігі.

7. Туризмді мемлекеттік реттеу.

8. Турфирманың маркетингтік стратегиясы.

 

№2 тақырып бойынша тест

1. Туризм индустриясы дегеніміз  не?

Д) барлығы дұрыс.

2. Туристік нарық дегеніміз...

А) туристік қызмет саласындағы тауарлар (қызметтер мен жұмыстар) мен ақша айналысы;

3.  Әлеуметтік  туризм-

А) жұмыс  берушінің және (немесе) өзге де үшінші тұлғалардың қаражаттары есебінен толық немесе  ішінара жүзеге асырылатын  туризм;

4.Өз бетінше  туризм-

В) туристер  өз бетінше  ұйымдастыратын, жүріп-тұрудың белсенді  тәсілдері пайдаланылатын саяхаттар;

5.Жол жүру кезінде туристің қажеттілігін қанағаттандыру үшін көрсетілетін туристік қызметтер жиынтығы

А) туристік өнім немесе жолдама   

6.Туристік ваучер-

D) Тур құрамына  және оның нақты төлеміне кіретін қызметтерге туристің құқығын растайтын құжат

7.Өз өнімдерін құру,  жылжыту және өткізу  бойынша қызмет түрлеріне лицензиясы бар  заңды тұлғаның  қызметі  

D) туроператорлық қызмет

8.Туристік жолдама-

B)  туристік қызмет кешенін  алу құқығын растайтын құжат

9. Орналастыру, тасымалдау, туристерді тамақтандыру, экскурсиялық қызмет бойынша қызметтер кешеніне құқықтың берілгендігін растайтын  құжат –

C) туристік қызмет көрсету 

10. Туристік маршрут  жолдамасы құнына қосылмайды

А) жолаушылар тасымалдау қызметі

Б) сақтандыру құны

В) жалпы-мәдени  қызмет көрсету

Г) тұру және тамақтандыру құны

11. Турагент немесе туроператор арасындағы өзара есептесу қандай құжат бойынша реттеледі

B) беруші және алушы  жақтар  арасындағы келісім шарт 

12. Бостонда  ашылған ең алғашқы  қонақ  үй  қалай  аталады?

А) Тремонд-Хаус

13. Лицензия 1 жылдан кем уақытқа алынып, оның құны төленді

А) Дт 3310,3390  Кт 1030,1010  

B) Дт 8110  Кт 2730

C) Дт 3310,3390  Кт 1250  

D) Дт 7210  Кт1010,1030

14. 2020 жыл қарсаңында еңі  әйгілі  туристік  ағым  қай  елден  күтілуде

C) Қытай 

15. Ақпараттың сапалық принципіне жатпайды…

B) қызмет үздіксіздігі

Үй тапсырмасының сұрақтары:

  1. Туристік менеджменттің негізгі ерекшеліктері
  2. Туристік қызметті мемлекеттік реттеудің мақсаттары мен басым бағыттары
  3. Туристік маркетинг
  4. Лицензиялау қандай құжаттар негізінде жүзеге асырылады?
  5. Сертификаттау және стандарттау дегеніміз не?
  6. Туроператорлар мен турагенттердің лицензия алуы үшін қандай құжат толтырылады?
  7. Қазақстанның туристік беделін арттыру үшін қандай шаралар жүзеге асырылуда.

Тапсырмалар:

Глоссарий:

Туристік менеджмент-

Туристік маркетинг- туристік кәсіпорындар қызметінің жүйелік өзгерісі мен координациясы. Сондықтан ұлттық, халықтық, аймақтық жоспармен жүзеге асырылатын туризмнің жеке және мемлекеттік саясаты.

Лицензия- (лат. licentia — рұқсат, құқық), рұқсатнама – экспортты‚ импортты және валюта қозғалысын бақылау мақсатымен экспорт-импорт операцияларынжүзеге асыруға мемлекет беретін рұқсат.

  1. Мемлекеттік органдар әлдебір саладағы қызметпен аиналысу құқығын беретін рұқсат.[1]
  2. Мемлекеттік органдардың сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыруға беретін рұқсаты. Жеке тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша белгілі бір мерзімде қолданылатын экспорттық-импорттық операцияларға бақылау орнату нысанының бірі.[2]
  3. Жеке адамдар немесе ұйымдарға патентпен, техникалық біліммен, тәжірибе, өндірістік құпия, сауда маркасымен қорғалған өнертапқыштықты пайдалануға рұқсат беретін құжат.[3]

 

Сертификат- қызмет көрсету шарттары мен қызмет сипаттамасын бейнелейтін көрсеткіштер ақпараттық жарнама проспектілерін талдау жолымен,туристермен келісім шартпен туристік жолдама,маршрут куәлігі,туристік ваучер,қонақ үймен келісім шартпен,көлік ұйымдарымен ,сақтандыру компанияларыфмен,шетелдік фирмалармен анықталады.

Туроператор- туристерге дербес немесе туристер алдындағы оның міндеттемелерінің бір бөлігін немесе барлығын орындау жүктелетін үшінші тұлғаларды тарту арқылы туристік өнімге кіретін барлық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.

Турагент- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, туроператор қалыптастырған туристік өнімді ғана туристерге ұсынады және өткізеді.

Туризм нұсқаушысы- 1) атағы 18 жасқа толған жоғары немесе орта білімді, туризм нұсқаушысына арналған мектепті бітірген және сынақтан өткендерге туризм инструкторы деген атақ беріледі; 2) қоғамдық мамандар кадрларына арналган туристік категорияның бір түрі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 апта.Тақырыбы: Турфирмалардың есеп саясатын таңдаудың экономикалық аспектілері

Практикалық сабақ жоспары:;

  1. Турфирмалардың есеп саясаты түсінігі.
  2. Турфирма есеп саясатын бекіту және ресімдеу тәртібі.
  3. Есеп саясаты мазмұны. Есеп саясатындағы өзгерістер.
  4. Турфирмаларда бухгалтерлік есепті ұйымдастыру.

 

№3 тақырып бойынша тест

1.Турфирманың есеп саясатын  кім бекітеді?

А) басшы

2.Турфирманың бухгалтерлік есебі  қандай құжаттар негізінде жүзеге асырылады?

А) ҚР конституциясы

В) Азаматтық кодекс

С) Салық есебі

D) ҚР туристік қызмет туралы Заңы

Е) барлығы дұрыс

3. Есеп саясатын ресімдеу кезінде  ұйым басшысы келесілерді бекітеді:

А) Бух есептің жұмыс жоспары;

В) Алғашқы құжаттар нысанын бекіту;

С) Активтер мен міндеттемелер инвентаризация өткізу тәртібі;

D) есеп ақпаратын өңдеу технологиясы  және құжат айналымы ережесі;

Е) барлығы дұрыс.

4. Есеп саясатын құру кезінде  ол мынлады қамтамасыз ету  керек:

А) туристік қызметтің барлық факторларын толық көрсету;

В) Бух есеп пен қаржылық есептілікте қызмет фактілерән уақытылы көрсету;

С) Шығындар мен міндеттемелерді бух есепте мойындау

D) аналитикалық шоттар бойынша  айналымдар мен қалдықтарды көрсету

Е) барлығы дұрыс.

5. Туристік фирманың есеп саясаты қай жағдайда өзгереді?

А) ҚР заңнамаларда өзгерістер орын алса;

В) Ұйымның бухгалтерлік есебін жүргізудегі жаңа тәсілдерді қолданылса;

С) ұйым қызмет шартын өзгерткен жағдайда;

D) барлығы дұрыс;

Е) дұрыс нұсқасы  жоқ.

6.Өзге  ұйымдардан туристерді  орналастыру, тамақтандыру, экскурсиялық қызмет көрсетулер  бойынша қызметтер  алынды

 С) Дт 8110 Кт 3310,3390

7.Туристік  қызметті  жүзеге  асыру  үшін  лицензия  неше  жылға  беріледі

D) 3 жыл

 

8.Материалды  емес активтерді  қабылдау  актісі  неше  дана  етіп  жасалады

А)1


9.Туроператорлар мен турагенттердің  қызметін лицензиялау қандай  органга жүктелген?

В) Қазақстан Республикасы Үкіметі

10.  Турагент немесе туроператор арасындағы өзара есептесу қандай құжат бойынша реттеледі

А) лицензия

В) беруші және алушы  жақтар арасындағы келісім шарт

С) туристік ваучер

D) туристік жолдама

Е) төлем тапсырмасы

Үй тапсырмасының сұрақтары:

  1. Туристік бизнестегі бухгалтерлік есептің жүргізу тәртібі қандай заңдармен реттеледі?
  2. Туристік ұйымдарда есеп саясаты қалай ұйымдастырылады?
  3. Есептік жүйені жасауды және бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды кімдер қамтамасыз етеді?
  4. Қаржы есептілігіндегі есеп саясаты бөлімдерін ата.
  5. Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есептің жалпы әдістемелік нұсқауымен қандай шаралар жүргізіледі?
  6. Туристік ұйымның есеп саясатының аспектілері нені қамтиды?
  7. Кәсіпорында шетелдік қызметтің немесе шетелдік валютамен жасалатын операциялардың көлемін қалай анықтайды?
  8. Оң және теріс бағамдық айырманы тануға және осындай айырмаларды хеджирлеуге қатысты есеп саясатын ашып көрсету көзделген бе?
  9. Пайдаға салынған салықтарға қатысты есеп саясатын ашып көрсетуге тиіс деп болжанады ма?
  10. Қаржы есептілігінде гудвиллды және азшылық үлесін анықтау кезінде қолданылатын саясат ашып көрсетіледі ме?

Тапсырмалар:

Глоссарий:

Есеп саясаты-

Салық саясаты-

Гудвилл-

Азшылық үлесі-

Бухгалтерлік есеп-

Салық есебі-

Есеп саясатының аспектілері-

Әдебиеттер:

1.«ҚР  туристік қызметті  лицензиялау туралы» ҚР  үкіметінің қаулысы, 13 маусым 2001 жыл.

2.Балабанов  И.Т.,    Балабанов  А.И. Экономика туризма. М. ФиС 2000 г.

3. Абдрасимова Ж.К.Бухгалтерский учет в туристском и гостиничном бизнесе. Учебно-практическое пособие. – Караганда, 2005.

4.Радостовец В.К., Шмидт О.И. Теория и отраслевые особенности  бухгалтерского  учета.- Алматы.: Центраудит. 2000.

5. «ҚР  туристік қызметті  лицензиялау туралы» ҚР  үкіметінің қаулысы, 13 маусым 2001 жыл.

 

4 апта.Тақырыбы: Туризмдегі қонақ үй қызметі мен тамақтандыруды ұйымдастыру

Практикалық сабақ жоспары:

  1. Орналастыру кәсіпорындары.
  2. Қонақ үй түрлері.
  3. Туризмдегі тамақтандыруды ұйымдастыру.
  4. Тамақтандыру кәсіпорындарының классификациясы.
  5. Тур түрі мен туристер категориясының сәйкестігі.

Информация о работе Тест по дисциплине "Туризм"