Спортивный туризм

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 18:12, реферат

Краткое описание

Қазақ зиялыларының рухани-моральдық дағдарысы 1937 жылғы қуғын-сүргін жылдарында айқын көрінді. 1937 жылы әдеби шығармаларымен елге танылған қазақ зиялыларын айыптау мен қуғындау етек алып, олардың шығармаларының әр жолынан, айтылған ой пікірлерінен ұлтшылдық пен байшылдықты, кеңес үкіметіне қарсылықты, теріс ниеттілікті көруге тырысушылар шықты. Тарих сахынасынан кеткен алашордашыларды айыптап, олармен азды көпті байланыста болғандарды жылы қабақ танытқандарды алашордамен байланысын үзбеген, алашорданың агенттері, ниеттері бір деп кінә тағу қалыпты іске айналды. Жазушылар шығармаларынан күмәнді деген ой-пікір тауып, партия бағытынан, тап жолынан ауытқыды деп айыптады. Сыншылар осылай жасау арқылы, бір жағынан, тап жауларын, халық жауларын әшкерелеуге үлес қосты. Екіншіден, партия саясатын, бағытын қолдау үстінде деген өзі жөнінде жағымды пікір туғызу мақсатын көздеді. Тап жауларын әшкерелеу ісінен, жалпы елді қамтыған науқаннан қарапайым халықтан бастап, өкімет билігіндегі тұлғалар да тыс қалмады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

реферат к т.docx

— 31.13 Кб (Скачать документ)

 С. Мұқанов С. Сейфуллиннің  «қателіктер жіберіп, сүрінгенін»,  Майлин мен Дөнентаевтың революцияның алдыңғы жылдарында халық жауы алашорданы мақтап қателесуін, «Майлиннің қатесі Сейфуллиннен тереңірек» болғанын, ал «Сәбит Дөнентаев алашорда мәселесінде Майлиннен де ауыр адасып», совет әдебиетіне келгендігін айтып келеді де, … былай тұжырымдайды:

 «Мұхтар Әуезовтың  советтік тарих алдындағы кінәсі бұлардан әлдеқайда ауыр. Егер оның 1932 жылы баспасөз бетінде жарияланған хатына сенсек аталған жылға дейін ол марксизм-ленинизм жолына саналы түрде қарсы боп, сол жолдың өркендеуіне бөгет болуға тырысқан кісі» деген пікірді ұстанды [20,119 б; 192-194 б.].

 Айыптаған, сынаған  мақалалар газет-журналдарда күн  құрғатпай басылды. Дихан Әбілев те «…Зиянкес элементтерден баспасөз орындары әлі де түгел арылып біткен жоқ» деп зиянкестердің атын атап, түсін түстеді [21]. Сонымен қатар ол «Мұхтар өзінің «Ескілік көлеңкесінде» деген қате әңгімелер жинағын бастырып, ірі қате жасады. Бұл қатесін Мұхтар ісімен түзетуі керек» деп М. Әуезовты да сынап өтті [8,83 б].

 Х. Жүсіпбеков те  қырағылық танытты. «…Соңғы кезге  дейін Жазушылар ұйымының, көркем  әдебиет баспасының саяси бейқамдығын,  ашықауыздығын пайдаланып, халық  дұшпандары Сұлтанбеков, Жұмабаевтар көркем әдебиет аудармасын алып келген. Уалиахметов, Қоңыратбаев, Айсариндер бір кезде Жазушылар ұйымының басқарушы ісіне дейін араласып жүрген. Беков, Гатаулиндер әдебиет маңында болып келген. Осы жауыздардың көркем әдебиетке істеген қаскүнемдіктері аз емес. Сондықтан біздің ең басты міндетіміз – контрреволюцияшыл қазақ ұлтшылдығымен, оған ымырашылдық жасаумен ешбір аяусыз күресіп отыруымыз керек» деп ұлтшылдарды әшкерелеу ісіне араласты[22].

 Заманның ызғарлы желінен  қорқып белсенділік танытқысы  келді ме, әлде басқа ішкі есебі  болды ма Жұмағали Саин одан  да қатты кетті. «Халық жаулары,  фашизмнің қарғылы төбеттері  шаруашылық, мәдениет құрылысымыздың  бір ғана бөлігіне зиян жасап қойған жоқ, олар өздерінің екіжүзділік сұрқиялылығын пайдаланып, әр жерге-ақ қанат жайғысы келді. Олардың сұр күшіктері Тоғжанов, Жансүгіровтер осы күнге дейін көркем әдебиет майданында орын алып келді» деп Тоғжанов пен Жансүгіровты ашық түрде «халық жауы» қылып шығарды [23].

30 жылдардың екінші жартысында  қа­зақ әдебиетіне өзіндік қолтаңбаларын  қал­дырған көрнекті тұлғалардың  өзі рухани мо­ральдық дағдарысқа  түсті. Бұрын бірін бірі шы­ғармаларындағы таптық, саяси-идеялық көзқарастары бойынша сынаса, енді бір біріне ашық түрде жала жапты, кінәсіз екендігін біле тұра айыптады. Ақиқатында, әрқайсысы өз қара бастарын қорғауға жанталасты. Бұл адамдар арасындағы жаман қасиеттерді принципсіздікті, жалтақтықты, жағымпаздықты, жаны ашымастықты өршітті. 1937 жылғы репрессия бұрыннан бықсыған шаланы үрледі. Бұрынғы жікшілдік, жершілдік, рушылдық, бақталастық жаңа сатыға көтерілді. Енді өз қыз­меттестеріне саяси айып тағуға, қуғындауға тіке­лей араласты. Репрессияны қолдады, жазалау шараларына баспасөзде үн қосты. Бүгін біреуді айыптағандар, ертең өздері айыпталды. Оларды ұсталамын-ау деген үрей мен қорқыныш биледі. Адамды басқалар не болса о болсын, қалай болса да тірі қалсам-ау деген құлдық психология жеңді. Әсіресе, «жалақорлар … бассауғалау қамында болды. «Қырағылығың кем» деген айыптауға ұшырап, креслодан сыпырылып қалармын деп қорықты. Атақ үшін неден болса да тартынбады, адал адамдарды жәбірлеуге, жылатуға, айдатып, аттыруға барды. Басқаларды әшкерелеп, еңбек сіңіріп жүр­ген адам ретінде көрініп, қолды болмауға, лауазымынан айырылмауға тырысты. Сөйтіп, өз бастарының амандығын қарастырды» [24,92 б]. Айыптау мен жазалау шаралары қазақ интеллигенциясын әбден үрейдің жетегіне жекті. Олар қиянатты көре тұрса да үндемеді, бірін бірі кінәсіз еді деп ақтауға, қарсылық білдіріп дауыс көтеруге қорықты. Академик, тарихшы Р. Б. Сүлейменовтың «30-шы, 50-ші жылдардағы репрессияның табы бүгінгі күнімізден де сезілетіні – шындық. Жөнсіз, жосықсыз қудалау біздің интеллигенцияны зәрезеп қылғандығы сонша, үрейдің өзі мұра сияқтанып, бір ұрпақтан екіншісіне жалғасып келеді [25]» деп жазғаны тарихты таразылау ғана емес, ақиқат екендігі де талас тудырмайды. Ғ.Мүсіреповтың өзіне «Жиырмасыншы-отызыншы жылдар … оңай соқпаған тәрізді. … бүгін болмаса – ертең, ертең болмаса – бүрсігүні айдалып кетемін деп ойлаған. Сондықтан, бір-екі пар таза киім, беторамал, шұлық, ұстара, сабын, тарақ және басқа аса қажет дүниелер салынған жол чемоданын босағаға сүйеп қойып, екі көзі есікте болған. Ерте ме, кеш пе – ұстала қалған күндері тергеушілер жармасады-ау деген туындыларынан алдын ала бас тартып, күнделікті жазбаларында өз пайдасына шешілетін пікірлер жазып отырған. Бір ғажабы, ешқандай дау туғызбау үшін, бұрмалап аудармау үшін кейбір пікірлерін, «мойындауларын» орыс тілінде жазған. Мысалы, латын әрпімен басылған «Қыз Жібек» драмасының үшінші бетінде өз қолымен жазылған мынадай сөздер бар: «Прошу всех, мужчин и женщин, настоящих и будущих , т.е. ныне здравствующих и будущем рождающихся, если эта глупнейщая вещь попадает кому-нибудь в руки, не читайте ее дальше этой страницы. Напи­саны мерзко, глупо, бездарно, даже бессовестно!» Автор Мусрепов» [26,42-43 бб]. Бүгін болмаса ертең ұсталам деген қауіп пен үрей тек қана Ғ.Мүсіреповтің емес, барлық қазақ зиялылары басынан өтті.

 Ақиқатында, 30 жылдары  жазалау шаралары қарқын алғанда  жалпы қазақ интеллигенциясы,  оның ішінде, шығармаларымен танылып  көзге көрініп қалған, айыптау нысанасына іліккен шығармашылық интеллигенция қорқыныш пен үрейдің жетегінде жүрді. Қайтсем аман қалам деген пенделік сұрақ басты орынға шықты. Сонымен қатар, шынымен «халық жауы» шығар, партия мен НКВД қателеспейді деген түсінік те болды. Содан да шығар троцкишілерді айыптауға қазақ интеллигенциясы өкілдері де үн қосты.

 Москвада 1937 жылдың 23-30 қаңтарында  «Антисоветтік троцкистік орталық»  ісі бойынша Пятаков, Сокольников,  Радек, т.б. соты өтіп, олар атылу жазасына кесілді. Осы кезде І.Жансүгіров Пятаковтың өлім жазасына кесілгенін қолдап:

 Бәрекелді, халқым соты, жақсы айттың!

 Билігіңмен жұрт ашуын жұбаттың.

 Халқым сүйген Сталинді  атпақ болған

 Әсіресе Пятаковты  жақсы аттың! – деп өлең жазды [27]. Ал, арада шамалы уақыт өткен соң І. Жансүгіровтің өзі де «ұлтшыл-фашист» деп айыпталып тұтқындалды.

37 жылдың дүрбелеңі кезінде  «халық жаулары» ұсталып, дүркін  дүркін сот өтіп жатқанда баспасөзде бұл шараны қолдаған мақалалар, өлеңдер жиі жарияланды. Халық жауларын әшкерелеу мен жазалауды партия саясаты деп түсінген интеллигенция қалыс қалмады, қолдауға мәжбүр болды. Ж. Жабаев «Кекті ашу» деп аталатын жырында Троцкий, Зиновьев, Каменевтерді «ит, қара бет, қасқыр» деп небір сөздермен төпе­лесе, жырдың соңында оларды «атылсын!», «Жасасын күнім Сталин» деп аяқтады. Ал, «халық жауларын» тауып жазалаған, кейін өзі де осы жаза­лау машинасының құрбаны болған сталиндік Нарком Ежовқа өлең арнады:

 Гүл жайнап, сән түзеген  қала, дала

 Алтын зер шапан  киген сай мен сала.

 Сүйеді Сізді бәрі Ежов жолдас,

 Елінде Қазақстан қарт пен бала.

 Мұның өзі тоталитарлық  кезеңнің ащы шындығы болумен  қатар, қазақ зиялыларын тағдыр  талқысына, әрі тәлкегіне салған тарихтың қасіретті бір кезеңі. Әрине, біз 37 жылдың зұлматына байланысты қазақ зиялыларының бірін ақтау мен екіншісін кінәлау, айыптау мақсатын қойып отырған жоқпыз. Солай болғанмен, тарихтың доңғалағы кері айналмайды. Тарихтың өткенін таразылау, одан сабақ алу бүгінгі күннің еншісінде. Сонымен қатар, өткен 30-шы жылдардың қаралы тарихынан азды көпті хабары бар жан «неге, бұлай болды» деген сұраққа жауап іздейді. Біз де қосыламыз.


Информация о работе Спортивный туризм