Спорт туризмнің бағдарламасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2012 в 13:44, реферат

Краткое описание

Бұл бағдарлама мектептегі «Туризм және экология» үйірмесінің тақырыптық сабақтары және оқушылардың өз өлкесімен танысып, саяхатшылар үшін өажетті белгілі бір білім дағдыларын игеруі үшін қажет. «Туризм және экология» үйірмесі жергілікті жағдайда жетекшінің мамандығы мен ынтасына байланысты әртүрлі бағытта болуы мүмкін. Сабақ жорық пен экскурсияның мазмұны қойылған мақсат арқылы анықталады. Мысалы, мектеп өлкетану мұражайына көрме үшін материал жинау, сабақ бағдарламасында үйірмеге қатынасып жүрген оқушыларға ұсынылған. Оған үшінші сыныптан бастап қатысқысы келетіндер жазылады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

туриз уйрмеси.doc

— 196.00 Кб (Скачать документ)

 

Түсініктеме хат

 

Бұл бағдарлама мектептегі «Туризм және экология» үйірмесінің  тақырыптық сабақтары және оқушылардың  өз өлкесімен танысып, саяхатшылар  үшін өажетті белгілі бір білім  дағдыларын игеруі үшін қажет. «Туризм  және экология» үйірмесі жергілікті жағдайда жетекшінің мамандығы мен ынтасына байланысты әртүрлі бағытта болуы мүмкін. Сабақ жорық пен экскурсияның мазмұны қойылған мақсат арқылы анықталады. Мысалы, мектеп өлкетану мұражайына көрме үшін материал жинау, сабақ бағдарламасында үйірмеге қатынасып жүрген оқушыларға ұсынылған. Оған үшінші сыныптан бастап қатысқысы келетіндер жазылады. Оқушылардың жас шамасы 12-13 жастағылар, қатынасу үшін дәрігерден рұқсат алулары керек. Сондай-ақ медициналық байқаудан жазғы көп күндік саяхатқа шығу алдында да өтіледі. Саяхаттан оралғаннан кейінде медициналық байқаудан өткізген дұрыс. Үйірме жетекшісінің туристік жорықтар мен  саяхаттарға қатынасқан тәжірибесі болуы қажет.

Үйірме сабақтарында, жорықтарда, саяхаттар мен экскурсияларда жас туристер мыналарды үйрену керек:

  • саяхат жоспарын құру және жол бағыты жұмысын жүргіу;
  • байқағандарын белгілеу;
  • қарапайым тәжірибе жасау, жиналған материалдарды оқып, коллекция жинақтау;
  • ауа-райын бақылау және болжам жасау;
  • таныс емес жерлерді картаның, компастың көмегімен жергілікті заттардың сан алуан ерекшеліктерін, бағытын белгілеу;
  • шатыр құру, алау жағу, тамақ дайындау, қарапайым туристік құралдарды әзірлеу, үйірменің мақсаты – туристік ұйымдастырушыларды (нұсқаушыларды) туризм слетлерін, мектеп жарыстарын өткізуге дайындай білу.

 «Туризм және экология» үйірмесінің сабағы тәжірибелік түрде қаралған, бірақ бірқатар бөлімі лекция және семинар түрінде өтіледі. Сабақ жоспарын құрғанда әр уақытта оқушылардың алдына қол жететін мақсат қызғылықты объектіге экскурсия, түнеумен жорыққа шығу т.б. тұруы қажет. Сонымен бірге сабақтың жетекші мақсаты алда тұрған жазғы және қысқы көпкүндік саяхаттар екенін оқушылардың  жақсы түсінуіне қол жеткізу қажет. Сабақ үшін тақырыптар , үйірменің жалпы мақсаты, топтың әзірлігі жол бағытының күрделілігі және ұзақтығына байланысты таңдап алынды. Бір сабақтың жоспарына түрлі тақырыптар енеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағдарлама

  1. Туристік жорықтар мен саяхаттар неліктен пайдалы және қызғылықты.

Қазақстан Республикасы –  біздің Отанымыз. 

 

Атырау облысы бойынша  саяхат – жас туристерді табиғатқа бейімдейтін, көп ұлтты  Отанымызды мақтаныш сезіммен тәрбиелейтін қызғылықты іс. Туристік жорықтар, саяхаттар, экскурсияларда мектеп оқушылары өздерінің география, биология, тарих, әдебиет және басқа сабақтардан білімдерін тереңдетіп, туған өлкенің өткендігі және қазіргі өмірімен, оның адамдарымен танысады. Жас туристтер шыңдалып, еңбек дағдыларын және қолданбалы дағдыларды, біліктілікті меңгереді.

Мектеп оқушылары туристік экспедицияларда қоғамдық пайдалы еңбектерді орындайды, зерттеу дағдыларын жүзеге асырады.

 

  1. Туристік саяхатты ұйымдастыру.

 

Топтағы міндеттерді  бөлу, саяхатқа әзірлік жоспары, саяхатқа баратын ауданмен танысу. әдебиеттермен  картаны іріктеу, значоктар, туризмнен  жасөспірімдер, спорттық разрядтар  нормаларын жинақтау. 1-3 күндік жорық және көркүндік саяхаттар жолбағытын әзірлеу жөніндегі нұсқау мен жорықтарыд таныстыру. Тәжірибелік сабақ саяхатқа дайындық жоспарын әзірлеу. Тақырып және жорық аудандары бойынша баяндамалар мен кеңестер әзірлеу. Жолбағытының жобасын әзірлеу. Жорық өткізілетін жердегі мекемеге смета, хат нұсқаларын құру. Бір, екі, үш күндік жорыққа қатынасушылардың әрқайсысының түрлі міндеттерді орындауы.

 

  1. Жас туристердің топографиялық әзірлігі, аймақта бағыт табу.

 

Географиялық және топографиялық  карта, шартты белгілер. Сызықтық және сандық масштаб. Компастың құрылысы және қолданылуы. Карта, компас және жергілікті заттардың түрлі ерекшеліктері арқылы бағыт табу. Картадан өзінің тұрған нүктесін табу. Картаның көшірмесін жасау және үлкейту. Жол бағытының сызбасы. Жорықта картаны пайдалану. Безендірілген есептік сызбы, аумақтық жоспарын көз мөлшерімен жасау. Азимут бойынша қозғалыс: берілген бағытты сақтау, қашықтықты көрінетін заттар бойынша анықтау.  Аймақта бағыт табу жөнінен түрлі жарыстар, тәжірибелік жұмыстар. Таблицалар немесе топографиялық белгілері бар жеке карточкілерді әзірлеу. Топографиялық ойындар мен есептерді шешу. Жолсапар сызбасын әзірлеу. Компасты тексеру. Нурвитр, транспортирмен сызғыш нысанасымен жұмыс. Аймақта азимуттарды анықтау. Азимут бойынша қозғалыс. Жол бағыты сызбасы немесе картаны пайдалану, жергілікті заттардың ерекшеліктеріне қарай көкжиектің жан-жағын анықтау. Жол бағыты учаскесін көз мөлшерімен түсіру. Мектептік және аудандық туристік жарыстар және аймақта бағыт табу жарыстарына қатынасу.

 

 

 

 

  1. Шаңғы жорығының ерекшеліктері шаңғышыларды таңдау.

 

Шаңғы жорығы үшін жеке және топтық түрлі бекітулер , құралдар. Шаңғышының туристік киімі жіне аяқ  киімі. Кедергілерден өту. Күн режимі. Жол демалысын ұйымдастыру. Қардағы  алау және ошақ. Үсікке, салқын тиюден пайда болатын ауруларға қарсы шаралар.

Тәжірибелік жұмыстар.

Шаңғыны әзірлеу және қолдану. Тегіс жерде шаңғымен жүру, биіктікке көтерілу және түсу, қауіпсіз кедергілерден өту, бахил, маска дайындау. Шаңғыны жөндеу. Орман шаруашылығына, аң шаруашылығымен тарихи ескерткіштерге шаңғымен жорықтарғы шығу.

 

  1. Жорықтағы өлкетанушылық байқаулар.

 

Тарихтан, экономикадан туған өлке мәдениетінен мәліметтер жинау; табиғаттың маусымдық кезеңдерін өзенде, орманда байқау және зерттеу, топырақты, пайдалы қазбаларды зерделеу және коллекциялау. Экскурсия жоспарын жасау, бақылағандарын жазу. Ардагерлердің естеліктерін жазып алу. Тарихи құжаттар мен басқа да материалдарды сақтау және қолдану ережелері. Құжаттар мен естелікті заттарды жинау және жеке күнделігі; жорық кезінде фотога түсіру, суретке салу, жеке күнделік жүргізу, естелік заттар жинау. Құралдар мен жабдықтар өлкетану және зерттеу жұмыстары үшін қажет. Қоғамдық және ғылыми ұйымдардың тапсырмаларын орындау, өз бетімен өлкетану байқауын жүргізу. Үлгі үшін коллекциялар жинау. Күнделіктер мен естеліктер жазуларын жүргізу. Материалдарды сақтау үшін алғашқы өңдеу. Экскурсия жорықтар, саяхат және экспедициялар өткізу республикалық «Атамекен» слетіне қатынасу.

 

  1. Табиғатты қорғау және зерделеу.

 

Қазақстан Республикасы конститтуциясында «Табиғат қорғау» заңының қабылдануы. Біздің облыстағы қоршаған ортаны қорғау шаралары.

«Туризм және экология»  құрамындағы мектеп оқушылары жас  туристердің жасыл шыбықтарды отырғызу және қорғау, орман зиянкестерімен күресу, өзен су қоймаларын ластанудан сақтануға қатынасу үлгілері «Қызыл кітапқа» енген біздің өлкеміздегі өсімдіктер мен жануарларды қорғау.

Жинауға рұқсат етілмейтін өсімдіктер. Жорыққы әзірлену және жорықты өткізу кезіндегі табиғат  қорғауды қамтамасыз ететін шаралар. Далалық жағдайда жол демалысын және түнеуді ұйымдастыру ережелері.

Тәжірибелік жұмыс жорықтар, саяхаттар кезінде орман жас желектерін сақтауды қамтамасыз ететін жабдықтарды әзірлеу.

 

 

 

 

 

 

 

  1. Жорыққа ауа райын бақылау.

 

Ауа – райының өзгеру белгілері, ауа – райының тұрақтылығын, қолайсыз ауа – райының жақындауын анықтау.

Тәжірибелік сабақ. Құралдармен танысу. Құралдардың көмегімен жіне жергілікті белгілерге байланысты ауа – райының  болжамын құрастыру. Ауа – райының  жергілікті белгілері бойынша өзгеру кестесін құрастыру.

 

  1. Туристік жарақтар

 

Топтық және жеке жарақтанулардың  әрекеттесуі. Саяхат ауданына жыл мезгіліне  және ауа – райына жылыну тәсіліне, саяхаттың ұзақтығына байланысты керекті топтық және жеке жарақтар жол дорбалары мен шатырлардың түрлері. Жорық төсектері, шатырларды құруға арналған қазықтар мен қазықшалар. Ошақ, шелек, ыдыстарды іліп қоятын қармақтар. Жөндеу құрал жиынтықтарын іріктеу.

Жеке және топтық жарақтардың  тізімін құру. Бар жарақтармен танысу. Шатыр қондыру, ошақ құру. Бар жарақтарды жөндеп, әзірлеу. Шатыр ұшін қазық және қазықша, ыдыстарды ілу үшін қармақтарды өз беттерімен жасау.

 

 

 

9. Туристік  тұрмыс.

 

Бивуакқа қолайлы орын таңдау. Биваукты босату. Жолдағы демалған орында жинау. Өртке қарсы шаралар. Алаудың алуан түрлері. Киімдер мен аяқ киімдерді кептіру. Азықтар жиынтығы. Тамақ мәзірі, азықтарды сақтау. Саңырауқұлақтар мен жеміс-жидектерді пайдалану. Күні бойы және жорықтағы күн кестесі, жорықтағы ойын. Тәжірибелік жұмыс. Азық жиынтықтарын құрастыру, азықтарды сатып алу. Балта, ара, күрек, жөндеу құралдарын қолдануды үйрену, шатырды қондыру және босату, алау жағу, тамақ пісіру. Бивуактарды, алаулардың, шатырлардың, ошақтардың алуан түрлі модельдерін, сызба үлгілерін жасау. Тоқтаған жердегі ойындар.

 

  1. Туристің жеке тазалығы.

 

Жорықтағы алғашқы көмек. Жуыну, шомылу, шынығу. Дене, аяқ тазалығын  күтіп ұстау. Жүру кезінде дененің  қажаудан сақтау шаралары. Киім мен аяқ киімге талап, өзін - өзі бақылау әдістері.  Суды залалсыздандыру. Денеден күн өткенде, суға батқанда, түрлі жарақат алғанда, салқын тигенде, асқорыту жолдары ауырғанда, күйгендерге алғашқы медициналық көмек көрсете білу. Жорық аптекасының құрамы, зардап шеккендерді тасымалдау үшін ағаш, тал материалдарынан зембілдер дайындау. Жорық аптекасын іріктеу.

Осы бағдарлама бойынша  үйірме мүшелерімен жұмыстар жүргізу өзінің нәтижесін береді.  

 

 

 

«Беркітемін»

Директордың оқу  ісі жөніндегі

орынбасары: ___________А.Гареева

«_____» ________________       

 

«Жас туристер»  үйірмесінің тақырыптық  жоспары

 

 

Тақырыптардың аты

 

Сағат саны

 

 

Соның ішінде

 

Теориялық

 

Тәжірибелік

1

Туристік жорықтар мен  саяхаттар неліктен пайдалы және қызғылықты.

Қазақстан Республикасы – біздің Отанымыз. 

 

14

5

5 бөлме іші 8 жергілікті

2

Туристік саяхатты ұйымдастыру.

11

6

5

3

Жас туристердің топографиялық  әзірлігі, аймақта бағыт табу.

 

12

6

6

4

Шаңғы жорығының ерекшеліктері  шаңғышыларды таңдау.

10

-

5жергілікті

5

Жорықтағы өлкетанушылық байқаулар.

6

-

5 бөлме іші

6

6

Табиғатты қорғау және зерделеу.

7

7

5

7

Жорыққа ауа райын  бақылау.

10

5

5

8

 

Туристік жарақтар

10

6

4

9

Туристік тұрмыс.

11

6

5

10

Туристің жеке тазалығы.

12

5

7


 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үйірме жетекшісі:                                    З.Құлғалиева

 

 

 

 

 

«Жас туристер»  үйірмесінің тақырыптық  жоспары

 

 

Тақырыптардың аты

 

Сағат саны

 

 

Соның ішінде

 

Теориялық

 

Тәжірибелік

1

Туристік жорықтар мен  саяхаттар неліктен пайдалы және қызғылықты.

Қазақстан Республикасы – біздің Отанымыз. 

 

 

1

1.Кіріспе.

 

2

Туристік саяхатты ұйымдастыру.

3

1. топтағы міндеттерді бөлу, саяхатқа әзірлік жоспары

2. 1-3 күндік жорық және көпкүндік саяхаттар жолбағытын әзірлеу

3.тақырып және жорық аудандары бойынша баяндамалар мен кеңестер әзірлеу.

 

3

Жас туристердің топографиялық  әзірлігі, аймақта бағыт табу.

 

5

  1. географиялық және топографиялық карта, шартты белгілер.
  2. сызықтық және сандық масштаб
  3. компастың құрылысы және қолданылуы
  4. жол бағытының сызбасы
  5. азимут бойынша қозғалыс
 

4

Шаңғы жорығының ерекшеліктері  шаңғышыларды таңдау.

6

  1. шаңғышының туристік киімі және аяқ киімі
  2. кедергілерден өту
  3. күн режимі. Жол демалысын ұйымдастыру.
  4. қардағы алау және ошақ
  5. үсікке, салқын тиюден пайда болатын ауруларға қарсы шаралар

6.Шаңғыны әзірлеу және қолдану. Тегіс жерде шаңғымен жүру, биіктікке көтерілу және түсу, қауіпсіз кедергілерден өту, бахил, маска дайындау. Шаңғыны жөндеу. шаңғымен жорықтарғы шығу.

5

Жорықтағы өлкетанушылық  байқаулар.

2

  1. Тарихтан, экономикадан туған өлке мәдениетінен мәліметтер жинау
  2. . Экскурсия жоспарын жасау, бақылағандарын жазу.
 

6

Табиғатты қорғау және зерделеу.

3

1. мектеп оқушылары  жас туристердің жасыл шыбықтарды  отырғызу және қорғау

2. «Қызыл кітапқа»  енген біздің өлкеміздегі өсімдіктер  мен жануарларды қорғау.

3.Тәжірибелік жұмыс  жорықтар, саяхаттар кезінде орман  жас желектерін сақтауды қамтамасыз  ететін жабдықтарды әзірлеу. 

 

7

Жорыққа ауа райын  бақылау.

2

 

1.  Ауа – райының  өзгеру белгілері

2.Құралдармен танысу. Құралдардың көмегімен жіне жергілікті белгілерге байланысты ауа – райының болжамын құрастыру. Ауа – райының жергілікті белгілері бойынша өзгеру кестесін құрастыру.

8

 

Туристік жарақтар

3

1. Саяхат ауданына  жыл мезгіліне және ауа –  райына жылыну тәсіліне, саяхаттың  ұзақтығына байланысты керекті топтық және жеке жарақтар жол дорбалары мен шатырлардың түрлері.

2. Жорық төсектері,  шатырларды құруға арналған қазықтар  мен қазықшалар.

3.Шатыр қондыру, ошақ  құру. Бар жарақтарды жөндеп, әзірлеу.  Шатыр ұшін қазық және қазықша,  ыдыстарды ілу үшін қармақтарды өз беттерімен жасау.

9

Туристік тұрмыс.

4

1. Жолдағы демалған  орында жинау. өртке қарсы шаралар.  Алаудың алуан түрлері. Киімдер  мен аяқ киімдерді кептіру.  Азықтар жиынтығы. Тамақ мәзірі, азықтарды сақтау.

 2.Азық жиынтықтарын құрастыру, азықтарды сатып алу.

3. Балта, ара, күрек, жөндеу құралдарын қолдануды үйрену, шатырды қондыру және босату, алау жағу, тамақ пісіру. 4. Тоқтаған жердегі ойындар.

10

Туристің жеке тазалығы.

5

1.  Жорықтағы алғашқы  көмек. 

2. Жуыну, шомылу, шынығу. Дене, аяқ тазалығын күтіп ұстау.  Жүру кезінде дененің қажаудан сақтау шаралары. Киім мен аяқ киімге талап, өзін - өзі бақылау әдістері.  Суды залалсыздандыру. 3. Денеден күн өткенде, суға батқанда, түрлі жарақат алғанда, салқын тигенде, асқорыту жолдары ауырғанда, күйгендерге алғашқы медициналық көмек көрсете білу.

4. Жорық аптекасының  құрамы, зардап шеккендерді тасымалдау  үшін ағаш, тал материалдарынан  зембілдер дайындау.

5.  Жорық аптекасын  іріктеу. 

 

Информация о работе Спорт туризмнің бағдарламасы