Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2013 в 21:25, курсовая работа
Швейцария - Швейцария Конфедерациясы - Орталық Европадағы мемлекет. Солтүстігінде Германиямен, батысында Франциямен, шығысында Австриямен, оңтүстігінде Италиямен шектесіп жатыр. Ол өзінің табиғи және жасанды әсем обьектілерімен, көрікті көз тартар орындарымен көзге түседі. Ал бұл ел халқының біртұтас орналасуы мен қоғамдық транспортты тиімді пайдалану жүйесіне байланысты барлық демалушылар (жергілікті халық, шетел азаматтары...) үшін қолайлы болып табылады.
Кіріспе
1. Швейцария туралы жалпы мәлімет
1.1 Климаты
1.2 Географиялық орны
1.3 Негізгі көрікті орындары
2. Территорияни рекреациялық пайдалануы
2.1 Швейцарияның курорттары
2.2 Швейцария қалалары бойынша туристік сапарлар
2.3 Шығыс Швейцария
2.4 Орталық Швейцария
3 Тау шаңғы курорттары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1.2 Географиялық орны
Швейцария - Орталық Европадағы биік таулы мемлекет. Швейцар Альпілерінің көптеген сілемдері 4000 м. биіктікке жетеді.Ең биік нүктелері - Монто-Роза шыңы (4640 м.) және Юнгфрау (4158 м.). Осы Альпіден көптеген толқыны қатты өзендер (Рейн, Рона, Тичино) бастауын алады. Швейцарияның солтүстік-батысында Юраның аласа (800 м.) тау жоталары көтерілген: Альпі мен Юраның арасында Швейцар қыраты жатыр.Ол елдің ірі қалалары мен курорттарының ошағы - Женева мен Воден көлдерінің сұлу да әрі көрікті жағаларымен қоршалып жатыр. Бұдан басқа Швейцарияның тау-шаңғы курортары да өте көп.
Таблица 1. Негізгі географиялық мәліметтер.
Ауданы |
41 293 км² |
Халық саны |
7319 мың адам |
Шекара ұзындығы |
1882 км |
Мемлекет ұзындығы: солтүстіктен оңтүстікке дейін батыстан шығысқа дейін |
220 км 348 км |
Швецарияның ең биік нүктесі: Монте-Роза массивінің Дюфур шыңы |
4634 м |
Швецарияның ең төменгі нүктесі: Тичино кантонында Лаго-Маджоре көлі |
195 м |
Ірі өзендер |
Рейн, Рона, Инн, Тичино |
1.3 Негізгі көрікті орындары
Швейцария - классикалық
туристік елдің үлгісі. Оған әсем қалалар мен жанға жайлы қонақүйлері
бар әйгілі курорттар, ұлы таулар, таза
көлдер мен көркем тау баурайлары тән.
Осы кішкентай ғана кеңістікте табиғаттың
барлық әдемілігі мен адам қолымен жасалған
көрнекті заттар шоғырланған. Бұл ел қайталанбас
колориті бар шағын қалаларға бай: мысалы,
Биль - екі ресми тілі бар "сағат астанасы",
әйгілі Золотурн - барокко стилінде салынған
құрылыстары мен көптеген мәдени ескерткіштері
бар қала,
Юра таулары орналасқан елдің батысы (биік нүктесі - Монт-Тендр, 1679 м.), - бұл терең арналары бар үлкен табиғи парк. Онда жүзім отырғызылған көркем тау жоталары, әсем көлдер Невшатель, Биль және Леман (Женева) орналасқан. Женева көлінің өзін елдің дербес көрікті орны деп санауға болады, себебі ол Швейцарияның ең үлкен су қоймасы (ұзындығы-72 км, ені-13 км-ге дейін, тереңдігі- 310м) болып табылады. Көлдердің жағалаулары әлемдегі ең сұлу, әдемілері болып саналады, ал оларды қоршаған қалалар көне ескерткіштерге бай. Бұл ауданды жиі "Швейцар Ривьерасы" деп атайды және бұл атау сөзсіз орынды.
Невшатель университеті қалашығында туристердің көзі түсетін аймақ - ол Невшатель мырзаларының қорғаны және де тау бөктеріндегі Гийом Фарель ескерткіші бар тамаша собор. Бройе аңғарының жартасты кемерлеріне де серуендеуге болады, ол жерден Сарын өзенінің иреңі көрініп тұр. Сонымен қатар 74-метрлік Қасиетті Николай соборына (1490 ж.), Пойя қорғаны, Тур-Руж бекінісі, августиндер монастырі (XVIII ғ.), Қасиетті Михаил иезуит шіркеуі, өнер және тарих мұражайына және тағы басқа көптеген орындарға саяхат жасауға болады. Невшатель көлінің жағалауында орналасқан Ивердон-ле-Бан курорты өзінің күкіртті және магнийлі-термальді суларымен атақты. Ивердон суының тыныс алу аурулары үшін, ортопедиялық ауруларға, жарақат, сынық, неврит, невралгия және өзге де аурулар үшін емдік қасиетінің маңызы өте зор. 598,5 м биіктікте көтерілетін су температурасы +29С.
2. Территорияни рекреациялық пайдалануы
2.1 Швейцарияның курорттары
2.1.1 Лозанна
Лозанна - Женева көлінің солтүстік
жағалауында орналасқан
2.1.2 Веве
Веве - Лозаннадан бірнеше километр қашықтықта жатқан "Швейцар Ривьерасының" орталықтарының бірі болып табылатын шағын курортты қалашық. Дәл осы жердегі сауда орындарында әр сенбі сайын жергілікті шарап бойынша дегустациялар өтіп тұрады. Бұл жерде Чарли Чаплин мен Грэн Грин өмірлерінің соңғы жылдарын өткізген.
Тау террасаларында орналасқан шіркеу мұнарасы бар Қасиетті Мартин (1530 ж.) шіркеуі және Шуваловтың басшылығымен XVII ғасырда солтүстік стилінде салынған Орыс шіркеуі де өзінің бағалы, әрі құнды икондарымен қызықтырады.
2.2 Швейцария
қалалары бойынша туристік
2.2.1 Женева
Женева - Рона өзенінің оң жағалауындағы біздің заманымызға дейінгі 500 ж. құрылған Батые Европаның көне, әрі ең әдемі, әсем қалаларының бірі. Швейцария Конфедерациясының құрамына тек 1815 жылы енген. Мұнда Жан-Жак Руссо туылған, Жан Кальвин тұрған. XIX ғасырда Женевада Плеханов басқарған «Еңбекті азат ету» I марксистік тобы құрылды. Қалада ондаған орыс революционер-эмигранттар тұрған. 3 жылға жуық уақыт Женевада Ленин тұрған. Ол Женева университетінің кітапханасында жиі жұмыс істеғен. 1967 жылы Ұлы Қазан революциясының 50-жылдығына байланысты Плантапоре көшесіндегі Ленин тұрған үйлердің бірінде салтанатты түрде мемориалды тақта орнатылған. Қазір Женевада 180 мың адам тұрады. Ол дамыған өнеркәсіп орталығы - машина жасау заводы, сағат заводтары («Ролекс», «Филипп Потен» фирмалары), дәл өлшейтін аппарат өндіретін мекемелер жұмыс істейді. Сонымен қатар Цюрих пен Базельден кейінгі ақша қаражаты орталығы болып табылады. Халықтың 1/5 бөлігі Швейцария азаматтары емес. Университет студенттерінің жартысы - шетелдіктер. Көп бөлігі Швейцария азаматтары емес. Университет студенттерінің жартысы - шетелдіктер.
Қала өзінің көл жағалауларында орналасқан әсем саябақтарымен әйгілі. Ронаның сол жақ жағалауында - қаланың қақ ортасында әсем саябақтармен қоршалған Қасиетті Петр (1160-1232 жж.) соборы, Ратуша, Арсенал, Опера театры (1879 ж.), Консерватория (1856 ж.) және әлемге танымал Жжет Д'О фонтаны бой көтерген. Оның диаметрі-5м, сағаттың секунд тілінің ұзындығы-2,5м. Ронаның оң жақ жағалауын кейде "Халықаралық Женева" деп те атайды, себебі онда әр түрлі ұйымдар орналасқан: БҰҰ Сарайы, Халықаралық жұмыс орталығы, Халықаралық Қызыл Крест және тағы басқа. Жоғарыда атап өткен БҰҰ Сарайы (1936 ж.) үлкен әсем саябақта орналасқан және ол көлемі жағынан Версальдан асып түседі, яғни, шағын "мемлекет ішіндегі мемлекет" десек те қателеспейміз. Бұл ұйымның өзінің дербес пошталық басқармасы бар, сонымен қатар ол Европаның ірі көрме орталығы болып табылады, өйткені мұнда жыл сайын 5 мыңға жуық конференциялар мен конгресстер өткізіліп тұрады. Женева конференциясы (1927жылы - Ұлттар Лигасы Советінің сессиясы кезінде 14-16 маусымда) Англияның консервативтік үкіметінің сыртқы істер министрі Чемберленнің ұсынысы бойынша шақырылған. Женева конференциясына -Франция, Германия, Италия, Бельгия және Жапония өкілдері қатысты. Чемберлен «Коминтерннің насихатына және оның Совет үкіметімен байланыстарына қарсы» бағытталған бірлескен декларация жариялауды ұсынды.
Қала мұражайларға да өте бай: Қызыл Крест және Қызыл Жарты ай халықаралық мұражайы, импрессионистердің әмбебап коллекцияларына бай өнер және тарих мұражайы, сағат мұражайы, көркемөнер мұражайы (1825 ж.), табиғи-тарихи мұражай, Ариана мұражайы (фарфор мен хрустальдан жасалған бұйымдар), университеттік - Руссо мен Реформация мұражайлары, қазіргі заман талабына сай жаңа әрі сирек кездесетін халықаралық автомобиль мұражайы, 1939 жылға дейін шығарылған әр түрлі транспорт құралдары бар Жана Тюаның автомобиль мұражайы және тағы басқа.
Женева көлі, Леман (нем. Genfersee, франц. Lac de Genev, Lac Leman) - Швейцария мен Франция жерінде жатыр. Ауданы 582 км, ұзындығы 72 км, ең енді тұсы 14 км, тереңдігі 309м, су деңгейінің биіктігі 372м.
Көл тау аралық ойыста жатыр. Батысы адырлы тау етегімен, шығысы құзды таулармен қоршалған. Жағасы - биік тік жар. Көбінесе қар, мұздық суымен қоректенеді, сондықтан су деңгейі жазда қыстағыдан 1 м-дей жоғары болады. Женева көлі арқылы Рона өзені өтеді. Суының жоғары қабатының температурасы жазда 190 С- дан 240 С-қа дейін, қыста 4-5С0 , қатпайды. Көлде балықтың 26 түрі бар. Женева көлі өте көрікті, жағалауының климаты жұмсақ, жылы, халық тығыз қоныстанған.
2.2.2 Монтрё
Женева көлінің жағалауында
тағы да бір "Швейцар Ривьерасының
асыл қазынасы"- Монтрё қаласы орналасқан.
Қала өзінің жабық дербес мектептерімен,
сұлулық институттарымен, түнгі клубтары-16, кабаре, бар, казино және
де джаз бен классикалық музыка, "Алтын
раушан" телефестивалі, күлкі фестивалімен
әлемге танымал. Көрме орталығында халықаралық
көрмелер мен жәрмеңкелер үнемі өткізіліп
тұрады (соның ішінде Халықаралық Телесимпозиум
де). Монтрёде атақты ұлы жазушылар мен
музыканттар түрған. Монтрёнің жағалауындағы
шағын аралдарда ортағасырлық үңгірлері
бар, серілер залы, әділет соты залы, герцогтік
жататын бөлмесі мен кішкентай ғана ағаш
шіркеуі бар Шильон бекінісі
2.2.3 Ньон
Біздің заманымызға дейінгі 46 ж. Юлий Цезарьдің басшылығымен гельвет тайпалары мекендеп жатқан Женева мен Лозаннаның арасында Ньон қаласы құрылды. Қала сұлу әрі көрікті обьектілерге өте бай: антика кезеңінің археологиялық олжалары мен ежелгі қаланың макеті бар Рим мұражайы, коллекция қоры кең көлемді, кемелері, аквариумы бар Женева көлінің мұражайы, және фарфор мұражайы. Елдің солтүстік бөлігінде Альпі тауларының тамаша алқаптары, Рейн табалдырықтары, жүзім егісі мен сарқырамалар кездеседі.
2.2.4 Цюрих
Цюрих - ақша қаражаты мен сауда, өнеркәсіп орындары орналасқан Швейцарияның ең басты орталығы болып табылады.
Сонымен қатар Европа бойынша ең ірі банк жүйесі осында шоғырланған. Қала орталығы Цюрих көліне (ұзындығы-39 км, тереңдігі- 143 метрге дейін) құятын Лиммат өзенінің екі жағалауында орналасқан. Қаламен танысуды ең алдымен оның тарихи орталығы - Нидердорфтан бастаған жөн, себебі оның жаяу жүру зонасы кең және әсем әрі көрнекті готикалық стильде салынған үйлер көп. Кешке қарай бұл қала ойын-сауық орталығына айналады: көшеде музыканттар көбейіп, жарым түнге дейін қала түрғындары ән айтып, би билеп, қуанышқа бөленеді.
Қаланың ақша қаражаты орталығы, әрі Европаның ең әйгілі сауда көшелерінің бірі - Банхофштрассе. Мұнда әмбебап дүкендер мен қаланың ең күшті супермаркеттері "Глобус", "Джемоли", сонымен қатар Швейцария мен дүниежүзінің ең ірі "Гномен фон Цюрих" банктің бөлімшесі шоғырланған. Банхофштрассе көшесіне парад алаңы жанасып тұр, онда "Швейцариялық несие" банктің (1838 ж.) салтанатты ғимараты мен "Шпрюнгли" әйгілі кондитер фабрикасы бой көтерген. Сонымен қатар қалада ортағасырлық ғимараттар жақсы сақталған: Гроссмюнстер роман-готикалық соборы (XII -XV ғғ.), Европадағы ең үлкен сағаты бар (1538 ж., циферблат диаметрі - 8,7 м) Қасиетті Петр шіркеуі, Васскирхе шағын шіркеуі, Фраумюнстер костелы (ХІП-ХVғғ.), салтанатты рәсімдерге арналған залы бар монументтік Ратуша (1694-1698 жж.), Линденхоф және тағы басқа. Қаланың ең танымал мұражайларының бірі - Хаймплатцтегі Кунстхаус көркем мұражайы. Оның кіре берісінде Роден мүсінінің "Тозақ қақпасы" деген ұраны қойылған, және ол француз, швейцар коллекцияларымен даңқты, сонымен қатар Европа өнерінің даму тарихындағы ең үздік сапалы, бірінші дәрежелі экспозиция болып табылады. Швейцар тарихи мұржайында аталған елдің тарихы мен мәдениетіне арналған экспонаттар қоры өте мол. Ритберг мұражайында көбінесе шығыс пен Африка өнерлерінің коллекциялары жинақталған болса, ал қалайыдан жасалған ойыншықтар мұражайында 400 мыңға жуық көне ойыншықтар бар. Сонымен қатар, атап өтсек, Хауптбанхофтағы шоколад мұражайы мен Лиммаштрасседегі жаңа өнер мұражайы да қызықты. Көптеген туристер көбінесе Политерасседегі шолу алаңына барады, ол жерден бүкіл қаланы, таулар мен өзен-көлдерді, бір сөзбен айтқанда, әсем табиғатты тамашалауға болады. Халқы 427 мың (1970ж.). Машина жасау (мата тоқитын станоктар, жабдықтар, электротехникалық химиялық, полиграфиялық өнеркәсіп орындары,федерациялық политехникалық мектеп, консерваториятарихи, ботаникалық зоологиялық мұражайлар бар. ХІХ-ХХ ғасырлардағы революция кезеңінде эмиграция орталықтарының бірі болды. 1916-1917 жылдарда В.И.Ленин осында тұрған.