Шаңғы туризмінің техникасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2014 в 11:39, реферат

Краткое описание

Егер бастапқыда шаңғымен жүру, тауда шаңғымен жүру дайындық кезеңіне жаңадан үйреніп келе жатқан туристерді оқыту кезінде рационалды жүру техникасын(аяқты дұрыс қою ережелері, альпеншток арқылы өзін-өзі қауіпсіздендіру немесе мұз шапқыш таяқ арқылы өзін-өзі қорғау), мықты соқпақ жолдарды, таулы немесе еңіс бөктерді, кішкене қиындықтарды бағындыруды меңгеруге назар аударылса, ал шаңғышы туристерді негізгі бастапқы дайындықтан өткізу кезеңінде шаңғымен жүру, көтерілу, төмен сырғанау, бұрылыстар, тоқтату оқытылады. Жеткілікті дайындықтан өткен туристер жоғарыда айтылған элементтермен қоса осы элементтерді арнайы жолдорба тағып жүру техникасын меңгеріп, тәжірибесін шыңдайды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

аударма.docx

— 35.33 Кб (Скачать документ)

Шаңғы туризмінің  техникасы

Егер  бастапқыда шаңғымен жүру, тауда шаңғымен жүру дайындық кезеңіне жаңадан үйреніп келе жатқан туристерді оқыту кезінде рационалды жүру техникасын(аяқты дұрыс қою ережелері, альпеншток арқылы өзін-өзі қауіпсіздендіру немесе мұз шапқыш таяқ арқылы өзін-өзі қорғау), мықты соқпақ жолдарды, таулы немесе еңіс бөктерді, кішкене қиындықтарды бағындыруды  меңгеруге назар аударылса, ал шаңғышы туристерді негізгі бастапқы дайындықтан өткізу кезеңінде  шаңғымен жүру, көтерілу, төмен сырғанау, бұрылыстар, тоқтату оқытылады. Жеткілікті дайындықтан өткен туристер жоғарыда айтылған элементтермен қоса осы элементтерді арнайы жолдорба тағып жүру техникасын меңгеріп, тәжірибесін шыңдайды.

Шаңғы жорығында қозғалыс негізінен  қарлы тың жерде жүргізіледі. Сондықтан,  шаңғы туризмінің техникасында қосымша элементі  жолдорба арқылы орындалады және қозғалыс жиілігі мен техникалық әдістерді қиындатады.Мұнда тек қана жолдорба емес, сонымен қоса, арнайы киімдер де қажет болады, яғни қатты аяздар мен жел болган кезде қолданылады.

Жартылай таулы аудандарда шаңғышы турист белгілі-бір жерлерді шаңғысыз өтуі керек. Бұл – мықты қарлы биіктерге қатысты. Бұл жерлерде шаңғымен қозғалыс кезінде (жоғары көтерілу және төмен сырғанау) қосымша және қарсыз төбелер  арқылы қозғалыс рационалсыз болады. Осындай жерлерден өту кезінде жаяу және таулы туризм техникасының элементтері, әсіресі, осы элементтер арқылы өзін-өзі қорғау механизмі жүзеге асырылады. Жартылай таулы аудандар мен мықты қарлы аудандарда шаңғылық таяқтар шаңғышы туристке  альпеншток пен мұзжарғыш қызметін атқарады. Шаңғы болса, арнайы жіп арқылы жолдорбақа тігінен немесе көлденеңінен байланады.

Турист шаңғышыларды дайындау кезінде мынадай жаттығулар қолданылады.

  • Шаңғымен жүру техникасын жетік білу (біруақытта және арқалай) жолдорбапен бірге немесе жолдорбасыз;
  • Қозғалыс жолын салу;
  • Жолдағы қиындықтардан өту;
  • Шаңғымен жоғарыға шығу, төменге сырғанау, бұрылу, тоқтату техникасын жетік білу;
  • Қиын өту жолдарын бағындыру;
  • Зардап шекшен туристі шаңғымен белгілі жерге жеткізу техникасын меңгеру;
  • Шаңғы таяғының көмегімен шаңғымен өте алматын биіктерден өту;
  • Сулы жерлерден өз-өзін қорғау арқылы шаңғымен секіру техникасын меңгеру.

Арнайы жолдорба арқылы жасалатын шаңғы жорықтары.  Жолдорба арқылы бір жерден екігші жерге шаңғымен барудың оңай жолы – сырғанау жолы.  Бірдей төбелі жерлер немесе терең емес  жұмсақ қарлы жерден бірқалыпты төмен сырғанау (қадам жасай немесе жасамау арқылы)  немесе кщнькилік жүріспен жүріп өтетін жолдар. Еңкейі деңгейі таяқаен итеру кезінде бірден және қатты болмау керек, себебі, жолдорбаты мойынға қарай айыстыруды талап етеді, бундай кезде түзу қалыпты ұстап қалу өте қиынға соғады.

Қозғалыс жолын салу.  Жақсы көрініп тұрған алыс жолға бағытталған қозғалыс кезінде, орман ішінде жүрген кезде,  өзен бойында шаңғымен қозғалыс кезінде кезектесіп белгілі уақыт аралығында қозғалыс жолаы арқылы жүріп өтеді. Қар қаншалықты қатты және терең болса, соншалықты шаңғышылар арасындағы аралық уақыт азаяды. Ал нашар ауа райлы кезде міндетті түрде қозғалыс бағытын компас арқылы тексеріп тұру қажет. Негізгі топты басқа да кішкене топтарға бөлу керек, әр топта 3 адамнан болады.  Топ жетекшісі алға шығып барлық топ мүшелерін көруі керек және команда беру арқылы қозғалыс бағытын көрсетіп тұрады. Топ 3 адамнан тұрады,  адамдар топ жетекшісі алдына кезек-кезекпен алмасып топты басқарады.  Алда жүріп келе жатқан топ шаршаған кезде артқа кетіп оның орнына басқа топ келеді.  Шаңғымен бағдарлау арқылы жүру барысында ағысы жылдам өзендерден  өту кезінде шаңғымен із сала жүру әдісін қолданған мейлінше тиімді болып келеді. Өйткені ағысы жылдам өзендер баяу қатады. мұз қалыңдығы жұқа, сондықтан шаңғышылар өміріне қауіп келуі мүмкін. Бұл әдіс арқылы жүру барысында шаңғышылар ауысып жүріп отырады, яғни жол таңдау әдісі сияқты жүру керек. 

Биіктіктерді бағындыру.  Таулы  биіктіктерді бағындыру қар қабатына байланысты. Егер барлық топ мүшелері жоғары көтерілу, төмен түсу, тоқтату бұрылу техникасын жетік меңгерген болса, таулы биіктіктерді бағындыру қиынға соқпайды. Тәжірибе жүргізу кезінде білдекті  рюкзагтың  инерциалық моменттері  қолайсыздық әкелетіндігін байқауға болады. Әсіресе, биіктіктерді бағындыру, олардан төмен сырғанау кезінде көптеген қиындтар туғызады.  Иыққа тартылған жолдорбапен еш қиындықсыз өтіп шығуды ғана сәтті деп айтуға болады.

Биіктіктер.  Қардың қалыңдығы мен ауқымдылығына байланысты биктікке көтерілуге жүру әдісі, жартылай шырша, шырша және баспалдақ, зигзаг әдісімен көтерілуге болады.  Жүру қадамымен әдетте тегіс және жазық төбелерден өту кезінде қолданылады.  Қозғалыс кезінде алдыға қарай еңкейіп, қолдағы таяқты қатты итеру керек.

Аса мықты биіктіктерде жартылай шырша әдісімен қозғалған жөн. Шаңғыны көлденең қою арқылы, шаңғы бағыт бойынша қойылады, екінші бағыты басқа бағытқа бұру арқылы жоғары көтеріледі.

Шырша әдісімен орташа мықты биіктіктерге жартылай шырша әдісімен шығу мүмкін болмаған кезде кезде қолданады. Қозғалыс барысында шаңғы арасы жан-жаққа кең жіберіліп,  шаңғы өкшесіне нық басылады. Бірақ шаңғының орнын ауыстыру үшін бірінші оны салмақтан арылту керек, яғни салмақты шаңғының екінші аяғына лақтыру. Шаңғының ұшы қарға ккіріп кетпес үшін шаңғыны көтерген кезде бірден шаңғы өкшесін басу керек.

Аса мықты және биіктікті төбелерде баспалдақ әдісімен көтерілген жөн.  Төбеге қырымен тұрып,  шаңғы мен таяғын бірінен кейін бірін көтеріп қою арқылы көтерілу.  Қозғалыс кезінде кең адым жасаудың қажеті жоқ, одан да дене салмағын жоғарғы шаңғыға ауыстырмас бұрын, оны қарға сілкіп – сілкіп алу керек. Ауқымды төбелерде, баспалдақ әдісімен қар жамылғысының әсерінен қозғалу мүмкін болмаған жағдайда, баспалдақ әдісінің бір уақытта көтерілуі арқылы қозғалуға болады. 

Зигзаг әдісімен көтерілу әдетте ұзынша келген, жартылай қауіпті төбелерден өтер кезде сырғанау адымымен колданылады.  Бұл көтерілу түрі кезінде  аса қорғану керек, себебі төбе үстіндегі қар бетіндегі кедергілерге ұшарау қаупі бар. Жолдың бұрылыстарға дейінгі кескіндері 30см болу керек және ағаштар, тастардан қорғану үшін салынуы қажет. Қозғалыс бағытының ауысымы төбе бойында айналдыру әдісі бойынша төбеге арт жағымен жүзеге асырылады. Төбеге алдымен қарау әдісі біршама қиындау болып келеді, бастысы – қауіпсіз емес(тепе-теңдік жоғалтқан жағдайда туристің төмен қарай құлауы әбден мүмкін және оны шаңғы таяғымен ұстап қалу әрқашан мүмкін емес). Сондықтан да оқыту, дайындық жүргізген кезде қауіпсездендіруден тәжірибе жинақтаған дұрыс, көбінесе, айналу бұрылысын таза орындай алмаған туристерге тікелей қатысты.

Қозғалыс бағытын ауыстыру кезінде бір топ мүшесінің өзінен төбе бойында төмен тұрған басқа топ мүшесіне құлап кетуі әбден мүмкін.  Сондықтан топ мүшелері ар көтерілу ауданында 2адамнан көп болмайтындай қозғалысты таңдайды.  Ең қауіпсіз қозғалыс – ол артқа қайту жолында кішкене қайық әдісімен жүру болып табылады, топ мүшелері бір мезгілде артқа бұрылған жағдайда  топ аяқтаушысы топ бастааушысы болады, ал бастаушы керісінше аяқтайшы болады. Бұл әдіс жолды бірнеше ұзартқанымен, топ мүшелеріне бірге қимылдауға мүмкіндік береді және нашар ауа райлы кезеңде өте тиімді.

Шаңғымен төмен түсу. Шаңғы техникасындағы маңызды элемент болып табылады. Дайындық  және тәжірибелік сабақтар нәтижесінде болашақ жорыққа қатысушылар төбенің түрі мен қар жамылғысына қарамастан өз бетінше төмен түсу әдісін дұрыс таңдай білуі шарт.

Алған білімдерін шыңдау үшін және төмен түсу кезінде сенімділік қасиетін арттыру үшін  инструктор түрлі қар жамылғысы бар, қиындық деңгейі әр түрлі биіктікті таңдауы қажет. Мұндай төбеден түсу жылдам төмен түсу әдісін және тактикасын таңдауды, тепе-теңдікті сақтауды талап етеді. Қар жамылғысы бірыңғай емес төбеден төмен қарай сырғанау жазық төбе кезінде жылдамдықтың артуы тепе-теңдікті ұстап қалу мүмкін еместігін сипаттайды.  Қарапайым әдіс «Разношка» қолдану барысында бір аяғың шаңғы деңгейінен алда тұрып, тоқтату белсенділігін арттырады. Тоқтату белсенділігін арттырған жағдайда шаңғы деңгейінен алда тұрған аяқты тағы кішкене алдыға сөзып тізені бүгу керек.  Төбенің қар жамылғысы мен биіктігіне байланысты төмен түсу әдісін таңдайды.

Төмен түсу кезінде тіу тұрып, жартылай еңкейіп немесе еңкейіп түсуге болады. Орта деңгейдегі төбеден төмен түсу үшін жартылай еңкейіп түскен ыңғайлы. Бұл үшін шаңғы енін 15-20см-ге созып, аяқ тізесі бүгіліп, алға қарай еңкею керек. Шынтақтың жартылай бүгілген  кезде қолды алға қарай жартылай шығарып, шаңғы таяғын артқа сермеп ұстау қажет (шаңғы таяғын ешқашан алға қаратып ұстауға болмайды, таяқ жерге тіреліп, адам денесіне көптеген зиян келтіреді).

Аса мықты төбелерден түсу кезінде еңкею әдісін қолданған дұрыс болады. Ол үшін аяқ тізелерін қатты бүгіп отырып, алға қарай еңкеюмен қатар қолды да алға қарай сермеу керек.  Төбелердің мықтылық деңгейіне байланысты тура, зигзаг, қырымен, баспалдақпен  түсу әдістерін қолдануға болады.

Тоқтату. Барлық тоқтату әдіс-тәсілдерін жетік меңгеру төмен түсу жылдамдығы мен керек жерде тоқтауды қадағалауға мүмкіндік береді.  Тоқтату әдіс-тәсілдерін тәжірибеде қарастырудан бұрын қалаған жерде құлау аялдамасынын білу қажет. Бұл үшін шаңғы үстінде барынша отырып,  қолды таяқпен бірге артқа тастау бір жаққа құлау кезінде қарға үйкелу арқылы тоқтай білу керек. Тоқтату кезінде жіберілген қателік артта келе жатқан басқа топ мүшесіне де кедергі келтіруі мүмкін.

Тоқтау әдісі кезінде мынадай тәсілдерді қолданған тиімді:

  1. Плуг
  2. Жартылай плуг
  3. Шаңғы таяғы арқылы

Көбінесе плуг тәсілі арқылы тоқтату көп қолданылады, шаңғының ішлі жағынан екі жақтық тіреу бойынша жүргізіледі. Бұл үшін шаңғы ұшын бірге қойып, өкшені ажырату керек, қаншалықты кең ажыраса, соншалықты тоқтау да жеңіл болады.

Жартылай плуг әдісі бір ғана шаңғымен төмен сырғанау рақылы жүзеге асырылады.

Биік және жазықты төбеден төмен сырғанау кезінде шаңғы таяғын қолдану арқылы тоқтауға болады. Ол үшін жартылай отырып, таяқтарды бірге ұстап, қарға қадау арқылы итеріп қысым көбейеді де, қозғалыс жылдамдығы кемиді.

Бұрылыстар. Тоқтату әдістерінен кейін бірден міндетті түрде бұрылуды меңгеріп алу керек, себебі, олар плуг және жартылай плуг әдістері арқылы жасалады. Бұдан қиын түрлері ауыр жолдорба және арнайы жабдықтарсыз шаңғышы туристерге рұқсат етілмеген. Плуг жағдайындағы бұрылыс  әдәтте қозғалыс жылдамдығы төммендегеннен кейін биіктіктен төмен түсу кезінде қолданылады.

 Шаңғы жорығының тактикасы

Жорықты ұйымдастырумен және өткізумен байланысты барлық шаралар жиынтығы болып табылатын тактиканың белгілі анықтамасында нақты жоспар ақпараты жоқ. Оның үстіне, жорықтың өзінің және дайындау кезеңінің бүкіл шараларын тактикаға жатқызу дұрыс деп айтуға болмайды; мысалы, ақпарат жинау, азық-түлікті іріктеу, физикалық және техникалық әзірлік, материалдық қамтамасыз ету тактикамен байланысты және оған әсер ете алады, бірақ олар тактикалық аспектілерге жатпайды. Тактика үшін қауіпсіздік шаралары сақталған және белгіленген мерзімде спорттағы, эстетикадағы және басқа да мақсаттарға жетуге бағытталған жоспарға не қабылданған шешімдерге сәйкес келетін жоспарлауды (түгелдей жорықты, бір күндік жүрісті және нақты кедергілерден өтуді) және әрекеттерді қамтитын анықтама тән. Мұндай анықтама тактикаға – белгілі бір жағдайдағы шарттарды талдаумен, осы шарттардан туындайтын әрекеттер жоспарын құрумен және оны іске асырумен байланысты шараларды ғана, ал қозғалудың, сақтандырудың, өзін-өзі сақтандырудың, ұрғыштау мен басқа да жұмыстардың физикалық әдістерін үнемді және тиімді орындау дағдылары мен икемділіктерін техникаға жатқызады. Анықтаманың ұсынылған нұсқасы бойынша тактика түсінігін, жоспарлау қасиетінің барлық шаралары мен оларға сәйкес келетін қызметті үш топқа бөлуге болады: саяхат жоспары, бір күндік жүріс жоспары және кедергілерден өту.

Жорық жоспары

Бұл жоспар саяхат мақсаттары мен міндеттеріне байланысты шығатын, жалпы сипаттағы тактикалық шешімдерден тұрады және мыналарды қамтиды: маршрут түрі, оның ұзақтығы, жорық ұзақтығы, күндік демалыстар мен резервтік күндер саны, жорық кестесі, маршрут бойынша техникалық күрделі жерлердің таралуы, жолдорба салмағының маршрут түріне тәуелдігі, маршруттың қосымша нұсқалары, эмоциялық салмақтарды жоспарлау.

Маршрут түрі. Маршрут түрін таңдау – жорықты жоспарлаудың ең маңызды элементі. Туризм бойынша жетекшілік материалдарында барлық маршруттар түрлері жағынан сызықтыққа, айналмаға және радиалға бөлінген. Осылай бөлудің негізінде таза сырттай, меніңше, бейнелі тәртіп айырмашылығы жатыр, осының себебінен ол маршруттардың алуан түрлерінің ішкі физикалық және психологиялық динамикасын көрсете алмайды. Мұндай жағдайларда, салмақтық жүк тұрғысынан, мысалы, сызықтық және айналма маршруттардың арасындағы айырмашылықты табу мүмкін емес. Маршруттар арасындағы айырмашылықтар болмысын анықтайтын қандай да бір қосымша элементтің қажеттігі туындайды. Ол ретінде, туристік тәжірибе көрсетіп отырғандай, маршруттарда елдімекендердің бар болуы табылады. Осыны ескере отырып, маршруттарды төменгідей бөлуге болады:

1) аралық елдімекені жоқ сызықтық және айналма маршруттар;

2) бір елдімекені бар сызықтық маршруттар (бір пункттен шығатын екі айналманы құрайтын маршруттар – «сегіздік»);

3) топ қозғалысы жолында бірнеше елдімекендері бар сызықтық маршруттар (бір пункттен шығатын бірнеше радиалы бар маршруттар – «түймедақ»).

Маршрут түрлерінің былай жіктелулерінің негізінде сызба элементімен қатар заңды түрде жорықтың спорттық көрсеткіштерінің бірі – елдімекенсіздік және оның салдары – «бүкіл жорықта бәрі бізбен» атты жетістік пен қауіпсіздіктің бұлжымас талабы жатыр.

Маршруттардың бірінші түрі, тіпті басқа факторларды ескермей-ақ, ең қиын және спортты болып саналады, басқа түрлермен салыстырғанда белгілі бір бағалау ерекшеліктері бар. Есте қаларлық саяхаттардың, әсіресе тундралық және қиын таулы аудандардағы, осындай маршруттар бойынша жүргізілгендері кездейсоқ емес. Бір елдімекені бар маршруттар да спорттыға, соның ішінде жоғары санаттыға жатқызылады.

Негізгі маршруттан тыс орналасқан, қызықты туристік объектілерге жету мақсатында радиалды шығу жерлері қарастырылған, олардың жалпы ұзақтығы маршруттың белгіленген ұзақтығының 25%-нан аспау керек. Сол жол бойынша қайтудағы радиалды шығу жерлеріндегі қашықтықтың жарты өлшеммен есептелетіндігі күмән туғызады, қайту жолын – күш пен уақыттың жұмсалуынсыз, ал кедергілерді қауіпсіздік шараларын жүзеге асырусыз өтуге болатындай секілді.  Оған қоса, қайту жолында оны жүріп өтудің сипаты да өзгереді.

Информация о работе Шаңғы туризмінің техникасы