Шаңғы спортының тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Сентября 2013 в 19:32, реферат

Краткое описание

Шаңғының алғашқы пайда болуы адамдарға қысқы уақытта тамақ немесе көшіп қонуға көмегі тигендіктен өз орнын тапты.Ең алғаш рет бірінші шаңғы Псков облысының шекарасында табылды,яғни осы соңғы табылған шаңғы ең көне болып есептеледі.Оған шамамен 4300 жыл болған.Оны А.М.Микляев, 1982 жылы тапқан.Бірінші жазба құжаттарға сүйенсек шанғы 6-7ғ.ғ.з Готтық монах Жорданес 552 жылы.,грек тарихшылары Иордан 7 ғ., Авел Диакон 770 жылы жазылған.7 ғасырдың аяғында тарихшы Верефрид шаңғының толық анықтамасын жақды. Норвегия ханы Олаф Тругвассон 925 жылғы жазбалар бойынша жақсы шаңғышы ретінде танылған.Бірінші шаңғы сөзі 12ғасырда Русьқа жатады.Митрополит Никифор Киев князі Владимер Мономахқа жазған хатында шаңғы сөзін қолданған.Шаңғылар Петр 1-ші және Екатерина 2-шінің армиясында қолданылды.Біріншіден шаңғы тебуге Норвеждіктер көңіл бөлген.Шаңғы туралы бірінші журналға енгізген 1733 жылы Ганс Эмахузен болды. 1767 жылы шаңғы спортының бірінші жарысы өткізілді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Шаңғы спортының тарихы.секаdoc.doc

— 262.50 Кб (Скачать документ)

 

Шаңғы спортының  тарихы.

Бүкіл әлемде спорттық шаңғы тебу түрі қысқы спорт түрінде  белгілі болды.Оның табиғатпен байланысы  және адамға деген пайдалылығымен үлесі  зор.

Шаңғының алғашқы  пайда болуы адамдарға қысқы  уақытта тамақ немесе көшіп қонуға көмегі тигендіктен өз орнын тапты.Ең алғаш рет бірінші шаңғы Псков облысының шекарасында табылды,яғни осы соңғы табылған шаңғы ең көне болып есептеледі.Оған шамамен 4300 жыл болған.Оны А.М.Микляев, 1982 жылы тапқан.Бірінші жазба құжаттарға сүйенсек шанғы 6-7ғ.ғ.з Готтық монах Жорданес 552 жылы.,грек тарихшылары Иордан 7 ғ., Авел Диакон 770 жылы жазылған.7 ғасырдың аяғында тарихшы Верефрид шаңғының толық анықтамасын жақды. Норвегия ханы Олаф Тругвассон 925 жылғы жазбалар бойынша жақсы шаңғышы ретінде танылған.Бірінші шаңғы сөзі 12ғасырда Русьқа жатады.Митрополит Никифор Киев князі Владимер Мономахқа жазған хатында шаңғы сөзін қолданған.Шаңғылар Петр 1-ші және Екатерина 2-шінің армиясында қолданылды.Біріншіден шаңғы тебуге Норвеждіктер көңіл бөлген.Шаңғы туралы бірінші журналға енгізген 1733 жылы Ганс Эмахузен болды. 1767 жылы шаңғы спортының бірінші жарысы өткізілді.

Әлемде бірінші  рет шаңғы спортының көрме  залы ашылды,ол яғни Тронхеймада 1862-1863 жылы өткізілді.Норвегияда ең алғаш  рет шаңғы спортының қоғамы ашылды,содан соң Финляндияда спорттық клубы ашылды.Одан әрі қарай басқа да елдерде,яғни Европа,Азия және Америкада өз жалғасын тапты.Норвегияда шаңғы атағына арнап Холменколлндік ойыны 1883 жылы,Финляндияда Лахтиндік ойындар 1922 жылы

Швецияда көптік шаңғы жарысы Васалоппет 1922 жылы мейрамдары өткізілді.

19 ғасырдың аяғында  бүкіл елдерде өткізіле бастады.Шаңғы  тебу түрлері әр елде әртүрлі  болған.Норвегияда шаңғымен секіру  өте жақсы дамыған,ал Японияда  шаңғы тебу Австриялық жаттықтырушылардың  әсерінен тау шаңғысы дамыды.

1910 жылы Ослода  бүкіл әлемдік шаңғышылардың  конгрессінде он мемлекет қатысты.19 ғасыр ортасында Ресейде ұйымдастырылған  спорттық жарыстар өтілді.

1895 жылы 29 желтоқсанда  Мәскеуде шаңғы тебушілердің  ашылуы болды.Бұл күні біздің  елімізде шаңғы тебу спорт күні болып жарияланды.Мәскеуде жүз спортшы қатысып,сонын ішінен рекордтық санға жеткен он сегіз.

Шаңғы спорты алғаш рет неолит дәуірінде солтүстікті мекен еткен тайпалар арасында пайда болды. Шаңғы тепкен адам өзін шапшаңдық пен төзімділікке шыңдап қана қоймай, сонымен қатар жақсы тынығады. Бұл спорт түрі жасқа қарамайды, онымен жас та, кәрі де айналысады. Шаңғы тебуді үйрену арнайы ережелерді талап етпейді. Жаттығуларды қарапайым жай жүрістен бастаған дұрыс. Егер сіз шаңғы тебуді үйренем десеңіз, келесі бірнеше кеңеске құлақ түріңіз.

Шаңғы тебуді үйренудің  қарапайым тәсілі – екі аяқпен адымдап, алға қарай сырғанау. Осы  әдіс екі аяққа салмақты алма-кезек  түсіруге негізделген. Адам сол аяқпен адымдағанда таяқ ұстаған қолды  алға, ал оң аяқпен адымдағанда сол қолды алға қарай сермейді. Осылайша, алма-кезек адымдау кезінде таяқ жерді бір рет қана тірейді. Бұл әдіс шаңғы ізімен жүргенде де, қар енді қана түскенде де қолданылады. Шаңғы ізімен немесе өрден төмен сырғанағанда, екі аяқты қатар қойып, таяқпен қос қолдап, серпе сырғанаған тиімді. Осындай әдісте екпін алу үшін бірнеше адым алға жасап, қос қолдап таяқпен серпу керек. Шаңғы тебудің қарапайым әдістерін меңгеріп алғаннан кейін, оның күрделі түрлерін серуенге шыққан сайын жетілдіруге болады. Егер сіз шаңғыға алғаш рет тұрсаңыз, сіздің серуендеріңіз 3 шақырымнан аспауы тиіс. Әдетте шаңғы тебуді кәсіпке айналдырған адам үшін 10 шақырым түк емес.

Бұл спорт түрімен  айналысқанда киетін киім-кешекке де көңіл бөлген дұрыс. Ең бастысы киетін киіміңіз жеңіл әрі жылы болуы тиіс. Тізеден төмен түймеленетін қысқа шалбар мен жүннен тоқылған жылы шұлық кисеңіз артық болмайды. Шаңғышының іш киімі де жүн матасынан тігіледі. Шаңғы тебудегі ең басты атрибутика ретінде аяқ киімді айтсақ, қателеспейтін шығармыз. Шаңғы тебудегі ең ыңғайлы әрі жылы аяқ киім – табаны қатты, былғарыдан тігілген етік. Әдетте, аяқ-киімнің өлшемі күнделікті киіп жүрген етіктен кең болады. Сондықтан, аяқ-киім таңдауда арнайы кеңесшілердің сөздеріне құлақ түрген жөн деп санаймыз. Қолыңызға бес саусақты биялай емес, былғары қолғап киген дұрыс.

Қандай зат  болмасын уақыт өте келе тозатын  бір қасиеті бар. Шаңғыны дұрыс  пайдаланып, табанына арнайы май жақсаңыз, бұл спорттық бұйымның ескіруін мейлінше баяулата аласыз. Ауа райына байланысты жағылатын майдың бірнеше түрі болады. Егер ауа райы құбылмалы болып, жерде көбік қар жатса, сарғыш түсті май пайдалану керек. Шаңғыны майлаған кезде бірнеше ереже есте сақтаған дұрыс. Біріншіден, шаңғы табаны құрғақ әрі таза болуы тиіс; майды шаңғының табанына біркелкі етіп жағу керек. Шаңғымен айналысатын адамның шаңғы баптайтын өз құралдары болған дұрыс.

Шаңғы спорты, дене тәрбиесі жүйесіндегі қысқы спорт түрлері негізгілерінің бірі. Бұл спорт түрлерінің қатарына шаңғымен жарысу, шаңғымен тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы және тау шаңғысы, биатлон түрлері енеді. Бұлардың барлығы да қысқы Азия ойындардың, қысқы Олимпиялық ойындардың бағдарламаларында бар. Шаңғы спортынан жаттығулар мен жарыстар ашық аспан астында, таза ауада өтетін болғандықтан адамның денсаулығына өте пайдалы. Ол адамның бойындағы шыдамдылық, күш шапшаңдық, батылдық, ептілік, табандылық, айналаңды бақылау сияқты аса керек қасиеттерді өкпенің сыйымдылығын жан-жақты дамытады. Ш. Спортымен айналысу кезінде адамның барлық дене мүшелері жұмыс істейді. Сондықтан ол жан-жақты жетілуге, дамуға, шынығуға негіз салады. Ш.спортынан алғашқы ресми жарыс 1767 жылы Норвегияда өтті. Соған қарамастан Ш. Спорты XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында қашан Ш. Спорты клубтары құрылып біткенше қалыптасу кезеңінен өтті деуге болады. 1924 жылы құрамына 24 мемлекеттердің өкілдері енген халықаралық шаңғы бірлестігі құрылды. Осы жылы ол алғаш рет ұйымдастырылған қысқы Олимпиялық ойындардың бағдарламасына енді (әрине барлық түрлері бірден емес) жене ерлер арасында Ә.ч-ты өтті. Әйелдер арасында Ә. Ч-ты 1924 жылдан бастап өткізіле бастады. В) дәліздің нөмірлері жазылған жол сілтегіштер болады (бұл нөмірлер команда қатысушыларының нөмірлеріне сәйкес келуі тиіс. Жарысқа қатысушы сәйкес нөмірлердің сол жағындағы шаңғы жолына түседі; Кезеңде сөреден шығатын жарысқа қатысушылар сөре сызығында тұрады. Қатысушылар ортаңғы жолмен N2 - оң жақтағы, N3 - одан сол жақтағы және осындай ретпен қалған қатысушылар сөреден шығады (жұп нөмірлер оң жақтан.... Ортаңғы сызықтың сол жағынан)

Тау Шаңғы Спорты – шаңғы спортының бір түрі. Тау шаңғы спорты слалом, алып слалом, жылдам сырғанау болып бөлінеді.

Слалом жарысы тапталған қалың қарлы тау бөктерінде өткізіледі. Жарыс жолының қашықт. 500 – 700 м, көлбеулігі – 100 – 200 м. Жол бойына қызыл не көк жалау ілінген кедергілер қойылады. Олардың арасы – 3 м. Жарыс кезінде слаломшылар трассаны екі рет өтеді. Соның орташа уақыт көрсеткішінен қорытынды нәтиже шығарылады. Алып слаломда жолдың көлбеулігі 200 – 500 м, ұзындығы 800 – 2000 м, қақпаның ені – 8 м, олардың арасы 15 – 20 м. Жылдамдық сағатына 65 километрге жетеді.

Жылдам  сырғанауда жолдың көлбеулігі 500 – 1000 м, ұзындығы 2000 – 4000 м, жылдамдығы сағатына 90 – 100 километрге жетеді. Тау шаңғы спортының алғашқы ережесін 1920 жылдары ағылшын А.Лунн құрастырған. Жылдам сырғанаудан 1923 жылы Швейцарияда тұңғыш жарыс өтті. Әлем чемпионаты 1930 жылдан өткізіліп келеді. 1936 жылы олимпиадалық ойындар бағдарламасына енгізілді.

Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы біріншілігі 1934 жылы басталды. Тау шаңғы спортынан федерация құрылып, ол 1948 жылы халықаралық ұйымға (ФИС) мүше болды. Қазақстан/Қазақстанда Тау шаңғы спорты 2- дүниежүзілік соғыс жылдарында пайда болды. Республиканың тау шаңғы спортшылары А.Артеменко, Ю.Кабин, В.Митрозаев, Г.Минаев, П.Дельвер, О.Жайшыбеков, В.Духанин, Р.Ақжанов, Н.Еремеева, М.Хусайнов, тағы басқалар спорттың бұл түрін дамытуға зор үлестерін қосты.[1]

 


Информация о работе Шаңғы спортының тарихы