Орталық Азия

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2014 в 07:18, статья

Краткое описание

Қазақстанда жылына бiр шаршы шақырымға 37,53 мың текше метр су, жан басына шаққанда — 6,84 мың текше метр су келедi екен. Бұл жер шарындағы ең шөл аймақтарда өмiр сүретiн Араб мемлекеттерiнен кейiнгi орынды Қазақстан иеленiп отыр дегендi бiлдiредi. Бәлкiм су қорының тапшылығынан болар, Қазақстанда ауыз су жетпей отырған елдiмекендер жеткiлiктi. Мамандардың пiкiрiнше, ең сапалы ауыз суды Алматы қаласы мен Алматы облысының тұрғындары ғана iшiп отыр. Қалған аймақтардың барлығында таза су проблемасы бар. Әсiресе, Қызылорда, Атырау, Оңтүстiк Қазақстан және Солтүстiк Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының тұрғындары iшуге жарамсыз суды пайдалануға мәжбүр.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қазақстанда ауылдық елді мекендер үшін таза су.doc

— 41.50 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасындағы ауыз су мәселесінің қазіргі жағдайы

 

Буламбаев А.Б, экономика ғылымдарының магистрі, кіші ғылыми қызметкер

Қазақ АӨК экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ҒЗИ

k.r.asavchik@mail.ru

 

Түйіндеме: Жалпы, ауыз су проблемасы Орта Азия аймағында, соның iшiнде Қазақстанда өте өткiр сипат алып бара жатқандығын айтып мамандар дабыл қағуда. Қазақстан су қоры жағынан — Ертiс, Орал, Iле және Сырдария секiлдi iрi өзендерiн айтпағанда, ТМД мемлекеттерi арасында ең төменгi орында тұр. Қазақстан даласы негiзiнен шөл және шөлейт, жартылай шөлейт аймақтарға жататыны белгiлi. Елiмiздiң 4 пайызын ғана орман құрап отыр. Демек, су да осы 4 пайыз аумақты ғана қамтиды деген сөз.

 

Негізгі сөздер: Орталық Азия, мемлекеттік бағдарлама, ауз су, ауылдық елді мекендер, су құбырлары.

 

Орталық Азиядағы су ресурсының 80%-ын Қырғызстан мен Тәжiкстан бақылауға алады. Онда Кеңес кезiнде iрi қуатты ГЭС-тердiң салынғаны белгiлi. Қалған үш мемлекет — Қазақстан, Түркiменстан, Өзбекстан осы екi елге тәуелдi.

Қазақстанда жылына бiр шаршы шақырымға 37,53 мың текше метр су, жан басына шаққанда — 6,84 мың текше метр су келедi екен. Бұл жер шарындағы ең шөл аймақтарда өмiр сүретiн Араб мемлекеттерiнен кейiнгi орынды Қазақстан иеленiп отыр дегендi бiлдiредi. Бәлкiм су қорының тапшылығынан болар, Қазақстанда ауыз су жетпей отырған елдiмекендер жеткiлiктi. Мамандардың пiкiрiнше, ең сапалы ауыз суды Алматы қаласы мен Алматы облысының тұрғындары ғана iшiп отыр. Қалған аймақтардың барлығында таза су проблемасы бар. Әсiресе, Қызылорда, Атырау, Оңтүстiк Қазақстан және Солтүстiк Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының тұрғындары iшуге жарамсыз суды пайдалануға мәжбүр.

Жаңа мыңжылдыққа қадам басқан шақта экономикасының еңсесі тіктеле бастаған еліміз қордаланып қалған көптеген күрделі әлеуметтік мәселелерді шешуге ден қойды. Сөйтіп бірқатар салалық бағдарламаларды қабылдап, жүзеге асыра бастады. Солардың бірі - 2002-2010 жылдары «Ауыз су» бағдарламасы еді. Бағдарлама аясында орталықтандырылған су көздеріне қолы жеткен халықтың саны әу-бастағыдан 7 пайызға артып, судың ысырабы 8 пайызға азайған. 3,5 мың елді мекенге таза ауыз су жеткізіліп, 3,5 миллионнан астам адам сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген,

 «Ауыз су» Мемлекеттік бағдарламасы іс жүзінде асырулы кезеңдерде соңғы кезде ең жоғарғы деңгейде сынға түсіп отыр. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жақында өткен отырысында Еліміздің Премьер-Министр Карим Масимов: «Ауыз су бағдарламасына бөлінген қаржы кейбір жағдайларда тиімді және мақсатқа сәйкес пайдаланылмайды. Ресурстар жеткілікті мөлшерде көп бөлініліп жатыр, бірақ жергілікті орындардан қарама-қайшы сипаттағы ақпараттар келіп түсуде, қаражаттар өз орнына жетіп жатыр ма, күтілген нәтиже алып отырмыз ба?» деген сын пікір білдірді.

Орталық Азия елдерінің көпшілігіндегі сияқты, Қазақстанда да халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, су көздерінің ластануымен, санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауымен және сумен қамтамасыз ету жүйесінің техникалық жағдайының нашарлығына байланысты ең өзекті міндеттердің бірі болып отыр. Халықты ішетін сумен қамтамасыз ету проблемасының маңыздылығы мен өзектілігін сезіне отырып, ҚР Үкіметі 2002 жылы «Ауыз су» салалық бағдарламасын 2002-2010 жж. бекітті. Оны іс жүзіне асыруға бастапқыда 115,1 млрд.тг. қарастырылған болатын. Бағдарламаны орындаудың бірінші кезеңі 2002-2005 жылдарды қамтыған, ал екінші кезеңі 2006-2010 жылдары жүргізілді.

Ауылды жерде 60 % ғана ауыз суға қолы жеткен. Халықтың қалған бөлігі жергілікті су көздерін пайдаланады (бұлақ, өзен, тоған, скважина) немесе шеттен әкелінетін сумен. Бағдарламаны іске асыру кезеңінде шеттен әкелінетін су пайдаланушы ауыл тұрғындарының саны айтарлықтай қысқарды. Мысалы 2002 жылы олардың саны 445,2 мың адамды құраса, 2009 жылы 195,1 мың адам ал 2010 жылы 83 мың адамға дейін төмендеген. Яғни тұрғындар жергілікті ауыз суға қол жеткізді деген сөз.

Ал судың тапшылығы тек оның қорының аздығына ғана қатысты болып отырған жоқ. Сондай-ақ, техникалар мен су құбырларының ескiргендiгi салдарынан да Қазақстан халқы сапалы ауыз суға қол жеткiзе алмай келедi.

Су ресурстары жөнiндегi комитеттiң басшысы Анатолий Рябцев 2002-2010 жылдарға арналған "Ауыз су" бағдарламасы жұмыс iстегелi 5 жылдың жүзi болғандығын айтады. Бұл бағдарлама бойынша, қала және ауыл су құбырларын ауыстыру iсi де көзделген. Бұл жобаны жүзеге асыру үшiн 115 миллиард теңге қажет. Өйткенi, елiмiздегi су құбырларының 70%-ы пайдалануға жарамсыз. Көбiнiң пайдалану мерзiмi Кеңес үкiметi тұсында-ақ бiтiп кеткен. Аталған бағдарлама жұмыс iстеген 5 жылда 80,3 миллиард теңге бөлiнiп, су құбырларын жөндеуге жұмсалған екен. Су ресурстары жөнiндегi комитет басшыларының айтуына қарағанда, бұл қаржыға 5 миллион тұрғынды қамтитын 1900 елдiмекенде 5 мың шақырым су құбырлары ауыстырылып, қайта жөндеуден өткiзiлген. "Ауыз су" бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Бүкiләлемдiк банк, Ислам және Азия банктерiнен қарыздар алынуда. Аталған бағдарлама ауыл және шағын қалаларда ауыз су мәселесiн шешуге бағытталғандығы белгiлi.

Мемлекеттік бюджеттен тыс су бағдарламалары басқа елдердің Үкіметі және халықаралық ұйымдар тарапынан белсенді түрде қаржыландырылады. Мысалы Япония үкіметі «Ауыз су» салалық бағдарламасын күшейту бойынша екі жобалар шеңберінде 300 мың АҚШ долларына техникалық көмек бөлген. Қосымша ауылдық аумақтарды сумен қамтамасыз ету және канализация жобасы 65 млн. АҚШ доллары іске асырылуда, ол 2004-2009 жж. есептелген. Бұл жобада республикалық «Ауыз су» бағдарламасына кіретінін айта кету керек, мемлекеттік бюджет қаражаттарынан басқа, мұнда 34,6 млн.доллар Азияның даму банкісінің демеушілігімен жүреді. Ислам даму банкісінің 10 млн.доллар бөлді. Оған қосымша, көптеген халықаралық ұйымдар мен жобалар осы бағдарламаны іске асыруды қолдау арқылы өздерінің қызметін жүргізеді.

2003 ж. тамыз айынан бастап, «Қазақстандағы ауылдық елді мекендер үшін таза су» бағдарламасы барысында – ауыл халқының таза ішетін суға қолын жеткізу және сумен қамтамасыз етудің жергілікті өзін өзі басқару жүйесін ұйымдастыру, таза ішетін сумен жабдықтаудың тұрақты жүйелерін қолдаудың экологиялық, әлеуметтік және экономикалық пайдасы туралы түсінік жүргізу жұмыстары қамтылды. Бағдарламаның бір маңызды компоненті сумен қамтамасыз етудің қоғамдық жүйесін басқару мен қызмет етуге шешім қабылдау процесіне жергілікті халықты тарту.

Бұл компонент өте бағалы болды, себебі ол халықты қаржылық дербестікке және жұмыс істеп тұрған сумен қамтамасыз ететін жүйелерді қолдауға алдағы кезде қаржы салуға бастайды. Сондай-ақ су пайдаланушылар кооперативтерінің табыстары ұлғаятын болады, ол табыс сумен қамтамасыз ету жүйелерін басқару мен оған қызмет көрсетуді қолдауға жұмсалатын болады.

2008 жылдың қыркүйегінде «Қазақстандағы ауылдық елді мекендер үшін таза су» бағдарламасының күшті жағы болып, жергілікті халықпен жұмыс жүргізу болып табылды. Себебі адамдар шешім табу процесіне, сумен қамтамасыз ету жүйесін дербес басқаруға белсенді түрде тартылады және сырттан көмек күтпейтін болады. Оның үстіне ауыл тұрғындары қаржылық инструменттерді қалайша дұрыс пайдалануды үйренеді. Қайткен күндеде бұл жүйе техникалық және қаржылық тұрғыдан тұрақты жұмыс жасайтынын алға тартамыз. Ысал ретінде Алматы облысының әкімдігі осы мәселе бойынша жан – жақты қолдау көрсеткен болатын. Оның қызметкерлері жергілікті халықты осы жұмысқа тарту осы күнге дейін жетпей жатқан компанент екенін, сол компанент «Ауыз су» Мемлекеттік бағдарламасына кедергі болғандығын атап көрсетті.

Биылдан бастап жүзеге асырыла бастаған бағдарламаның басты мақсаты - халықты сапалы ауыз сумен және суды жеткізетін әрі тарататын қызметтермен қамтамасыз ету. Сәтін салып барлық мақсат-міндеттер орындалатын болса, 2020 жылы ауыл халқының 80 пайызы, ал қала тұрғындары түгел дерлік орталықтандырылған көзден су ішетін болады. Мәліметтер бойынша, қазір қалалықтардың 72 пайызы, ал ауылдағы ағайынның небәрі 42,5 пайызы орталықтандырылған су жүйесіне қосылған. 3592 елді мекендегі 3 миллионға жуық адам ауыз судан таршылық көріп отыр. Сонымен қатар бұл бағдарлама халықтың «үнемшілдік мәдениетін» қалыптыстыруы тиіс. Олай дейтініміз, судың қанша ағызылғанын есептейтін құралдар құбыр жүргізілген қалалық және ауылдық жерлерде түгел орнатылмақ. Бұл іс ысырапшыл ағайынға ой салып, «судың да сұрауы бар» екенін қаперлеріне мықтап түюге түрткі болуы керек. Мәліметтер бойынша, сумен қамтамасыз ету желілерінде ысырапталған судың мөлшері жыл сайын ұлғайып келеді екен. Мәселен, 2004 жылмен салыстырғанда, 2009 жылы ысырап болған судың мөлшері 10,9 пайызға ұлғайыпты.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

  1. Уровень жизни населения и бедность в Республике Казахстан 
    (статистический мониторинг), Алматы. - 2005.
  2. Омаров  Н.А.   Проблемы  развития   социальной   сферы  села  в 
    условиях рынка. //Проблемы агрорынка, октябрь-декабрь. - №1. - 2004.
  3. Государственная Программа развития сельских территорий РК на 
    2004 - 2010 гг. - Астана - 2003.

 


Информация о работе Орталық Азия