Конгреcтік туризмнің ерекшеліктері мен қызметі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2015 в 12:20, реферат

Краткое описание

Экономика саласының үздіксіз қозғалыста тұруына көп жағдайда сыртқы күштердің, оның ішінде шетелдік капиталдың ықпал-әсері орасан зор екені анық. Бұл мәселеде туризм саласы бірден ауызға іліге кетеді. Себебі, мемлекеттің экономикалық әлеуетін күшейтетін басты кіріс көздерінің бірі – осы туризм.

Содержание

Кіріспе……………………………………………………………………………3
1. Конгреcтік туризм түсініктемесі......………………………………....5
2. Конгреcтік туризмнің ерекшеліктері мен қызметі…………………..5
3. Конгреcтік туризмнің негізгі орталықтары…………………….........6
4. ХХІ ғасыр басындағы конгрестік туризм………………………........7
5. Конгрестік туризмнің сапарлары.……………………………............8
6. Конгрестік туризмнің Қазақстандағы дамуы...................................9
Қорытынды...................................................................................................11
Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................................12

Прикрепленные файлы: 1 файл

«КОНГРЕСТІК ТУРИЗМ ТҮСІНІКТЕМЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӘЛЕМДЕГІ ДАМУЫ».doc

— 90.50 Кб (Скачать документ)

Соның арқасында Еуропа елдерімен салыстырғанда АҚШ конгрестік туризм саласынан мол пайда табады. Бұл оның турстік нарықтағы беделін арттыруда.

Іскерлік сапарлармен өзге континентте орналасқан елдерге бару ұзақтығы орта есеппен 12-13 күн, континент арасында 5-6 күн, өз мемлекеті ішінде 3-4 күн. [7]

Сонымен қатар, басқа елге іскерлік сапармен барған туристтың сол елде болу ұзақтығы оның жұмыс саласына да байланысты. Конгрестік туризм туризм саласының активті түріне жатқандықтан оның созылу ұзақтығын турист өз қалауынша да жасай алады.

Іскерлік адамдар ағымын қабылдайтын Еуропа мемлекеттері арасында Гермения, Нидерланды, Франция, Италия, Испания, Швеция, Швейцария мемлекеттері ерекшеленеді. Франция мен Бельгияда әрбір 5-ші шетел азаматы іскерлік мақсатпен, ал Ұлыбританиянда әрбір 3-ші адам іскерлік мақсатпен жүреді [8].

Бизнес-туризм нарығында Орталық және Батыс Еуропа елдері ерекше орын алады. Қоғамдық және экономикалық өмірдің қайта құрылуына байланысты олар Батыстың қызметтік тобына қызығушылық танытты. Сол қызығушылықтың арқасында Батыс елдерінде конгрестік туризм жедел қарқынмен дамуда.

 

6. Конгрестік туризмнің Қазақстандағы дамуы

 

Ел болашағының дамуын айқындайтын «Қазақстан 2030» стратегиясында экономиканың өсуіне және оның әр тараптануына ықпал ететін факторлардың бірі ретінде нарықтық туризм саласы көрсетілген. Осы тұрғыда алғанда, саланы дамытудағы көзделген басты мақсат – тұрмыстық кешенді құру арқылы мемлекетті қаржымен толықтыру ғана емес, сол арқылы халықтың әл-ауқатын, тұрмыс жағдайын көтеру болып табылады. Бұл ретте, бірінші кезекте аталған саланың заңдық және нормативті-құқықтық базасын жетілдіруге айрықша мән берілетіні анық. Аз уақыт ішінде туризмді жандандыруға себеп болатын бас-аяғы он шақты заң жобалары мен бағдарламаның қабылданып, жүзеге асырылып жатқаны соған дәлел.

Бір атап өтерлігі, аталған сала төңірегінде Қазақстан мен шетелдер арасындағы халықаралық байланыстардың нормативті-құқықтық негізін берік бекіту жағы да дұрыс жолға қойыла бастаған. Мысалы, бүгінгі күнге дейін, өзге елдермен сала бойынша әріптестік қарым-қатынастарды нығайту мақсатында 28 келісімге қол жеткізілді. Жапония, Сауд Арабиясы, Словения, Малайзия, Греция, Франция, Чехия, Румыния, Швейцария сияқты елдермен келісімге келудің заңдық жобаларын жүзеге асыру көзделуде. Шетелдік туристердің еркін жүріп-тұруына қолайлы жағдай туғызу жағы да мемлекет назарында тұрған маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Бұл тұрғыда дүние жүзінің 56 мемлекетімен салааралық байланыстарды тұрақтандыру мақсатында арнайы нұсқау да қабылданған болатын [9]. Яғни, бұл нұсқау бойынша басқа елден келетін азаматтарға кедергі келтіретін түрлі әкімшілік тосқауылдарды азайту мақсатында виза жағынан жеңілдіктер қарастырылған. Бір сөзбен айтқанда, қазіргі таңда Қазақстанның өзге мемлекеттермен әріптестік байланысы бір ізге түсіп келеді.

Елдегі туристік саланы бір қадам болса да алға жылжыту үшін түрлі халықаралық ұйымдардың үлес салмағы орасан зор екені сөзсіз. Қазақстан Республикасының дүниежүзілік туристік ұйыммен және ұйымға мүше елдердің туристік әкімшіліктерімен арадағы байланыстың жарастық табуының сырын осыдан іздесек те болады. Қазақстанның бұл ұйымды соншалықты «бауыр тартудағы» негізгі мақсаты - туристік саланың имиджін көтеру, сол арқылы отандық өнім мен қызмет көрсету түрлерін әлемдік туристік нарыққа шығару. Мысалы, 2007 жылы Қазақстан Берлин, Лондон, Мәскеу, Санкт-Петербург, Мадрид қалаларында өткізілген ірі халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелерге тұрақты қатысып келеді. Ал 2006 жылы Голландияның Утрехт қаласында ұйымдастырылған көрмесіне мүше болды. 2004 жылы Солтүстік Ирландия мен Ұлыбританияда Қазақстанның алғашқы туристік өкілдігі ашылды [10]. Ал мұндай өкілдіктердің ашылуы еліміздің туристік мүмкіндіктері туралы толыққанды ақпарат алуға кеңінен жол ашады.

Тек шетел мемлекеттерінде ғана емес, өз еліміздің төңірегінде де өткізіліп жатқан халықаралық деңгейдегі көрме-жәрмеңкелердің мән-маңызы жыл санап артуда. Мысалы, жыл сайын Алматы төңірегінде KITF атты халықаралық туристік жәрмеңкесі, Шығыс Қазақстан облысындағы «Белуха»атты халықаралық туристік фестивалі өткізіліп тұрады. 2005 жылы KITF халықаралық жәрмеңкесіне 23 мемлекеттен 200-ге жуық компания қатысса, 2006 жылы оған қатысушы мемлекеттер саны 43-ке жеткен [11]. Елорданың имиджін бет-бейнесін қалыптастыруда өзіндік орны бар «Астана – Демалыс» халықаралық туристік жәрмеңкесі де ерекше атап өтуге тұрарлық, яғни экономиканы ілгерілетуші тетік ретінде айрықша басымдық берілген саланы дамытуға барлық жағдай жасалынып келеді.

2005 жылы елдегі туристік  индустрияның мүмкіндігін анықтау  үшін еліміз өңірлеріне арнайы маркетингтік зерттеулер жүргізіледі. Оған үкіметтің қаулысымен бюджет қорының 65 млн теңге көлемінде қаржы бөлінген  болатын [12]. Қазіргі таңда сол зерттеулер басшылыққа алынып, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарында туристік кластерді дамыту қолға алынуда.

Шетелдік капиталдың ағынын толастатпас үшін таяу болашақта барлық озық талаптарға жауап беретін ірі халықаралық туристік орталықтарды құру жобасын іске асыру да көзделіп отыр. Ал орталықтар Алматы облысындағы Щучье – Бурабай курорттық аймағынан, сондай-ақ Маңғыстау облысындағы «Кендірлік» демалыс орнының жанынан орын тебетін болады. Мұндай игілікті істі жүзеге асыруға 35 млрд АҚШ долларын тарту көзделіп отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Бүгінгі күні конгрестік туризм іскерлік қызметтің динамикалық сегменті болып саналады. Статистикалық мәліметтер бойынша әлемдік туризм саласының 10-12%-ін конгрестік туризм саласы алады екен. Көп адамдар өндірістің, экономиканың, жалпы қоғамның дамуын жылжытатын іскерлік кызметтің не екенін түсіне бастаған сияқты. Ал туризм нарығындағы  іскерлік қызмет конгрестік туризммен тығыз байланысты. Себебі, іскерлік қызметтегі тұлға туристік нарықтағы алғашқы қадамын өзінің жеке мақсаттарын орындау үшін басқа да ұйымдармен қарым-қатынас жасайды. Бұл қарым-қатынас конференциялар мен форумдар, көрмелер мен жәрмеңкелерде жүзеге асырылады.

Конгрестік туризмнің дамуы әр елде әр түрлі деңгейде болады. Қазіргі уақытта конгрестік туризм саласы біртіндеп даму үстінде. Бұны біз күндегі өткізілетін мемлекеттік және халықаралық маңызы бар іс-шаралардан көре аламыз. Сонымен қатар конгрестер, конференциялар, форумдар сияқты іс-шараларға тапсырыс саны күннен-күнге ұлғаюда.

Біздің көз алдымызда қоғамның жаңа экономикалық негізі құрылуда, өзінің жеке ісін ұйымдастыруға ұмтылып жатқан адамдар пайда болуда.

Егер де біз бүгінгі күні Қазақстанның туристік саласын дамытатын болсақ, онда ертеңгі күні біз экономикамызға үлкен кіріс енгіземіз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

    1. Сенин В.С. Введение в туризм / Наука, 1993 год. 13 бет
    2. Сұрағанова С.Қ., Ешенқұлова Г.І. Туризмдегі кәсіпкерлік қызметтің негіздері / «Елорда» Астана - 2005 жыл. 49 бет
    3. Мазбаев О.Б., Атейбеков Б.Н., Асубаев Б.К. Туризм және өлкетану негіздері / 2006 жыл. 19 бет
    4. Сычева E.В. Конгрессный туризм — зарубежный опыт и перспективы бизнеса // www.turbooks.ru. 3 бет
    5. Сычева Е.В. Конгрессный туризм — зарубежный опыт и перспективы бизнеса // www.turbooks.ru. 4 бет
    6. Сорока T.Н. Виды туризма // www.turvids.ru. 2 бет
    7. Стрелин И.И. Будем продвигать конгресный туризм // http://travel-news.ru. 12 бет
    8. Стрелин И.И. Будем продвигать конгресный туризм // http://travel-news.ru. 10 бет
    9. Волков Е.А. Рынок конгрессного туризма // www.turryn.ru. 1 бет
    10. Тұрлыханов А.К. Туризм – табыстың қайнар көзі // Егемен   Қазақстан – 2001 жыл, 28 қыркүйек. 2 бет
    11. Тұрлыханов А.К. Туризм – табыстың қайнар көзі // Егемен   Қазақстан – 2001 жыл, 28 қыркүйек. 3 бет
    12. Агеева Т.С. Туризмның дамуы // Дала мен қала – 2008 жыл, 3 қазан. 12 бет

 

 

 


 

 



Информация о работе Конгреcтік туризмнің ерекшеліктері мен қызметі