Экологиялық туризм

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Сентября 2013 в 19:27, реферат

Краткое описание

Экологиялық туризм жиынтығында табиғатты қорғау және әлеуметтік-экономикалық мәселелерді жаңа жұмыс орнын құру арқылы шешеді. Бұл үшін гид-жолаушылар, транспорт құралдары, экотуристер үшін азық-түлік қоры мен тұрғылықты орын, халықтық қолөнер бұйымдарының жасалуы мен сатылуы, сондай-ақ осы секілді көптеген заттар қажет.

Прикрепленные файлы: 1 файл

экотуризм дамуы.docx

— 28.92 Кб (Скачать документ)

Адамдардың табиғатпен тікелей  тілдесуі арқылы өз қажеттіліктерін  қанағаттандыру

Табиғат аясында демалып, табиғи және мәдени құндылықтарынан  эстетикалық ләззат алу.

  «Іле Алатау» ұлттық паркі Іле Алатау қыратының солтүстік бөлігінде орналасқан. Бұл паркте әлемге әйгілі Шренк шыршалары мен Сиверс алма ағаштары өседі. Парк территориясында 200-ден аса жануарлар түрі мекен етеді. Бұл Қазақстан фаунасының 23% құрайды. Жануарлар әлемінің көпүрлілігіне қарамастан, олардың басым бөлігі ҚР мен Дүниежүзілік табиғатты қорғау бірлестігінің Қызыл кітаптарына енген, мысалы, арқар, тянь-шань тау қойы, тянь-шань қоңыр аюы және т.б.

  «Алтын Емел» ұлттық  паркі Жоңғар Алатауы маңында  орналасқан. Флорасы 1800 жоғарғы деңгейлі  өсімдіктерден тұрады, олардың 21 ҚР Қызыл Кітабына енгізілген, ал 60 өте сирек немесе эндемикті  юолып келеді. Фаунасына келетін  болсақ, парк территориясында шөл  джейрон-киігі, 3000 тау сібір тау  текесі, 300 жуық 80 жылдары Барсакелмес  қорығынан әкелінген құландардың  ұрпақтары өмір сүреді.

  «Баянауыл» ұлттық  паркі өзінің ландшафттары мен  Жасыбай, Торйғыр атты көлдерімен  әйгілі. «Баянауылдың» табиғи-климаттық  жағдайы адам денсаулығына өте  пайдалы: таза ауа, көптеген  бқлаөтар мен көлдер.

  «Көкшетау» ұлттық  паркі дала зонасындағы гранитті  массивтердегі азональді қайың-емен  ормандарын қорғау үшін құрылған. Ең әйгілі объектісі Солтүстік  Қазақстан маржаны – Бурабай  көлі болып саналады, оның емдік-шипалық  қасиеттері ел шекарасынан әлдеқайда  алыс жерлерде белгілі. Экотуризм  жағынан ең үлкен қызуғышылықты  тудыратын экзотикалық «Оқжетпес», «Сфинкс», «Түйе»таулары. 

  Сөзсіз, ұлттық парктер  экотуризмнің дамуы үшін жоғару  ресурстық потенциалға ие.

  Қорықшалар – шаруашылық  қызмет формалары мен түрлеріне  уақытша немесе жыл бойы тиым  салынған территориялар. Қорықшалар  негізінен геологиялық, зоологиялық  және ландшафтық болады.

  Табиғат ескерткіштері  – ғылыми, мәдени, экологиялық-эстетикалық,  оқу-ағартушылық маңыздары бар  және өзінің бірегейлегімен ерекшеленетін,  қорғауға алынған тірі емес  табиғатпен жасалған жеке объектілер. Барлық табиғат ескерткіштері  хкотуризм объектілері болып  табылады, мысалы, Шарын өзені каньоны,  Кіші Алматы өзені өңіріндегі  жартастар, оларды басқаша «жандармдар»  деп атайды.

  Экотуризм объектілері  ретінде архитектуралық ескерткіштерге: мұражайлар, мешіттер, шіркеулер, жалпы  тарихи дәуірдің өнер деңгейі  мен эстетикалық көзқарасты қалыптастыратын  объектілерді жатқызуға болады.

  Көпғасырлық тарихы  бар қазақ халқы әлем өркениеті  қазынасына енген мәдени құнды  мұраларға ие.  Халықтың көне  өнері мен рухани мәдениетінің  ерекшеліктерін бірнеше жылдар  бұрын құрылған этнографиялық  ұлттық парктер ашады. Олар: Көктөбе,  Талхиыз, Есік қаласындағы Алтын  адам қорғаны, Кеген, Дегерес,  Тамғалы және т.б.

   Республикада экологиялық туризмнің басты мәселесі болып, мемлекеттік экотуризмді дамыту жүйелік бағдарламасының болмауы. Бірақ экотуризм Қазақстанда мүлдем дамымаған деп айтуға да болмайды. ЕҚТТ экотуризмді дамыту үшін өз территорияларында экомаршруттар жасап жатыр. Экологиялық туризм мәселелерімен айналысатын үкіметтік емес ұйымдар, бірлестіктер бар.

   Экологиялық туризм мен туристік қызмет көрсету нарығының басты кешенді проблемасы – материалдық-техникалық база жағдайы және оның масштабтарының болжалған сұраныс потенцияларына сәйкес болмауы.

  Маңыздылығы жағынан  алдыңғысынан кем түспейтін проблема  туризм саласындағы бәсекелестік деңгейдегі практикалық жұмыс тәжірибесінің болмауы.

  Экотуризмнің дамуы, туризмнің басқа түрлеріндегідей, қонақүйлер, турстік базалар, тамақтандыру орындарын салуға, жарнама өнімдерін өндіруге бөлінетін қаражат пен материалдық-техникалық құралдарға тәуелді болып келеді.

  Қазақстандағы экологиялық туризмнің дамуы, менің көзқарасым бойынша, республикадағы табиғи-шаруашылық кешендердің дамуына және басты әлеуметтік-экономикалық мақсатқа – халыққа жағымды қоршаған орта жағдайларын құру және қоғамның тұрақты дамуы үшін зор үлесін тигізеді.

  Экологиялық туризм  жергілікті халықтың қажеттіліктерін  қанағаттандыра отырып, қоршаған  ортаның табиғи түрінде сақталу  мақсатын қолдайды әрі оның  іске асырылуын қадағалайды. 

  Экотуризм мінездемесінің  ажырамас бөлігі болып экологиялық  ағартушылық болып саналды, ол  екі аспектіден тұрады:

Ақпараттық – экологиялық заңдылық, табиғат және территория мәдениеті туралы мәлімет алу.

Этикалық – экологиялық  менталитеттің құрылуы – табиғат  пен дәстүрлі мәдениетті сақтау керек  екнін түсіну.

 

 

Қазақстан Республикасында 

экологиялық туримінің  даму болашағы

 

Қазақстандағы туристік қызметтің  даму болашағын қарастыру кезінде  туристік қызметті мемлекттік деңгейде қабылданған стратегиялармен, бағдармалармен дамытпаса қоршаған ортаға жылдам дамушы туризм кері әсер ету мүмкіндігін  ескерту қажет. Экологиялық  туризмнің  обьектісі болып табылатын табиғи су қоймалардың ластануында үлкен  рольді мыналар атқарады: туризмнің  моторизациясы; тазарту құрылғалары  жоқ туристік базалардың коммуникалды кәсіпорындарының шығаратын қоқыстары. Әрине, экологиялық туризнің дамуы  секілді сәйкес инфроқұрылымсыз  болмайды. Ең бірінші, көрсетілетін обькетілер оптималды үйлестірілген орындарда, яғни көлікке қол жеткізімділіктің коммуникациондық құрылыстың, материалдық-техникалық базаның даму деңгейі мен тамақтану  базаларын ұйымдастыруға мүмкіндіктердің  болуын ескере отырып туристік қызметті дамыту қажет. Өйткені экологиялық  туризмнің обьектісі жаратушы табиғат  болғандықтан, инфрақұрылымды табиғат  ландшафтары аса үлкен өзгерістерге ұшырамайтындай етіп дамыту қажет. Ереже  бойынша, негізінен алғашқы ландшафтың өзгеру қауіпі тау және таулы аймаққа  жақын аудандарға төнеді. Туристік жылжулардың көптілігіне байланысты ертеден шағын туристік базалар  және аңшылық үйшіктер енді ірі қонақ  үй кешендері мен демалу базаларына орын береді. Қыстық демалу турлерін дамыту кезінде шаңғы трассалардың, жолдардың, электро жүйелерін жүргізу, орман  алаңдарының қысқаруына себеп болып, нәтижесінде бірте-бірте табиғат  кешендерінің дағдарысына және ландшафтардың  эстетикалық тартымдылығының төмендеуіне  әкеліп соқты. Экологиялық туризм экотуризм  обьектісі сиқты табиғи табиғат  ортасын сақталуымен байланысты. Сондықтан қаражат экотуризмді  кең таратуға ғана қажет емес. Таулы  лашықтардың көріну аландарының  құрылысына, маршруттың реттелуіне –  белгілі бір қаражат қажет. Бірақ  осы уақытта қорғалатын табиғи территориялар  мемлекеттен қаржыландырылмайды, сондықтан  болашақта капиталды салуда барлық жағдайлар жасалуы керек. Сөйте  тұра, табиғи обьектілірді қалпына  келтіру және күтудегі барлық міндеттер  жекеменшіктің мойнында болады. Берілген территорияда инфрақұрылыстың дамытуымен айналысатын жеке меншік ұйымдардың иегерлері барлық табиғи ресурстарды  тиянақты және жүйелі қолдануды қамтамасыз ету тиіс.

Экотуризм дамуы – мүлтіксіз  және туристік қызмет нәтижесінде болған экожүйеге теріс әсер етуін төмендетудегі  жалғыз жол болып табылады. Барлық дерлік елдерде экологиялық туризмнің  дамуына үлкен көңіл аударады. Соның нәтижесінде біздің тіршілік әрекетімізді қолдап тұратын қоғамның табиғи ортаға және экожүйеге көңіл  аударуы жоғарылай бастады.

Осы арқылы Қазақстандағы  экологиялық туризм дамуы, біздің көзқарасымыз бойынша республикадағы барлық табиғи шаруашылық кешенінің сәтті дамуына, сондай-ақ басты әлеуметтік-экономикалық елдің мақсаты – қоғамның тұрақты  дамуы мен салауатты өмір салты  болуы үшін қоршаған ортаны жағымды  жағдайлармен қамтамсыз етуді ұйымдастыруға  қол жеткізу.

 

 

 

 


Информация о работе Экологиялық туризм