Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2013 в 10:58, реферат
Францияда туризмнің дамуы ХІХ ғасырдың аяғында қалыптасады. Францияның қоғамдық қарым – қатынас пен техника және технологияның қарқынды даму кезеңінде – ХХ ғасырдың екінші жартысында туризм гүлдене дами түсті. Бүгін де туризм ірі капиталдарды, негізгі қаражаттарды және еңбек ресурстарының ауқымды бөлігін іске қосқан. Бұл Франция үшін жаһандану деңгейдегі салмақты саясат, үлкен ақша және ірі бизнес болып саналады. Бүгінгі таңда әр мемлекеттің өзіндік ұстанымы, өзіндік саясаты бар, соның ішінде туризм саясаты өзекті мәселелердің бірі екені белгілі.
Кіріспе бет
1.Францияның жалпы географиялық сипаттамасы 3
2.Франция - әлемдегі бірінші туристік мемлекет 6
3.Франциядағы туризм дамуының қазіргі жағдайы 9
Қорытынды 11
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Франциядағы туристер көп баратын орындар: Париж, Версаль сарайы, Луара сарайы, Мон-Сен-Мишель, Лиона тарихи орталығы, Шартрлық собор, Шамони және Монблан, аттракциондық парктер Диснейленд, Астерикс, архитектуралық храмдар және т.б.
Марсель - Францияның оңтүстігінде орналасқан қала, Францияның ең үлкен порт қаласы. Қалада 1 миллион 420 мың адам тұрады. Халқының санымен Париждің артында елінде екінші орында тұрады. Қаланың аты ежелгі грек тіліндегі "Массалия" және соның латын аудармасындағы "Массилия" деген аттарға барып тіреледі. Қаланың төңірегінде жатқан Прованс аймағымен бірге, 2013 жылы Еуропаның мәдениет астанасы болады.
Францияға келген шетелдiк туристтердiң саны 2007 жылы 81,9 миллионды құраған. Атақты туристік обьектілер қатарына: Эйфелева башня, Лувр мұражайы, Версаль сарайы, Орсэ мұражайы, Помпиду орталығы, Мон-Сен-Мишель , Шато-де-Шамбор , Сент-Шапель , Хант-Кенигсбург сарайы, Пюи-де-Дом (500 мың адам), музей Пикассо , Каркассонды жатқызуға болады.
Эйфель мұнарасы - Манхеттендегі Крайслер салынғанға дейін 40 жыл бойы әлемдегі ең биік мұнара болып саналды. 2007 жыл Эйфель мұнарасының 120 жылдық мерейтойы. 2005 жылы осы мұнараның астына су қатырып, мұз айдыны жасалынды. Ол Париждің 2012 жазғы олимпиаданы өзінде өткізуге шақырған жарнама болатын. Teletex Holіday тур фирмасы жүргізген сауалнама қорытындысы бойынша, әлемнің 7 кереметінің ішінде Эйфель мұнарасы екінші орында тұр. Осы уақытқа дейін мұнараның үшінші қабатына 200 млн адам көтерілген. Ол бүгінде Францияның символына ғана айналып қоймай, жылына 53 миллион евро әкелетін үлкен табыс көзіне айналды.
Франциядағы туризм экономикада ең жоғарғы орынды алып отыр. Францияның курорттары атақты болғанын байқауға болады. Қазіргі кезде Франциядағы туризм қарқынды даму үстінде.Франция мемлекетінің экскурсиялық бағыты қызықты жерлерді және жоғары сапалы таныстырумен көзге түседі. Францияның астанасы Париж қаласына туристердің сұранысы көп, сонымен қатар Эйфел мұнарасы, Лувр, Париждік Құдайана сияқты көрікті жерлер өінің архитектурасымен ерекшеленеді.Ал, Версаль өзінің әдемілілігімен туристерді таң қалдырады. Парижден басқа Францияда теңіз және таулы курорттарын атап өтуге болады. Ең атақты теңіз курорты Көкшіл жаға - бұл әдемі курорт Францияның көрнекті жерлерінде яғни мөлдір көк теңіздік жанында орналасқан. Қыста демалу үшін атақты жазықтар Куршевель, Мерибель, Ле Менюир, Валь Торанс француздық таулы курорттар болып табылады. Жылдың қай мезгілінде болсын Францияға барып, көрікті, әсем жерлерді тамашалауға болады.
Диснейленд – шет-шегiне көз жетпейтiн орасан үлкен ойын қалашығы. Мұндағы бардың бәрi бала көңiлiн бiрден қызықтырып, баурап әкететiндей өзгеше талғаммен жасалған.
Францияның қонақ үйлері – бұл сервистің еуропалық деңгейдегі сапасы, яғни дамушы елдердің және жайлылық пен ыңғайлылыққа үйренген туристерге арналып салынған. Сондықтан 3* және 2* жұлдызды қонақ үйлерде барлық жайлы жағдайлар мысалға: телефон, душ, автотұрақ және басқа да қосымша қызметтерге арналып жасалған. Париждегі төрт, бес жұлдызды қонақ үйлерге қысқаша тоқталсақ:
Fraser Suites Le Claridge Champs-Elysées қонақ үйі сәнді, атақты ауданда орналасқан. Қонақтарды барлық құрал-жабдықтармен жабдықталған апартамент және студио нөмерлер, сонымен қатар қысқа және ұзақ уақытқа тоқтауға болады. Нөмерлік қор саны 110 болады.
Bedford қонақ үйі Париждің орталығында орналасқа.Негізгі қызметтері ақысыз Wi-Fi және жоғарғы деңгейдегі мейрамхана асхана қызметі.Bedford қонақ үйінің нөмерлерінде классикалық және стилдік жиһазбен жабдықталған. Сонымен қатар нөмерлерде спутниктік теледидар және жеке ванна бөлмесі бар.Нөмерлік қор саны 145.
Intercontinental Paris Le Grand қонақ үйі Гарние Операсы мен Оpera метролық станциясынан 300 метр жерде орналасқан. Қонақ үйдің ішінде екі мейрамхана және сауна, массаж бөлмелері бар. Le Grand қонақ үйінде спутниктік және кабельдік теледидар, интернет жүйесі қосылған. Нөмерлік қор саны 470.
Vernet қонақ үйі Елисейлік егістіктен және Geroge V метролық станциясынан 100 метр жерде орналасқан. Нөмердің ішінде теледидар және сейф бар. Ал жуынатын бөлмеде ванна және ыңғайлы халаттар бар. Нөмерлік қор саны 50.
Hôtel California Champs Elysées қонақ үйі Париж орталығынан Елисейлік егістікке дейін 200 м орналасқан. Қонақтарға тренажер залы және мрамормен жасалған ванналар, стилді нөмерлер және кабелді теледидарларұсынады. Нөмерлік қор саны 174.
Туризмді ұйымдастырудың еуропалық үлгісі әлемге әйгілі курорттарымен танымал Италия, Испания және Франция елдерінде қолданылады. Бұл елдердегі туризмді дамыту мәселелері көп салалы министрлік деңгейінде шешіледі.
Франция – халықаралық туризм орталығы. Қазіргі кезде Франция жылына 77 млн –дай шетел туристері қабылдайды.Елдің сыртқы экономикалық байланыстарын дамытуда туризмнің маңызы зор.
Лувр - өркениетке қол жеткен дәуiрдегi ел билеушi корольдердiң резиденциясы болған екен.Көркем ғимарат. Архитектурасы ерекше. 1791 жылдан берi ежелгi Мысыр, Батыс Еуропа елдерiнiң өнер мұраларын көзiнiң қарашығындай сақтаған мұражай қызметiн атқарып келедi. Мұражайдың үлкендiгi сонша, тек Египет экспозицияларына қойылған дүниелердiң саны 60 мыңнан асады. Сол күнi бiз оның тек бiр бөлiмiн ғана 2 сағатта әрең аралап шықтық. Луврдың әр экспонатының қасында бiр минуттан тұрғанда, түгел қарап шығу үшiн екi ай уақыт кетедi екен. Экспонаттардың iшiнде ерекше есiмде қалғаны – әйгiлi италиялық суретшi Леонардо да Винчидiң қылқаламынан шыққан Мона Лиза портретi, Венера Милосская мен Ника Афрокийскаяның мүсiндерi. Ғажайып бұл туындыларды француздар «Луврдың үш сұлуы» атайды.
3 Франциядағы туризм дамуының қазіргі жағдайы
Францияға келетін туристердің саны бойынша әлемде бірінші орында болды, елге 71 млн. 400 мың туристер келген. Ал табыс 24 млрд. 657 млн. АҚШ долларын құрады. Бұл кезде Франция АҚШ, Италия және Испаниядан кейін 4-ші орында болды. Бұл жетістікке Франция «Тһе Маіsоп dе 1а Ғгапsе» ұйымын құрғаннан кейін жетті, негізгі мақсаты шетел азаматтарына француз туризмін, әлем бойынша француз тілінің прогресін қамтамасыз етуін және дамуын көрсету болып табылды. Ұйым 70 штаттан тұрды, бас офисі Парижде болды. 38 офисі Халықаралық байланыспен айналысты, олар 29 елде орналасқан. Бұл офисте 200 адам жүмыспен қамтылған. Бұл үйымның ерекше белгісі халықаралық және жеке туристік ұйымдардың, сонымен қатар транспорттық, қонақ-үй агенттіктерінің, аймақтық туристік және т.б. мемлекеттік комитеттер жұмыстарын біріктіреді.
Франциядагы туризм дамуын терең зерттеу арқылы бұл елдерде ұқсастық бар, ол мемлекет туризмінің дамуына үлкен әсер береді. Бірақ бұл елдердегі туризм саясаты бір-бірінен ерекшеленеді.АҚШ-та туризмге көп көңіл бөлінеді. Туризм өнімінің бағалары, Франциямен салыстырғанда жоғары, осының салдарынан елге жоғарғы табысты туристер келеді. Францияда туризм өнімінің бағасы төмен. Францияға 1,5 есе көп туристер келеді, бірақ оның табысы АҚШ-тан 3 есе аз.
Франция тәжірибесінде егер барлық туристік ұйымдар қызметін мемлекеттік реттеуді, сонымен қатар олардың өзарабайланыстылығын қамсыздандырса, онда туристік сала бәсекге қабілеті және пайдалы болуы мүмкін. Бұдан төмендегідей қорытындыға келуге болады, дамушы елдер Франция елдерінің тәжірибесіне сүйену керек. Француз Республикасы еуропалық және әлемдік саясатта ерекше және бірегей орын алады. Өз тарихы барысында Еуропа тағдырының алдыңғы қатарында болған мемлекет – жеті жетекші экономикалық дамыған мемлекеттің бірі, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі, ракета-ядролық потенциалға ие және батысеуропалық интеграцияның белсенді қатысушысы есептелетін Франция 1960-жылдардың басынан бастап Еуропаның биполярлы құрылымында автономды орынға ие болуға талпынып, оның біртіндеп реорганизациясына бағытталған курсты бетке алды. Сондықтан да ХХІ ғасырдың басында көптеген оқиғалар мен мәселелер олардың тек бүкіл адамзаттың күш жұмылдыруымен шешілетіні себепті адамдарды біздің ғаламшарымызды бір бүтін қылып қарауға итермелейтін, әлем географиялық кеңістік ретінде толықтай зерттеліп, отарланып, бөлініп, мемлекеттердің шекаралары ендігі мөлдірленіп жатқан кезде ХХІ ғасырдағы «әлемдік тәртіп» қандай болмақ, онда жалпы Еуропа, атап айтсақ Франция қандай рөл ойнамақ деген сұрақ туындайды. Францияның жоғары экономикалық потенциалы, әлемдік саясаттағы беделі мен ықпалы оны Қазақстанның Еуропадағы приоритетті серіктестері қатарына шығарады. Франция Еуропалық Одақтың жетекші мемлекеттерінің бір болып табылады. Олсыз Еуропаның тағдырына қатысты бірде-бір шешім қабылданбайды. Көптеген маңызды мәселелер бойынша оның ұстанымы анықтаушы рөлге ие, ол өзге мемлекеттерге үлгі болып табылады. Онымен конструктивті ынтымақтастық орнату Қазақстанның халықаралық қауымдастықтағы ұстанымдарын нығайтуға жол ашады. Өз жағынан Франция да Қазақстанмен қарым-қатынасын дамытуға мүдделі. Қазіргі таңда Қазақстан туризмді дамыту бойынша Ресей, Түркия, Грекия, Қытай, Египет, Израиль секілді 31 елмен келісім-шарт жасасып отыр. Бұдан басқа Жапония, Франция, Катар, Сауд Арабиясы, Словения, Моңғолия, Малайзия, Таиланд, Швейцария, Чехия, Испания және Румыния сынды елдермен туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайту жөнінде келісім-шарт жобалары бар. Келешекте біз осы елдермен Бүкіләлемдік туристік ұйымның аясында ынтымақтастығымызды арттыра беретін боламыз. Көп ретте туризмді мұнайдан кейінгі табыс көзі деп санайды. Бұл шынымен де солай, Мәселен, бізде мұнай қоры көп болғанымен, елімізге жылына 5 миллион турист келеді. Ал, Түркияға мұнай қоры бізден аз болса да жылына 28 миллион, Францияға 72 миллион турист келеді екен.
Соңғы уақытта Германия, Австрия, Франция, Швейцария, Италия, АҚШ сияқты елдердің туристерінің Орта Азияға, оның ішінде Алтайға деген қызығушылығы артуда. Сөйтсе де, 2009 жылғы статистикалық деректер бойынша кіру туризмінің үлесі 2008 жылмен салыстырғанда 9,5 % төмендеуі байқалады.
Қорытынды
Қорыта келгенде, Франция мәдени, тарихи байлықтары көп, туристерді қызықтыратын мемлекет болып табылады. Сонымен бірге, ғажайып табиғаты, әртүрлі тарихи адамдардың өмірбаянымен ерекшеленеді. Туризмді дамытудағы қажетті көлік құралдарының және әлеуметтік инфрақұрылымның дамуы, сонымен қатар әлеуметтiк - экономикалық және экономика - географиялық факторлардың әсер етуі маңызды болып табылады. Франциядағы туризмге байланысты ұйымдар мемлекет тарапынан қолдау тауып отыр. Франция - әлемдегi туристер көп баратын ел болғандықтан туризмнің барлық түрлерiн дамыту үшiн мүмкiндiктерi көп.
Қазіргі уақытта туризм мемлекетке табыс келтіретін үлкен табыс көзіне айналып отыр. Франция осы мақсатта да соңғы уақытта көптеген мемлекеттермен тығыз байланыс орнатып, саяхаткерлердің жылдан жылға саны артып келеді.
Мен осы жұмысты жазу барысында Франция туралы көп ақпараттар білдім. Франция туристердің көп келетін мемлекеттердің бірі. Яғни келетін туристердің 87% еуропалықтар, немістер және ағылшындар құрайды. Сонымен қатар, 35 млн француз саяхатшыларды қосуға болады. Соңғы он үш жылдықта Франция жаппай туризм елiне айналды.
Францияда 12 мың тарихи ескерткіштер, 1200 мұражай қатаң мемлекет бақылауында. Келген туристерді орналастыруда қонақ үй жүйесінде шамамен 45 мың отельдер, 1 млн жоғары нөмерлік қоры бар. Сонымен қатар, мемлекетте 8200 кемпингтер, 830 курорттар, 42 мың ауылдық мейманхана, және 2820 мың саябақ тектес үйлер бар. Туристік ағымның жартысы теңізге барады. Курорттық орындар Довиль, Аркашон және Биарриц. Ал қалған жартысы Лангедока және Аквитания жағажайларына барады екен. Францияға келетін туристердің саны жөнінен алдыңғы орында тұрған район Прованс – Альпі – Лазур жағажайы, келесі орында Лангедок – Руссильон және Корсика жатқызуға болады. Тау туризмі Шамони жерінде соғыстан кейінгі жылдары жоғарғы нәтижені көрсетті. Негізінен тау туристері Солтүстік Альпіге бет алады.
Парижде әлемге әйгілі Эйфель мұнарасы, Үлкен және Кіші сарайлар, Юнеско ғимараты, Шайо сарайы, Пантеон, Сен Женевьев кітапханасы, т. б. көрікті жерлерді тамашалауға болады. Парижде болған адам көп архитектуралық ескерткіштерге күтпеген жерде кезігіп жатады. Сондай мұралардың бірі - Сен-Мартен каналы. Каналдың үстіне ұзақ жылдарда көптеген көпірлер тұрғызылып, әрқайсысы өзгеше сәулет туындысына айналды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Энциклопедический словарь, Москва 1987г.
2. "Франция. Особенности и
проблемы современного
3. Журнал министерства иностранных дел Франции "Label France", №33, сентябрь 1998 г.
4. Ушаков Д.С. «Страноведение»
5. Романов А.А «Зарубежное туристкое страноведение»
5. www. Google.kz
Информация о работе Франция - әлемдегі бірінші туристік мемлекет