Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2013 в 16:23, доклад
Әбдіқадыр мешітінің кіре-берісі. Әбдіқадыр мешіті басында Абай және Қапал көшелерінің қиылысына орналасқан еді. Қазіргі кезде кіре-беріс мен күмбезі сақталған. Кіре-беріс шеті үш-төрт бағандармен безендірілген, Кіре-берісте саяздау етіп салынған терезе орны. Құрылыс азанға арналған алаңмен аяқталды. Қабырғаларында 6 тікелей тесіктерге төрт бұрышты терезелер салынған. Құрылыс қазіргі күйдірілген қызыл кірпіштен салынған формасы квадрат тәрізді.
№20 орта мектеп
Тақырыбы: Тарихи ескертіштер
Орындаған : Беисенғали Арман
Қабылдаған : Тазабекова Гүлнар
Сынып : 8 «А»
2013 Тараз
Табиғи ескерткіштер
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «2004-2006 жылғы мәдени мұралар» мемлекеттік бағдарламасы жарлығын жүзеге асыру мақсатында облыс әкімінің 2004 жылғы 26 ақпанындағы шешімі №40 мәдени басқармасында «тарихи – мәдени ескерткіштерді қалпына келтіру және сақтау» туралы мемлекеттік мекеме ашылды. «Дирекцияның» негізгі міндеті Жамбыл облысында көп жылғы археологиялық және тарихи археологиялық зерттеу нәтижесінде аңықталған тарихи-мәдени мұраларды қорғау, сақталған ескерткіштер облысымыздың тарихи-мұрасының бағалы қоры. Жамбыл облысында 2006 жылы 1080 ескерткіш есепке алынды, оның ішінде 844 археологилық, 111 тарихи, 97 архитектуралық, 28 монументальды өнер туындысы. Ескерткіштердің ішінде 29-ының Республикалық мәні бар, ал қалған 1051 ескерткіштің жергілікті мәні бар.
Ескерткіштер тізімі.
Әбдіқадыр мешітінің кіре-берісі. Әбдіқадыр мешіті басында Абай және Қапал көшелерінің қиылысына орналасқан еді. Қазіргі кезде кіре-беріс мен күмбезі сақталған. Кіре-беріс шеті үш-төрт бағандармен безендірілген, Кіре-берісте саяздау етіп салынған терезе орны. Құрылыс азанға арналған алаңмен аяқталды. Қабырғаларында 6 тікелей тесіктерге төрт бұрышты терезелер салынған. Құрылыс қазіргі күйдірілген қызыл кірпіштен салынған формасы квадрат тәрізді.
Мешіт ғимараты 30-жылдары 20 ғасырда бұзылған. Қазір бұл жерде медресе жұмыс істейді «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік қорық-мұражайының ғылыми қызметкерлері зерттеді 1980, 1999, 2002 жылдары жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Жамбыл Жабаев ескерткіші.
Жамбыл Жабаев ескерткіші Жамбыл алаңында орналасқан. 1961 жылы ақынның 115 жылдың мерей тойына арналып салынды. Жобаның авторы – сәулетші В. Сашенко мүсінші Қазақ ССР-інің халық суретші Х. Наурызбаев. Мүсін Ленинградта жасалған. Қола мүсін тік бұрышты ашық қызыл плитадан жасалған биік таста тұр. Жамбыл ұзын шапанда, бөрік киген, сол қолында домбыра, оң қолы жоғары көтірілген.
Жамбыл Жабаев халық ақыны, Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында туған. Халық ауыз әдебиетінің ірі өкілі. Қазан төңкерісіне дейінгі өлеңдері сүйікті шығармашылығы – айтыс. Батырлар туралы өз халқын қорғаған ерлік істері туралы жырлаған ақын. Соғыс жылдарында Қоршаудағы Ленинград қаласын қорғаған батырларға арнап жазаған «Ленинградтық өренім» атты өлеңі көп ұлтты кеңес әдебиетінің ең үздік шығармасы. 1934 жылы Алматыда республикалық айтыстың лауреаты, СССР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, 1941 жылы Ленин және Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.
Мұхамед Хайдар Дулати.
Ескерткіш 1998 жылы Сүлейменов көшесіндегі университеттің бас корпусының алдына Мұхамед Хайдар Дулати мырзаның 500 жылдығына арналып салынған.
Авторы – О. Әуезов.
Мүсіншілер – Д.Ж. Әлдеков, Н.А. Рүстемов. Ескерткіштің биіктігі 3 м. Постамент қызыл граниттен жасалған. Мұхамед Хайдар Дулати – көрнекті мемлекеттік қайраткер, дипломат, тарихшы, публицист. М.Х. Дулатидің бас еңбегі «Тарих және Рашиди» Орта Азия халықтарының тарихы туралы.
Ол өз шығармасының кейіпкері, мемуаршы, осы қасиеттері орта ғасыр әдебиетінің ұлы ескерткіші Орта Азия жалпы әсіресе, қазақ халқы үшін ерекше. «Тарих және Рашиди» Алтын Орданың құлауынан кейінгі мемлекеттің дамуы және Қазақ мемлекеттінің құрылуы. 1533 жылы М.Х. Дулати өз өмірін қорғап қалу мақсатымен Индияғакеледі, онда Кашмирді жеңіп алып қалған бар өмірінде оны билейді.
Бауыржан Момышұлының ескерткіші.
Бауыржан Момышұлының ескерткіші 2000 жылы 12 қазанда Ұлы Жеңістік 55 жылдығына және батырдың 90 жылдығына арнап салынды.
Авторлар ұжымы: мүсіншілер: М. Рүстемов, Д. Әлдеков.
Сәулетшілер: С. Дамбай, Н. Баекеев.
Биік ірге тасты қолында қылышы бар ұлғы тұлға айбынды жауынгер, философ интернационалист, жазушы. Екінші шешуші дүние жүзілік соғыстың батырының ескерткішінен халық көптеген ұрпақтың айбында батырларының бейнесін көреді. Ол каһарлы соғыс мектабін өткен ажал көріне бірнеше рет қараған, әр ұлттың жауынгерін жеңіске жету мақсатында тәрбиелеген. Ол үнемі үкімет оппозиясында болып, өзінің тәуелсіз мінезімен, әділетсіздікті сынап отырған. Кеңес Одағының Батыры халық батыры Бауыржан Момышұлының өмір жолы туралы Отан тарихына арналған кинотаспаларда, энциклопедияларда бейнеленген, оның образы ТМД елдері мен Шетел галлереяларында. Баукеңнің атымен оның туған жері Жуалы ауданы аталады, онда оған арналған мұражай, сонымен бірге Кременевка ауылы да Баукеңнің атымен аталады, алаң, көше, мектеп, лицейлерге Баукең аты берілді.
Шығыс моншасы ( Х-ХІІ ғ ).
Шығыс моншасы Тараз қалашығы аймағында, қазіргі орталық базар аймағында орналасқан. Ғимарат күйдірілген кірпіштен салынған, сылағының иіліп жасалуы моншаның көп күмбезділігін білдіреді ілекі қабырғалары 4-ке бөлінген оңтүстік – батыс бұрышында моншаның ауыз үйі, 2-3-інші бөлімдері жуынатын бөлмелер, 4 бөлме процедураға арналған. Монша канализациясы күрделі жасалған және жылу жүйесі керамикалық құбырлардан жасалған. Солтүстік батасында кешенге жақындатылып тастан қаланған құдық тұр.
Ортағасырлық Орта Азия мен Қазақстанда сумен қамтамасыз етуді оқуда бағалы. 1973 жылы Жамбыл облыстың тарихи-өлкетану мұражайдың экспедициялық отряды зерттеген.
Ақтөбе қалашығы ( VI-XIII ғ ).
Жамбыл облысының Шу ауданында Ақтөбе ауылының оңтүстік шығысынан 3 км қамыктықта Ақсу өзенінің екі жағалауында орналасқан. Бірінші рет әдебиетте 1894 жылы айтылды (В.В. Бартольд), 1941 жылы Жамбыл археологиялық бөлімінің экспедициясы ашты (Т.И. Пацевич), 1954 жылы ККАЭ отряды Қырғыз ССР-і Ғ.А. зерттеді (П.Н. Кожемяко). Қазба жұмыстарын 1974-1980 жылдары ҚазМУ археологиялық экспедициясы жүргізді (У.Х. Шалекенов) Ақтөбеде САЭ (К.А. Екішев) жұмыс істейді. Қалашық екі шахристаннан тұрады. Шахристан 1-дің формасы төрт бұрышты, биіктігі 6-7 м. Орталық бөлігінде квадрат формалы биіктігі 10 метр, қабырғасы 100 метр қамал орналасқан.
2 шахристанның биіктігі 3-6 м. Қалашық айналасы ұзын дуалдармен қоршалған бірінші қамалдың ұзындығы – 17 км. Екіншісі – 25 км. Екінші дуалға батыс және оңтүстік жағынан 4 иілген қамалдар тіркеседі. Қазба жұмыстары қалашықтың барлық бөлігінде жүргізілді. Археологиялық қазбалар нәтижесі қамал қалыңдығы 9 м 3 хронологиялық кезеңді қамтиды 8 ғасырдың 6 кезеңі, 8-10 ғ. екінші жартысын, 11 ғасыр мен 13 ғасырдың басын, 1-2 кезеңде қамалда қабырғалар салынған өртеніп қайта қалпына келтірілген. Кейінірек бекініс қабырғаларының құрылысы жалғасып, сонымен бірге сарай кешені және шаруашылық ғимараты салынған. Шахристандағы қазба жұмыстары үлкен қызығушылық туғызады. 21 ғимарат ашылды. Олардың соғылу принципі анықталды. Қазба жұмысының негізгі материалдары шаруашылық керамикасы, қола шамдар, қарахан тиындары. Үйлерден 10-12 ғасырдағы 2 виносаушының қалдықтары табылды. 10-13 ғасырларда қорған қазылып 8 ғимарат және даладан кіретін бір есік арқылы шығатын жанасқан көшенің бөлігі. Керамика, шамдар 10-11 ғасырға тән бұйымдар жиналды.