Қазақстанның тарихи ескерткіштері және перспективті туристік маршруттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Сентября 2013 в 22:24, научная работа

Краткое описание

Есімі өзгеге де, өзімізге де кеңінен танылған ерекше талант иесі – Оралхан Бөкей әдебиетімізге өзіндік бетімен, өзіндік өрнегін сала келген жазушы еді. Қапыда үзілген қысқа ғұмырында қазақ әдебиетінің классикалық үлгілері қатарына қосылған небір жауһар туындылар қалдырып кеткен Оралхан Бөкей есімі бүгінде исі қазаққа қастер тұтар киелі есімдердің біріне айналды. Әбіш Кекілбаевтің сөзімен айтсақ ол: «... ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің ең сүйікті, ең сүлей суреткерлерінің бірі ретінде әлемдік танымалдыққа ие болды.

Содержание

I. Кіріспе
1. Оралхан Бөкейдің өзіндік өрнегі
II. Негізгі бөлім:
1.1. О. Бөкейдің шығармаларындағы романтизм
1.2. «Жасын» әңгімесінің романтикалық дүниетанымы
1.3. «Қар қызы» повесіндегі реалистік-романтикалық сипаты
III. Қорытынды

Прикрепленные файлы: 1 файл

проект.doc

— 106.50 Кб (Скачать документ)

О. Бөкей романтизмінің көркемдік  жүйесін толықтыратын сипат оның шығармаларында мифтік, фольклорық сарындардың жиі көрініс табуы болып табылады. Мысалы «Мұзтау» повесіндегі Асан шалдың аңызы, ертегілері арқылы жазушы Кеңес тұсындағы айтуға тиым салынған тарихи шындықты жеткізуге тырысқан. Жазушы аруақ пен Асан шалды айтыстыра отырып, «уақыт пен кеңістікті» бағындыра алған. Шығармада Шыңғысханның арғы аталары, өзі жөнінде, туған жердің тарихы турасында шежіре шертуге мүмкіндік алады.

Жазушының «Қар қызы», «Сайтан  көпір», «Жетім бота», «Атау-кере» повестеріндегі романтизм мен реализмнің ара-байланыстары бар. Кез-келген өнер туындысында олар ажырамас бірлікте болады. Академик З.Қабдоловтың сөзімен айтсақ: «Әр суреткер осынау екі әдістің тек біреуімен ғана жазады, екеуінің басын бір жерге қоса алмайды, ол - не таза реалист, не таза романтик болуға тиіс деп түсінсек, қателесер едік. Қай кезде жасамасын, бәрібір, барлық қазақ жазушылары жайлы да дәл осыны айтуға болар еді: бәрінің творчествовасында да реализм мен романтизм араласып жүр».

Романтикалық және реалистік  бейнелеу тәсілдері арасындағы байланыс, екеуінің ең бір қызғылықты әрі күрделі  мәселердің бірі болып табылады.

Жазушының «Қар қызы»  повесінің көркемдік әдісі жөнінде  әдебиет сыншылары арасында әр түрлі пікірлер бар. Мысалы А. Қодаров повесті философиялық-романтикалық шығарма қатарына жатқызады . Ал Зерттеуші Ө. Көзбеков повестің реалистік сипатының басым екендігін анықтауда жазушы өз сөзіне жүгінгендігін дәлел етеді. Яғни, ол жазушының шығарма кейіпкері тәрізді тракторшы болып қызмет еткенін тілге тиек етеді. Повесте жазушының негізгі айтқысы келген ойы тракторшы жігіттердің еңбек жолы емес. Шығарманың идеялық-философиялық ойы тылсым күшке деген сенімі. Сол бір жұмбақ бейнені талмай іздеуі маңызды орын алады.

Повестегі жас жігіттердің  совхозға шөп жеткізу мақсатымен шаруашылық сапарға шығуы, жол қиындығы реалистік тұрғыдан суреттелген. Бірақ  Нұржанның сол сапарға шыққандығы негізгі мақсаты – шөп жеткізу  емес, Қар қызын көру еді. Романтикалық сипат шығарманың Нұржанның Қар қызымен кездесетін тұстарында анық көрінеді.

Жазушының «Біздің жақта  қыс ұзақ» кітабына енген «Сайтан  көпір» повесін әдебиет сыншылары  көркемдік әдісі жағынан реалистік  шығарма қатарына жатқызады. «Сайтан  көпір бір жағы реалды, бір жағы метафоралық – деп жазады Теракопян. Ол мұсылман мифологиясындағы адам жанын сынаққа салатын қыл көпір, адал адамдар жалт етіп өте шығатын, ал күнәһарлар тозақ отына құлайтын Сират көпірі тәрізді». Романтикалық бастау шығармада кейіпкерлерді бейнелеу ерекшелігіген басталады. Шығарма соңында Аспанның екі аяғы көпірді дүрс-дүрс басып, арғы бетке өтіп бара жатқан сәті биік романтикалық пафоспен бейнеленген.

Жазушының «Жетім бота», «Атау-кере» повестері романтика-реалистік  қосжелілік адам мен табиғат арасындағы қайшылықтан келіп туындайды. «Жетім бота» повесінің бас кейіпкері Тасжан  асығыс атом ғасырында, өзінің даралығын, табиғатпен байланысын жоғалтып алмауға тырысады. Осы жолда Ақбота жігіттің рухани «қайта тууына» септігін тигізеді. Ақбота – романтикалық бейне.

«Атау-кере» повесінің  реализмі жазушының қоғамдық өмірдегі әлеуметтік құбылыстарды заман мен  адам, адам мен адам арасындағы күрделі  қарым-қатынастарға терең түсіне біліп, оны бейнелей беруінде. Шығарманың негізгі мақсаты – адамзатты ғасыр дертінен сақтандыру. Шығарма бүкіл адамзаттық мәселерді қозғайды. Повестегі Шал образында романтизм сарыны байқалады. Шығармадағы Шал да, Таған да қоғамда бет алған адамның рухани әлсіреуінен шығудың шығар жолын, амалын табуға тырысады. Бірақ табиғат аясында қалудан басқа жолды көре алмайды. Сондай-ақ шығармадағы Тағанның табиғат туралы ойлары былайша беріледі: «..Табиғат жаратқан алқам-салқам болмайды, ол - әмісе әдемі, әмісе сүйкімді, әрі шыншыл, әрі ақылды, сондықтан да адамдар секілді қателеспейді. Табиғат – мәңгілік тірі, өтірік айтпауды, алдап – арбамауды табиғаттан үйрену керек, өйткені ОНЫҢ (табиғаттың) жүрегі таза».

Жазушының «Бура», «Апамның астауы» атты әңгімелерінде бүгінгі  күн мен өткен күннің арасындағы сабақтастық философиялық тұрғыдан әңгімеленеді.

Жазушының «Бура» атты әңгімесінде, идеологистік тоталиторизмнің тоңы әлі жіби қоймаған кезде іштей  қарсылық танытқан, шығармаларының бірі болып саналады. Жазушы екі аяқты  пендеден безіп, ең ақыры өлігін ешкімге  көрсетпей кетуімен де тектілік танытқан бураны азаттыққа деген ұмтылыстың үлгісі ретінде көрсетілген. Ғасырлар бойы іргетасы қаланып, қалыптасқан құрылысқа жаңаның, өркениеттің енуі аз құрбандықты талап етпейтіні анық. Обырға айналған «өркениет» ұйып отырған ұлттың рухын сөндіруге, өзін көндіруге ұмтылады. Жазушы осы күдікті ойын төрт аяқты жануардың – бураның тағдырымен таразылайды. Кеңестік қоғамдағы «өркениеттің» тосын келуін қаламгер поезд арқылы береді. Поезда ұлттық құндылықтарды тәрк еткендей менменшілік байқалады. Әңгімеде қара бура поезд астына түсіп түсіп өледі.

«Апамның астауы» атты әңгімесінде Оралхан Бөкей көшпенділер цивилизациясындағы қазақ әйелдеріне тән барлық қасиет пен ізгілікті бейнелеп көрсетеді. Әңгімеде: «Иә, ол кісі тірі кезінде ешкім елеп-ескермеген, алтын қолды, ұлы әйелдер болғаны қандай жақсы», - деп өзегін өртеген өкініші мен арман-сырын қатар атқарады .

Жазушының «Қасқыр ұлыған түнде» атты әңгімесінде осы заманғы  ғылым мен техника табыстары, жетістіктері емес, сол жетістіктердің көлеңкесінде қалған жадау тіршілік кешкен қазақ ауылдары, ондағы адамдар тағдырын көрсетеді. Шағын әңгіменің кейіпкері Арайдың өз ауылының мүшкіл халін айта келіп: «... Бірақ сіздер мұндай ауылды менсінбей, тура, түзу де, жайлы тегіс жолмен үлгілі селоға тартасыздар, тек сондай тамашаны ғана көріп жазасыздар», - деуі сол кезде ешкім айта алмайтын әлеуметтік шындық екені даусыз.

 

Оралханды өз биігіне шығарған, "Бөкеев - нағыз талант" дегізген шығармасы - "Мұзтау" повесі. Міне, дәл осы шығармасынан бастап Оралхан Бөкеев қоғаммен, оның кереғарлығымен, адамзатқа қасірет әкелетін сойқанды іс - әрекеттермен тайталасқа түседі. Бөкеевтің мәңгіге бітпес айтысы басталады. Міне, осы "Мұзтаудан" басталған қоғам кереғарлығымен Бөкеевтің жекпе - жегі оның қалған ғұмырындағы шығармаларының лейтмотивіне айналғаны рас. Аршалы. Қазақ жерінің күншығыстағы сіргежинар пұшпағы. Жұрты екі-ақ күнде көр-жерін буып-түйіп бел асып, бошалап кеткен, әдірем қалған мекен. Мылқау шешесімен Ақтан ғана қалған. Тағы да бір Ақтанның мұңдасы, тіршілік иесі бар, ол арса-арсасы шыққан Шағырқасқа. Оның да терісі қанжар жүзіндей боп жұқарған, жүдеген. Мынау мүлгіген мылқау тірліктен Шағырқасқа да әбден зәрезеп болған: алқа салқасы шығып жылағысы, белгісіз бір шулы өмірге күңірене кісінеп еніп кеткісі келетін. Бірақ ондай шылбыр үзер тентектікті Шағырқасқаға кім беріпті?! Қайта мынау меңіреу тайгадағы өзі салған, өзі мың сан таптаған сүрлеуімен митың-митың тапырақтағанына, тірлік етіп жүргеніне риза болсын. Жылқы да болса өз әулетінің тым жуастығына, тым көмпістігіне іштей қан түкіре налитын. Екі аяқтылардың еркіне көндім дегенің, табиғат берген тәуелсіз тірлігіңнен айырылдым деген сөз. Анау жылы бір тентек суға тойып алған, зәр жіберер долы Екі аяқты мұның көзін шұқып та алған. Шағырқасқа аталып жүргені сондықтан, Шағырқасқа екіаяқтылардың қолынан күніне сан рет жем алып жүрсе де оларға сауырын сипатпайтын бұғы, маралдардың ерлігіне қызығатын, Аршалының самырсынды бір сайында туып, соның ғана төсін дүбірлетіп келе жатқан Шағырқасқаның қиялы да қысыр қалған. Аршалы көгінің көкжиегін көмкерген әнеу бір, қол созым жердегі түкті төбемен шектелген. Шіркін, бұғы - маралдардай тәуелсіз болсам-ау дегенді ғана армандайды.

 

Шағырқасқаның үстіндегі иесі - Ақтан да жалқы. Жалғыз. Жартылай аң, жартылай адам. Табиғилығына түрен түспеген пенделердің соңғы тұяғы. Өрелдегі өңезкеуделердің Аң атап жүргені де сондықтан. Олардың ойынша қулық, сұмдық, аярлық, алааяқтықты меңгермеген жан - Аң.

 

Ақтанның бар ермегі - ой. Санасына мәңгі тыныштық бермейді. Оралхан өзін шаршатқан, санасын  сансыратқан, жауабын табу қияметқайым сандаған сұрақтарын Ақан арқылы жарыққа шығарады. Ақтан мен Аңды пікірталасқа түсіру арқылы жауап іздейді. Жақсылық пен Жамандықтың қансонарда жерді жапқан аппақ қылаудың бетіндегі қатар жатқан, бәсекелес қос із екендігін, жиі-жиі бастары тоқайласқан сәтте шарпысып, шаптығысып тіпті, қантөгіске де баратынын - қолқасына өгіз тобығы тұрып қалғандай өксікпен өреді.

 

Ақтан - Әділетсіздік пен  Аярлықтың ордасы - күлкітоқ қоғамнан қашып, Алтай тайгасының тағылар  ғана мекендейтін түкпірінде табиғилығын сақтап қалу үшін жансауғалап жүрген қияли, ойсоқты адам. Совхоз орталығы Өрелге зәуімен бір бара қалса жиреніш те лас өмірден түңіле қашып тауымен, жалғыздығымен еңіреп табысады. Бұл еркіндігі, еркелігі қаншаға созылары бір аллаға ғана аян.

 

Беу-беу Оралхан - Ақтан-ай, қаншама көз көрмес, құлақ естімес меңіреуге лағып, маңып кеткенімен кесірлік пен кесапаттың күйік сасыған иісі іргесінен үріп жатқанын, ерте ме, кеш пе қолқасын қан түкірте қабарын болжамаған-ау! Әттең, Оралхан - Ақтан-ай, әр пенде шыр етіп жарық дүниеге келген сәттен бастап-ақ оның тағдырдан жер тоқпағы да, бастан сипар мейірімі де, бағы да, соры да ең аяғы тірліктің мәресі - ажалы да соңынан таяқ тастам жерде еріп отырарың соның көбі екі аяқты адам бейнесінде тапырақтап сүмеңдейтінін ертерек ойламағанын қарашы! Қайран, Оралхан - Ақтан-ай, адам жатырынан адам болып дүниеге келген екенсің, сол тобырдан қолыңды төбеңе қойып қаншама қашқаныңменен, қаншама саяқтаңғаныңмен сол тобырсыз күнің жоқ екенін неге түсінбейді екенсің. Ажалдан қашқан Қорқыт бабаларың қайда ұзап кетіп еді?

 

Адалдық пен Арамдық - егіз ұғым. Ақтан - адалдықтың бейнесін сомдаса, Кан - қулық, сұмдығына сырық  байламайиын арамдықтың өкілі. Кан  жетесіз емес. Ақтан секілді ауызынан әулиеліктің уызы аңқып тұрған он шақты аңқау да адал жандарды қанжығасына бөктеріп кетеді. Тым зымиян. Тым жады. Тым уытты. Повесть соңында Арамдықтан сілікпесі шыға орлық көрген Ақтан оның қыр соңына түседі. Арқасына таңып алған, ғұмыр бойы жақ ашпаған мылқау шешесі тұңғыш рет ұлына: - Құлыным-ай, сол қуды қуып жете алар ма екенсің? - деп күрсінеді. Ақтан жетуін жетер, ал оны жеңу үшін өзі де арамдықпен тояттауы қажет-ау. Повесте қосалқы бейне есебінде үнемі көрініп қап отыратын кейіпкер - өтірікші Асан шал. Бұл кейіпкер - Оралханның алмас алдаспаны. Оны әрі өтірікші, әрі шежіреші етіп алуы - саясат.

 

Қоғам кереқарлығын, өз ұлтыңның кеңкелес кезеңде іштегі запыранды  шығару үшін әр түрлі әдеби тәсілдерге бару қажет болды. Міне, Асан сол  олқылықты толтыруға келген өкіл. "Мұзтау" повесінің көтерген ең ауыр жүгі - оның адами мораль мен этикасының жиынтығы екенінде. Оралхан осы шығармасында Арамдық пен Адалдықтың бетін қанжосасын шығарып, аймаңдай етеді. Адамдарды ізгілікке үндейді. Етегі тола еңірей отырып "Адам" болып қалуға шақырады. Жалпы "Мұзтау" повесі - Мұзтаудай биікке шыққан шығарма. Ол аласаруы мүмкін емес!... Ол - ерлік пен өрлікке толы хикаят. Оны оқып шыққан соң өзіңнің де бойыңа шым-шымдап қуат құйылып жатқанын, моншадан шыққандай бусанып, сергіп қалғаныңды сезесің. Күйкі тірлігіңе қынжыласың, аттандап Алтай мен Алатауға шығып, алапат ерлік жасағың келеді-ай! Әсілі, Бөкеевтің қара сөздің інжу - жақұтымен өрілген жырларынан әмәнда ерлік рухы атқақтап, шарасына сыймай асып-төгіліп жатқан асқақтық лебі өн-бойыңызды тоқ соққандай қалшылдатады-ай!

 

 

Оралхан Ұлы Отан соғысы жылдары дүниеге келген ұрпақтың өкілі. Сол бір алапат-сойқанды көзімен көрмесе де анасының құрсағында жатып, тылдағы ауыр еңбектен қабырғасы қайысып, күрсіне-күңірене жүріп күн кешкен қамкөңіл жандармен бірге тыныстап, бірге қиналып дүниеге келген бұл ұрпақтың да жанына соғыс салған жара аз болған жоқ. Осы соғыс тақырыбына жазушы "Бәрі де майдан" повесін арнады. Бұл повесть - тақырыбының сонылығымен де, кейіпкерлерінің тосын тағдырымен де ерекше шығарма. Шығарманың негізгі қаһарманының бірі - Ақан. Қолына мылтық алып, қан майданға қатыспаса да, еңбек армиясында болады. Белуардан батпақ кешіп, таң атқаннан күн батқанға дейін тыным көрмей жер қазатын. Тамағы да өте нашар еді. Қатықсыз қара көже ішіп, үсіген картоп жеген кісілер ауыруға шалдығады. Өлім-жітім де болады. Осының бәріне Ақан мойыған жоқ. Мұнда да ол соғысқа қатысқандардан аз азап шеккен жоқ. Оны қиындықпен келген Ұлы жеңіске үлес қоспады деп ешкім айта алмайды. Ендеше неге бұның: "Еңбегім елеп ескерілмеді? Неге ол Жеңіс мерекесіне арналған жиналысқа шақырылмайды? "Менің кінәм не сонда? Бар жазығым қолыма мылтық орнына күрек ұстағаным ба? Біле -берсе күрек те қару ғой. Осы ғой жанға бататыны. Әйтпесе батыр атағын бермеді деп жүрген мен жоқ ", - деп қиналады Ақан.

 

Жалпы, әдебиетімізде соғыс кезіндегі қара жұмыста болғандар еңбегі туралы жазылған шығармалар жоқтың қасы. Көбіне тікелей соғысқа қатысқандарға қарағанда осы бір белгісіз ерліктің иелері еленіп-ескеріле бермейді. Осынау еңбекте ерлік көрсеткен мыңдаған адамдардың тіршілігі қан майдан қаһармандарының тасасында қалып келгені белгілі. Сол олқылықтың орнын толтырған, ерліктің бағасы біреу ғана екенін, мейлі ол майданда жасалсын, мейлі ол тылда көрсетілсін, ашып, айғақтаған бұл повестің тағылымы мол, тәрбиесі толайым. Жақсылыққа ізгілікке деген ұмтылыста жүрген, ұлы сенімді серік еткен Ақан, Алма сынды кейіпкерлер әр жүрекке жол табады. Олардың көрген қиыншылықтары, тартқан азаптары жігерлерін шыңдап, қажыр-қайраттарын арттыра түсуі көңілге қонады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Тұжырымдай келсек, Оралхан Бөкей шығармаларында реалистік те, романтикалық та сипат көптеп кездеседі. Жазушы өзінің көптеген туындыларында өмір шындығын, обьективті жақтарын  саралай отырып, өзі қалаған рухани-адамгершілік идеалды шығармаларына арқау етеді. Жазушы шығармаларының қосжелілігінде дау жоқ. Оның шығармаларында романтикалық бейнелеу мен реалистік бейнелеу бір-біріне қарама-қарсы қойылмағаны оның басты ерекшелігі болып табылады. Біз талдаған Оралхан Бөкей шығармаларында романтикалық сипат басым көрініс тапқан.

 

Пенде Оралханның кеудесінен шыбындай жаны ғана пыр  етіп ұшып кетіпті. Жазушы Оралхан Бөкеев тірі екен. Шығармашылық өмірі тек  ғана өнермен, соның інжу-маржанымен көмкерілген Оралхан кербез жымиып, әне арамызда жүр... Олар: Нұржан ("Қар  қызы"), Таған ("Атау кере"), Аға ("Жылымық"), Қиялхан ("Жасын"), Аман ("Сайтан көпір"), Ақпан ("Мұзтау"), Жеңісхан ("Ұйқым келмейді"), қойыңызшы, тіпті, газет үшін жазылған ұсақ мақалаларының өзінде Орекең тұр тәкаппар көз салып.

 

Оған кербездік жарасушы еді. Оған жұмбақтық жарасушы еді. Оған….. оған, бәрі-бәрі жарасатын... Он алты алашқа сүйкімді еткен де, ерке еткен де, шашын жұлғызып, жоқтатқызған да хас таланты болатын. Ал таланты үшін; ол Аллаға ғана қарыздар…. Ел айтады: "Оралхан Бөкеев тіпті де өлмепті. Ол түз тағысына - Кербұғыға айналып, алтайдың құзар шыңдарын гуілге толтырып жүр екен"...


Информация о работе Қазақстанның тарихи ескерткіштері және перспективті туристік маршруттары