Қазақстанда қонақ үй шаруашылығын дамыту барысында жаңа технологияларды қолданудың маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2013 в 12:22, реферат

Краткое описание

Туризм жоғары табысты және қарқынды түрде дамып келе жатқан сала болып табылады. Әлемдік туристік ұйымның мәліметтері бойынша дүниежүзілік өндірістік – сервистік нарық айналымының – 10 %, әлемдік жиынтық ұлттық табыстың – 6 %, дүниежүзілік инвестицияның — 7 %, әрбір 9 — шы жұмыс орнын, дүниежүзі бойынша тұтынушылар шығындарының – 11 % және барлық салық түсімдерінің – 5 % туризм саласы қамтиды. Бұл мәліметтер туризм индустриясының жоғарғы экономикалық тиімділігінің айғағы болып табылады және таза экономикалық тиімділікке енетін туризмді дамыту арқылы қол жеткізуге болады. Сондықтанда туризмді дамытуға қонақ үй салалы үлес қосады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

статья сатпаевскиечт.doc

— 90.00 Кб (Скачать документ)

ӘОЖ 379.85.

 

«Қазақстанда қонақ үй шаруашылығын дамыту барысында жаңа технологияларды қолданудың маңызы»

 

Абакова А.С., Асылханова К.А., Енсебаева  А.М., Жалмагамбетова Г.М., Каирова Н.Ж.

С.Торайғыров атындағы ПМУ студенттері, Павлодар қ,

Ерубаева Л.Ж.

С.Торайғыров атындағы ПМУ аға оқытушысы, Павлодар қ,

 

Туризм жоғары табысты және қарқынды түрде дамып келе жатқан сала болып  табылады. Әлемдік туристік ұйымның  мәліметтері бойынша дүниежүзілік өндірістік – сервистік нарық  айналымының – 10 %, әлемдік жиынтық  ұлттық табыстың – 6 %, дүниежүзілік инвестицияның — 7 %, әрбір 9 — шы жұмыс орнын, дүниежүзі бойынша тұтынушылар шығындарының – 11 % және барлық салық түсімдерінің – 5 % туризм саласы қамтиды. Бұл мәліметтер туризм индустриясының жоғарғы экономикалық тиімділігінің айғағы болып табылады және таза экономикалық тиімділікке енетін туризмді дамыту арқылы қол жеткізуге болады. Сондықтанда туризмді дамытуға қонақ үй салалы үлес қосады. Себебі, қонақ үй туристер үшін сапалы қызмет көрсетеді, оларға барлық жағдайды жасайды. Қонақ үй қызметінің саласы – бұл адамдар арасындағы қарым – қатынас, нақты алушы мен сатушы арасындағы байланыс. Жалпы қонақ үй шаруашылығы бизнесін туристік бизнестен жеке бөліп қарастыру мүмкін емес. Өйткені, қонақ үй шаруашылығы халықты жұмыспен қамтамасыз етеді және пайда табу көзі болып табылады. Қонақ үй шаруашылығы әр бір мемлекеттің әлеуметтік, мәдени және экономикалық өміріне тікелей ықпал ететін қызмет түрі. Ал бұл қызметті басқару оңайға соға қоймайды. Қонақ үйлердің қызмет тәртібін дұрыс ұйымдастыру үшін әлемдік деңгейде көптеген технологиялар ойлап табылып жатыр. Ал бұл технологиялардың қалайша қонақ үй индустриясына әсерін тигізетіні, қандай пайдасы мен кемшіліктері бар екендігін біліп тану қажет. Себебі өз елімізде заманауи әдістерді қолданбай тұра оладрдың мән-сырын біліп алған жөн. Шет елдердің тәжірибесіне зер сала отырып, олардың жіберген қателіктеріне көңіл аударып өз елімізде де сондай технологияларды қолдануға талпыну негізгі міндетіміз болып отыр. Ол үшін алдымен қонақ үй шаруашылығының  даму деңгейін анықтау, шет елдің қолданып келе жатқан тәжірибесімен танысу керек. Осыдан алған білімімізді пайдала отырып өз еліміздегі қонақ үй индустриясын жаңа сатыға көтеру өсіп келе жатқан жаңа ұрпақтың міндеті.

Жұмыс барысында сапалы жұмыс өнімін бере отырып, сонымен қоса жұмыс жасау барысын қолайлы әрі ыңғайлы болуын қамтамасыз ететін  компъютерлік бағдарламаның қолданатын аясы шексіз. Сол себепті өз елімізде мұндай технологияларды дамыту экономикалық, иновациялық әрі интелектуалдық жағынан туризм индустриясын жаңа дәрежеге көтеріп, озық елдердің қатарына кіруіне түрткі болады.

Қазіргі уақытта қонақ  үй шаруашылығында бизнесті жүргізудің тиімділігімен қоса ыңғайлылығы  да басым орын алып келеді. Жаңадан  пайда болып жатқан технологиялар  тиімді екеніне көз жеткізіп келеміз. Сондай технологиялардың әлемдік деңгейде ең әйгілі әрі көп қолданылатындарының бірі «Amadeus » жүйесі мен  «Galileo» жүйесі болып табылады.

Amadeus компаниясы – әлемдік туристік индустрияның және авиа тасымалдаулар үшiн ақпараттық технологиялардың жеткізуінде алдыңғы қатарында, дистрибуция және электрондық коммерцияның жетекші жабдықтаушысы.

Galileo International туристік агенттіктерге компьютерлік брондау жүйесі арқылы электронды ғаламдық ресурстарды бөлу қызметін

ұсынады, интернет негізінде инновациялық шешімдерді де ұсынады. Galileo – бұл туристік ресурстар дистрибьюторы, агенттіктерге қосымша құн құруға және саяхатшылар үшiн таңдауды кеңейту үшін мүмкіндік береді.

Қазақстанда әзірге ғаламдық Интернет – жүйесі бойынша нөмерді брондау  жүйесі дамымаған, дегенмен бағдарламада электрон адресі арқылы алдын –ала нөмерді брондау және тапсырыс беруге мүмкіндік бар. Қазақстанның тәжірибесінде ақпараттық технологиялардың келесідей түрлері бар (1-сурет).


 

 

 


 


 

 

 



 

 



 

 



 

 



 

 



 

 



 

 

 

 

1-сурет – ҚР-ның қонақ үй шаруашылығындағы жаңа технологиялар

 

Егер қонақ үйдің әкімшілігі электрондық пошта арқылы тапсырыс жіберген қонақтарды орналастыруды  мүмкін деп шешсе, онда бағдарлама сол  адамға келісім жолдайды. 

Бағдарлама есептердің барлық түрін  құрады, ҚР территориясында жүргізілетін қызмет көрсетуші ұйымдарда. ОВИР үшін бағдарлама автоматты түрде «Шет ел азаматтарын тіркеу журналы» және «Елдердегі бостандық» құруға көмектеседі. 

Бағдарлама бүкіл берілген адресстерді  қолдануға және жүктеуге көмектеседі. Бағдарлама бухгалтерлік есептер үшін мынадай берілгендерді ұсынады: 1С Бухгалтерия 6.0 және 1С Бухгалтерия 7.7. 

Қазіргі уақытта Қазақстанның қонақ үй шаруашылығы қарқынды дамып келе жатыр. Сонын нәтижесінде жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың маңызы зор. Шет елдердің қонақ үй индустриясының даму деңгейін зерттей келе, сондай тәжірибелерді өз елімізде қолдану болашақта жаңа ақпараттық технологиялардың өрісін кеңейтіп, дамыған мемлекеттер қатарына енуіне септігін тигізеді.

 


Информация о работе Қазақстанда қонақ үй шаруашылығын дамыту барысында жаңа технологияларды қолданудың маңызы