Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2013 в 18:45, курсовая работа
Зерттеу өзектілігі:Туризм әлемдік экономиканың қарқынды дамып жатқан секторы және валюталық түсімдердің тиімді көзі болып табылады. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Үндеуінде: «Біз бәсекеге қабілеттілігін үнемі арттырып отыратын басым салалары бар бәсекеге қабілетті экономика үлгісін таңдадық, сөйтіп қазақстандық кластерлер жүйесін дамытудың бастамасын көтердік»,– деп көрсетілген. Дүниежүзілік тәжірибе бойынша, осындай басым бағыттағы қызмет салаларына туризм де жатады.
Қазiргi туризм еңбекшiлердiң жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына шығуымен байланысты болды, мұның өзi адамның демалуға және бос уақытын өткiзуге негiзгi құқығын тану болып табылады. Ол жеке адамды, адамдар және халықтар арасындағы өзара түсiнiстiктi дамытудың факторына айналды.
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1 ТУРИЗМ ИНДУСТРИЯСЫ,ТУРИСТІК АҒЫН КӨЛЕМІНІҢ ӨСУ СЕРПІНІ ..................................................................................................................6
1.1Туризм индустриясындағы қазақстандық туристiк өнiм және оның әлеуетi.........................................................................................................................6
1.2. Қазақстанның туристiк бейнесiн қалыптастыру.............................................9
1.3. Қазақстан Республикасы, туризм индустриясы, туристік нысандар..........11
2 ТУРИЗМ ИНДУСТРИЯСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАНЫҢ БАСТЫ ДАМЫТУШЫ ФАКТОРЫ.................................................................................15
2.1. Туризм индустриясы экономикасындағы маркетингтің алатын орны..........................................................................................................................15
2.2. Қазақстандағы туризм индустриясының қазіргі жай-күйі және оны дамытудың проблемалары......................................................................................18
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТУРИЗМ ИНДУСТРИЯСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.....................................................24
Қазақстан Республикасындағы туризм индустриясының ерекшеліктері....25
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................27
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.
ЖОСПАР
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ТУРИЗМ ИНДУСТРИЯСЫНЫҢ
КІРІСПЕ
Зерттеу өзектілігі:Туризм әлемдік экономиканың қарқынды дамып жатқан секторы және валюталық түсімдердің тиімді көзі болып табылады. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Үндеуінде: «Біз бәсекеге қабілеттілігін үнемі арттырып отыратын басым салалары бар бәсекеге қабілетті экономика үлгісін таңдадық, сөйтіп қазақстандық кластерлер жүйесін дамытудың бастамасын көтердік»,– деп көрсетілген. Дүниежүзілік тәжірибе бойынша, осындай басым бағыттағы қызмет салаларына туризм де жатады.
Қазiргi туризм еңбекшiлердiң
жыл сайынғы ақылы еңбек
Қазiргi туризм - бұл әлемдiк экономиканың құлдырауды білмейтiн индустриясы. Мамандардың есебi бойынша, орташа есеппен, бiр шетелдiк туристiң беретiн табысын алу үшiн оған барабар, шамамен 9 тонна тас көмiр немесе 15 тонна мұнай немесе 2 тонна жоғары сортты бидайды әлемдiк рынокқа шығару керек. Бұл ретте, шикiзат сату елдiң энергия көздерiн азайтады, ал туристiк өндiрiс таусылмайтын ресурстармен жұмыс iстейдi. Шетелдiк экономистердiң есебi бойынша, 100 мың турист қалада орташа есеппен екi сағат болған кезде кемiнде 350 мың доллар немесе адам басына бiр сағатта 17,5 доллар жұмсайды. Сөйтiп, шикiзат сату өзiндiк экономикалық тығырыққа тiрелу болса, ал туризмдi дамыту - ұзақ мерзiмдi, экономикалық тиiмдi болашақ.
Туризм жалпы алғанда, мемлекеттiң экономикасына үш оң нәтиже бередi:
1. Шетел валютасының құйылуын қамтамасыз етедi және төлем теңгерiмi мен жиынтық экспорт сияқты экономикалық көрсеткiштерге оң ықпал жасайды.
2. Халықтың жұмыспен қамтылуын көбейтуге көмектеседi. ДТҰ мен Дүниежүзiлiк туризм және саяхат кеңесiнiң бағалауы бойынша туризм өндiрiсiнде құрылатын әрбiр жұмыс орнына басқа салаларда пайда болатын 5-тен 9-ға дейiн жұмыс орны келедi екен. Туризм тура немесе жанама түрде экономиканың 32 саласының дамуына ықпал жасайды.
3. Елдiң инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдеседi.
Туризм елдiң тұтас аудандарының экономикасына белсендi әсер етедi. Туризм индустриясындағы шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң құрылуы және жұмыс істеуi жол көлiгiн, сауданы, коммуналдық-тұрмыстық, мәдени, медициналық қызмет көрсетудi дамытумен тығыз байланысты. Сөйтiп, туризм индустриясы басқа экономикалық секторлардың көпшiлiгiмен салыстырғанда, неғұрлым пәрмендi мультипликаторлық тиiмдiлiкке ие.
Туризм жеке және ұжымдық жетiлдiру құралы ретiнде жоспарлануы және тәжiрибеде iске асырылуы тиiс демалыспен, бос уақытты өткiзумен, спортпен, мәдениетпен және табиғатпен тiкелей араласуға байланысты қызмет. Мұндай жағдайда, ол өз бетiмен білiм алудың, толеранттықтың және халықтар мен олардың әр түрлi мәдениеттерiнiң арасындағы олардың өзгешелiктерiн танып-бiлудiң бiрден бiр факторы болып табылады.
Туризмнiң жылдам және тұрақты өсуiн, оның қоршаған ортаға, экономиканың барлық секторлары мен қоғамның әл-ауқатына күштi әсерiн назарға ала отырып, Үкiмет Қазақстанның ұзақ мерзiмдiк даму бағдарламасында туристiк индустрияны басымдық ретiнде белгiледi.
Осы курстық жұмыста туризм индустриясында тұтас мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды, Қазақстанда қазiргi заманғы бәсекеге қабiлеттi туризм индустриясының құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негiздерiн қалыптастыруды көздейдi.Туризм индустрия қазіргі әлемде құқығы жағынан жүз жылдықтың экономикалық феномені болып танылды және кез-келген мемлекет экономикасының дамуына ықпал етеді. Осы заманғы әлемдік экономикада туристік индустрия– аса жанды және перспективалы салалардың бірі, кейбір елдерде мемлекет кірісінің алғашқы тарауы болып табылады.
Бүкіләлемдік туристік
ұйымның болжамы бойынша
Зерттеу жұмысының мақсаты: Сырттан келушiлер туризмi және iшкi туризм көлемiн арттыру есебiнен мемлекет пен халық кiрiсiнiң тұрақты өсуiн, халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшiн бәсекеге қабiлеттi туристiк индустрия құру.
Соңғы 20 жыл ішінде шетел
туристерінің көші-қоны өсуінің қарқыны
жылына 5,1%-ті құраса, олардан түскен
валюта құны 14%-ті құраған. Туризм қазіргі
қоғамдағы бүкіл
Зерттеу жұмысының міндеті: Қойылған мақсатқа сәйкес курстық жұмыстың мiндеттерi мыналар болып табылады: ҚР туризмнің қалыптасып дамуы, туристік индустрияны дамытудағы атқарылған және атқарылып жатқан жұмыстар, болашақта туризм жөніндегі алға қойған мақсаттарын талқылау.
Туризм қазіргі уақытта сыртқы экономикалық қызметтің жақсы серпінді дамып келе жатқан салалардың бірі болып табылады . Туризмнің ұдайы өсуі біртұтас әлемдік экономикаға әсер етуі сияқты бөлек елдер мен аймақтар экономикасына әсер етуі және дүниежүзілік шаруашылықтың дамуы мен құрылымына жалғасатын күрделі, тұрақты ұзақ мерзімді беталыстардың бірі болып табылады. Қызметі халықтың өзгеше қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған туризмнің ұлттық экономикадағы ірі өз алдына салаға айналуы осыдан байқалады. Осы қажеттіліктердің алуан түрлілігі туристік кәсіпорындармен ғана қанағаттандырылып қоймайды, сонымен қатар экономика дамуына мултипликаттық әсері факторларының бірі ретінде туризм мәнісін себепші ететін басқа салалардағы кәсіпорындармен қанағаттандырады.
АҚШ Маркетинг Ассоциациясының
анықтамасы бойынша, жарнама дегенiмiз
тауарларды, қызметтердi, идеяларды
тұтынушыларға қарай жылжытуына
арналған кез – келген әрекеттер
нысандары және нақтылы жағдайды
есепке ала отырып, анағұрлым тиiмдi
тәсiлдер мен әдiстердi қолдана отырып,
әлеуеттi тұтынушылардың назарларын жарнамалау
объектiсiне аудару үшiн орындалатын
ақылы қызметтер деп
Жарнама науқаны мен құралдарының тиiмдiлiгiн
нақты абсолюттi санмен анықтау мүмкiн
емес. Осы туралы американдық кәсiпкер
Джон Ванемейкер былай дейдi: Менiң жарнамаға
жұмсаған ақшаларымның бiрталайы бекерге
кететiнiң бiлемiн. Бiрақ оның нақты мөлшерiн
анықтай алмадым. Салыстырмалы есеп бойынша
жарнама өзiн сонда да ақтайды. Мұнда жарнаманың
экономикалық тиiмдiлiгi жарнаманың сату
көлемiне тигiзетiн әсерiмен анықталады.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспе, үш бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1.Туризм индустриясы, туристік ағын көлемінің өсу серпіні
Халық шаруашылығының индустриясы ретiнде,туризм - сұраныс пен ұсыныстың нарықтық санаттарына сәйкес болуы тиiс өнiм шығарады. Осыған қатысты шетелдiк тұтынушыға бағдарланған халықаралық рынок пен Қазақстан азаматтарына арналған iшкi рыноктың ара жiгiн ажырата бiлу қажет.
Халықаралық туристiк рынок бүгiнгi күнi миллиардтаған айналымды және қатаң бәсекелестiкте орасан зор механизмдi бiлдiредi, сондықтан, бiрiншi кезекте мiндет Қазақстанға ғана тән ерекшелiгi бар және сұраныс болатын туристiк өнiмдi (бұдан әрi - турөнiм) анықтау болып отыр. Соған байланысты рыноктың қандай сегменттерiнде қазақстандық турөнiмнiң жарқын болашағы бар екенi көрiнетiн болады.
ДТҰ-ның ұсынымдарын ескере отырып жүргiзiлген талдау мен қазiргi тәжiрибенiң негiзiнде, Қазақстандық турөнiмнiң екi базалық құрамдас бөлiгiн баса көрсетуге болады: Жiбек жолы бойындағы мәдени туризм (зиярат ету және дәстүрлi) және онымен тығыз байланысты экооқиғалы туризм (сафари, рафтинг, орнитологиялық, треккинг, аңшылық, балықшылық). Бұл ретте экооқиғалы туризм үшiн Жiбек жолы бағытымен өтетiн ресурстары бар аймақтарды: Алматы, Жамбыл, Оңтүстiк Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарын атап өткен орынды.
Көрсетiлген басымдықтарға сәйкес бiрiншi кезекте игерiлетiн мынадай аудандар мен тiрек орталықтары анықталды:
1. Іле (Алматы қ., Түрген с., Есiк қ., Талғар қ., Қаскелең қ., Ұзынағаш с., Қапшағай қ.).
2. Солтүстiк Тянь-Шань (Кеген с., Нарынқол с., Жалаңаш с., Шонжы с., Көлжат с.).
3. Жаркент-Талдықорған (Жаркент қ., Көктал с., Басши с., Текелi қ., Талдықорған қ., Жаркент-Арасан курорты).
4. Балқаш (Балқаш көлi, Балқаш өңiрi с.).
5. Солтүстiк Жоңғар (Достық с., Алакөл көлiнiң маңы, Лепсi с., Лепсi өзенiнің маңы, Жарбұлақ с., Көктұма с., Сарқант қ., Арасан-Қапал курорты).
6. Жамбыл (Тараз қ., Мерке с., Мойынқұм ауданы);
7. Түркiстан (Түркiстан қ., Тұрбат с., Отырар с., Шәуiлдiр с., Баба-ата с., Кентау қ., Шаян с.).
8. Сайрам-Шымкент (Шымкент қ., Сайрам с., Арыс қ., Шардара қ., Сарыағаш қ., Ленгер қ., Ванновка с.).
9. Жоғары Бұқтырма (Қатон-Қарағай с., Берiл с., Рахманов бұлақтары курорты, Марқакөл көлiнiң маңы).
10. Маңғыстау (Фетисово с., Ақтау қ., Ералиев-Құрық а.п.).
Бұдан басқа, басымдықты игеру объектiлерiне жатқызуға болатын қазiргi және құрылу жоспарланған мемлекеттiк ұлттық табиғат парктерi (МҰТП): "Іле Алатауы" МҰТП, "Алтын емел" МҰТП (Алматы облысы), "Ақсу-Жабағылы" МҰТП (Оңтүстiк Қазақстан облысы), "Баянауыл" МҰТП (Павлодар) облысы, "Қарқаралы" МҰТП (Қарағанды облысы), Щучье-Бурабай курортты аймағы базасындағы "Бурабай" және "Көкшетау" МҰТП, "Қорғалжын" мемлекеттiк табиғат паркi (Ақмола облысы) ландшафтарының көрiктілiгi, қол жеткiзiлуi, аумағының игерiлуi туризмдi ұйымдастыру тұрғысында тартымдылығының жоғары деңгейiмен сипатталады.
Орталық Азия аймағындағы туризмнiң ерекшелiгiн ескеру қажет. Жiбек жолы және оқиғалы туризм сегменттерiнде шетелдiк туристердiң негiзгi ағыны барлық көрсетілген аймақтың iшiнде: Қазақстан, Шыңжан-Ұйғыр автономиялық округi (ҚХР), Қырғызстан, Өзбекстан, Түркiменстанның шегiндегi ұдайы қозғалысына бағытталған.
Сөйтiп, қазақстандық өнiм тек қана кешендi орталық азия турөнiмiнiң құрамында тиімдi ұсынылуы мүмкiн, бұдан мынадай қорытынды шығады:
Информация о работе Қазақстан Республикасындағы туризм индустриясының ерекшеліктері