Қазақстан Республикасындағы туризм индустриясының қазіргі жағдайы мен даму тенденциялары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2014 в 13:42, реферат

Краткое описание

Туризмнің қазіргі индустриясы табысы жоғары және серпінді дамып келе жатқан қызмет көрсетулердің халықаралық сауда сегменттерінің бірі болып табылады. Туризмнен табыс мұнай, мұнай өнімдері және автомобиль экспортының табысынан кейінгі тұрақты үшінші орында келеді. Әлемдік туристік нарықтың дәстүрлі аудандары өзінің рекрециялық сыйымдылығының шегіне іс жүзінде жеткендіктен, туризмнің өсуі туристер баратын жаңа аумақтар есебінен басым дамитын болады. Осыған байланысты, Қазақстанның әлемдік туристік нарықта өзінің лайықты орнын табуға бірегей мүмкіндігі бар.

Содержание

1. Қазақстандық туристік өнім және оның әлеуетіне баға беру.
2 Қазақстан Республикасындағы туризм саласының дамуына талдау.
2.1 Қазақстан Республикасында туризмді дамытуға кедергі ететін негізгі экономикалық факторлар.
2.2 Туризмды дамытудың негізгі багыттары.
2.3 Қазақстан Республикасындағы туризм дамуының негізгі тенденциялары.
3 Нарықтық экономика – туризм дамуы үшін ең қолайлы орта

Прикрепленные файлы: 1 файл

реферат.doc

— 192.50 Кб (Скачать документ)

Туризмді дамытудың нақты аудандарында жерді пайдалануды және құрылыс салу нормаларын қолдануды бақылау;

Тарифтерді, туристік ұйымдардың, тасымалдау-шылардың қызметін лицензиялауды, туристік обьектлердің сапасын және қызмет көрсетудің стандарттарын бақылау;

Ел беделін қалыптастыру, қазақстандық туристік өнімнің маркетинг және жылжытылуы жөніндегі басым шараларды белгілеу, оның ішінде туристік көрмелерді және басқа іс-шараларды ұйымдастыру;

Халық арасында туризм құндылықтарын және қоршаған ортаны қорғауды насихаттау;

Халықтың түрлі әлеуметтік-демографиялық санаттарымен топтары арасында әлеуметтік туризмді дамыту үшін қолайлы жағдай жасау;

Визалық және кедендік рәсімдерді барынша оңайлату:

Мемлекеттің туристік көрнекті орындарын құру және қорғау;

Туризм инфрақұрылымының аса маңызды базалық компоненттерін жасау.

Туризм инфрацүрылымын дамытпу

Республикада жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік- экономикалық өмірді реформалау туризмді және оның инфрақұрылымын толық қамти қойған жоқ. Туризмнің материалдық базасының нашарлығынан Қазақстан жыл сайын миллиондаған долларды жоғалтуда, бұл туристік салаға күрделі қаржыны, сондай-ақ отандық және шетелдік инвесторлар қаражатын тартуды қажет етеді.

Ұлттық туристік өнім ерекшелігін ескеріп, тұрақты туристер ағынын қамтамасыз етуге қабілетті елдің туризм инфрақұрылымын дамыту үшін:

Жалпы пайдалану және туристік мүқтажды қанағаттандыру үшін жол-көлік инфрақұрылымын дамыту;

Ілеспе инфрақұрылымды: қолданыстағы және ықтимал туристік аймақтардағы сумен, электрмен жабдықтау, кәріздер және катты қалдықтарды жою жүйесін, телекоммуникацияларды дамыту;

Туристік кешендерді, этнографиялық мүражай-ларды және демалыс аймақтарын құру;

Тарихи-мәдени және этнографиялық ескерткіштерді қалпына келтіру және мүражайға айналдыру;

Жыл бойы пайдаланылуын ескере отырып, туристік обьектілер жобаларын, оның ішінде орташа және шағын орналастыру құралдарын жасау және оларды салу қажет.

Маркетинг стратегиясын әзірлеу

Ұлттық туристік өнім және оны дамытудың әлеуметіне сәйкес маркетинг стратегиясын әзірлеу қажеттілігі бар.

Маркетинг стратегиясын іске асыру мақсатында мемлекет мынадай міндеттер белгілеп отыр:

Сапалы туристік қызмет көрсетуді ұсынатын туристік орталық ретінде Қазақстан туралы туристер жіберілетін негізгі елдерде жағымды пікір қалыптастыру;

Қазақстанды ерекшелейтін сипаттамаларға және артықшылықтарға негізделген маркетингтік іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру;

Қосымша мүмкіндіктер бере отырып, төлем қабілеті жоғары деңгейдегі туристерді тарту;

Жеке сектордың маркетингтік жұмысына қолдау көрсету;

Германия, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Ресей, Қытай, Жапония және тағы басқа туристер ағынының дәстүрлі рыноктарына ұлттық туристік өнімнің енгізілуін күшейту;

Рыноктың жаңа сегментерін айқындауға бағытталған зерттеулер жүргізу;

Ел аумағында орналасқан көрнекті туристік орындар мен обьектілердің бүкіл ауқымын әлемдік рынокқа жылжыту;

Ғылыми негізделген өткізу элеуетін ескере отырып, республика аумақтарына туристік ағынның теңдестіре бөлінуін қамтамасыз ету;

Жыл ішінде туристік инфрақұрылымның бірқалыпты жүктемесін камтамасыз етуге бағытталған маркетингтік және базалық тэсілдерді қолдану арқылы туризмнің маусымдық жылжытылуын күшейту;

Ұлттық, туристік өнімді жылжытудың жаңа ақпараттык технологияларын пайдалану;.

Туризмді дамытудың тұрақты сипатын насихаттау қажет.

Қазақстанның туристік бейнесін қалыптастыру

Жерлері Ұлы Жібек жолының учаскесінде сан алуан тарихи оқиғалардың ғасырлар бойғы куәгері ретінде Қытай мен Еуропаны жалғастырып жатқандығына қарамастан, Қазақстан әлі де болса, туристік бағыт ретінде әлемге танымал бола қойған жоқ.

Қазақстанның тартымды туристік беделін құру тиісті кең ауқымды шаралар кешенін әзірлеуді талап етеді.

Беделді көтерудің негізгі іс-шаралары Қазақстанның туристік фирмаларымен агенттіктерінің халықаралық туристік көрмелерге, жәрмеңкелер мен конференцияларға, оның ішінде ДТҰ тарапынан өткізілетіндеріне қатысуы, сондай-ақ Қазақстан республикасының аумағында осыған ұқсас іс-шаралар ұйымдастыру болуға тиіс. Қазақстанды Еуразияның қоғамдық және мәдени қүбылыстар орталығына айналдыруға ықпал ететін конгрестік туризмді дамытудың маңызы бар.

Туризмдегі халықаралық ынтымақтастық ЮНЕСКО және ДТҰ-ның Ұлы Жібек жолына байланысты жобаларын әзірлеумен іске асыруға қатысу, шет мемлекеттермен екіжақты және көп жақты келісімдер жасасу арқылы жүзеге асырылады.

Елдің туристік беделін қалыптастыруда республика аймақтарында және шет елдерде туристік ақпараттық орталықтарды ұйымдастыру да маңызды рөл атқарады.

Туристік ұйымдар мен Қазақстан Республикасының шет елдердегі дипломатиялық өкілдіктерінің өзара бірлескен іс-қимыл жасау тәжірибесін пайдалануға лайықты назар аудару керек. Елдің туристік элеуетін жарнамалауда ұлттық авиатасымалдаушы мен басқа да көлік кәсіпорындары пәрменді көмек көрсете алады.

Шетелде Қазақстан туралы сапасы жоғары полиграфиялық және аудиобейне жарнама материалдарын шығару және белсенді түрде тарату қажет. Қазақстанға туристерді таруға өлкетану жарияланымдары, жарнама баспа қызмет, оның ішінде туристік фирмалар мен қонақ үйлердің жарнама-баспа қызметі өз ықпалын тигізеді. Жаңа ақпараттық технолгияларды пайдалануға, оның ішінде Интернет жүйесінде Қазақстанның туристік фирмаларының WEB-сайттарын құруға айрықша мән беру қажет.

Туристік ағынды жөнелтуші елдердің туристік агенттіктері мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арнап Қазақстан бойынша танысу саяхаттарын ұйымдастырудың тиімділігі мол болады.

Қолайлы туристік беделді құруға Қазақстанда халықаралық дәрежеде әртүрлі мәдени, спорттық және туристік іс-шаралар өткізу ықпал етеді.

Қазақстанның туристік беделін қалыптастыруда есепке алудың компьютерлендірген бірыңғай жүйесін іске қоса отырып, республика аумағына шетелдік азаматтардың кіруі, шығуы мен болуы тәртібін, визалық және кедендік рәсімдерді оңайлатудың зор мәні бар.

Сондай-ақ, қонақжай республика беделін жасауға туристер жиі болатын орындарға қазақша, орысша мәтіндеріне латын транскрипциясымен қосаберілген ақпараттық таблолар мен жазбалардың жасалуы мен орнатылуы өз септігін тигізеді.

Елде халықаралық туризмді одан әрі дамытуды ынталандыру, мемлекеттің туристік элеуетінің әлемдік туристік рыноктағы түсау кесерін өткізу жөніндегі жұмысты күшейту Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 26 қазандағы №1604 қаулысымен бекітілген Қазақстанның туристік беделін қалыптастыру жөніндегі 2000-2003 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыруды қамтиды. Оған Қазақстанға туристер тарту жөніндегі көпжақты қызмет және халықаралық туристік рынок жүйесіндегі елді интеграциялау кіреді.

Туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Қаіпсіздік туризмді дамытуға, ең алдымен келушілер ағынын көбейтуге немесе азайтуға әсер ететін басты фактор.

Туристің қауіпсіздігі мемлекет саясатына, турфирмалар қабылдайтын шараларға, сондай-ақ туристің жеке басының іс-әрекетіне тікелей байланысты.

Тұтынушыға туристік сапар барысында қорғау мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде ақпарат беру оған қауіпсіздікті басқа да тауарлар мен қызмет көрсетулермен бірге қауіпсіздік пен сапа баға тұрғысынан алып қарағанда, маңызды әлемент болып саналатын және салыстыруға тұрарлық туристік өнімнің ажырамас бөлігі ретінде үғынуға көмектеседі.

Мемлекеттік органдардуристік ұйымдар мен халықаралық ұйымдар саяхатшылардың денсаулығы үшін қауіп тудыратын табиғи апаттар, әлеуметік тәртіпсіздіктер, террорлық әрекеттер, көлік жұмысындағы елеулі іркілістер, індет және басқа факторлар сияқты туризмге ықтимал қауіптер туралы ақпарат береді.

Кадрлар даярлау мен ғылыми қамтамасыз ету

Қызмет көрсетумен байланысты және табыстылығы едәуір дәрежеде осы салада жұмыс істейтін кадрлардың сапасына байланысты болатын қызмет — туризмде адамдар ресурсын жоспарлау айрықша мәнге ие.

Қазақстандағы тиімді туристік салаға сәйкес кадрлар элеуетін қалыптастыру үшін:

Жаңа буындағы «Туризм» мамандығы бойынша жоғары кәсіптік білімнің мемлекеттік стандартын әзірлеу;

Туристік кадрларды даярлауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындарында туристік қызметтің әртүрлі қажетілігі мен даму деңгейін ескере отырып, мамандануын анықтау;

Мамандарды оқытуда олардың отандық туристік ресурстарды игеруіне, оларды пайдалану әдістеріне, жаңа ақпараттык технологияларды, білуіне тілдік дайындауға негізінен иек арту;

Орта арнаулы оқу орындарында бірінші деңгейдегі туристік қызметшілерді даярлауды ұйымдастыру;

Жалпы білім беретін оқу орындарында туристік сыныптар, секциялар мен үйірмелер құруға көмектесу;

Бүдан бүрын таратылған балалар мен жас өспірімдер туризмінің республикалық және аймақтық станцияларын қайта қалпына келтіру;

Ұлы Жібек жолының (1700км) қазақстандық учаскесіндегі туристік-рекреациялық қорларды қайта жаңғыртуға және тугендеуге, зерттеу жұмыстарына ерекше назар аудару қажет.

Қазіргі заманғы туризм индустриясын құру саланы дамыту проблемаларын, туризм рыногы дамуының құрылымын, тетігі мен заңдылықтарын ғылыми тұрғыда зерделемейінше, сондай-ақ саланы дамытудың ғылыми қамтамасыз ету жүйесін құрамайынша мүмкін болмайды. Дегенмен, Қазақстанда бұл мәселелер туризм экономикасын зерттеушілер үшін әлі күнге игерілмеген «тың» күйінде қалып отыр.

Әлі күнге дейін ұлттық экономика теориясына туризм халық шаруашылығының толыққанды саласы және ғылыми жағынан талданатын пән ретінде қарастырылмайды. Сол себепті республикада аталған тақырып бойынша ғылыми әдебиет аз шығарылады. Бүған қоса, Қазақстанда Кеңес кезеңінен бері «туризм» деген үғым елеулі табыс түсіретін экономика саласынан гөрі спортпен және денсаулықты нығайтумен жиі байланыстырылады.

Ең алдымен, Қазақстан Республикасының рекреациялық ресурстарын түгендеу және олардың мониторингі жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру қажет. Экономиканың саласы ретінде туризмді ғылыми қамтамасыз ету үшін оны болжауды және дамытуды тиісті ғылыми құрылымдар қажет. Проблеманы шешудің ықтимал шешімі ретінде туризмнің ғылыми-зерттеу институтын құру ұсынылады.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Жоғары аттестациялық комитетінің (ЖАҚ) ғылыми мамандықтары тізбесіне «Туризмнің құқықтық нргіздері», «Туризм географиясы», «Туризмнің педагогикасы мен психологиясы» жаңа ғылыми бағыттарды енгізудің қажетгілігі пісіп жетілді. Бұл республикада ғалымдар контингентін қүрүға және туризмді дамытудың ұйымдастыру мен басқарудың, дамытудың мәселелері мен проблемаларының бүкіл кешенін ғылыми зертеумен қамтуға мүмкіндік береді.

ЖАК-тың номенклатурасындағы және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жіктемесіндегі мамандықтар атауын біріздендіру қажет, бұл ғылыми зерттеулер жүргізу және осындай зерттеулер үшін кадрлар даярлаудағы бірізділікті күшейтуге ықпал ететін болады. Сондай-ақ, туристік мамандық пен мамандандыруды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тарифтендіру аныктамаларымен сәйкестендіру қажет.

Осы Тұжырымдама Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың негізгі мақсаттарын, міндеттЬрін және басымдықты бағыттарын айқындайды. Алға қойылған міндеттерді іске асыру және көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасында Туризмді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу қажет.

 

2.3.Жоғарыда қарастырғандай, туризм Қазақстан Республикасында жылдан-жылға дамып, қызмет аясын кеңейтіп келеді. Соның арқасында әлемнің көптеген елдері қатысатын Қазақстанның өзіндік туристік нарығы қалыптасуда. Оның ары қарай дамуына әсер етуші негізгі факторлар экономикалық және әлеумеуттік болып табылады, бұл ең алдымен негізгі қажеттіліктерді қанағаттандыру шектерінен азаматтардың (әлеуетті туристер) жеке табысының асуы.

Субъективті себептерге елден шығу мен оған кірудің, оның территориясында шетелдік азаматтардың болуы тәртіптерін реттейтін мемлекеттік органдардың қызметтері жатады. Солардың қызметін нақты арнаға бұру мақсатында Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев туристік индустрия қызметінің мемлекет қазынасына айтарлықтай кіріс әкелуге қабілетті, болашағы зор экономика саласы ретінде көріне алатындығы жайлы өзінің стратегиялық бағдарламасында атап өткен болатын. Сонымен қатар, дәстүрге еніп, қалыптасып, келе жатқан Елбасының жыл сайынғы Жолдауларында еліміздің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін дамыту мақсатында атқарылатын істер мен алда тұрған міндеттер анықталып отырады. Әрине, халықтың әл-ауқатының артуы мен рухани және гармониялық жағынан дамуы, өмір сүру жағдайларының сапалы түрде жақсаруы мәселелерін шешуге мүмкіндік беретін, халық тұтынатын игіліктердің маңызды бөлігін құрайтын демалыс және ойын-сауықтық бағдарламалармен қамтамасыз ету мен байланысты қызметтердің маңызы сөзсіз.

Бүгінде көптеген адамдардың күнделікті тұрмысынан орын алған «ХХІ ғасыр көрінісі» атанып кеткен туристік қызмет индустриясы өзінің мемлекеттік қазынаға қосқан экономикалық салымы бойынша химиялық өнеркәсіптен алға озып, автокөлік саласымен теңесті. Ол әлемдік жалпы өнімнің 12% үлесін ала отырып, өзіне жұмыскерлердің алып армиясы мен ірі қаржыларды жұмылдыруда.

Еліміздің туристік-рекреационды әлеуетіне негізделген шаруашылық, өндірістік және әлеуметтік қызметтердің сан қырлы, күрделі жүйесін білдіретін туристік қызмет индустриясы адамдардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыруға және демалу мен көңіл көтеруге деген сұранымын жан-жақты қанағаттандырып, еңбек ресурстарына жұмылдыруға қабілеттілігімен халықтың тұрмыс деңгейін көтереді. Мысалы: негізінен туристерді қабылдауға маманданған елдерде туризмнің дамуына аса көңіл бөлу шет елдік валютаның ағымын көбейтуге және жаңа жұмыс орындарын құруға ұмтылумен түсіндіріледі.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы туризм индустриясының қазіргі жағдайы мен даму тенденциялары