Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Февраля 2015 в 12:54, курсовая работа
Қазақстан табиғи қорларға,мәдениетке және тарихқа толы өте бай мемлекет. Алматы – үлкен белестерді бағындырған қала. Оның тарихына көз жүгіртсек, басынан сан-қилы тарихи кезеңдерді өткерген. Мысалыға, қарапайым өзіміздің тәуелсіздік алған жылдардың тарихи маңызы өте зор екені белгілі. Ызғарлы желтоқсанның құрбанына айналған адамдардың өздері әлі күнге Алматының айбынды жерін еш естерінен шығармайды. Себебі бұл тарихи мекен әрі ұлы оқиға. Ал қазір тәуелсіз елдің көркем аймағына айналып отыр.
КІРІСПЕ......................................................................................................3
1 Алматы қаласы.....................................................................................4
1.1 Алматы қаласының физикалық-географиялық жағдайы...............4
1.2 Алматы қаласының тарихы...............................................................5
1.3 Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық жағдайы.............9
2 Алматы қаласында туризм................................................................11
2.1 Алматы қаласы қыс туризмі орталығы............................................11
2.2 Алматы қаласында қыс туризмін дамыту мәселелері мен
болашағы............................................................................................12
3 Алматы қаласына Шымбұлақ тау шаңғы курортына тур..............15
3.1 Турдың сипаттамасы.........................................................................15
3.2 Турдың бағдарламасы.......................................................................16
3.3 Тур бағасын есептеу.........................................................................18
3.4 Брошюра............................................................................................20
3.5 Туристерге ескертпе.........................................................................22
ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...................................25
1926 ж. 3 желтоқсанында Еңбек
және Қорғаныс Кеңесі
1927 ж. 2 наурызында ҚазАССР-ң
ОСК-і астананы Қызылордадан
Үкімет орындарының көшуі салынып жатқан Түрксіб теміржолының бірінші поезында 1929 ж. мамырында басталды.
1930 жылдың 28 сәуірінде «Айнабұлақ»
станциясында соңғы балдақ
1930 жылы Алматы әуе жолы ашылды, сөйтіп Қазақстан астанасы Мәскеумен әуе арқылы байланысқа ие болды.
1930-1935 жылдары темірлі
құйматастан, күйген кірпіштен құралған,
жер сілкінісіне төзімді
Кішкене қалашықтың астанаға айналуы көптеген әкімшілік мекемелердің, тұрғын үйлердің салынуын қажет етті.
1926 жылы қала халқы 45 мың
адамды құраған болатын, ал 1929 жылдың
күзінде қала тұрғындарының
Республиканың кеңестік халық комитеті 1929-1930 жылдарға арналған қала құрылысының жоспарын қабылдады. Тұрғын үй құрылысына 6,5 млн. сом қаржы бөлінді, әкімшілік мекемелер құрылысына 2,9 млн. сом, коммуналдық шаруашылыққа 2,2 млн. сом қаржы бөлінді.
Қаржы бірінші кезекте тұрғын үй және мектептер, денсаулық сақтау мекемелерінің құрылысына бірінші кезекте бөліне бастады.
Қазақстанның астанасы Алматыға көшірілуіне байланысты 1936 жылы қаланың архитектуралық құрылысы жөнінде арнайы жоспар құрылды. Жоспардың басты мақсаты Алматы қаласын мәдени орталыққа айналдыру болды. Жоспар бойынша қалыптасқан тарихи маңызы бар құрылыстарды түбегейлі өзгерту және үлкейту көзделді.
1941-1945 Ұлы Отан соғысы
жылдары қала көптеген
Соғыс жылдары Қазақ опера жөне балет театры (1941), ал 1950 жылы Қазақстан ҒА-ның бас ғимараты мен Үкімет үйін салу қолға алынды.
Тылдағы ерен еңбегі үшін 52 мың алматылық жоғары мемлекеттік марапаттарға ие болды, 48 адам Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Алматыда үш атқыштар дивизиясы (олардың танымалы — 28-гвардиялық панфиловшылар дивизиясы), екі атқыштар бригадасы және үш авиациялық полк құрылды[4].
1949-1950 жылдары Ленинградтық
Гипрогор жасаған жаңа жоба
ҚазССР-і халық шаруашылығының
дамуының 5 жылдық жоспарына негізделді.
Жоспар бойынша қала аумағы
оңтүстік-батыс бағытында
«Ленгипрогром» жоспарлағандай, 1962-1963 жылдары Алматы қаласы 1980 жылға дейін төрт жоспарланған аумақ және сел жүретін аумақтарға үлкен өзгерістер енгізілді. Тек 1966-1971 жылдар аралығында қалада 1400 шаршы м мемлекеттік және кооперативтік құрылыс тұрағы тапсырылды. Жыл сайын қалада 300 мың шаршы м баспана салынды. Құрылыс барысында жер сілкінісіне шыдайтын көп қабатты үйлер салу ұйғарылды.
Бұрынғы Верный қаласының тарихи жоспарланған жүйесі 1968 жылы қабылданған Алматы қаласының бас жоспарында негізделді.
Бұрынғы Алматының суреттері
Губернатор үйі Торговой және Фонтанной көшелерінің қиылысы (Жібек Жолы және Төлебаев көшелері) Татар мешіті Алматы базары
Қайта құру кезенінде
Құрылыста түрлендіру мен сәйкестендіру архитектуралық тұрпаттың әр түрлі болуына себебін тигізді. Мектеп, аурухана, мәдени орталықтар, солардың қатарында Ленин атындағы сарай, «Қазақстан» қонақ үйі, Медеу спорттық кешені т.б. құрылыс нысандары салынды. Қалада демалыс орындарын құруға, қалалық көліктің дамуына көңіл бөлінді. 1981 жылдан бастап метрополитен жобасы бойынша жұмыстар жүргізілді. Алматы қаласын дамытудағы жаңа бас жоба 1998-2020 жылдар аралығын қамтиды. Басты мақсат экологиялық жағынан таза, қауіпсіз, әлеуметтік жағдайлары қолайлы орта құру. Негізгі архитектуралық-құрылыстық мақсат — Алматының «жасыл желекті қала» атын сақтау және одан әрі дамыту. Жоспар бойынша көп қабатты үйлер салу, өндіріс орындарын, қоғамдық көлік жүйесін дамыту, метрополитенді іске қосу көзделді.
Тәуелсіздік кезеңі
1993 жылғы шешім бойынша
қала атауы орыс тілінде Алма-
1997 жылы Қазақстан Республикасы
Президенті Нұрсұлтан
1998 жылдың 1-шілдесінде Алматы
қаласының мәртебесі туралы
1.3 Алматы қаласының әлеуметтік-
1998 жылдың 1 шілдесінде қаланың ерекше мәртебесі туралы Заң қабылданды. Алматының бейресми аты «Оңтүстік астана» деп аталады.
Әкімшілік-территориялық құрылымы: қала 7 ауданға бөлінген: Алмалы, Әуезов, Бостандық, Жетісу, Медеу, Түрксіб, Алатау
Тілі: қазақ, орыс
Этникалық құрамы: қазақтар - 53%, орыстар - 33%, ұйғырлар - 5%, татарлар - 2%, кәрістер - 2%, украиндықтар, немістер, қытайлар және т.б. - 5%
Діні: ислам (сүннет), христиан (православл, католик, протесттант), иудеи және т.б.
Ақша бірлігі: теңге
Басты әуежайы: «Алматы» халықаралық әуежайы
Халық саны: 1 434 755 адам (2011 ж.)
Халық санының тығыздығы: 4227 шаршы шақырым
Ең биік нүктесі: қала теңіз деңгейінен 600-2220 м (ортасы 785 м) биіктікте орналасқан
Экономика: ҚР статистика агенттігінің мәліметі бойынша, мемлекеттің ЖІӨ-нің 1/5 бөлігі, салық түсімдерінің 30%-ы, банк доперациялары 70%-ы, бөлшек және көтерме сауданың 50%-ы, инвестицияның 12%-ы Алматы қаласының үлесінде
Өнеркәсіп: ауыр, тамақ, жеңіл (тігін, мата), химия, электр жабдығын өндіру, қағаз өндірісі[6].
Ауыл шаруашылығы: жеміс-жидек, көкөніс, мал шаруашылығы, балық аулау
Қызмет көрсету: туризм, сауда, қаржы
Алматы – бұл ондаған жылдар бойы республиканың экономикалық, мәдени және білім беру орталығы болып саналатын еліміздің ең ірі мегаполисі. Серпімді дамып келе жатқан, жұмыс жасау мен мекендеуге жайлы Алматы қаласы Қазақстандағы экономикалық көшбасшыларының бірі екені даусыз.
Алматы қаласын халықаралық деңгейдегі қаржы орталығына айналдыру үшін атқарылатын жұмыс көп, ол бәсекелестікті күшейту, бәсекелестік орта қалыптастыру. Жекелеген компаниялардан, жеке тұлғалардан бағалы қағаздар нарығын дамытуға қаржы көздерін тарту, Алматы қаласының қаржы орталығы болуы үшін инфроқұрылымын дамыту және жаңарту, халықтың қаржымен жұмыс жасау жөніндегі мәдениетін арттыру, қолайлы инвестициялық жағдай жасауды жалғастыру, қор нарығына жаңа эмитенттер тарту, қор нарығын дамыту үшін мемлекеттік үстемелеуді жалғастыру, бағалы қағаздар нарығын дамыту, Қазақстанда іскерлік белсенділікті арттыру және т.б. ауқымды істерді жүзеге асыру. Бұл түйткілді мәселелер Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің 2011-ші жылға дейін жасаған стратегиялық жоспарында кеңінен айтылып кеткен. Үлкен жобаны іске асыру жолында ең үлкен мәселелердің қатарына елде белең алған жемқорлықпен күресті күшейту, сот жүйесінің ашықтығын, тәуелсіздігін арттыру жұмыстарын кеңейту, сапалы мамандарды дайындау секілді түйткілді мәселелерді шешуіміз керек. Ұлттық қор нарығын дамыту біздің еліміз үшін ішкі қаржыландыру көздерін табудың үлкен балама шешімі болмақ[7].
2010 жыл нәтижесі бойынша Алматы бюджеті 5 млрд АҚШ долларынан асқан.
Өнеркәсіп өнімдерінің жалпы қала бойынша өсуін өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындары қамтамасыз етеді. Осы сала бойынша өндірілген өнімнің көлемі есеп беру кезеңіне 156311,8 млн теңгеге жетті, физикалық көлемінің индексі 116,6% құрады, ал өндірілген өнімнің жалпы салмағынан үлесі 92,2% құрады. Тау-кен өнеркәсібінің үлесі - 0,1%, ал электр қуатын өндіру мен үйлестіру, газ және су үлесі −7,7%.
Өңдеу өнеркәсібінде өнім үлесі ең көп салалар:
Азық-түлік өнеркәсібі - 38,0%;
Көлік жасау - 15,4%;
Целлюлозды-қағаздық өнеркәсіп және баспа ісі - 10,3%;
Кен өнеркәсібі - 10,3%;
Құрылыс заттарын өндіру - 7,6%
Жалпы қала бойынша өнімнің 63,7% азық-түлік саласына, целлюлозды-қағаздық өнеркәсіп пен баспа ісі, көлік жасау салаларына келеді[8].
2 Алматы қаласында туризм
2.1 Алматы қаласы қыс туризмі орталығы
Алматы қаласының көрікті жерлері өте көп.Әр аймағы өзінің ерекшеліктері бар.
Көктөбе және Алматы телемұнарасы. Теңіз деңгейінен 1130 метр биіктікте орналасқан Көктөбеге фуникулер мен шағын автобустар арқылы жетуге болады. 1967 жылы салынған фуникулер жолдары Алматының ел аузында «компот» деп аталған жер үйлер орналасқан аудан арқылы жүріп өтеді. Көктөбеде мейрамханалар, «Beatles» ескерткіші, хайуанаттар бағы, алтыбақан, атракцион орналасқан. Көк төбеге шығып, Алматы қаласының толық көрінісіне тамсануға болады. Биіктігі 372 метрге жететін Алматы телемұнарасы 1975-1983 жылдары салынған.
Медеу спорткешені. Қаладан 15 шақырым жерде орналасқан кешен 1972 жылы Медеу шатқалында салынды. Мұз айдыны еш қоспасыз, тау бұлағынан аққан су мен табиғи аяздан қатаяды. Медеу теңіз деңгейінен 1,691 метр биіктікте орналасқан. Аумағы 10 500 шаршы метр. Спорткешенде «Медеу» қонақүйі, сауықтыру орталығы, баспасөз орталығы, мейманхана, 2 жүзу бассейні орналасқан. Қыс мезгілінде демалыс күндері әуесқой конькишілерді сағат таңғы 9:00-ден түнгі 23:00-ге дейін қабылдайды. 2011 жылы айдында VІІ қысқы Азия ойындары кезінде жарыстар өткізілді.
Шымбұлақ – Алматы маңындағы Іле Алатауы шатқалының 2510 метр биіктігінде орын тепкен тау-шаңғылық курорты. Талғар асуының бөктеріндегі бұл спорттық кешен 1954 жылдан бастап тау шаңғысы спортшыларының сүйікті орнына айналған. Алғашқыда бұл кешен кеңес тау шаңғышыларының олимпиадаға дайындық базасы ретінде құрылған. Жарыс жолының ені 25 метр, еңістігі 11-29 градустардың аралығында, сондықтан шаңғышылардың ең жақсы жылдамдық көрсетуіне қолайлы. Техникалық сипаттамасы жағынан Еуропаның ең жақсы жарыс жолдарынан кем емес, көп жағдайда (қарының сырғанақтық сапасы бойынша) олардан артық. Кешенді жаңа жөндеу бойынша жалпы ұзындығы 6 шақырымнан екі есеге ұзартылды. Ал ені ең негізгі бөліктерінде 10-20 есеге кеңейтілген. Тау шаңғы трассаларының бойына қар зеңбіректері орнатылған, аспалы жолдардың болат арқандары жаңартылған. Алдағы күндері шаңғы жолдарын Қарлытау мұздығына дейін ұзарту көзделген. Осы шаралар іске асқаннан кейін шаңғы трассасының ұзындығы бойынша Шымбұлақ әлемдік жетекші курорттарымен теңесетін болды. Сондай-ақ, қонақ үйлер қайта жасақталып, мейрамханалар мен дүңгіршектер, боулинг, спа-орталықтар құрылады[9].
Сонымен бірге мұнда соңғы үлгідегі уақыт өлшейтін құралдар, әлемдік жоғары деңгейдегі жарыстарды өткізуге лайықты ақпараттық көрсеткіштер қойылады. Тау шаңғысы мен сноубордтың халықаралық мектептері бой көтермек. 2000 автокөлікке арналған жерасты автопаркингтер, Медеу мен Шымбұлақ арасында жүретін 4,5 шақырымдық аспалы жолдар салынған. Осы жолдар арқылы тау шаңғысы кешеніне он бес минутта көтерілуге болады. Болат арқандарға секундына 5 метр жылдамдықпен жүретін 115 кабина орнатылады, яғни, олар бір сағатта 2000 адамды тауға көтермек. Курортқа балаларын алып келетін туристерге ыңғайлы болу үшін, «бэби-лифт» - көтергіші бар балалар алаңы да жасалып қойылған. 2510 метр биіктікке орналасқан бұл кешеннен таудың кереметтей көріністері, жұмсақ климаты мен шуағы мол күндерінің көп болуы, қар қабатының ұзақ уақыт жатуы (желтоқсан мен сәуір аралығында) – бұл жерге туристер мен тау шаңғы спорты әуесқойларының легін өзіне баурап тартатын болады. Мұнда демалыстың басқа түрінен гөрі, айдындай тайғанақ мұз жолдарын қалайтын шаңғышылар, шеберліктерімен деміңді ішіңе алып таң қалдыратын, экстримальді секіретін және қилы бұрылыстар жасап түсетін батыл сноубордшылар келеді. Сөйтіп, Шымбұлақ қараша – мамыр аралығында шаңғы жарыстарын өткізетін, шаңғы тебетін мекенге айналса, жаз айларында қар жамылғысы бар тауларды тамашалайтын, туристер көп келетін, қалалықтар дем алатын тамаша орынға айналмақ[9].
2.2 Алматы қаласында қыс туризмін дамыту мәселелері мен болашағы.
Таза, саф ауасымен, көз тартар әсем табиғатымен кез келген адамды өзіне баурап алатын Алатау тау бөктеріндегі «Медеу» мұз айдыны мен «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортын бұл күндері білмейтін жан жоқ. Бұл аумақтың табиғаты ерекше. Алғашқы әлемдік рекордтар тіркелген, «Рекордтар фабрикасы» атанған «Медеу» мұз айдыны дүниежүзіндегі ең ірі спорт кешендерінің бірі. Тіпті Қазақ елі дегенде шет жұрттықтар ең әуелі, «Медеу» мұз айдынын еске алатындары рас. Тарихқа көз жүгіртсек, Кеңес елі алғашында «Медеу» сынды мұз айдынын Қырғызстанда салуды жоспарлапты. Д.Қонаевтың араласуымен бұл нысан Қазақ елінде бой көтерген. Шетелдіктерге сондай-ақ қаладан 20-25 шақырым қашықтықта тау бөктерінде орналасқан «Шымбұлақтай» тау шаңғысы курорты да жақсы таныс.
«Медеудің» орналасқан аумағы, ауа райы, мұзға құятын таза тау суы – бәрі-бәрі үйлесімді. «Медеу» мұз айдынында 1951-1970 жылдар аралығында – 47 , 1972-1996 жылдар аралығында – 73-тен астам әлемдік рекордтар жасалды. Міне, осыдан бұл мекен «рекордтар фабрикасы» атанады. Сол кезден бері біраз уақыт өтті. Әлемдегі мұз айдындары дамудың үшінші кезеңіне өткен. Ал «Медеу» екінші кезеңде қалып отыр. Себебі Батыста 1980 жылдары жабық мұз айдындары пайда болып, бұл да спортшыларға өз әсерін тигізді.
Информация о работе Алматы қаласына Шымбұлақ тау шаңғы курортына тур